Файл: Жасымнан жетік білдім Жасымнан жетiк бiлдiм трiк тiлiн, Сол тiлге аударылан барлы бiлiм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жасымнан жетік білдім...
Жасымнан жетiк бiлдiм түрiк тiлiн,
Сол тiлге аударылған барлық бiлiм,
Ерiнбей еңбек еттiм, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнiм.

Оятқан менi ерте – Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тiлiн үйренумен
Надандықтың тазарып, кеттi кiрi.

Танбаймын, шәкiртiмiн Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпiр қойдың.
Жанымен сүйдi әдiлет‚ ардың жолын,
Сондықтан ол иесi терең ойдың.

Толстой кәпiр емес, кәпiр өзiң,
Дiн емес – бәрi алдау айтқан сөзiң.
Көңiлiң соқыр, надансың, бейiлiң қара,
Нұр, жарығын қалайша көрсiн көзiң.

Көнбеймiн дiндi терiс бұрғаныңа,
Сопының бара қойман құрбанына.
Хақиқат сырымды айтсам – Толстойдың
Мың сопыны алмаймын тырнағына.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,
Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.
Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың
Алданбассың артынан ере берсең.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.

Адамзат өзін-өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.

Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.

Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.


Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жаз келер,қыстыгүнгі қысым өтіп

Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп,
Қар, суық, аяз, боран – бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.

Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп.
Өткен күн, өмірін айтып, күбірлесіп.


Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп.
Сүйтсе де адам көзі бір тоймайды,
Құдайым берсе-дағы қанша несіп.



Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Құқық негіздері

Бөлім:

Ісжүргізуқұқығыныңнегіздері

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

11.4.1.3 – Қазақстан Республикасы алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау

Сабақтың мақсаты

Қазақстан Республикасының алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті




Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру


Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.Сабаққа назарларын аудару Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

М Сабақ тақырыбымен таныстыру.

Оқушыларға оқу мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру

«Миға шабуыл». Сұрақ:

Алқабилер соты дегеніміз?

. Оқушылылар құқық сөзімен не ассоциацияланатынын айдады

Оқушылар тақырыпқа болжам жасайды;

ЕББҚ оқушыны өзін мінез-құлқы жайлы балалардың тобына орналастыру.




Жаңа білім

Бейнематериалмен жұмыс

Сұрақтар:

  1. Неліктен елімізде алқабилер сотына қатысатын азаматтар саны азайып кеткен?

  2. Алқабилер соты қарапайымхалыққа не береді?

ЕББҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды.

Мәтінмен танысу

Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер. Сот құрамы.

 Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу ерекшелiктерi.

 Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды iрiктеу.

 Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер. Сот тергеуінің ерекшелiктерi.

Бейнесюжет негізінде сыныптық немесе топтық талқылауhttps://www.youtube.com/watch?v=yxy26gRUJps

Сұрақ:

- Сіздерге ұсынылған бейнесюжетте неге ҚР Бас Прокурорының орынбасары И.Меркель алқа билерді азайту керек деп ұсынды?

ЕББҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.

- Егер бұл ұсыныс қабылданса, қалай ойлайсыздар, мұндай жағдайда адамның құқықтары мен бас бостандықтары шектеліп қалмайды ма?

- Алқабилер сотының болашақ моделі қандай болу керек?

Мәтін бойынша ПТМС орындайды. Мәселе: «Алқабилер соты қажет пе?»

Позиция (менің ойымша, ... )

Түсіндіру (себебі.......)

Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)

Салдар(айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)

ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды


Оқушыны бір позицияны таңдайды

Өз позициясының себебін толық ашады

Өз позициясына мысал келтіреді

Өз позициясына 3 сөйлеммен қорытынды жасайды

Оқушылар сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды iрiктеу ерекшеліктерін көрсетеді

Оқушылар алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер, сот тергеуінің еркешеліктері талдап, бұған баға береді
Жұптық жұмыс жасауда ЕБҚ оқушыларға жұпты таңдауда қолдау көрсетіледі






Бекіту



Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Алқабилер соты- нағыз халықтық сотпа?» деген сұрақ аясында ой түйін жасайды (80-100 сөз).


Сабақтың тақырыбын қорытындылау




Кері байланыс

  • Бүгіңгі сабақтан нені біліп түсіндім/ әлі түсінбедім

  • Сабақты толық игеру үшін нені мен жасауым керек?

  • Қаншалықты бұл сабақ маған қызықты/ қызықты емес болды? Неліктен?

  • Сабақ маған қызықты әрі пайдалы болу үшін нені жасауым керек?




Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады