ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
сипаттайтын коэффициент; П —қоршаған ортаға циклдың әсерін сиаттайтын коэффициент.
2.2 Ағаш қиқымдарынан жасалған плиталарға сипаттама
Қазіргі кезде ағаш қиқымынан жасалған плита (АҚЖП) – құрылыс үшін ең көп қолданылатын материал. АҚЖП –ның ең басты қасиеті – құнының төмендігі және өңдеудің қарапайыпдылығы болып табылады. АҚЖП ірі ағаш қиқымдарына байланысшы зат ретінде термореактивті синтетикалық шайырды қосып престеу арқылы жасалады. АҚЖП үшін кез келген жапырақты немесе қылқанды ағаш толығымен шикізат болып табылады. Құрамында гидрофобизациялайтын және антисептикалық қосылыстардың болуы материалдың төзімділігін арттырады және ұзақ сақталуына жақсы әсер етеді. Бірінші кезеңде шикізатты қайта өңдеу жүзеге асырылады. Тұтас ағаштың орнына жаңқаларды, ағаш ұнтағын және ағаш қалдықтарын қолдану қажет. Көп жағдайда АҚЖП жасауда шикізаттардың барлық түрлері бірге немесе аралас қолданылады. Алынған қиқымды сұрыптап, тазалап содан соң кептіреді. Бұдан кейін шайыр қосылған қиқымнан «кілем» жасалынып, оны престеген соң плита алынады. Алынған плита жиектеліп, қалыпты пішінге дейін өңделіп, әртүрлі материалдармен қапталуы мүмкін. АҚЖП сапасы оның бетін өңдеу дәрежесіне байланысты болады. Бірінші сортты плиталардың қалыңдығы 10-26 мм, шеттері тегіс, беттері шлифтелген және ешқандай дақ, сызықтар болмауы тиіс. Мұндай плиталардан мебель жасалады. Бұлар міндетті түрде құрамында формальдегидтің бар-жоқтығына тексеріледі. Формальдегид қауіпсіз мөлшерде болғанда ғана мұндай АҚЖП экологиялық таза деп саналады. Формальдегид деңгейін «камералық» тәсілмен анықтайды. Ол үшін АҚЖП үлгісін арнайы камераға орналастырып, камера ішіндегі ауаның құрамындағы зиянды заттар мөлшерін анықтайды. Бұл тәсіл өте тиімді деп есептеледі. Қазігі технология құрамындағы формальдегид деңгейі шекті рұқсат етілетін мөлшерден де аз АҚЖП жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл материалды денсаулыққа зиянсыз деп есептеу керек. АҚЖП-ның қасиеттерінің бірі – оның төзімділігі. Плиталар өте тығыз болғанына қарамастан жеңіл өңделеді. АҚЖП-дан мебель жасау үшін оны ламинатпен, меламинмен, шпонмен қаптайды, лак жағылады. АҚЖП-ның түсін әртүрлі етіп жасауға болады. Бұл дүниежүзілік қауіпсіздік стандартының талабына сай аса сапалы материал.
