Файл: аза тілі пнінен 4тосан бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 92

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақ тілі » пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімдері бойынша

Оқылым

Тапсырма

  1. Мәтінді оқы. Көтерілген мәселені анықтап, жанрлық ерекшеліктерін ажыратып, талдап жаз.

  2. Көтерілген мәселе бойынша оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған

3 талқылау сұрағын құрастыр. [10]



Қауіпсіздік мәселесі – әлемде тыныштықты сақтаудың кепілі. Себебі ғаламдық қауіпті, дағдарысты, апаттар мен қауіп-қатерлерді ескеретін жүйе жасақтау арқылы әлемдік қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Әлемді тану серпіні еселеп өсетін ғаламдық ғылыми үрдістің кезеңі келіп жетті. Өкінішке қарай, АҚШ-тың кейінгі онжылдықта әскери шығындары жалпы ішкі өнім бойынша 60% өскен. Бұл дегеніміз – әлемнің өзге мемлекеттерінің әскери шығындарының 50% деген сөз. АҚШ, Ресей, ҚХР, т.б. мемлекеттердің қарулану жарысы тоқтамаса, онда үшінші дүниежүзілік соғыстың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Жер шарының жойылып кету қаупін тудырады. Оған тек өз-өзімізге адами көзқараспен қарап, өркениетті жаңғырту арқылы ғана жол бермеуге болады. Өкінішке қарай, соны түсінбей келеміз.

Ең бастысы – бейбітшілік, бірақ ол планетаның әртүрлі елдерінің (дамыған, дамып келе жатқан және артта қалған елдер) өркендеуінің және тарихи-эволюциялық дамуының арқасында әртүрлі жылдамдықта дами алады.

Қорыта келе айтқанда, адамзатқа үш БББ қажет: бірігу, бірігу және тағы да бірігу. Ғаламшарымызды сақтау мақсатында әлемдік зияткерлік әлеуетті жұмылдыру қажет. (144 сөз)

https://zhasalash.kz/article/10762-orkeniet-dgane-qoghamdy-dganhghyrtu-ilimi



Талданатын аспектілер

Оқушы жауабы

Мәтін тақырыбы


Көтерілген мәселе




Құрылымы мен ресімделуі



Жанрлық ерекшелігі




Сұрақ:

1. ____________________________ ____________________________

2. __________________________

_________________________________________________________________________________________

3. __________________________
________________________________________________________________________________________________

Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орында. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңды дәлелдеп, құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданып жаз. [10]

1.«Адамзат, қауіпсіз балалық шақ үшін қарулы қақтығысты тоқтатайық!» тақырыбында оқырманды бейбіт өмір сүруге шақырып, үндеу жаз.
2.«Көптеген ел экономикалық көрсеткішті көбейтуді ойлап, табиғи ресурстарды сақтап қалуды ұмытып барады». Осы пікірмен келісу не келіспеу себептерін айқындап, эссе жаз. ____________________________ ____________________________

__________________________

_________________________________________________________________________________________

__________________________

____________________________ ____________________________

__________________________

_________________________________________________________________________________________

____________________________ ____________________________ ____________________________

__________________________

_________________________________________________________________________________________

____________________________ ____________________________ ____________________________

__________________________

_________________________________________________________________________________________

____________________________ ____________________________ ____________________________

__________________________

_________________________________________________________________________________________

____________________________ ____________________________ ____________________________

__________________________

Балл қою кестесі


Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі

Балл

Мазмұнды түсіну және ашу деңгейі

Балл

Жазылым сапасы

5

Мәтінді өте жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі.

Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады.

Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрақтарын жоғарғы деңгейде құрастырады.

5

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды;

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

4

Мәтінді жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі.

Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады. Көтерілген мәселе бойынша

талқылау сұрақтарын орынды құрастырады.

4

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде мардымсыз қателер жібереді;

Жалпы сөз саптауы дұрыс, анда- санда қате жібереді.

3

Мәтінді жеткілікті түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды аша біледі.

Тапсырманы орындау үшін қажетті материал қолданғанымен, мәтіннің бөліктері өзара үйлеспейді.

Көтерілген мәселе бойынша қанағаттанарлық деңгейдегі талқылау сұрағын құрастырады.

3

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде қателер жібереді;

Сөз саптауы дұрыс. Қателері байқалғанымен,

түсініспеушілікті тудырмайды.

2

Мәтінді орташа түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды ашады. Мәтіннің ішкі реттілігі жоқ, тапсырманы орындау үшін қажетті кейбір материалдар қолданылған. Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрағын құрастыруда қиналады, қателіктер жібереді.

2

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда ауытқушылық байқалады, жиі қателер жібереді; Сөз саптауы нақты емес, кейде түсініспеушілікті тудырады.

1

Мәтінді аз түсінеді, мағыналарды ретсіз таңдаған.

Тапсырманы орындау үшін аз материал қолданылады.

Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрағын құрастыра алмайды.

1

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда қателер көп кездеседі;

Түсініспеушілікті тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.


Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10

Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары өте жақсы қолданады.

Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданады. Сауаттылықтың деңгейі жоғары.

7-8

Құрылымы сәйкес және сақталған.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары жақсы қолданады.

Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданады. Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.

5-6

Құрылымын сақтайды.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданады.

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолдануда қателіктер кездеседі.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданудағы түсінігі шектеулі. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері туралы түсінігі өте шектеулі немесе құрмалс сөйлемдерді мүлдем қолданбайды.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның

жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.