Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 919
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күндердің күні болғанда
Жімле ғаламға күлкі етер» - деп көтерген мәселесі: (Достық, жолдастық жайлы)
*«Жел астына қарасам,
Қоға менен тал өсер
Ораздының ұлы өсер»
«Кенелемін деген жігіттің
Сүбеде алтау-жетеу ағайыны тез өсер»
«Сүйейін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тең өсер» - деген үзінділер алынған: ( «Жел, жел есер, жел есер» шығармасынан)
*«Толарсақтан саз келсе
Қажымай оған жүретін.
Қабырғадан қан келсе
Қажымай оған күлетін » Осы үзіндіде айтылады: (Батырлық жайында)
*«Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Қоңқалаған көп жаман
Сол жақсыны көре алмас» - деген шумақ: ( «Шалкиіздікі»)
*«Дулығаның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді» - деп батырлықты жоғары бағалаған жырау: (Шалкиіз)
*Шалкиіз шығармашылығына жатпайтын қатар: («Еңсегей бойлы Ер Есім», Жиембетттікі)
Доспамбет жырау (ХVІ ғ.)
-
Доспамбет жыраудың туған жері: (Азау) -
Доспамбет жырау өмір сүрген ғасыр: (XV-XVI ғ.ғ.) -
Доспамбеттің жерленген жері: (Астрахань) -
Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші: (М.Мағауин) -
Доспамбет өз толғауларында өзін қалай таныстырып отыратындығы: (Ер Доспамбет) -
Доспамбеттің өміріне қатысты сипат: (Мамай бидің тұсында қол бастаған жырау) -
«Айналайын, Ақ Жайық» деген өлеңінде туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын жырға қосқан жырау: (Доспамбет) -
«Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?» - деп жырлаған жырау: (Доспамбет) -
Азау, Азау дегенің
Әл-Ғұсман – патша жұрты екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Дін ісләмнің кірті екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Азаудың бір бұрышындай жарты екен! – деген үзінді қай жыраудың өлеңінен алынған: (Доспамбет)
-
«...Аймадетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан.
Зырлап аққан қара нан,
Тыйылмайтын жанның уақ тамырынан...» - деген үзінді: (Доспамбеттікі)
-
«Арғымаққа оқ тиді,
Қыл майқанның ...,
Аймадетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан», - өлеңнің тармағының жалғасы: (түбінен)
-
«Қарағайлы кәдік бойында,
Қамшым қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы – алтын, сабағы – жез...» - депқамшыны сипаттағанжырау: (Доспамбет жырау)
-
«Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудыңөзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген», - деген жолдардың авторы: (Доспамбет)
-
«Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес...» Осы үзіндінің авторы: (Доспамбет)
-
«Екі арыстан жау шапса,
Оң қылқандай шаншылса,
Бетегелі Сарыарқаның бойында,
Соғысып өлген өкінбес!» - деген шумақ кімнің өлеңінен алынған? (Доспамбет жырау)
-
«Бетегелі Сарыарқаның бойында,
Соғысып өлген өкінбес!» - деп, туған жеріне деген сүйіспеншілігін жырға қосқан жырау: (Доспамбет)
-
«Алаштан байтақ озбаса», «Күн қайда толғауларының авторы кім? (Доспамбет) -
«Доспамбет жыраудың өлеңі: («Айналайын, Ақ Жайық») -
Доспамбет жыраудың толғауы: («Күн қайда?») -
«Айналайын, Ақ Жайық» өлеңінің авторы: (Доспамбет) -
«Айналайын, Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкейе кірер күн қайда?
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?» - деген шумақтың авторы: (Доспамбет)
-
Зерттеушілердің пікірінше, Доспамбет жырау «Айнала бұлақ басы тең» толғауын шығарған мезгілі: (Өмірінен қоштасар сәтте) -
«Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менің несібем!
