Файл: Сценарийі Масаты Жас лан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау сценарийі


Мақсаты
:

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

- мектеп оқушыларын әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту,

Әлеуметтік - танымдық бастамаларды жүзеге асыру;

- мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылардың саны:

«Жас Ұлан» - 45
1100 Фанфар

(Жүргізушілер шығады)


1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі жас достар, ұстаздар және қонақтар!

Еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігі құтты болсын!

Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр-әні.

Отанымның Туын көкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің  Жас Ұланы.
2-жүргізуші: Армысыз, өнер тұнған ғасыр елім!

Ерлерін ардақтаған асыл елім!

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
(ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады)

1-жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі еліміздің ертеңгі алтын діңгегі, кемел келешектің кілтін ұстар ұрпағының бір арнаға тоғысқан күні.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн – жауапты күн. Елбасымыз айтқандай, жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз!
1-жүргізуші: Олай болса, баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен
2-жүргізуші: және барша Жас Ұландықтарды 5 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары:

1.Мектеп директоры – Нигметов Берік Задагерейұлы

2.Подстепный селолық округі әкімінің орынбасары – Манатауов Талғат Бисенғалиұлы

3. «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы – Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы.

4. Теректі аудандық «Іс үшін – За дело» Жастар Қауымдастық Бірлестігінің төрағасы – Баянов Қуанышәлі Мұратбекұлы

5.Подстепный селолық округінің Жастар жетекшісі – Утепов Батырхан Әзірханұлы

6. 2013 жылғы мектебіміздің түлегі, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы болған, қазіргі таңда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік ректоры – Жүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы


7. Және 2013 жылғы мектебіміздің түлегі, сол кездегі «Жас Ұлан» ұйымының басшысы болған, қазіргі таңда Оралдағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің мұғалімі – Ерболатова Айдана Ерболатқызы
2-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданатын оқушылармен таныс болыңыздар!
1. Мақсотова Әсем 5а

2. Халиоллаева Айшагүл 5а

3. Исатаева Айшагүл 5а

4. Тасеменов Нұрбек 5а

5. Жақсылық Әлішер 5ә

6. Бақытжан Әйгерім 5ә

7. Жонусов Нұрсұлтан 5ә

8. Қалешов Ерген 5ә

9. Кеңесова Ақбота 5ә

10. Самиголлина Назерке 5ә

11. Болатова Нұрсана 5б

12. Жарасбаева Салтанат 5б

13. Ергалиева Сымбат 5б

14. Бақтыбаев Мирас 5б

15. Айдынғалиева Амина 6а

16. Айдынғалиева Аяулым 6а

17. Азербаев Аслан 6а

18. Ергалиев Қайсар 6а

19. Жукова Айнұр 6а

20. Берсут Оралбек 6а

21. Меңдібай Мәдениет 6а

22. Болатова Әсел 6а

23. Абдулова Назерке 6ә

24. Бауыржанова Жұлдыз 6ә

25. Рысқали Дархан 6ә

26. Смайыл Жақсылық 6ә

27. Болатов Мейрамбек 6б

28. Ишангалиева Сабина 6б

29. Бақытжанова Аминат 7а

30. Мурзагалиев Мерхат 7а

31. Амангелдиева Диана 7ә

32. Хадимова Дильназ 7ә

33. Асылбеков Ернар 7ә

34. Берікқалиева Аружан 7ә

35. Тельманова Ляззат 7б

36. Ералиева Дильназ 7б

37. Ақболат Аида 7б

38. Асахова Дильнара 7б

39. Маратова Гүлім 7б

40. Маушова Карина 7б

41. Оразбаев Тұрлан 7б

42. Губашева Дильназ 8б

43. Кабашева Гүлден 8б

44. Оңғарбаева Зарина 8б

45. Галимова Мөлдір 8б
1-жүргізуші: Ұйымның негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
2-жүргізуші: Негізгі міндеті – мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, оқушылардың тың бастамаларын қолдау, Жас ұрпақтың патриоттық, азаматтық сана-сезімдерін, өз халқының тарихына, мәдени өміріне сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өз Отанына деген құрмет сезімін ояту болып табылады.
1-жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Нигметов Берік Задагерейұлына беріледі.
2-жүргізуші

: Елімнің болашағы ұланымыз,

Өрлеген өреніміз, жыр әніміз.

Тәуелсіз елімізбен бірге туған,

Аспаны азат елдің қыранымыз!

Келесі құттықтау сөз Подстепный селолық округі әкімінің орынбасары Манатауов Талғат Бисенғалиұлына беріледі.
Сахнада қазақ биімен Диярова Анар. Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Құттықтау сөз кезегі «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы – Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлына беріледі.
2-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз 2013 жылғы мектебіміздің түлектері,

«Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы мен басшысы болған Жүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы мен Ерболатова Айдана Ерболатқызына беріледі.
1-жүргізуші: Жас Ұлан – жігерлі де жайдарлы ұйым.
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жас Ұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

2-жүргізуші: Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына өтуге тілек білдіруші ұландарға галстук пен төсбелгі тағу құрметі бүгінгі салтанатты жиынға келген құрметті қонақтар мен

«Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушыларына беріледі.

(«Атамекен» ойнап тұрады)
Жүргізушілер: Біз...!

Оқушылар: «Жас Ұлан!»

Жүргізушілер: Ұранымыз:

Оқушылар: Қазақстан! Жас Ұлан! Жас қыран! (3 рет)
1-жүргізуші: Ендеше, оқушылар «Жас ұлан» ұйымының мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: «Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнді жатқа айту керек.

2-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанына адал.
1-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанын шексіз сүйеді.
2-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
1-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – шыншыл, адал дос

2-жүргізуші: «Мен не істесем де, келешегі кемел, көркем Қазақстан үшін істеймін!» деген ұландардың Отаны, елі алдында өз парыздарын айтар сәтте туды. Еңселі еліміздің ертеңі сендер! Ендеше «Жас Ұлан» сөз кезегі сіздерде.



1-жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, салтанатты уәде беру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
2-жүргізуші: Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

1-жүргізуші: Сөз – «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы Әлмембет Альмираға беріледі.
Ұланбасы: Құрметті Тәуелсіз еліміздің жалындаған жастары!

Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Жас Ұландар! Ант қабылдау рәсіміне дайындалыңыздар!

Біз, Жас Ұландар! Ұлы қазақ елінің ар-намысты ұрпағымыз!

Бабалар дәстүрін құрметтеуге,

Мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге;
Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге уәде береміз!
Ата-анамызды қадірлеп;
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетеміз.
Оқуда – озат, еңбекте – адал болып;

Салауатты өмір салтын ұстанамыз.

Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отан сүйгіш азаматы боламыз деп
Жас Ұландықтар: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
(Ант қабылданады.)
1-жүргізуші: Құрметті «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері!

«Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!

Және бүгінгі Жас Ұландықтардың атынан демеушілік көрсеткен Теректі аудандық «Іс үшін – За дело» Жастар Қауымдастық бірлестігінің төрағасы Баянов Қуанышәлі Мұратбекұлына шексіз алғысымызды білдіреміз!

Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының әнұраны орындалсын!



2-жүргізуші: Мен елімнің ертеңімін – Жас ұлан,

Жаралғанмын қазақ деген асылдан!

Елім үшін, жерім үшін аянбай

Тұрғызамын асыл күмбез ғасырдан!
1-жүргізуші: Парызымыз – Ұлы Отанға адалдық,

Бойымызда бар өскіндік балалық

Барша жанға үлгі-өнеге боламыз,

Біз Жас ұлан адалдықтан жаралдық!

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен «Жас Ұлан» ұйымының 5 жылдық мерейтойына арналған тосын сыйымызды қабыл алыңыздар!

(музыкамен сахнаға торт кіргізіледі)
2-жүргізуші: Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері.

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі, - дей келе, мектебіміздің түлектері,

«Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушылары Насыров Дәулет пен Жүсіп Лананы «Жас Ұландар» әнімен сахнаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!



ӘН: «Байтақ елім, қазағым» Кайруллиев Асхат (хабарланбайды)
2-жүргізуші: Құрметті салтанатты жиынға келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар! Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
(Жас Ұландықтар соңында фотосуретке түсіп, мәжіліс залынан кезектесіп шығады)