Файл: А тышан мен нресте.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 76

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- Қызымды біреуің жолдас қылып алыңдар, - дейді.

Сонда тұрып жеті өнерпаздың ең үлкені:

- Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсымыздікі артық болса, сол алсын, - дейді.

Хан мақұл көреді. Сонда ең үлкені тұрып:

- Бұл қызға менің істеген өнерім бәрінен басым. Мен болмасам бұл қыз жоқ еді, - деп жеті күн қарақұстың ізімен аспанда ұшқанын айтады. - Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді ол. Екіншісі:

- Сенің өнерің таусылып, қызды қарақұс аспанға алып бара жатқанда мен атпасам, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.Үшіншісі тұрып:

- Сен аспаннан қызды атып түсіргенде мен судан сүңгіп алмағанда, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. Сонда төртіншісі тұрып:

- Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді, қыз да, сендер де жоқ едіңдер. Сондықтан да қыз маған тиісті, - дейді.

- Мен болмасам, бәрің де тастың астында қырылып өлер едіңдер, сондықтан қыз маған тиісті, - дейді бесіншісі. Алтыншысы тұрып:

- Бәрің де жол таба алмай адасатын едіңдер. Бұларды адастырмай, жол тауып берген мен емес пе? Қыз маған тиісті, - дейді.

Ақырында жетіншісі тұрып:

- Менің табағымнан ас жемесендер, бәрің де аштан өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.

Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді. Хан білгіштерін жинайды. Сонда бір қария тұрып:

- Бұл жетеуінің бәрінің де өнері бірдей, бірақ қызды сүңгуірге қосыңыз, өйткені ол қызды басқалардан бұрын барып құшты ғой. Ал, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты жерге уәзір сайлаңыз, - дейді.

Хан қызын сүңгуірге қосып, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты елді билетіпті. Сөйтіп, жеті өнерпаз мұратына жетіпті.


Түлкі мен Бөдене

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:

- Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі.

- Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай жерде тығылып қарап тұрыпты. Бөденені көре сала:

- Кемпір, кемпір, қозғалма! Мен мына төбеңдегі бөденені соғып алайын,- депті шал.

- Жарайды. Бірақ қатты соқпа, - депті кемпір. Шал жерде жатқан күректі алып, салып қалғанда, бөдене ұша жөнеліпті. Күрек кемпірдің басына тиіп, кемпір құлапты. Шелектегі сүті төгіліп қалыпты. Түлкі ішек-сілесі қатып күліпті.

- Досым, күлдің бе? - депті бөдене.

- Күлдім, досым, күлдім. Разымын, досым, разымын! - депті түлкі. Күндерде бір күні түлкі:

- Ал, досым, енді мені бір мықтап тұрып қорқытшы! - депті.

- Қатты қорқытайын ба, ашуланбайсың ба? - деп сұрапты бөдене.

- Жоқ, ашуланбаймын, қатты қорқыт! - депті түлкі.

- Жарайды, қорқытайын. Бірақ сен көзіңді тас қылып жұм. Мен сенің төбеңе қонып, екі қанатыммен көзіңді жабамын. Содан кейін сен жүр де отыр. Оңға десем оңға, солға десем солға жүр. Қашан мен төбеңнен ұшып: «Көзіңді аш!» дегенше, ашпа, - депті бөдене. Сонымен бөдене түлкінің төбесіне қонып, екі қанатымен көзін жауыпты. Түлкі көзін тас қылып жұмып, бөдененің жүр деген бағытына жүріпті де отырыпты. Осылай жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кездерде бөдене:

- Аш көзіңді! - деп, ұша жөнеліпті. Түлкі көзін ашып жіберсе, тазы ерткен бір топ аңшыға таянып қалған екен. Аңшылар қызыл түлкіні көре сала қиқулап, куыпберіпті.

Түлкі қашып беріпті. Әрі-бері қашқан соң түлкінің алдынан қалың орман кез болыпты. Түлкі жалт беріп, орманға кіріп, өлдім-талдым деп аңшылардан әзер құтылыпты. Бір кезде бөдене келіп:

Қ алай, досым, қорықтың ба?- деп сұрапты.