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,
Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді!» - деген шумақ қай жыраудың шығармасынан алынған? (Доспамбет)
-
Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасы: («Қоғалы көлдер, қом сулар») -
«Еділдің бойынан ен жайлап, шалғынға бие біз байлап...» деп, еліне тыныштық, бейбіт күн іздеген жырау: (Доспамбет) -
«Озушылар, озбаңыз,
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай екі ұл,
Алдыңызға жыр құнақтай,
Жылай шықса не айтарсыз?» Қай жыраудың өлең жолдарынан алынған? (Доспамбет жыраудың соңғы сөзі)
-
*** Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жыраулар: (Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді) -
*** Доспамбеттің толғаулары: («Айналайын, Ақ Жайық», «Айнала басы бұлақ тең», «Қоғалы көлдер, қом сулар») -
*** Доспамбет жырау толғауынан алынған үзіндідегі көркемдік тәсіл(дер):
«Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен...» (Аллитерация, Қайталау)
Жиембет жырау Бортағашұлы (ХVІІ ғ.)
-
XVII ғасырда Есім ханның тұсында өмір сүрген әрі әскер басы, әрі ақын болған жырау: (Жиембет) -
Есім ханның жанында ұзақ уақыт кеңесші, жырау, ықпалды бидің бірі болған жырау: (Жиембет) -
Жиембет жырау Бортоғашұлының атқарған қызметі: (Қолбасшы, әскербасы) -
Жиембет жырау кім болған? (Әскербасы әрі әйгілі ақын) -
Жиембет жыраудың қыс жайлауы қай жерде? (Жем – Сағыз бойында) -
«Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай мен қайындай», - деп өзі жайлы жырлаған ХVІІ ғасыр жырауы әрі әскербасы: (Жиембет)
-
Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүрген? (Есім ханның) Есім ханның есімі Жиембет жыраудың шығармаларында көп кездеседі. -
Қай ханның тұсында Жиембет айдауға жіберілген? (Есім ханның) -
Ханға қарсы тұрғаны үшін елінен айдалған ХVІІ ғасыр жырауы: (Жиембет) -
Жиембет жырау:
«Хан ие, ісің жол емес,
Жолбарыстай Жиембет,
Құрбандыққа қол емес», - деген жолдарды айтқан өлеңі: («Әмірің қатты Есім хан»)
-
«Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есімі сені есірткен
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін», - деген жолдардың авторы: (Жиембет)
-
«Білік салып бұйырдың,
Қанын ішіп қаңбаққа,
Жанын отқа салмаққа...
Хан ие, ісің жол емес», - деп Жиембет жырау айтқан: (Есім ханға)
-
«Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», - деп Жиембет әшкереледі: (Есім ханды)
-
«Бас кессе де басылмай,
Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік», - деген жолдарды хан, әкімдерге бас имеген Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге)
-
«Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман!» - деген жолдарды Жиембет кімге арнаған? (Есім ханға)
-
«Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін», - деген өлең шумағындағы ақын ойы: (Опасыз хан қылығына қарсы үн қату)
«Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін», - деген жолдарды Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге)
-
Жиембет жырау:
«Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,
Кешегі өзің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай ...» - деген өлең шумағын айтқан: (Есім ханға)
Ақтамберді жырау Сарықлы (1675-1768)
-
1675-1768 жылдары өмір сүрген, әйгілі Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау: (Ақтамберді жырау) -
Ақтамберді жырау қай батырдың ерлігін жырға қосқан: (Бөгенбай) -
Ақтамберді жырау қай соғыста өзінің ерлігімен, жалынды жырымен көзге түскен: (Ойраттармен соғыста) -
«Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының авторы: (Ақтамберді) -
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз?! – деген жолдардың авторы: (Ақтамберді)
-
Ақтамбердінің «От басар орны отаудай» өлеңі: (Жылқы малының қадір-қасиеті туралы) -
«Әділ туған жақсыға,
Екі даугер жүгінер.