Ағаштан жасалған плиталар Қытай империясы кезеңінен басталады. Біздің эрамызға дейінгі II –дың аяғында қытайлықтар ұсақталған ағаш қиқымдарын сумен араластырып, ағаш торларда кептіріп қағаз өндірген. Содан соң екі мыңдай жыл өткенге дейін ешкім де ағаш плиталарын дайындаумен айналыспаған, тек қана 1858жылы американдық Лайман ағаш талшықты плиталар (АТП) жасаудан алғаш патент алды. 1864 жылы Мюнх қағаздың шын мәнінде өте АТП екендігін анықтап, біріктіргішсіз плита жасайтын зор қондырғы құрастырды. Өнімнің беріктігін арттыру үшін жоғары температурада престеп, дөңгелектер арасынан өткізді. Егер сол кезде ағаш қиқымдарына желім қосуды білген болса, онда ол бірден АҚЖП алуды жүзеге асырған болар еді. АТП мен АҚЖП-ның басты айырмашылығы – АТП беріктігі талшықтардың механикалық өрілуі мен көрші талшықтардағы кейбір химиялық топтардың өзара әрекеттесуіне байланысты болса, АҚЖП – бұл кәдімгі желімделген және престелген қиқымдар болып табылады. Ең соңында, американ ғалымы Мейсон 1924 жылы АТП жасаудың «ылғал» тәсілін ойлап тапты. Алғаш рет біріктіргішті қосуды ойлап тапқан Э. Хаббард (1887ж). Ол плитаны ағаш ұнтағына казейн желімін қосып жасауды ұсынды. Неміс Бекман 1918 жылы плитаны шпондармен жабдықтай бастады. Оның отандасы Фройденберг бірінші рет біріктіргіштің мөлшерін есептеп шығарды (3-10 пайыз), содан жеті жыл өткен соң американ Энтони біріктіргіш есебінде фенолды немесе карбамидті шайырды қолдануды ұсынды.1935 жылы Францияда эмиграцияда жүрген орыс ғалымы А. Самсонов бір-біріне көлденең қойылған шпондар арқылы бағытталған бөлшектерден тұратын плита жасап шығарды. Осы жылы Айова штатында фенолды біріктіргіш қолданған плитаны жасайтын Э. Летчердің тәжірибелік заводы іске қосылды. 1941 жылы Германияда АҚЖП жасайтын ең алғашқы завод іске қосылды. 1941 жылдың шілдесінде Бремен қаласында 'Torfitwerke G.A.Haseke' фирмасы біріктіргіш ретінде феноды шайыр пайдаланып шыршы ағашының қалдығынан күніне 10 плита шығара бастады. Соңырақ, 1948 жылы бұрынғы вермахт офицері О. Крейбаум АҚЖП жасаудың экструзионды тәсілін ойлап тапты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚЖП өндірісі ерекше қарқынмен дамыды. Дүние жүзінде әртүрлі ағаш шикізаттарын пайдаланатын мыңдаған АҚЖП жасау заводтары іске қосылды. Біріктіргіш материал ретінде фенолформальдегидті, карбамидоформальдегидті, және карбамидомеламин-формальдегидті шайырлар қолданылды. Цемент немесе гипсті қолданып та плиталар шығарыла басталды. Советтер одағында АҚЖП жасаудың ғылыми-зерттеу жұмыстары 1952 жылы басталды. Алғашқы АҚЖП жасау заводы 1955 жылы іске қосылды. Көп ұзамай жаппай үй тұрғызу дәуірі басталды да АҚЖП барлық жерге дерлік қолданыла бастады. Қолданылу аясы: шатырды қаптау, ішкі және сыртқы қабырғаларды қаптау; қабырға панелдерін жасау (АҚЖП+көбікті толтырғыш+АҚЖП); еден дайындау, кілем және линелеум төсеніштерінің астына қолдану; алынбалы қалыптық конструкция жасау; ұзын балкалар жасау; мебельдер, стелаждар, полкалар, бумалар жасау; уақытша қоршаулар және
алынбалы конструкциялар жасау; декоративтік мақсатқа қолдану. АҚЖП-дан жасалған мебельдің экономикалық тиімділігі . АҚЖП-дан жасалған типті каркассыз мебель өте арзан. Плитадан жасалған сөрелер, стеллаждар немесе витриналар алюминий профиліне қарағанда екі есе арзан. Сапалы ағаш қиқымынан жасалған плита ондаған жылдарға шыдайды.Өндіріс технологиясы.Өндіріс технологиясы жоғары сапалы плита алу үшін ең төменгі сортты қалдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді. Төменгі сортты қалдықтардың шикізаттағы үлесі 80-90 пайызға дейін жетуі мүмкін. Россияда осы кезге дейін қажетсіз қоқыс болып есептелген шикізаттардан европалық сапа деңгейіндегі плиталар жасалуда. Престеудің ыстық және салқын түрлері бар. Ыстық престеу кезінде карбамидті желімдер қолданылады (шығын: 100-120 г/м2, температура: 100-140°С, қысым: 5-10 кг/см2, контакт: 40-120 с).