Файл: Мазмны Кіріспе 3 1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3 тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға – 10 млн. тоннаға дейін мұнай тасталынады. Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет.
Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өңдеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады.
Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі топқа бөлінеді – өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына.
Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процестерінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен әңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақ та өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын, өнімдер кіреді. Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады.
Өнеркәсіп қалдықтары

Газ тәрізді
Сұйық
қатты
Шығарын-ды газдар
Шаң
Жанғаннан қалған қалдық


Түтіндер



Сусыз ерітінділер мен шламдар
Сулы ерітінділер мен шламдар



2-сурет. Қалдықтарды агрегатты күйіне байланысты топтастыру.

Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста тасталынады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді.
Пайдаға асыралындарға – өңдейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады.
Тап осы кезеңде өңдеу жүргізілетін технологияның болмағанына және алынған өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырмайтындарға жатқызады.

Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық жолмен өңдегенде жанама немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге мемлекеттік стаедарт белгіленеді және баға қойылады.
Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.
Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты өндірістік қалдықтарға қоқыстар, кектер, руданы байытқанда шыққан қалдықтар және т.б. жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, макалатура, тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді жатқызуға болады. бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданылады. Ал жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі.
Қалдықтарды жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған орларға – полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпаңдарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған экологиялық проблеманың бірі болып табылады.


Зиянды және қауіпті қалдықтардың сипаттамасы
өрттік-жарылғыштық қауіптілік
Улылық
Химиялық активтілігі


Биологиялық активтілігі
Коррозиялық активтілігі


Зиянды және қауіпті қалдықтардың негізгі сипаттамалары.
Улы қалдықтарды көму уақытша амалсыз қолданылатын шара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады. Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму арқылы олардың көлемін азайтуға болады.
Улы қалдықтардың әр уақытта қауіптілік класын негізге ала отырып, оларды көму, сақтау, жинау, тасымалдау туралы шешім қабылданады /13/.
Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері бар, қауіпті қасиеттер (улылық, өртенетін және жарылатын қауіптілігі бар, жоғары радиоактивті) тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.


Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері олардың сапалық және сандық құрамына байланысты. Қалдықтардың химиялық құрамы әркелкі, себебі олар әр түрлі физикалық-химиялық қасиеттері баркүрделі поликомпонентті заттектердің қоспасынан тұрады. Осы қалдықтардың биосфераға тигізетін зияндылығы мен қауіптілігін сипаттайтын кейбір негізгі көрсеткіштер 3-суретте келтірілген.
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға шамамен 600-дей заттар мен қосылыстыр жатады. Олардың құрамына кіретіндер:

пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары;


радиоактивті қалдықтар; сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер;


мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар металлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының қалдықтары;


Біздің республикамыздың Қылмыстық Кодексі экологияға қарсы қылмыстардың белгілі бір шеңберін белгілеген. Атап айтқанда, суды, жер мен атмосфераны ластау (281,282-баптар), теңізді адам денсаулығына немесе теңіз жәндіктеріне зиянды заттармен ластау (283-бап), жер қойнауын пайдалану ережелерін бұзу (286-бап), заңсыз аңшылық (288-бап) және т.б.

Ауаның, өндірістің немесе ғылыми эксперименттердің зиянды қалдықтары мен ластануы экологияға қарсы зиянды салдарлардың нақты көрінбеуі арқылы пайда болады. Ол бұл салалардағы нормативтік актілердің бұзылу сәтінен бастап қоғамға теріс құбылыс деп танылады.

Адамдардың денсаулығына немесе басқа да теңіздің заңды ресурстары үшін зиянды заттармен теңіздің ластануының объективті жағы (ҚК, 283-бап) мынада: Қазақстан Республикасының ішкі теңіз және аумақтық суының ластануы бұл суға адамдардың денсаулығына немесе теңіздің жанды ресурстарына зиянды қоқыстардың, қалдықтардың, белгіленген нормадан жоғары зиянды заттары бар қойыртпақтардың заңсыз тасталуының салдары; аталған заттардың немесе қойыртпақтардың салдарынан болатын шығындардың алдын алатын шараларды қабылдамау; біздің республикамыз қатысатын халықаралық келісімді бұза отырып, кеме және т.б. жүзу құралдарының ашық теңіз суын ластауы.

Күні бүгін құрылыс материалдарын жасау өндірістерінде бастапқы шикізат құрамына түрлі көмірсутекті органикалық және органикалық-минералды отындарды қосқанда алынатын өнімнің экономикалық тұрғыдан тиімді болатындығын байқауға болады. Мысалы, өзіндік құнының үлесіне кіретін отынның шығыны керамзит үшін – 39,6 % болса, ал аглопорит үшін бар болғаны – 8,8 %-ды құрайды. Осы уақытқа дейін керамзит өндірісінде өндірістік көрсеткіштерді жоғарылату үшін және керамзиттің сапасын арттыру мақсатында, көмірсутекті органикалық қоспалар (мұнай, мазут, керосин, жағар май, пиролизді смола, сульфидті-спиртті барда) және органикалық-минералды қоспалар (антрацит, гумбрин, ағаш ұнтағы, торф, лигнин, хлорлигнин, қара топырақ) қолданып келген [1,2].


Сондықтан аглопорит өндірісінде мұнай шламы мен күлді шикізат ретінде қолдану қоршаған табиғи ортаның қалдықтармен ластану мөлшерін азайтып, өндіріс қалдықтарынан жасалынатын аглопориттің сапасын жоғарылатуымен бірге, қалдықтарды өңдеу тиімділігін арттырады.

Аглопорит өндірісінде мұнай шламын отын ретінде қолдану қоршаған табиғи ортаның мұнай өңдеу қалдықтарымен ластану мөлшерін азайтып, өндіріс қалдықтарынан жасалынатын аглопориттің сапасын жоғарылатуымен бірге, қалдықтарды өңдеу тиімділігін арттырады. Тау-кен өндірісінде минералды шикізаттарды өндіруге және одан пайдалы компоненттер алуға жұмсалынатын жалпы шығындардың 49-51%-ы сол шикізаттарды майдалауға және ұнтақтауға жұмсалынады. Ал күл-шлак қалдықтары майдаланған және ұнтақталған күйде арнайы күлсақтағыш қоймасында сақталынуда. Егер бұл күл-шлак қалдықтарының елімізде тапшы болып табылатын жеңіл бетон толтырғышы – аглопорит жасауға жарамды шикізат екендігін ескерсек, оны пайдалану қоршаған ортаны үлкен мөлшердегі ластау көзінен арылтумен бірге, үлкен экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ел президенті тұрғын үй мәселесі жөніндегі жолдауында өзекті міндеттердің бірі – тұрғын үй мәселесін жеделдете отырып шешу деп атап көрсеткен болатын. Осы жылғы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталатындығын, онда өндірістің құрылыс саласын дамыту экономикамызды сүйреуші қуатты күш екендігіне басты назар аударған.

Құрылысты индустрияландыру және тұрғын үй пәтерлерінің өзіндік құнының бағасын арзандату – тұрғын үй мәселесін шешуге ықпалы зор деп есептеуге негіз бар. Тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендету үшін, құрылыс материалдарын жасауға кететін шығынды азайту қажеттілігі туындайды. Ал, бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы - ол жер бетінде жиналып тұруымен қатар, пайдалануға ыңғайлы – майдаланған түрде болатын, құны аса арзан өндіріс қалдықтарын шикізат көзі ретінде пайдалану болып табылады. Мұндай бағыт индустриалды құрылысты дамытып, құрылыс пен тұрғын үй салу жұмыстарын жылдамдатады. Себебі өндіріс қалдықтарынан жасалынатын құрылыс материалдарының өзіндік құнының азаюына байланысты, олардан салынатын тұрғын үйлердің де өзіндік құны арзандайды.

Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысы қуысты толтырғыштарды қолдану арқылы жасалынған жеңіл бетондарды пайдаланады. Өзіндік қасиеттеріне байланысты қуысты толтырғыштарды пайдаланудың төмендегідей ерекшеліктері бар:





  • конструкциялық монтаж бен транспортқа кететін шығынды азайтады;


  • бетон конструкциясының жылу сақтағыш қабылетін арттырады;


  • тұрғын үй салуға кететін уақыт мерзімін азайтады.


Қазақстанда жеңіл бетон жасауға қажетті қуысты толтырғыштар негізінен жақын маңда орналасқан шетелдерден тасымалданады. Құрылыс материалдарын алыстан тасымалдау тұрғын үй салуға қажетті қаржылай шығынды арттырады. Ал, бүгінгі күні Қазақстанның өзінде аракідік шығарылып жатқан жасанды қуысты толтырғыштардың басым бөлігі керамзит шағалын алуға бағытталған. Оның басты кемшілігінің бірі – айналмалы пеште жоғары температурада ісінетін қасиеті бар топырақты шихтаға қосу арқылы күйдіру барысында, табиғи шикізат пен отынның көп жұмсалатындығы.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында тау-кен байыту және металлургиялық қатты қалдықтардың мөлшері 5,5 млрд. тоннаға дейін жеткен. Сол кездердегі ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша, тау-кен байыту және энергетикалық өндірістері қалдықтарынан байланыстырғыш материал - цемент алуға және жеңіл бетон толтырғышы – аглопорит алуға болатындығы анықталған. Әдебиеттік шолу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, осы уақытқа дейін күлді шикізат ретінде және отын ретінде органикалық қоспа – мұнай шламын қосу арқылы аса жеңіл қуысты толтырғыш – аглопорит алу жұмыстарының жүргізілмегендігі анықталды. Зерттеу жұмысында / / тұрғын үй құрылысын қарқынды дамытуға және қоршаған ортаны күл мен мұнай қалдықтарынан тазартуға бағытталған құрылыс материалын алудың агломерациялық технологиясын жасау көзделген. Ол өзінің өміршеңдігімен, агломерациялық технологиямен қалдықтардың барлық түрін күйдірудің тиімділігімен және шихтаға мұнай шламын қосу арқылы сапасы жоғары аса жеңіл қуысты толтырғыш алумен ерекшеленеді. Аглопорит өндірісінің технологиясы қара металлургия шикізаттарын агломерациялық машинада минералды шикізатты пісіру негізінде жасалынған. Агломерациялық әдіспен күл және шлакты пісіру бойынша зерттеулерді алғаш рет 1937-38 жылдары С.Д. Топорков жүргізген болатын. Ол күл қоспасын пісіре отырып, агломерация үрдісінің нәтижесінде жеңіл бетондарды алуға жарамды қуысты материал түзетіндігін анықтады. Аглопорит жасауда тек күл қалдығы ғана емес, оның құрамына отын ретінде көп мөлшерде мұнай өңдеу зауыттарынан түзілетін мұнай шламдарын пайдалануға болады. Шламның негізгі мөлшері флотаторларда (25-45 %) және мұнай ұстағыштарда (25-30 %) түзіледі. Шлам құрамында орташа алғанда (салмақ бойынша) 56-75 % мұнай өнімдері, 30-85 % су, 1,3-46 % қатты қоспалары бар ауыр мұнай қалдықтары кездеседі және олардың шығымы, өңделетін мұнайдың бір тоннасына есептегенде, шамамен 0,007 г-ды құрайды.Шет елдерде (АҚШ, Англия, Германия, Канада, Франция және т.б.) аглопорит шығаратын өнеркәсіптерде, шикізат ретінде ЖЭС күлін, көмір байыту және сазды топырақтарды қолданады.