ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 165
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№1 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Пәннің маңыздылығы мен мақсатын.
Психиологиялық тренинг.
Сабақтың мақсаты: Оқушыны пәннің маңыздылығымен, мақсатымен таныстыру. Бала табиғатының қабылдау, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін көрсететін ойындар жүргізу, деңгейлеп топтарға бөлу.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. Сондықтан, қазіргі таңда «Информатика» пәнін оқыту бағдарламасының тек компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру шеңберінде ғана құрылуы жеткіліксіз.
Мектеп жасында компьютерді қолдануды сауатты меңгерген әрбір оқушы мамандық иесі атанғаннан кейін де оны қажеттілігіне орай тиімді қолдана білуінің, яғни өз бетінше жұмысын жеңілдететін кішігірім бағдарламаны құра білуінің маңызы өте жоғары.
Бұл бағдарлама әр баланың табиғатын, өзіндік ойлау, қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып бойындағы логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында, бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінік қалыптастыру, бағдарлама құрастырудың тиімді әдістерін үйрету негізінде құрылды.
Міндеті: оқушының білімін жетілдіру, кез-келген тапсырманы орындау кезінде, берілген мақсатқа жету үшін алгоритмін дұрыс құрастыра білу қабілетін жоғарлату, алгоритмдердің күрделілігі мен тиімділігін бағалау әдістерін үйрету, бағдарламалау туралы түсініктерді қалыптастыру, типтік бағдарламалау жүйесінің қызмет ету схемасымен танытыру, әр оқушы өз бетінше жеке бағдарламалық қолданбаларды құрастыра білуі тиіс, ақпараттық модельдеу методологиясын меңгеру.
Базалық бағдарламалау тілі ретінде Tурбо Паскаль тілі қарастырылады.
Оқушылардың танымдық процестерін психологиялық зерттеудің кейбір әдістері
Баланың жадын (ес) зерттеу.
Мұнда жеке баланың немесе сынып оқушыларын топтарға бөле отырып зерттеу жүргізуге болады. Екі жағдайда бала және сынып оқушылары мұғалімді мұқият тындап, естігенін, көргенін, сезгенін есте сақтауға бағытталуы тиіс. Сонда ғана зерттеу нәтижелі болады. Мұғалім зерттеу жұмысын түрлендіру арқылы өзіне толық бағындырып алуы тиіс.
1. Дыбыстап оқығанды есте сақтау.
Сөздердің арасын 2-3 секунд салып асықпай ауыстап оқып беремін. 2 минуттан кейін есте қалған сөздерді бала қағазға түсіреді. Балаларға оқылатын сөздер міндетті түрде олардың жас ерекшеліктері ескеріле отырылып, сөздік қорын шамамен есепке алып, күнделікті өмірде естілетін, естілмейтін сөздерді араластыра оқыған дұрыс.
8-сынып: 15-20 сөз.
Ми, бөрене, шырша, асқабақ, тараз, шибөрі, жаңғақ, түскиіз, алаша, түйме, Отырар, қазан, қисық, табан, үшбұрыш, тұлпар.
2. Көріп есте сақтау
Бұл жұмыс сынып оқушыларының барлығына бірдей болатындай тақтаға жазу арқылы жүргізіледі.
Таблицада 4 түрлі түспен боялып жазылған сандар бейнеленген. Таблицадағы сандарды 5 минут оқып болғаннан кейін, оны тақтадан алып, «қызық» түсті 1-қатар, «жасыл» түсті 2-қатар, «көк» түсті 3-қатар, «сары» түсті 4-қатар оқушыларына жазуға тапсырылады.
-
18
43
36
72
13
14
3
27
86
93
12
31
67
54
2
21
74
52
13
82
17
15
97
16
64
78
11
8
3. Жедел есте сақтау.
Зерттеудің бұл түрінде жас ерекшеліктеріне қарай балаларға 7-8 суреттен тұратын топтаманы көрсетіп, 2 минуттан кейін жинап, рет-ретімен қағазға көргендеріндей жазу тапсырылады.