Салқын престеу кезінде контакт желімдерін және ПВА-дисперсия негізіндегі желімдер қолданылады (шығын: 80-90 г/м2, қысым: 3-5 кг/см2, контакт: 20-30 мин). Салқын престеу температуралық фактордың әсерін болдырмаған күнде де төмен өнімділігіне және үлкен ауданды пайдалануға байланысты аз қолданылады. ПВА желімін қолдана отырып аздаған мөлшерде (60-700С ) қыздыру әдісі кең тараған. Соңғы қалыптау процесі тепературалық режимді, беру жылдамдығын және иілу радиусын дұрыс сақтай отырып арнайы станокта жүргізіледі. АҚЖП-дан жасалған мебелдің беріктігі қолданылған плиталарда қиқымдар қаншалықты тығыз престелгеніне тәуелді. Материалдың тығыздығы төмен болса мұндай плитадан жасалған конструкцияның жүк көтергіштігі де азаяды, сөрелер мен қабырғаларда шытынау пайда болады. Материал тығыздығын көзбен анықтайды, сонымен қатар қосымша сапа көрсеткішіне оның жасалған жерін де алуға болады. Россия ғалымы А. Слабов аса сапалы АҚЖП тек қана шет елдерде ғана жасалуда, бізде олармен бәсекелесетін бірде-бір өндіруші жоқ деп есептейді. Шет елдік плиталардың бір ғана кемшілігі – олардың бағасының өзімізде шығарылатын плиталарға қарағанда қымбаттылығы. О. Соколинаның пікірінше отандық АҚЖП өндірушілердің өніміінің сапасы төмен, алайда соңғы кезде Россияда да сапалы өнім шығаратын компаниялар пайда бола бастады. Престелген қиқымның үсті қағазбен, меламинмен немесе пластикпен жабылуының маңызы зор. Қағаз желімделген плита меламинмен немесе пластикпен жабылған плитаға қарағанда тауарлық түрін тезірек жоғалтады. А. Слабов - «Қағазға бір стақан су құйсаң сөренің жарамсыз болуына толық жеткілікті, ал пластиктік қапталуға су өтпейді » деп есептейді. Сондықтан да плита бетінің сұйықтықпен жанасу ықтималдылығы жоғары немесе бет үйкеліске ұшырайтын жерде дұрысы пластик қолданған тиімді.
2.3 Ағаш қалдықтарына былғары қалдықтарын қосу арқылы құрылыс заттарын қалдықсыз өндірудің экологиялық сипаты
Былғары-аяқкиім өнеркәсібінде технологиялық үрдіске, шикізат массасына, былғары түріне байланысты қалдықтар 30 % бен 50 % аралығында болады. Қалдықтардың 50% қайта өңдеуге, ал қалғаны қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонына жіберіледі. Қалдықтарды бұл жерге көму кезінде биохимиялық реакция жүріп, көміртегі газы, аммиак, күкіртті сутек, т.б. заттар бөлінеді. Бұл заттар зиянды болғандықтан оларды өңдеудің жаңа технологиясын немесе пайдаланудың жаңаша жолдарын қарастыру қажеттігі туады.
Жаңадан жасалған технологиялық үрдістің экологиялық тиімділігінің басты көрсеткіші – оның қоршаған ортаға кері әсерін төмендету немесе толық болдырмау болып табылады.
Былғары – аяқкиім өнеркәсібінің қалдықтарын өңдеу технологиясын жасау үшін бұл технологияның технико-экологиялық және эколого-экономикалық талдауын жасау және қалдықсыздық деңгейін бағалау керек.
Негізгі көрсеткіш ретінде қалдықсыздық деңгейі- табиғи – шикізаттық ресурстарды тиімді пайдалануды, өндірілетін өнім көлемін, зияндылық дәрежесін ескере отырып зиянды заттар көлемін және қоршаған ортада орналасқан жылу және материалдық қалдықтарды ескеретін интегралдық көрсеткішті аламыз.
Жалпы жағдайда технологиялық үрдістің қалдықсыздық интегралдық көрсеткіші мына формула түрінде беріледі:
, (1)
мұнда Кm – технологиялық процестің жылуэнергетикалық, материалды-шикізаттық ресурстарын толық пайдаланылуының коэффициенті, Ке – технологиялық процестің экологиялылығының коэффициенті.
Зерттеу жұмысын жүргізу үшін ағаш қиқымдары мен былғары қалдықтарының әр түрлі массалық қатынастарында бірнеше плиталар үлгілері дайындалды (кест-1).
Плиталарды дайындау үшін біріктіргіш ретінде құны төмен желімдегіш қасиеті бар заттар қолданылды. Дайындалған плиталардың кейбір физикалық қасиеттері зерттелді. Мысалы, олардың ылғалға төзімділігі, ісінуі, беріктігі, майысқыштығы сияқты қасиеттері. Ылғалға төзімділігі бойынша мынадай массалық қатынастағы плиталар үлгілері артықшылықтарын көрсетті: ағаш қиқымы, жаңқалы :90-70 г.) – былғары қалдықтары: 10-30г.
Ал, майысқақтығы, серпімді қасиеттері жоғары көрсеткіштегі плиталар:
ағаш қиқымы, жаңқалы :70-50 г.) – былғары қалдықтары: 30-50г.
Жалпы, салмақтық көрсеткіштері бойынша 100г ағаш қиқымдарынан жасалатын плиталарға қарағанда, былғары тектес заттар қосылған плиталардың майысқақтық, серпімділік қасиеттері жоғары көрсеткіште болды.
Плиталардың ылғалды сіңіргіштік қасиеттері бірнеше рет қайталанып зерттелді. Себебі, ылғалға төзімділігі қажетті қасиет болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда, тиімді болып табылғаны: ағаш қиқымы, жаңқалы :90-70 г.) – былғары қалдықтары: 10-30г.
Пікір
Мен, Шайырбек Әдемі ғылыми жобасына жетекшілік етіп келемін. 2022-2023 жылдар арасында оқушыға Қалдық заттарды қайта өңдеуге байланысты химиялық зерттеулер туралы зерттеу жүргізуге бағыт бағдар беріп отырдым. Оқушым 1 жыл бойы зерттеу жұмысын жүргізді. Химиялық элементтердің адам денсаулығына әсерін организмдегі маңызды роль атқаратындығын зерттеу және түсіндірмелі түрде химиялық биологиялық талдау жасап жүргізілген. Оқушы өте ізденімпаз және алғыр. Химия биология география тағы сол сияқты әдеби оқулықтарын күнделікті өмірде, адамдар арасында пайдалануына жетекшілік етіп отырдым. Оқушы болашақ ғылымға үлес қосады деп сенемін. Сабақтан тыс уақытта қалдық заттардың құрамын қайта өңдеуге аса мән берген. Оқушы қалдық заттардың пайдасы мен зияны туралы зерттеген. Осы тақырыпты зерттей отырып қалдық заттарды қайта өңдеуге байланысты зерттеулерді тиімді пайдаланып, қайта өңдеудің тиімділігін көрсетті.
Бірлестік жетекшісі:____________Абишева Г
Ғылыми жұмыстың күнделік жоспары

№ | | Ағаш қиқымдарының массасы (г) | Былғары тектес қалдық заттар (г) |
1 | | 90 | 10 |
2 | | 80 | 20 |
3 | | 70 | 30 |
4 | | 60 | 40 |
5 | | 50 | 50 |

№ | Атқарылған жұмыстар | Мерзімі | Жауапты |
1 | Ғылыми жобаның тақырыбын таңдау, талқылау, ғылыми қоғам отырысында бекіту | Қыркүйек | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |
2 | Ізденіс жұмысының жоспарын құру | Қыркүйек | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |
3 | Тақырып бойынша саяхат жасау | Қазан | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |
4 | Кітапханада жоба бойынша қосымша әдебиеттерден ақпараттар жинау | Қазан | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |
5 | Жетекшімен табылған материалдарды жинақтай келе, газет-журнал материалдарынан ақпарат іздеу | Қараша | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |
6 | Жинақталған ақпарат бойынша химия зертханалық кабинетінде тәжірибе жүргізу | Қараша | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |
7 | Ғылыми жоба бойынша жүйелеу жұмыстарын жүргізу, кемшіліктерін жою толықтыру. | Желтоқсан | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |
8 | Жоба жұмысын электронды түрде жинақтау | Желтоқсан | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |
9 | Жобаны қорғауға дайындау | Желтоқсан | Үкібаева Ж Шайырбек Әдемі |