Файл: ысамерзімді жоспар 1саба. Сабаты таырыбы міріміздегі айталаулар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 9
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
1-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өміріміздегі қайталаулар
Бөлімі: | Ұзақмерзімді жоспар тарауы: 1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыптары: «Жанды табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?) | |
Педагогтің аты-жөні: | | |
Күні: | | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Өміріміздегі қайталаулар | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (циклі); | |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Циклдің адам өміріндегі маңызын түсінеді. Оқушылардың көбі үшін: Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекеттерге циклдік алгоритм мысалдар келтіреді. Кейбір оқушылар үшін: Циклдік алгоритмдерді құрастыруды үйренеді. | ретінде |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің ісәрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту «Жаңалық ашамыз» ойыны Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл кәдімгі жеңіл ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек. Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с. Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайдаланылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с. Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі. Сонымен қатар оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды әсер сыйлайды. | |||
Топтастыру: | Топтастыру. «Фигуралар» әдісі Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. Алдымен оқушылар фигуралар салынған хатқалта ішінен көзбен көрмей, қолына ілінген қағаз фигураны алады. Сол фигура бойынша ұқсас топтарға бірігеді. I топ . Үшбұрыштар
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды. Тиімділігі: топтық жұмыста пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге; өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. | |||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі | Оқушыларға интерактивті тақтадан төменде берілген сұрақтар мен 1, 2- суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша ұжымдық үлгіде өз | Ой қозғау сұрақтары
Әңгімеле.
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісімен бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын! Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. |
| ойларын айтып, сұрақтарға жауап береді. | болады деп ойлайсың? «Сызықтық және тармақталған алгоритмдер» дегеніміз не? Есіңе түсір. Мысалдар келтір. | Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылын, ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады. | |
Жаңа сабаққа дайындық. | ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Мәтінмен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі «ДЖИГСО» әдісімен жұмыс істеу ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асырудың мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Бұл тәсіл мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтауға ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. | |||
Сабақтың ортасы (26 мин) | Топтық жұмыс. «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі. Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істей білуді талап етеді. Әрине, ОҮБның өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Ол үшін топпен бірлесе оқулықтағы тапсырманы орындайды. | 1-тапсырма «Көмір тасудың» сөзбен сипатталған циклдік алгоритміне блок-сызба құрастырыңдар. Блоксызбаны құрастыру үшін 3-суреттегі циклдік құрылымды қолданыңдар. Дескриптор:
алгоритмге блоксызба құрастырады. | Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірін «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!,Керемет!, Жақсы!, Талпын! Саралау Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі қолданылады. Оқушылардың ойлау дағдыларын, жинақтау деңгейін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырма беруді және қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыттаушы, жетелеуші сұрақтар қоюды жоспарладым. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруі үшін, тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін. Бұл тапсырма А деңгейіне жатады. |