Жүргізген зерттеуімнің нәтижесінде:
Р/с | Аты-жөні | Дыбыстап оқығанды есте сақтау | Көріп есте сақтау | Жедел есте сақтау | Жалпы ұпай | деңгей |
1 | Алмаханов Нұрман | | | | | |
2 | Зәуірбек Мағжан | | | | | |
3 | Исмагулов Даурен | | | | | |
4 | Қалдан Дархан | | | | | |
5 | Кеңесбек Тұрғанбай | | | | | |
6 | Көнебаев Бекжан | | | | | |
7 | Мұңайтпас Гүлжан | | | | | |
8 | Нұрхат Ерқанат | | | | | |
9 | Орынбаева Анар | | | | | |
10 | Өсербай Ардақ | | | | | |
11 | Өсімжанұлы Ермек | | | | | |
12 | Темірбектегі Нұржан | | | | | |
13 | Төлеген Абілхайыр | | | | | |
Сабақты қорытындылау:
Сонымен, зерттеуге қатысқалы отырған (8а-сынып) 13 оқушыны қабылдау, ойлай, есте сақтау қабілеттерінің деңгейі бойынша келесі топқа бөлдім:
І деңгейде _______ оқушы, олар: IІ деңгейде _______ оқушы, олар: IIІ деңгейде _______ оқушы, олар:
___________________________ ___________________________ ___________________________
___________________________ ___________________________ ___________________________
___________________________ ___________________________ ___________________________
___________________________ ___________________________ ___________________________
___________________________ ___________________________ ___________________________
___________________________ ___________________________ ___________________________
___________________________ ___________________________ ___________________________
___________________________ ___________________________ ___________________________
___________________________ ___________________________ ___________________________
Оқушыларды бағалау:
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
Аты-жөні
Балдық баға
Дәстүрлі баға
1
Алмаханов Нұрман
2
Зәуірбек Мағжан
3
Исмагулов Даурен
4
Қалдан Дархан
5
Кеңесбек Тұрғанбай
6
Көнебаев Бекжан
7
Мұңайтпас Гүлжан
8
Нұрхат Ерқанат
9
Орынбаева Анар
10
Өсербай Ардақ
11
Өсімжанұлы Ермек
12
Темірбектегі Нұржан
13
Төлеген Абілхайыр
Үй тапсырмасы: Логикалық 3 есептен дайындап келу (өзі құрастырады не кітаптардан алады)
№2 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: «Алгоритм» ұғымы. Алгоритм қасиеттері. Алгоритмнің өрнектелу жолдары.
Сабақтың мақсаты: . «Алгоритм» ұғымын талдау және түсіндіру. Алгоритм қасиеттеріне мысалдар келтіру, өрнектелу жолдарын түсіндіру. Алгоритмді дұрыс құруға дағдыландыру.
Үй тапсырмасын талқылау:
Оқушылар дайындап келген логикалық жұмбақтарын ортаға салып шешеміз. Сол есептерді мысалға ала отырып «Алгоритм» ұғымымен таныстырамын.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Алгоритм түсінігі
Адам белгілі бір бағыт бойынша яғни, мақсат қоя жұмыс бастаса оның қарастырғалы тұрған есебі нақты әрі сапалы шешім беретіні анық. Мұндай жоспар жеке адамның өз бетінше ізденісі мен өмірлік тәжірибесінің арқасында немесе ол өзге біреудің құрған, тәжірибе жүзінде тесеріліп өнделген еңбектерін қолданып жүзеге асырады. Қай жолмен болсын адам тура бағытта өз мақсатына жете алады.
Жалпы алгоритм деп алға қойылған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында арнайы ережелер бойынша орындаушыға (адам немесе компьютерге) жинақы түрде берілген нұсқаулар тізбегін айтады.
Ең қарапайым мысал, жолдан өту ережесі. Оны бірнеше кезеңдерге бөлеміз:
-
Жолдан өтпес бұрын алдымен сол жақ бетке қарап автокөліктің жоқтығын бақылаңыз. -
Автокөлік жолға жақын келіп қалған жағдайда жолдан өтпей автокөліктің өтіп кеткенің күтіңіз. Кері жағдайда жолдың бел сызығына дейін жүріңіз. -
Жолдың бел сызығына жеткен кезде оң жақ бетке көңіл аударыңыз. -
Егер де автокөлк сізге жақын келіп қалған болса онда сол автокөліктің өтіп кеткенің күтіңіз, сосын жолдың келесі бетіне өтіңіз.
Әрине қалада көп уақыт өмір сүрген адам бұл жол ережесін толығымен сақтай бермейді, себебі мұндай жолдан күнделікті өтіп жүргендіктен олардың миында белгілі бір бағыт қалыптасып қалады. Бірақ кейбір күрделі жағдайларда белгілі бір мақсатқа жету үшін міндетті түрде белгіленген шарттарды сақтау керек болады. Мысалы, қазіргі уақытта кең таралып келе жатқан банкоматты пайдаланып өз қорындағы ақшаны алу жолы:
-
Банкоматқа кредиттік карточка белгіленген бағыт бойынша салынады. -
Пайдаланушы банкоматпен қатынасу тілін тандайды, сәйкес пернені басу арқылы өз қалауын нақтылайды. -
Карточка иесі өзінің дара сандық кодын тереді. -
Экранда берілген тізімнен керектісін тандайды. Мысалы, қордағы ақша көлемі, ақша алу, соңғы орындалған бірнеше операциялар туралы мәлімет т.б. -
Пайдаланушы қорындағы ақшаны алатын жағдайда ақшаны чекпен бірге алғысы келе ме, әлде чексіз алғысы келе ме екенің сәйкес пернелерді басу арқылы қалауын жасайды. -
Керекті сомманы енгізіп шешімін «кіру» пернесін басу арқылы растайды. Сұраған ақшаның көлемі қордағыдан көп болған жағдай да бастапқыдан аздау сомма еңгізу керек. -
Банкомат керекті сомманы санағанша бірнеше сикунд күте тұру тиіс, экранда келісім белгісі шыққан кезде кредиттік карта алынады. Кейін ақшаңыз бен чекті алыңыз.