Тізесін қисық бұрмаса,
Әділдігі білінер», - деген жолдар қай жыраудың шығармасынан алынған: (Ақтамберді)
-
«Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен», - деп басталатын Ақтамберді жыраудың өлеңінде не туралы баяндайтын: (Батырлық қасиеттерін, қайсар мінезін)
-
«Балаларыма өсиет» өлеңінің авторы: (Ақтамберді жырау) -
Ақтамберді жыраудың кейінгі ұрпақты бірлікке, татулыққа шақырған өлеңі: («Балаларыма өсиет») -
«Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет», - деген толғаудың авторы: (Ақтамберді)
-
«Ел шетіне жау келсе,
Алдына, сірә, дау келсе.
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса!» - деп, Ақтамберді жырау көтерген мәселе: (Ерлік, батырлық жайлы)
-
«Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап...» - деп жырлаған жырау: (Ақтамберді)
-
«Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап...» - деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынған? (Ақтамберді)
-
«Ел-жұртты қорғалап,
Өлімге жүрміз бас байлап», - деп өз толғауларында ерлік, батырлықты жырлаған Ақтамберді жырау қай батырға жыр арнаған? (Бөгенбай батырға)
-
«Ағайын көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең.
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең», - деп Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқан? (Елдік, бірлік)
Бұқар жырау
-
Бұқар жырау Қалқаманұлы, туған жері – Павлодар облысы Баянауыл ауданы -
Бұқар жырау Қалқаманұлының сүйегі Баянауылда Далба тауында -
Бұқар жырау Қалқаманұлының өлеңдерін қағаз бетіне түсірген ЖМәшһүр Жүсіп Көпейұлы -
Бұқар жырау Қалқаманұлының Абылай туралы екі өлеңін орыс тіліне Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген. -
Бұқар жырау Қалқаманұлының біраз өлеңдерін Потанин жинасған. -
Бұқар жырау Қалқаманұлы толғаулары: «Тілек», «Айналасын жер тұтқан», «Биік тауға жарасар», «Керей, Қайда барасың?», «Бұқарекең, біз келдік», «Жал-құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Атам болған жиырма бес», «Жиырма деген жасыңыз», «Ей, Абылай, Абылай», «Ал тілімді алмасаң», «Қазақтың ханы Абылай», «Батырың өтті, Бөгенбай», т.б. -
Бұқар жырау 1668-1781 жылдар -
Бұқар жырау Тәуке, Абылайханға кеңесші болған. -
Бұқар жырау «Сен он бір жасыңда» деген өлеңі Абылай туралы. -
Бұқар жырау толғауларында жас Абылай қызмет еткен төре – Әбілмәмбет -
Бұқар жырау хан Абылайға «Абылайшам, Абылайша» деп сөйлеген. -
Бұқар жырау Абылайдың қалмақ батыры Қалдан серені жеңгені туралы жырлаған. -
Бұқар жырауға 1-10 санның мағынасын ашып берген шешен – Қазыбек би. -
Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысы – ел бірлігі. -
Бұқар жыраудың батырлық, ерлік туралы шығармасы – «Батырың өтті, Бөгенбай» -
Бұқар жырау жоңғар қалмақтарымен күресте ерлік көрсеткен қай батырды жырға қосқан? – Бөгенбай. -
Бұқар жырау жырға қосқан батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек. -
Бұқар жыраудың жастық пен кәрілікті қарама-қарсы қойып суреттеген толғауы – «Жиырма деген жасыңыз» -
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін.
Жат бойынан түңілсін.
Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз. - Бұқар жыраудың өлең жолындағы тақырыбы – ел бірлігі.
-
Өлмегенде не өлмейді,
Жақсының аты өлмейді.
Әкімнің хаты өлмейді, - деген шешендік сөздің авторы - Бұқар жырау
-
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады,
Шаршы топта сөз бастау қиын - деген шумақтың иесі - Бұқар жырау
-
Бұқар жыраудың ел бірлігі тақырыбына арналған толғауы: «Керей, қайда барасың?», «Садыр, қайда барасың?» -
Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбы: елбірлігі, Абылай бейнесін сомдау. -
Өз тұсында «Орыспен соғыспа» деп үн қататын жырау - Бұқар жырау. -
«Өкпеңменен қабынба,