ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 419
Скачиваний: 16
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Физика пәнінен күрделі есептер шығару жолдары»
Оқушыларға, мұғалімдерге, талапкерлерге және студенттерге арналған көмекші құрал.
Жамбыл ауданы 2017-2018 оқу жылы
Жинастырған:
«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі Ақжолтай Ләйлә Нұрсұлтанқызы
Пікір жазғандар:
Қарымбаева П.К. - әдіскер, аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Әріпжанова Л.Ә. – «Тұрар Рысқұлов орта мектебі және МЖИ»КММ-ң оқу ісінің меңгерушісі
Физика пәнінен ҰБТ-ы есептерінің шығару тәсілі
Түсінік хат
Қазіргі кезде түлектер физика пәнін көп таңдайды, себебі олар техникалық мамандықтарына оқуға бара алатынын, көп гранттар берілетінін жақсы түсінеді. Сонымен қатар қазір физика есептерін үйренуде көп мүмкіндіктер бар, атап айтсақ, мысалы сайттар арқылы: Bilimland.kz, http://physics1.ucoz.net/, http://bilimsite.kz/phizika, http://www.physic.kz/, http://ustazbol.kz/main/phizika/page/3, infourok.ru/ phizika, https://sabaqtar.kz/phizika/, http://sanatez.net/scientist/, http://tutata.ru, http://uskz.org/publ/otkrytye_uroki/fizika, http://ustaz.kz/fizika, http://homefizika.narod.ru, tarbie.kz, http://sv-gold.ru/dir/shool/fizika, http://bilim-all.kz, ttps://surak.baribar.kz т.б.
«Физика пәнінен ҰБТ-ы есептерінің шығару тәсілі» әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр. Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, ұлттық тестілеу орталығы ұсынған кітапшадағы тапсырмалардан алынып шығарылған. Жинақ материалы тақырыптық қағида бойынша құрастырылған.
Оқу әдістемелік құрал оқушылар мен талапкерлердің ҰБТ мен кешенді тестілеуге дайындалуына көмек ретінде ұсынылады. Орта мектеп мұғалімдері тест жинағында кездесетін есептерге ұқсас есептерді шығару барысында оқушы білімін бақылауға пайдалана алады.
«Физика пәнінен ҰБТ-ы есептер жинағының шығару тәсілі» атты курсы 11 сынып оқушыларына арналған, бағдарлама бойынша сағат саны –34, аптасына 1 сағат.
Курстың мақсаттары:
-
физика пәніне және физикалық есептерді шығаруға қызығушылықтарын дамыту; -
негізгі курста алған білім және біліктіліктерін жетілдіру; -
физикалық есептердің берілу шарттары, оларды топтастыру және шығару әдістері мен амалдарын қалыптастыру.
Оқушыға есеп шығарып үйреткенде, есептерді шығаруда орындалу ретімен, физикалық құбылыстарға талдау, есептің шығарылуын дауыстап айту, алған жауабына талдау жасай білуіне, есептер мен жұмыс кезінде оқушылардың дүниетанымдық көз-қарастарына және әдістеріне: қоғамға қажеттілігіне және есептің берілуіне,
физика тарихынан есептерге, есепті шығаруда математиканың рөліне, есепті шығаруда физикалық құбылыстардың жүйелі талдауымен таныстыруына және т.б. көңіл бөлу.
Күтілетін нәтижелер:
-
есеп шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану, негізгі алгоритмдер бойынша білімдерін кеңейту; -
таным қызығушылықтарын, интелектуалды және шығармашылық қабілеттерін өз беттерімен білім ала отыру тәжірибесі негізінде жаңа ақпаратты талдау және бағалауды дамыту; -
оқушының кәсіптік іс-әрекетіндегі немесе профильдік оқытудағы өзін-өзі анықтауы; -
Физикалық, математикалық зерттеу әдістемелері және физиканың дүниетанудағы рөлі туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Оқыту құралы
Қолданбалы курсты оқытудағы негізгі оқыту құралдары болып:
-
Физикалық аспаптар. -
Графикалық кесінділер, сызбалар және т.б. -
Дидактикалық материалдар. -
Электрондық оқулықтар. -
Ақпараттық құралдар (түрлі сайттар, энциклопедия, газет, журнал. . .). -
Жоғары сыныптарға арналған оқу құралдары. -
Физикадан оқу құралдары, есептер жинағы.
Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне қойлатын талаптар:
Оқушылар білу қажет:
-
физикалық құбылыстарды талдау; -
шешімдерін айта білу; -
алған жауаптарына талдау жасау; -
берілген есептерді топтастыра білу; -
қарапайым есептерді құра білу; -
қиындығы орта деңгейдегі есептерді шығарудағы алгоритмін тәртіппен орындау және әрбір кезеңдерін түсіндіре білу; -
есеп шығаруда тиімді жолын таба білу; -
кіріктірілген есептерді шығара білу; -
аналитикалық, графикалық, эксперименттік және т.б. түрлі әдістермен есептерді шығара білу; -
өзін-өзі бақылау және бағалау әдістерін меңгеру.
«Физика пәнінен ҰБТ-ы есептер жинағының шығару тәсілі»
атты курсының мазмұны
11 сынып
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат
қ/с | Тақырыбы | Сағат саны |
1 | Кіріспе.Физикалық есептерді шешудің тәсілдері мен техникасы | 1 |
Динамика – 8 сағат | ||
2 | Механика есептерінің координаттық шешу тәсілі. | 1 |
3-4 | Динамиканың негізгі заңдарына есептер шығару: Ньютон заңдары, тартылыс заңдары, серпімділік, үйкеліс, кедергі күштері. | 2 |
5-6 | Материялық нүктенің қозғалысы, денеге түсірілген бірнеше күштің әсері. Физикалық жүйелердің тепе-теңдігін анықтайтын есептер. | 2 |
7 | Салыстыру принципіне есептер: әр түрлі инерциалды санақ жүйесіндегі денелердің қозғалысына кинематикалық және динамикалық сипаттағы. | 1 |
8 | Түрлі есептерді таңдау, құру және шығару: мәтіндік, эксперименттік, сандық, сапалық, техникалық және өлкетану, әскери- техникалық мазмұнындағы. | 1 |
9 | Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелермен танысу | 1 |
| Сақталу заңдары -8 сағ | |
10 | Механика есептерінің түрлері: кинематика, динамика және сақталу заңдарың қолдану. | 1 |
11 | Реактивті қозғалыс және импульстің сақталу заңдарына есептер. | 1 |
12 | Жұмысты және қуатты анықтауға есептер | 1 |
13 | Энергияның айналу және сақталу заңдарына есептер. | 1 |
14 | Есептер шығаруда түрлі әдістерді қолдану. Берілген нысандар мен құбылыстарға есептер құру. Шығарылған есептерді өз ара тексеру | 1 |
15-16 | Олимпиада есептерімен танысу және шығару әдістері. | 2 |
17 | Жоба есептері: акселерометр моделі, Фуко маятнигінің моделі, өздігінен қозғалатын арбалар жобасы, салмақсыздықты бақылайтын құрылғылар жобасы, авто тербелмелі жүйелер моделі және т.б. | 1 |
| Газ, сұйық және қатты денелердің құрылысы және қасиеті (6 сағ) | |
18 | МКТ -ң негізгі қағидаларына және теңдеулеріне сапалық есептер | 1 |
19 | Идеал газ тақырыбына: МКТ-ның негізгі теңдеуіне, молекула жылдамдығын табуға, изопроцестердегі газ күйлеріне | 1 |
20 | Бу қасиеттеріне есептер: Менделеев - Клапейрон теңдеуін қолдану, будың кризистік күйі. | 1 |
21 | Беттік қабаттар қасиеттеріне есептер; беттік керілу күшінің жұмысы, капилярлық құбылыстар, сабын көпіршіктеріндегі қысымы | 1 |
22 | Ауа ылғалдылығын анықтайтын есептер. | 1 |
23-24 | Қатты денелердің механикалық қасиеттеріне есептер: абсолюттік және салыстырмалы ұзаруы, жылулық ұлғаюы, беріктік шегі, серпімділік күші. | 2 |
25 | Сапалық және сандық есептер. графикалық және эксперименттік есептер, тұрмыстық мазмұндағы есептер | 1 |
| Термодинамика негіздері -4 сағ | |
26-27 | Термодинамиканың бірінші заңына есептер. жылу қозғалтқыштарына есептер. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелерге бару | 2 |
28-29 | Жоба есептер: газ термометрінің моделі, берілген қысымға сақтандырғыш қақпақ моделі; жылу машиналар моделі; жұқа капилляр радиустарын анықтауға практикалық жобалар | 2 |
| Электромагниттік тербелістер мен толқындар - 4 с ағат | |