- Қорқыт - қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?! - деп, түлкі бөденені бассалып, жемек болыпты. Бөдене түлкінің аузында тұрып:



- Досым! Ұзақ жылдар дос болып, ойнап-күлдік, талай қызық көрдік. Қазір мені жегелі тұрсың. Қайтем, жесең же! Бірақ осы күнге дейін аты-жөнімізді сұрап біліскен емеспіз. Жесең де, атымды айтып жесейші, ақырғы тілегім болсын!

- Атым Маңғыт, еді - депті бөдене. Түлкі аузын ашып: Маңғыт дей бергенде:

- Аузыңа саңғыт! - деп, бөдене ұша жөнеліпті. Осыдан былай түлкі мен бөдене достықтан айрылысыпты.

Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

- Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.

Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

Алтын балық

Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да, шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып тағам етіп күнелтеді екен. Бір күні баласы:

- Әке, мен де ау салуды үйренейін, бүгін мені жібер, - деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген қауіппен рұқсат етпесе де, бала жылап- еңіреп қоймағансын, «барсаң бар» дейді. Бала қуанып

кетеді. Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не істерін білмейді. Үйге жеткенше жүгіреді. Баласының алтын балық әкелгенін көргенде, қуанған кемпір мен шал тұра жүгірісіп, біріне-бірі соғылысып құлап та қалады. Шал балықты алып шаһардың патшасына жүгіреді. Патша сарайының күзетшілері оны сарайға кіргізбей әуре жасайды. Ақырында «патшаға тарту етіп алтын балық әкелді» дегенді естіп, кіруге патша өзі рұқсат береді.


Балықты көрген патша шалға:

- Сен өміріңде алтын балық ұстап көрген жоқ едің, мынаны кім ұстады? - деп сұрайды. Шал:

- Кішкентай ұлым ұстады, - деп жауап береді.

- Онда сол баланы жібер маған, - деп, шалды үйіне қайтарады. Бала келгенсін патша оған көп алтын береді, бала үйіне қуанып қайтады.

Оны естіген патша санаттары күншілік етеді. Олар патшаны былай деп азғырады:

- Бұл алтын балық жалғыз болмау керек. Оның жұбайын таптырып алыңыз балаға, - дейді. Патша санаттарының айтқан ұсынысын қабыл алады.

Баланы шақырып алып:

- Бұл балықтың жұбайын тауып әкел, - деп бұйырады.

Сау басына сақина тілеп алған бала үйіне жылап келеді. Патшаның бұйрығын айтады, әке-шешесі де қатты қиналады. Содан бала тағы да ау құрады. Ауына барса тағы да алтын балық ілігіп жатыр екен. Балықты алып тағы да

патшаға апарып тартады. Патша қатты разы болғандықтан көп алтын қазына береді және кемпір-шалға жақсы сарай салдырып береді. Бұрын өлмесінің күнін кешкен шалдың үйі қазір кең бөлмелері бар, дүние-мүлкі мол, жақсы,

сәулетті үйлердің қатарына кіреді. Мұны көрген патша санаттары өшпенділікті бұрынғыдан да күшейтеді. Олар енді баланы алысқа, «барса келместің» жолына жіберудің айласын қарастырады. Олар патшаға келіп былай дейді:

- Мәртебелі тақсыр, бұл бір тамаша іс болды. Тек бір келіспейтін жері алтын балық жай суда өмір сүре алмайды, оның дүниеде өзіне лайықты алтын суы да болуға тиісті, енді соны алдырыңыз, - дейді.

Аңқау патша оған да иланады. Баланы шақыртып алып алтын су тауып әкелуге жұмсайды.

- Орындамасаң дарға асып өлтіремін, - дейді патша.

Бала үйіне қатты қамығып келеді. Әкесі: «Тағы не әмір етті патша?» - деп сұрайды. Бала: «Алтын су тауып алып кел деді», - деп жылайды. Кемпір-шал мұны естігенде естерінен айырылады. Бір күні бала әке-шешесімен бақыл айтысып, алтын су іздеп алыс сапарға шығады. Ол неше орман, өзендер-

ден өтіп, биік асулардан асып, елсіз-сусыз шөл далалар мен беталды құла түзбен жүре береді. Бір жерлерге келгенде қой баққан шалға кез болады. Қарияға сәлем беріп қолын алады. Шал баладан жөн сұрайды. Бала өзінің

бағдаттық екенін, патшасының әмірі бойынша алтын су

іздеп жүрген жан екенін айтады. Қойшы шал ұзақ ойланып, сөйлепті.

