Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 916
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Маңына жоламайды,Қодар үркіп,»-деген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан алынған жолдарда кім туралы сөз болып отыр: (Қозы Көрпеш)
-
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы:
«Тіршілікте,тазшеке-ау,ұмытпайын,
Қоя берші ,көштегі жеңгең көрер,»-деген жалынышты сөздерді айтатын кейіпкер: (Қодар)
-
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанындағы Сарыбай маралды не себептен өлтіргені: (Қарабай өтінішіне орай) -
Қарабай жарып жібергенде маралдың ішінен не шығады: (Егіз қодық) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қарабайдың үйіне құдалық туралы сөйлесуге он бір кісі қосып,кімді жібереді: (Танаш) -
«Балталы,Бағаналы,ел аман бол,
Бақалы,балдырғанды көл,аман бол,»- деген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі қоштасуға жатады.
-
«Балталы,Бағаналы,ел аман бол,
Бақалы,балдырғанды көл,аман бол,»- деген қоштасу өлең алынған жыр:
(«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» )
-
«Балталы,Бағаналы,ел аман бол,»-деп,туған жерімен қимай қоштасатын лиро-эпос жырындағы қыздардың аты: (Ай,Таңсық) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қоштасу жырын айтқан кейіпкерлер:(Ай мен Таңсық) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қандай тұрмыс-салт жырлары қолданылған: (Қоштасу,жар-жар,естірту,жоқтау) -
«....Аққу ұшып көлге кетті,
Ақсұңқар ұшып шөлге кетті,
Олар адасып кеткен жоқ,
Әркім баратын жерге кетті.» Жыршының жұмбағының шешуі:(Сарыбайдың өлгенін естіртіп отыр)
-
Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін естірткен: (Тазша) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қандай өлең түрімен жырланған: (11 буынды қара өлең түрімен) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады. Ұнамды мінездер,ұнамды кейпкерлер арқылы жоғары бағаланады,»-деген пікірдің иесі: (М.Әуезов) -
«Қодар-Қарабайдың қара шоқпары,қараңғы күші есебіндегі сұмырай серігі,»- деген пікірдің иесі. (М.Әуезов) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының тілі-нағыз халық тілі,»-деген пікірдің авторы: (М.Әуезов) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастаны-қазақ әдебиетінің зор мұрасының бірі,»-деген пікірдің авторы: (М.Әуезов) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын жазған: (Ғ.Мүсірепов) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры мен Ғ.Мүсіреповтың осы аттасы трагедиясының айырмашылығы: (Көп айырмашылығы бар) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы Қарабай : (Баянның әкесі) -
Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды ойнаған әртіс: (Серке Қожамқұлов) -
Қозы мен Баянға арналған ескерткіш тұрғызылған жер: (Аягөз) -
*** «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры (*Көп нұсқалы жыр; *Ғашықтық жыр) -
***«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырындағы Қарабай бейнесі: (*Сараң,дүниеқоңыз;)*Қатыгез,өзімшіл) -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Сарыбайдың өлімін естірткен: (*Тазша) -
***Ай,Таңсық,Айбас,Тайлақ деген кейіпкерлер кездесетін жыр: (* «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»)
«Айман-Шолпан» жыры
«Айман-Шолпан» жырын ең алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайқыисламұлы. Поэманың тууына негіз болған – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғалар. Эпостық элементтермен қатар тарихи поэмаларға тән элементтер де анағұрлым басым.
Маман- Тама елінің байы, Айман, Шолпан-Маманның қыздары, Көтібар-Шекті елінің батыры, қара күштің иесі, Теңге - Көтібардың ерке де долы тоқалы, Есет- Көтібардың ұлы, тарихи тұлға, Арыстан- Көтібардың інісі, Шолпанның сүйген жігіті, Әлібек – Айманның сүйген жігіті.
Жыр негізінде М.Әуезов «Айман-Шолпан» (1934ж.) комедиясын жазды.
Таным дерек
Көтібар Бәсендеұлы (т.ж.б.-1823)-батыр. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібардың жеті баласы болған, үлкені-атақты Есет батыр тарихи тұлға(«Қазақстан» ұлттық энциклопедия, бес том, елу төрт бет)
-
Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан к елетіндігін дәлелдеген жыр: («Айман-Шолпан» жыры) -
«Айман-Шолпан» жырының негізгі тақырыбы : (Ескі мен жаңаның арасындағы күрес) -
Айман мен Шолпанның әкесінің аты : (Маман) -
Маманның шыққан тегі, руы : (Шекті) -
Арыстан, Есет, Әлібек атты кейіпкерлер кездесетін жыр : («Айман - Шолпан») -
Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел , саналы қыз образы : (Айман) -
«Айман-Шолпан» жырындағы Айманның өзге жырлардағы қыздардан айырмашылығы : (Әлеуметтікіске араласуында) -
«Айман-Шолпан» жырындағы Айманның ақылы байқалады : ( Баланы баурап алуынан) -
«...Мен ажалым жетпей өлмеспін, ешкімнің қырсығына көнбеспін»-деген сөз иесі : (Айман) -
Айманның Шолпанды елге қайтаруының себебі : (От жағып, күң болып кетеді деп ойлағандықтан) -
«Айман-Шолпан» жырындағы Айманның есік алдындағы Қызылқұмға жасырған байлығының саны : (500 ат, 80 інген, 40 алтын, 15 күміс табақ) -
«Қараңыз, мына сөздің сарасына,
Көз жетті елді шаппақ расына.
«Шайтан сөз топ ішінде не керек ? » деп ... – деген жолдың жалғасы : (Арыстан түсе берді арасына)
-
«Айман-Шолпан» жырындағы «Шайтан сөз топ ішінде неге керек?» - деп, бітімге шақырған сөздердің иесі : (Арыстан) -
«Айман-Шолпан» жырында Айманның атты сұрап алуына да , Шолпанды еліне қайтаруына да , Есеттің Айманға 60 күнге дейін неке қимауын қалап алуына да себепкер болған адам : ( Арыстан) -
Әлібек бейнесіне тән сипат : (Жау іздеуге , пәле іздеуге құмар емес) -
Маман байдың ауылын кім шабады ? : (Көтібар) -
«Айман-Шолпан» жыры аяқталар тұста Көтібар : (Өкіл әке болады) -
Маман мен Көтібарды бейнелеудегі ерекшелік : (Сарказм мен ирония) -
«Айман-Шолпан» жырындағы қазақ феодалдарының тән сипаттары : (Тоғышар , Топас , ұсақ тіршілік адамдары) -
«Айман-Шолпан» жырындағы Көтібардың баласы: (Есет) -
«Айман-Шолпан» жырындағы кейіпкер : (Теңге-Көтібардың бәйбішесі) -
Берілген үзінді қай жырдан алынған?
«Базарда теңге болсаң, пұл боларсың,
Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың.
Батырдың айтқан сөзі рас болса,
Қолыма су құятын күң боларсың» : («Айман-Шолпан»,Теңгеге айтқан)
-
«Айманның ақ мамықтай білегі бар, майысқан жез қармақтай сүйегі бар,»-деген жолдардағы көркемегіш құрал : (Теңеу) -
«Айман-Шолпан» жыры : ( Лиро-эпостық жыр, Тарихи жыр) -
«Айман-Шолпан» жырындағы тарихи тұлғалар : ( Есет , Көтібар)
«Қыз Жібек» жыры
«Қыз Жібек» жыры 1905-1909, 1911 жылдары Қазан қаласында Құсайыновтар баспасында басылған. Осы нұсқа 1925 жылы Ә.Дибаев редакциясымен Ташкентте жарияланған. «Қыз Жібек» жыры – идеясы, мазмұны, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі үздік туындылардың бірі.
Төлегеннің әкесі Базарбай, сүйген жары Қыз Жібек, туған інісі – Сансызбай, ақын досы – Шеге. Сырлыбай – хан, Жібектің әкесі, Қаршыға – оның ақылшысы, уәзірі, Бекежан – ғашық батыр. Хорен – қалмақ ханы.
Жыр негізінде Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» пьесасын (музыкалық драма) жазды.
Таным дерек.
Бекежан Айбекұлы (1667-1730)- батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі Сұрмерген садақшы. «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі – башқұрт мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ, Байрақ, Тайлақ деген үш ұлы- батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын бастаса, Қайрақ, Байрақ мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайлы екі түрлі дерек бар: бірінде 45 жасында соғысты алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде түркімендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Қабірі – Батыс Қазақстан олбысы, Сырым ауданы, Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында. («Қазақстан» ұлт-қ энци. 2-том,254-бет.)
Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздардың әсем сұлулығы суреттелген жыр.
Әмеңгерлік салт кездесетін жырды табыңыз: («Қыз Жібек» жыры)
Төлегенді Сырлыбай ханның еліне ертіп апарған адам: (Қаршыға)
«Қыз Жібек» жырындағы Қаршыға: (Сырлыбай ханның ақылшысы)
«Қыз Жібек» жырынында жағымды, ақылды, ақындық қасиеттерімен көрінетін кейіпкерлер: (Қаршыға, Шеге)
«Қыз Жібек» жырындағы Сырлыбай ханның ақылшысы, уәзірі әрі от ауызды, орақ тілді шешен ақын: (Қаршыға)
Төлегенді Ақ Жайықтың сұлуларына ынтық еткен адам: (Саудагер шал)
Төлеген бейнесіне сай тіркес: («Падишадан кем емес»)
«Қыз Жібек» жырында:
«Мен бір сұлу табайын,
Патшалардың жалғызы.
Аты- Жібек сұрасаң,
Кереметін көр,»- деп айтқан: (Қаршыға)
Жібекті жолықтыру үшін Төлегенмен Сырлыбай еліне жол тартқан кейіпкер: (Шеге)
Төлеген Ақ Жайыққа қанша жорға алып кеткенін белгілеңіз. (Жиырма бес мың)
«Қыз Жібек» жырында Төлеген Жібекті тапқанша қанша көшке жолықты: (11)
«Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай»: деген үзінді («Қыз Жібек» жырынан)
Ләйлі-Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті...
... тің дидары –
Қоғалы көлдің құрағы,- деген жыр жолдарындағы кімнің сипаты: (Жібектің)
«Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман-тілегіне қарсы топ: (Базаралы тобы)
«Қыз Жібек» жырында ғашықтарға қастандық етуші: (Бекежан)
«Өзім батыр болған соң, кімді аяйын...»-деп Жібекке шімірікпей жауап берген: (Бекежан)
«Аспандап ұшқан алты қаз,
Сіздер тірі, мен өлі,»-деп өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро-эплстық жыр кейіпкері: (Төлеген)
«Ай мүйізді қошқардың
Бөрі тартар қоңынан,»-деген «Қыз Жібек» жырынан алынған жолдардағы көркемдегіш құрал: (Астарлау)
«Төлеген сынды ағаның жұмақтан жазсын тұрағын,»- деген жоқтау сөз айтқан: (Шеге)
Төлегеннің қазасынан кейін Сансызбайға ағалық қамқорлық көрсететін: (Шеге)
Төлеген өлімінен кейін Жағалбайлы еліне Жібек кімдермен бірге жол тартқан: (Сансызбай, Шеге)
Төлегеннің қазасынан кейін Жібек әмеңгерлік салты бойынша кімнің жары аталған: (Сансызбайдың)
Сансызбайды жұбататын, Жібек пен Сансызбайды елге әкелетін, Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті Сансызбайға қосатын кісі: (Шеге ақын)
Сырлыбай еліне келіп, Жібекті қалыңдық ретінде беруін талап ететін қалмақ батыры: (Хорен)
Қыз Жібек ебін тауып алып кеткен қалмақ батыры Хореннің тұлпары қалай аталады: (Сандалкөк)
«Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.» -деген суреттеудегі көркемдегіш құрал: (Теңеу)
Ғ.Мүсірепов пьесасы: («Қыз Жібек» ж.)
Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібегі»: (Музыкалық дарама)
Айтыс
-
«Айтыс – сөз барымтасы,»-деп баға берген зерттеуші : (М. Әуезов) -
Ақындар айтысының ерекшелігі – онда «халық театрының анық,дәл ұрығы бар,»-деген пікірдің иесі: (М. Әуезов) -
Ақындар айтысы- өнер жарысы, сөз сайысы,-деп кім айтты: (М. Әуезов) -
Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрі: (Айтыс) -
Айтысқа түскен ақынның бірден бастырмалап, қарсыласып апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебі : (Қарсыласын жеңіп кетудің амалы) -
Айтыс ақынға тән негізгі қасиеттер тізбегі :(Суырыпсалмалық, тапқырлық) -
Айтыскер ақын бойынан табылуға міндетті емес қасиеттер тізбегі: (Сазгерлік, жазба ақындық өнер) -
Адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде туындаған айтыс түрі: (Бәдік айтыс) -
Айтыстың ең көне түрі: (Бәдік) -
Салт айтысы бөлінеді:(2- ге; қыз бен жігіт айтысы;ақындар айтысы) -
Ақындар айтысының даярлығы болып табылатын салт айтысы :(Қыз бен жігіт айтысы) -
Қыз бен жігіт айтысының мазмұндық- тақырыптық ерекшелігі : (Елдің тұрмыс- салтының басқ жақтарын қамтуында) -
«Біржан мен Сара» айтысының негізінде композитор М.Төлебаев «Біржан – Сара » операсын жазды -
«Біржан-Сара айтысы» түр жағынан да, мазмұны жағынан да өзге айтыстардан оқшау тұрған әлеуметтік және көркемдік маңызы бар айтыс деген : ( С.Мұханов) -
Сара Тастанбекқызы (1853-1907)қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында тһдүниеге келген.Көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.1895 ж. Біржан салмен, 18.. ж.Әсет Найманбайұлымен , 1890ж. Төребай Есқожаұлымен айтысқан. -
Сара Тастанбекқызының туған жері : (Алматы облысы, Ақсу ауданы) -
Құрылысы мен түрі жағынан салт айтысының ең биігі болып табылатын айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы) -
Қыз бен жігіт әрі ақындар айтысына жататын айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы) -
Әйел теңдіді мәселесін көтерген айтыс: («Біржан –Сара») -
«Біржан –Сара» айтысының негізгі түйіні: (Әйелдің бас бостандығы) -
«Біржан – Сара» айтысы : (Ақындар айтысы) -
«Біржан -Сара» айтысындағы Сараның әкесінің аты: (Тастанбек) -
«Біржан-Сара» айтысында Сараға теңдік, бостандық әперуге ықпал жасаған: (Біржан) -
Қызы едім Тастанбектің, атым- Сара,