30-31 | Электромагниттік толқындардың қаситеттеріне есептер: жылдамдық, шағылу, сыну, интерференция, дифракция, поляризациясы. электрэнергияны қашықтықтарға жеткізу моделі және т.б. | 2 |
32-33 | Геометриялық оптикадан есептер: айналар, оптикалық аспаптар. Салыстырмалылық теориясына есептер және оларды шығару мысалдары. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелермен танысу. Жобалы есептер: белгілі сыйымдылығымен жазық конденсатор, әр түрлі тербелістегі генераторлар | 2 |
34 | Қорытынды сабақ | 1 |
Кіріспе. Физикалық есептерді шешудің тәсілдері мен техникасы
Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кездерінде және кластан тыс жұмыстарында кездеседі. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде де физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:
1) оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады., физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады;
2) физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірімен байланыстылығына көз жеткізеді.;
3) мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке, қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, олардың ерік — жігерін қайрайды.;
4) физикалық ұғымдарды, жастардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады;
5) оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;
6) сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешуге жәрдемдеседі;
7) физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі;
8) оқушылардың білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады және тереңдетеді;
Физикадан тест есептерін шешуде кездесетін мәселелерге тоқталайық:
Есептерді алдымен оқып-түсініп шешу керек.Есептің шартын оқып, логикалық ойлап үлгеруге, формулалармен есепті шығарып үлгеруге минуттап белгілеуге дағдылану керек. Жеңіл-қиын есептерге бөлінетін уақытты және оларды орындау ретін, жалпы есептерді «айналдыра» орындауды да қатаң сақтап үйрену керек. Арифметикалық қателіктер кетеді, себебі асығыстық пен немқұрайдылықтан болады Қарапайым арифметикалық есептеулерде, алгебралық түрлендірулерде, теңдеулер мен теңсіздіктер шешуде, теріс дәрежелермен есептеулерде «минус» таңбасын көргеннен, өзіңді қайта тексеріп, әсіресе саналы түрде өту керек.
Физика есептерінің бір ең үлкен қиындығы – өмірдің түрлі салаларына беріледі. Сондықтан өмірден, техникадан түрлі термин сөздер қолданылады. Оларды түсіну үшін не өмірлік тәжірибе мол болуы, не… жан-жақты есептерді молынан шығарып, жаттығу қажет болады. Міне, есептер осылай тәрбиелейді.
Бір ескертетіні – физика есептерін шығару үшін математикалық білім жоғары болуы тиіс екенін бәрі біледі. Бірақ бұл шарт орындала бермейді.
Физикадан тест-тапсырмалардың 80-90%-ы физикалық есептер.
Қорыты келе, формуланы есте сақтау, физикалық құбылыстарды бір-бірінен ажырату, оның мағынасын түсіну, өлшем бірліктерін анықтауда, есеп шығаруда көмекші құрал есебінде қолдануға болады.
Динамика.Динамика заңдары тақырыбы бойынша
есептер шығару алгоритмі
-
Денеге әсер ететін барлық күштерді көрсетіп сызба жасаңдар. Барлық күштер дененің массалар центріне түсірілген деп алыңдар. Өзге векторлық шамаларды көрсетіңдер. -
Ньютонның екінші заңының теңдеуін (қозғалыстың динамикалық теңдеуін) жазыңдар. Мұндағы - денеге әсер ететін барлық күштердің векторлық қосындысы (теңәсерлі күші). -
Қозғалыс теңдеуін координаттар өстеріне проекция түрінде жазыңдар. -
Қосымша формулаларды жазыңдар (массаның, жылдамдықтың, координатаның, үйкеліс күшінің, т.с.с.) -
Құрастырылған теңдеулерді шешу арқылы анықталатын шаманы есептеңдер.