- Тегі ондай су бары бар, бірақ оған жетіп алып, қайту оңай іс емес, - дейді ол. Осы арадан қырық күншілік жол жүріп үлкен дарияға кез боларсың, одан кемеге мініп өтесің. Дарияның ол шеті мен бұл шеті өте қашық. Кеме


жыл тәулігінде бір оралады. Кеме бергі жағада болса тез өтесің, арғы жағада болса бір жыл күтуіңе тура келеді, - дейді қария сөзін жалғап, - содан әрі тағы жүре бересің. Алдыңнан тас қорған көрінер, ол көрінгеннен кейін де он тәулік жол жүресің. Оның биіктігі қырық кез дейді айтушылар. Оны қыз патшасы билеп тұрады. Оның халқы да әйелден болса керек. Тұрғындары адам перісі дейді. Міне, осы шаһардың ішінде алтын сулы көл бар дегенді естігенім бар, шырағым, - дейді шал.

Бала одан әрі де ұзақ жүріп, қария айтқан дарияға келсе, керуен тиелген кеме жағадан жаңа ғана қозғалып барады екен. Жартастан кемеге секіріп береді бала. Сәті болғанда кеменің дәл үстіне түседі.Теңізден өтіп шығып неше тәулік жол жүргеннен кейін қыз патшасының тас қорғанына да жетеді, бірақ қорғанның биіктігі сондай, оның басына шығу былай тұрсын, тіпті, төбесіне қараудың өзі қауіпті болады балаға. Бала қатты қамығып, зарлап жылайды, дегенмен қарап жата алмайды. Қорғанның сыртын айналып жүре береді. Ақырында бір қорғанға жанай шыққан зәулім терекке кезігеді. Бала соның бойымен өрмелеп қорғанның басына шығады. Қорған іші, бүкіл қала, тамаша бір нұрлы сәулеге бөленіп көз тұндырып тұр екен. «Бұл алтын судың сәулесі болар», - деп ойлады бала. Мұны көрген бала дәті шыдап аялдай алмай қорғаннан ішке қарай секіреді. Содан кейінгіні өзі де сезбейді. Бір

уақытта көзін ашса, бір үйдің ішінде жатыр екен. Үй ішіне көз салып қараса, тамаша көрікті үй екен, ешбір жан сезілмейді. Бір уақытта есіктен бойжеткен қыз кіреді. Қыздан бала сұрай бастайды.

- Мен қайда жатырмын?

- Сені қорғанның ішінде мүшкіл халде жатқан жеріңнен осы үйге алып келдім, бүгін үшінші күн, сен маған өз жайыңды баян етші! - дейді қыз.

- Мен Бағдаттан келемін, алтын су іздеп жүрмін, - дейді бала.

- Сенің іздеген суың осында бар. Бірақ, бұл жер сен үшін өте қауіпті, - дейді қыз. Мұнда, - дейді ол, - адам перісінің уалаяты тұрады. Патшамыз Қорлығайым деген қыз. Оның халқы да бір өңкей әйелдер, еркек адам аты

мен болмайды. Егерде ер адам мұнда кезіксе өлтіреді, мен саған шынымды айтсам, өзім бұл араның адамы емеспін. Тегі, сол өзіңнің айтқан «Бағдат» шаһарынан болуым керек. Олай дейтінім, - дейді қыз, - патшамыздың

маған «әй, Бағдат қызы» деп шақырғаны әлі есімде қалыпты. Мені осында жас кезімде көтеріп алып келсе керек. Сондықтан, - дейді қыз, - осы мен тұрған үйде көрінбей тұра бер. Білсе, сені де, мені де жоқ қылады. Сонымен бала көрінбестен қызбен бірге бірі апа, бірі іні есебінде тұра береді. Әлгі «Бағдат қызы» патшаның аспазшысы екен, ол күн сайын түрлі жемістерден басқа да әртүрлі тәтті өсімдіктерден тамақ жасап беріп тұрады екен, алайда тағамға тұз салу дегенді білмейді екен. Бір күні бала қалтасының түбінде жүрген бір кесек тұзды қазанға тастап жібереді. Сол күні асын ішкеннен кейін Қорлығайым аспазшы қызды шақырып алып: Бүгінгі асты кім пісірді», - дейді. Аспазшы қыз бүгінгі тамағының аса дәмді екендігін өзі де сезген болатын, сондықтан ол былай деп жауап береді: