Файл: Негізгіимылозалысжаттыуларыныбайланысынанытайды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 383

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін өзі реттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1 - бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу

Сабақтың мақсаты


Оқушылар үйренеді:

Өздігінше тепе-теңдік жаттығуларын орындау

Оқушылардың көбі үйренеді:

Барлық элементтерді кезегімен орындау

Кейбір оқушылар үйренеді:

Тепе-теңдікке арналған қиын жаттығуларды кезегімен орындау

Бағалау критерииі

1. Соблюдение ТБ

2. Гимнастикалық талаптарға сай тепе-теңдік жаттығуларды орындау

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Саптық жаттығуларды орындату:

  1. «Оңға» «солға» «кері айнала»

бұрылып саппен жүру,

Жүру жаттығулары:

Қолды белге қойып, аяқтың ұшымен, аяқтың өкшесімен, табанның ішкі қырымен, табанның сыртқы қырымен жүру.

Жүгіру жаттығулары:

Екі қолды белге таяп, аяқтарын алға кезек – кезек сермеп жүгіру.

Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.

Тізені алға көтеріп жүгіру.
Аяқты артқа сермей жүгіру.
Толық отырып секіру.

Толық отырып жүру.
Дем алуға арналған жаттығулар. Терең дем алып, қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен көтерілу, қолды жанына түсіріп, демді сыртқа шығару. Бір қатардан 3 немесе 4 қатарға тұрып жаттығу жасату.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ


Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Қолды тіреп секіру - биіктігі 100-110см ағаш аттан аяқ екі жаққа көлденеңінен секіру техникасын үйрену үшін келесі дайындық жаттығуларын орындайды:

  • е кі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіру;

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі аяқты екі жаққа сермеу;

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қою;

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру;

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру, ағаш аттан бүгіле аяқты қосып секіріп түсу;

  • жүгіріп келіпгимнастикалық көпіршеден итерілу, екі қолды алға-жоғары көтеріп, екі қолмен итерілген кезде жамбас буынын бүгіп, иықпен қолды көтеріп, аяқты екі жаққа созып, бүгіле аяқты қосып түсу.


Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;

  • қимыл-қозғалысорындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасынтүсінеді.


Сұраңыз:Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды?
Сыныпты 2-4 командаға бөліп,гимнастикалық эстафета өткіземін. Әр команданың алдында екі гимнастикалық төсеніштер төселеді. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық төсенішке дейін жүгірі жетіп, шалқалап жату қалпынан гимнастикалық «көпіршені» көрсетеді. Одан соң гимнастикалық шығыршыққа дейін жүгіріп жетіп қолға алады да жермен дөңгеле алып жүру арқылы конустарға дейін жетеді, кері оралу жолында шығыршықты қолына алып жүгіріп келіп орнына қояды, өзінің командасына жүгіріп келіп эстафетаны келесі ойыншыға жалғайды. Тапсырмаларды тез орындап шыға алған команда жеңіске жетеді. 2-3 рет қайталау.
Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • қимыл-қозғалысорындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасынтүсінеді.


Сұраңыз:Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде қандай тактика, стратегияларды қолдандыңыздар?

Оқушылар спорт залды айналып жүре отырып тынысалуынқалпынакелтіру. Қолды жоғары көтере отырып мұрынментерең дем алады да, қолды түсіргендедемдіауызбеншығарады.

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «От шашу»


Үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық ағаш ат, көпірше, маттар.

Гимнастикалық ағаш аттан секіру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=Bs13G1_olbM

Сабақтыңсоңы


«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін өзі реттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.4.1 - қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақтың мақсаты


Дене шынықтыру қабілеттерін дамыту:ептілік,икемділік,жылдамдық,төзімділік.

­ бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу

­ қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Бағалау критерииі

Снарядтардағы жаттығуларды орындайды, үйренеді, қателерін түзейді.




Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Бағалау

Ресурстар




Кіріспе

3 мин


2 мин

5 мин


Сапқа тұрғызу.,

Сәлемдесу.

Баяндама тапсыру.

Спорттық формасын тексеру.

Қауіпсіздік ережесі.

Психологиялық көңіл күй: «Күн шуағы әдісі бойынша оқушылар сапта бір біріне тілек айтады».
Санау арқылы сыныпты 2 топқа бөлу

Мозайка арқылы сабақтың тақырыбын аңықтау

Бірлесе сабаққа мақсат қою.

« Бас бармақ» арқылы бағалау.


Сапалы жылдам сапқа тұру.
Пәрменді тиянақты тапсыру.
Мұғалімнің айтқанын мұқият тындау.
Қауіпсіздік ережесі туралы қысқаша айтып өтеді.

Өз ұсыныстарын білдіреді. Бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды.


Оқушылар топқа бөлінеді.

Оқушылар бірлесіп сабаққа мақсат қояды.

Оқушылар білімдерін көрсетеді. Бірін-бірі тыңдайды.



Оқушы өз жұбын табады

Сұрақ жауап орындайды








25 мин



Сапқа тұру. Екі топқа бөлу.
Әр топқа жеке тапсырма беру.

  1. Әр топ өзіне тиісті парақшадан оқиды, орындайды.( Бірінші топ акробатика, екінші топ қос сырықта жұмыс жасайды. Кейіннен орын ауыстырады . Кіші аттан секіруді бірге орындайды).

Т- тақырып табады

А-айқындау( сұраққа жауап беру)

Н-нақты шешім (жан жақты шешімдерді іздестіру)

Ы-ынтамен жұмысқа кірісу

М-мәселенің мәні (сараптама)
Дискриптор:

  1. Тақырыпты аңықтайды (1 балл)

  2. Сұраққа дұрыс жауап беру (1 балл)

  3. Снарядтағы жаттығуларды дұрыс орындайды (1 балл)

  4. Қателерін түсініп, түзейді (3балл)

  5. Гимнастикалық құрал –жабдықтарды не үшін арналғанын атайды, қысқаша мысалдарды келтіреді. (1 балл)




Жаттығуды дәл орындайды.

Серіктесімен жұмыс жасау.

.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Мұғалім топты бағалайды.

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

: «Бас бармақ» арқылы бағалайды
ҚБ «От шашу»


Оқу бағдарламасы,тақырыптық –күнтізбелік жоспар, кіші ат, көпірше (мостик), гимнастикалық төсеніштер (маты), гимнастикалық әр түрлі биіктіктегі қос –сырық.





5мин


Рефлексия

« ПОПС» формуласы әдісі арқылы кері байланыс жасалады.

«Менің ойымша бұл....»

«Себебі мен оны былай түсіндірер едім...»

«оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын....»

«Осыған байланысты мен мынандай қортынды шешімге келдім....»

Үйге тапсырма. Қарлығаш жасау, таңғы жаттығулар кешенің құрастыру.

Оқушылар оз пікірлерімен бөліседі.

Оқушылар стикерді суреттерге жабыстырады.










Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін өзі реттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1 - бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу

Сабақтың мақсаты


Қимыл-қозғалысорындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету

Бағалау критерииі

Қимыл-қозғалысорындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасынтүсінеді және түсіндіре алады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сапқа тұру.

Рапорт тапсыру.Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Орыннан оңға, солға бұрылу.

Техника қауіпсіздігі

Саптық жаттығулар. Ж.Д.Ж. қозғалыста

Ж.Д.Ж.бір орында. Аяқты артқа бүгіп жүгіру

Тізені жоғары қөтеріп жүгіру. Оң жақ иықпен адымдап секіру. Сол жақ иықпен адымдап секіру

Әрбір адымда секіріп жүгіру

Қойылған сұраққа өз ойын айту, жауап беру.


Қол шапалақ



Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Аяқтарын бүгіп, жауырынмен тұру.

Орындау техникасы: Жауырынмен тұру топтамада артқа аунап орындалады. Иыққа дейін аударылып, шынтақты денеге жақындатып, төсенішке қойыңыз, сол мезетте денені тік қалпында ұстап тұрыңыз, содан кейін қолдың буынын арқаға жауырынға жақындатып қойыңыз, сирақты тік ұстаңыз.



Үйрету реттілігі:

Бұл жаттығудың негізін бұрынырақ атап өтілген элементтер құрайды: топталу, аударылу.

  1. 1. Әртүрлі и. п. топталуды және аударылуды жетілдіретін “қозғалтатын” жаттығуларды қайталау

  2. 2. Аяқтары тігінен төсенішке арқамен, қолдарын жоғары, артқа домалау, төсенішке иығымен тию. . б.қ. қайтып келу

  3. 3. Дәл сол –б.қ. қайтып келу – н.т. (негізгі тұрақ).

  4. 4. Төсенішке арқамен отырудан – топтаңыз – шынтақты төсенішке денені бойлай артқа аударылыңыз, аяқты бүгіп, арқаны тік ұстаңыз. Қол буындарын арқаға қоймаңыз.

Тұрақты аяқты бүгіп, жауырында орындаңыз

Ойындар мен эстафета ойнау


Видеороликтан тақырыпқа сай берілген тапсырмаларды таладайды

сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді

Топ белсендісі анықталып, топ басшысы болып тағайындалуы

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»


Үлкен бос кеңістік.

Волейбол добы, ысқырық, конустар.

Сабақтыңсоңы


Өткен тақырыпты бекіту мақсатында оқушылардан қалыптастырушы бағалауға тест тапсырмаларын беру. Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы - дене қаблеттерін дамыту жаттығулары

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Топтық жиынтық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 - көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар үйренеді:

Акробатикалық комбинациямен жабдық комбинацияларды өз бетімен құрастыра алады..

Басым көпшілігі үйренеді:

Комбинация арқылы жасалған, барлық элементтерді орындайды.

Кейбіреуі үйренеді:

Комбинациядағы қиын элементтерді орындайды, және басқаларға комбинация құруға көмектеседі.

Бағалау критерииі

1. Барлық оқушылар техника қауіпсіздігін біледі.

2. Гимнастикалық талаптарына сәйкес комбинацияларын жасау.

3. Гимнастикалық талаптарына сәйкес комбинацияларын орындау .

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі, қауіпсіздік ережесі, сабақтың міндеттерін түсіндіру.

Жетістік критериясын талқылау.


Акробатикалық жаттығуларды қатысушыларға бұлшық ет топтарын анықтауға тапсырма, (Адам бұлшық ет к құрылымы туралы карточкалар).

Омыртқаға арналған жүру жаттығулары.

Жылдам жүгіру тапсырмасына жауап қайтару.

ЖДЖ

Жабдықтағы арнайы жаттығу:

Акробатическалық жаттығулардың кіріктіруін және дайындығын орындау.


Оқушы өз жұбын табады

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ





Ортасы

Өз бетінше акробатикалық комбинациялар құру.

1) комбинацияға барлық қалған бұлшық ет топтарын жұмысқа қосатын қозғалысты ендіру қажет;

2) жекелеген дене бөліктерінің қозғалыс қиындығы оқушылардың даярлығына сәйкес келуі тиіс; бірқатар бірізді сабақтарда комбинацияларды күрделендіру, ал олардың ұзақтығын ұлғайту (16 есепке дейін) қажет.

Кешен: Оң (сол) аяқта тепе-теңдік, қолдар жан-жаққа, отырып тірелу, алға отырып аударылып түсу, кері қарай жауырынмен тұрып домалау (ұстап тұру), жату, көпір (ұстап тұру), қолды жоғары көтеріп жату, ішпен домалау, матқа қол мен аяқ тигізбей – «қайықша», қолды кеудеге жинау – отырып секіру, 180 градусқа бұрылып жоғары секіру, б.к.

Саралау: Акробатика элементін оқу: б.к. – аяқты бүгіп, кеңінен ашып тұру, қолдар матта, алға еңкею – жауырынмен тұру (ұстап тұру), жартылай шпагатқа артқа қарай домалау, қолдар жан-жаққа, отырып төмен секіріп қолды төмен түсіру.


Екпін алып немесе орнынан бойлап жасалады.

Оқушылар тірек-қозғалыс дағдыларының не екенін түсінгендіктерін сипаттай және көрсете алады.

.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

: «Бас бармақ» арқылы бағалайды
ҚБ «От шашу»


Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. Мұғалім үшін секундомер (мүмкін болса әр жұпқа).

Сабақтыңсоңы


Сабақ соңында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  • Сабақта не түсініксіз болды?

  • Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті?

  • Не қосу қажет деп ойлайсың?Өзіңізге нені жетілдіру қажет?

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы




Күні:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Топтық жиынтық

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

6.2.2.1 - көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Сабақтың мақсаты

  • Барлық оқушылар :

Тапсырманы орындау барысында жарақат алуды азайтуды біледі, қауіпсіздік ережесін сақтайды;

Қозғалысты жеке және бірге орындауды біледі ;

  • Бір орында кеудеден екі қолменпас беруді орындай біледі;

  • Көбі оқушылар :

Допты алып жүріп , пас бере алады;

  • Қозғалыста екі қолмен допты кеудеден беруді орындайды;

  • Кейбір оқушылар

Қозғалыста орта, жоғары жылдамдықпен екі қолмен допты кеудеден беруді орындайды;

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады;

Допты алып жүріп , пастарды бірден орындайды және түсіндіре біледі.

Бағалау критерийі

ОқушыларЖаттығукезіндеқауіпсіздікшараларынсақтайалады. Командалық жарыстардағы қиындықтарды жеңу қабілетін көрсетеаладыНегізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын анықтайды.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті


Тапсырмалар:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу


  1. Амандасу.

  2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру:

3.Сабақ тақырыбы мен табыс критериилері анықталған соң,бой сергіту жаттығулары орындалады. Жаттығу орындау барысында дене қозғалыс сапасы дамиды (оқушылардың уәжін көтеретін) «Төреші арқылы» ойыны.Кіші доп лақтыру арқылы оқушыларға сұрақ қойылады«Төреші арқылы ойна » оқушылар сапқа тұрады. Мұғалім сұрақ қойып оқушыға допты лақтырады . Оқушы жауап беріп допты мұғалімге кері лақтырады. Ойын осылай жалғасады. Осы ойын арқылы оқушылар топтарға бөлінеді. Бұл әдіс саралау деп аталады.

4 .Баскетбол ойынындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

Қалыптастырушы бағалау: мадақтау, демеу

Сабаққа қызығушылығы артады,көңіл күйлері жақсарады
Оқушылар суреттер бойынша екі топқа бөлінеді.

Кезекші бүгінгі күн туралы есеп береді


суреттер

Ортасы

Жалпы орындалатын жаттығулар:

Оқушылар бір –бірінен екі, үш м қашықтықта тұрып допты ұстауды қайталайды. Имитациялық жаттығулар.(кеудеден екі қолмен доп беру, қабылдау)

Физикалық деңгейі төмен оқушылар .

Оқушылар жұптарға бөлініп бір-бірінен 2-3м қашықтықта қарсы тұрады. Допты орында тұрып кеудеден екі қолмен беру және қабылдау. Физикалық деңгейі жоғары оқушылар .

Оқушылар жұптарға бөлініп бір-бірінен 2-3м қашықтықта қарсы тұрады.Допты орында тұрып кеудеден екі қолмен беру (беру кезінде бір адым алға жасау) және қабылдау(қабылдау кезінде бір адым артқа жасау) Қозғалыста допты лақтырып беру және қағу. Физикалық деңгейі төмен және жоғары оқушылар .

Физикалық деңгейі жоғары оқушыларүстінде көрсетілген жаттығуларды сарапшы ретінде деңгейі төмен оқушыларға көрсетеді. Бұл әдіс моделдеу деп аталады.Бағалау критерилері:А)допты беру (екі қол алға барынша тік созылады, алақандар сырқа ашық, бас бармақтар төмен қарайды) – 1балл - дұрыс, 0балл- бұрысБ)Қабылдау (саусақтармен допты қабыстырып ұстау, шынақ бүгіледі) – 1дұрыс, 0-бұрысС) допты еден арқылы ( допты жұптасының тұсына бағыттау) -1-дұрыс, 0-бұрыс Қозғалыста пас беру. Белсенді оқу тәсілін қолдану арқылыАлаңға бірінен бірі 1м қашықтықта фишкалар қойылады. Фишкалардан 1м қашықтықта екі жағынан оқушылар тұрады.Қозғалыста фишкалардыңарасымен допты бір –біріне береді.Тапсырманы орындау барысында мұғалім модельдеу әдісін қолданып, қабілетті оқушыныэксперт қылып, өз қимыл-қозғалысын басқа оқушыларға көрсеткізеді.Ойын «Шеңбер» .

Оқушылар 7-ден топтарға бөлінеді де алты оқушы шеңбердіңбойына, біреуі ортасына тұрады.

«кеудеден екі қолмен» әдісі бойынша оқушылар кез-келген бағытта допты бір-біріне дәл береді.Шеңбердің ортасында тұрған оқушы допты тартып алуы керек.Доптан айырылып қалған оқушы ортадағы оқушымен алмасады.

Тапсырмада бірлескен оқу әдісі,топтық жұмыс, саралау әдістері қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау: мадақтау, демеу, жеке қолдау.

  1. Жаттығу ойыны7х7

Оқушылар екі командаға бөлініп, бір кезең - 4 минуттан баскетбол ережесі бойынша ойнайды.

Сұрақ:Осы ойынды қалай ойнадық? Бүгінгі сабақта допты жүргізу және пас беру тәсілдерін ойын барысында қолдана алдық па ? Екі қолмен кеудеден доп беру тәсілі тиімді ме?

Сұрақтарға жауап береді,кезек-кезек тақтаға шығып жұлдызшаларын іледі, жаңа сабақтың тақырыбын болжайды

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырғыш. Кубиктер, арқан, гимнастикалық таяқтар.


. Бағалау

Формативті бағалау.

Оқушыларды әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағамен бағалап отырады.

1. «Қол шапалақтау»

2. «Бағдаршам»

3. «Парталас көршіңе арнап бір тілек таңда»

4. « "Қолмен белгі беру"

әдістері бойынша бағалайды.

Оқушылар әр тапсырмадан кейін бір-бірін қалыптастырушы бағамен бағалап отырады.

Сабақ соңында

өз-өздерін бағалайды

«Қол шапалақтау»,

Бағдаршам»,

«Парталас көршіңе арнап бір тілек таңда»

«Шоқ жұлдыз»,

"Қолмен белгі беру"


.Рефлексия

Рефлексия:

Мұғалім қортындылап, рефлексия жүргізеді. Оқушыларға сабақ жайында өз ойларын айтуды ұсынады.

Мұғалім үйге тапсырма береді: шаңғы спортының терминдерін біліп алу.

Таң ертеңгілік жаттығу, пресс, таянып жатып еденнен итерілу, кермеден тартылу.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қайықтарын суға жіберу арқылы білдіреді.

"Білім теңізі" әдісі