Ньютон заңдарын қолданып есеп шығарғанда мыналар міндетті:
-
Есептің инерциалдық жүйесін таңдап, есеп шартына сүйене отырып сызбасын сызу. -
Берілген денеге қандай күш әсер ететіндігін анықтап, осы күштердің анализын жасау – табиғатын анықтау (үйкеліс күшін, беріктік күштерін, тартылыс күшін) және жасалуы мен олардың қай жаққа әсер ететін дігін анықтау. -
Сызбада денеге жақын қозғалысы зерттелетін күш векторларын көрсету. -
Дененің динамикалық қозғаысын вектор түрінде көрсетіп жазу
ma = Fi,
а – болған жерде, дененің инерциалық жүйе жыдамдығы
-
Осьтің белгілерін таңдап алып, векторлық пішіннен Ньютонның екінші заңына сәйкес, ось бойындағы жылдамдықтар мен жалғаушы болжамдарынан скалярлық теңдеулерге көшу
Күште жазық жүйе болған жағдайда екі теңдеу болады
Векторлық теңдеулерді шешкен кезде қолданылатын біліктерді жылдамдығына сәкес таңдаған ыңғайлы (қозғалыстың жанама жолымен) және перпендикулярлы бағытта (қалыпты траектория бойынша).Мұндай бағыт - бұл таңдау жылдамдығының шамасы , және өзгертуге қолданбалы күштердің ( немесе олардың құрамдас бөлігінің) қандай осьтерді құруға болатындығынан ақпарат береді
-
Қозғалысқа бірнеше дене қатысқан болса, барлық дене немесе жеке әрбір дене үшін талдау жүзеге асырылуы тиіс -
Скалярлық теңдеулерді құрғаннан кейін, белгісіз теңдеулердің санын анықтау керек. Егер, белгісіздердің саны теңдеу санынан көп болса, қосымша теңдеулер қозғалыстың кинематикалық заңдары мен сақталу заңдарынан құралады. -
Теңдеуер жүйесін шешіп, жауап анализін жүргізу.. -
Барлық физикалық көлемдер СИ жүйе бірлігінде көрінуі керек. -
Өлшемдер ережесін пайдалана отырып, нәтижесін тексерген пайдалы болып табылады.
№1 есеп. 40 Н-ға есептелген динамометр серіппесінің қатаңдығы 500 Н/м.Серіппені шкаланың ортасынан бастап соңғы бөлікке дейін созу үшін атқарылатын жұмыс
А) 1Дж. В)2Дж. С) 4Дж. Д) 1,2Дж. Е) 3,2Дж. | Берілгені: | Берілгені: F = kx ; 2 = Жауабы: |
№2 есеп.Серіппеге масасы 20 кг жүк ілгенде,оның ұзындығы 12 см,ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса,онда оның бастапқы ұзындығының мәні (g=9,8 м/с2)
А) 10 см. В) 8 см. С) 11,5 см. Д) 10,5 см. Е) 9 см. | m1 = 20 кг 12 см 50 кг 15 см g=9,8 м/с2 | Жауабы: |
№3 есеп. Массасы 0,4кг допты 20 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырды. Доптың ең жоғарғы биіктіктегі потенциалдық энергиясы (g = 10 м/с2 )
А) 20 Дж В) 40 Дж С) 200 Дж D)100 Дж E) 80 Дж | Берілгені: m = 0,4кг | Шешуі: Жауабы: |
№4 есеп.Автоматтан атылған оқтың массасы m, жылдамдығы . Егер автоматтың массасы оқтың массасынан 500есе артық болса, онда оның жылдамдығының модулі
A) υ B) 500 υ C) 5 D) 0 E) | Берілгені: | Шешуі: Жауабы: |
№5 есеп. Ұзындығы 0,6 м жіп 1800 Н күшке шыдайды. Жіпте массасы 3кг тас айналуда. Горизанталь жазықтықта жіп үзілмейтіндей тастың айналу жиілігі ( ġ=10 м/с2)
А) 100 Гц В) 500 Гц С) 400 Гц D)50 Гц E) 5 Гц | Берілгені: м кг м/с2 | Шешуі: Жауабы: |
№6есеп. Массасы 50 кг жүкті вертикаль жоғары үдемелі көтергенде, оның салмағы 100 Н-ға артты, трос 6см-ге созылды. Тростың қатаңдығы ( ġ=10 м/с2)
А) 30 кН/м В) 6 кН/м С) 10 кН/м D) 48 кН/м E) 50 кН/м | Берілгені: | Шешуі: /м= 10кН/м Жауабы: кН/м |
№8 есеп. 400Н күштің әсерінен сығылған,қатаңдығы Н/м,серіппенің потенциалдық энергиясы
A) 10 Дж B) 60 Дж C) 6 Дж D) 80 Дж E) 8 Дж | Берілгені: F = 400Н k = 104 Н/м Ep = ? | Шешуі: E p = F = E p = = = E p = = 8 Дж Жауабы: E p= 8 Дж |