Файл: Мазмны Кіріспе 3 1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 45

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ЖЭС күлінен аглопорит өндірісінің технологиясын жасауда, ең алдымен, ыстыққа төзімді түйіршіктер жасау мүмкіндігі туралы мәселелер туындайды. Шикізаттық түйіршіктер тасымалдауға төзімді және агломерация машинасына салғанда жарылып майдаланбаулары және шихтаның жоғары жатқан түйіршектер қабатының салмағына шыдайтын болулары тиіс, сонымен бірге, термиялық өңдеу кезінде түйіршіктер жарылмай өз формаларын сақтауы керек.

Шикізаттық түйіршіктердің сапасын арттыру үшін кей жағдайда шихтаға қоспалар (топырақ, СДБ және т.б.) қосылады. Айта кету керек, шихтадағы отын мөлшерінің де технологиялық үлкен маңызы бар. Өйткені отынның артық мөлшері түйіршіктердің балқып монолитке айналуына әкеліп соқтырса, ал отынның қалыпты жағдайдан кем болған кезінде, түйіршіктердің шала күйген бөлігі артып кетуі салдарынан еңбек өнімділігі төмендеп, алынатын аглопориттың сапасы нашарлайды.Б.П. Данилов, күлде жанбаған отынның мөлшері 25%-дан көп болған жағдайда, шихтаға пластикалық қасиеті жоқ қоспалар (саз және т.б.) енгізу қажеттігін сөз етеді де, бірақ күлдегі отынның мөлшері 10-30 % аралығында болған жағдайда да, 900-600 кг/м3 аглопорит алуға болатындығын тұжырымдайды. Мына еңбектегі зерттеу нәтижелері бойынша жанбаған отынның 6-8 % мөлшері тиімді болып табылады. Осыған байланысты Фрунзе ЖЭС күліндегі отынның мөлшері бұл мөлшерден асып түскендіктен, олар шихтаға отынсыз қоспа – Белостолбовск топырағын 5-30 % мөлшерде енгізген кезде отынның шихтадағы жалпы мөлшері 7,2-7,9 %-ды құраған. Олардың пікірінше, шихтаға арық топырақ қосқан жағдайда отынның жану жылдамдығы өседі. Шихтада отынсыз қоспаның үлесі жоғары болған сайын күйдіру жылдамдығы артады. Осыған байланысты аглопорит қиыршығының беріктілігі және тығыздығы да жоғары болады.

Кейбір авторлар түйіршіктің төзімділігін жоғарылату үшін, шихтаға байланыстырушы қоспалар – күлдің жеке түйіршіктерін біріктіретін коллоид түзуші қоспалар қосуды ұсынады. Коллоидты қоспа ретінде бентонит және оңай балқитын топырақ қолданылады.

1.3 Ағаш пластиктен дайындалатын және жылу өткізбейтін бұйымдар
Ағаш пластиктен дайындалатын негізгі бұйымдар болып ағаш жоңқалы тақтайша, ағашталшықты тақтайша және пішінді ағаш жаңқалы бұйым болып табылады. Тақтайша материал ағаш ағаш жоңқаларынан, үгінділерінен немесе талшықтарынан және желімдеуші синтетикалық байланыстырғыштан қалыптанады. Бұл жағдайда қалыптаушы массадан толтырғыш 87-93% және байланыстырғыш 7 ден 13% құрайды. Пішінді бұйымдарда байланыстырғыштың үлесі 30% құрайды. Ағашпластиктен дайындалатын тақтайшалар бағалы технологиялық қасиетке ие, себебі тақтайша өндірісіне бүтін ағашты керек етпей, қолда бар ағаш қалдықтарынан дайындала береді. Жабдықтың өлшемдеріне байланысты ені 1,2 – 1,8 м; ұзындығы 2 – 3,6 м және қалыңдығы 5 – 75 мм дейінгі тақтайша дайындауға болады.

Битумді түйіндегі минералды войлок өндіру. Битумді түйіндегі минералді войлок өндірісі минералды мақтаның талшық түзілу және балқыған және тозаңдатылған мұнай битумының тұнуы кезінде өндеу болып табылады, әрі қарай кілемшеге престейді және оны берілген өлшемде жолақтарға және таспаларға бөледі. Битумның шығыны мақтаның массасынан 5% құрайды. Битум жанып кетпеу үшін, тұндыру камерасына суық ауа беріледі немесе бүркігішпен мақтаның массасынан 30% шашыратады.

.

1.4 Қалдық заттардың қоршаған ортаға әсері
Біздің қоршаған ортамен қарым – қатынастарымыздың көптеген жағдайда әлемдік экономикалық шиеленістердің себебіне айналып отырғаны белгілі.

Мәселен, көмір жаққан кезде ауаға кәдімгі парникті газдар көтеріледі. Ол атмосфереға жинақтала келе, соның салдарынан жер орасан зор жылыжайға ұқсай түседі. Сондықтан да орташа температура қауырт көтеріліп, мұзтаулар ериді, топан судың қаптауы орын алады. Ғалымдардың пайымдауынша, планетамыздың «жасыл өкпесінің» соңғы мыңжылдықта алғаш рет атмосфералық көмір қышқылын реттеуге дәрмені жетпей отыр.

Бәсекеге қабілетті халықаралық көзқарастар негізінде Отанымыздың табиғатын тиімді қорғауды қамтамасыз ететін жаңа Экологиялық кодекс жұмыс істеуде. Жаңғырмалы ресурстарды дамыту жөнінен нақты шаралар қабылданды, ал ол біздің энергетиканың тұрақтылығына кепілдік беріп, оның минералды шикізат ресурстарына деген тәуелділігін төмендетпек. Үкімет тұрақты дамуға көшудің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеп, бекітті. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы ISO 14001стандартына сәйкесті халықаралық сертификатты алған әлемдегі тұңғыш мемлекет болып табылады.



Тұрақтылық, тиімділік, табиғатпен үйлесімділік сияқты жаңа стратегиялық доктринаға кім басымдық берсе, болашақ та соларда.

Табиғатты пайдаланудан алынған қаржылардың нақты белгіленген үлесі қоршаған ортаның сапасын қалпына келтіруге, серпінді жобаларды енгізуге, технологиялық жаңаруларға жұмсалуы тиіс.

.

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

II тарау. ҚАЛДЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

2.1 Құрылыс заттарын өндіруге байланысты кейбір жаңа технологияларының экологиялық-экономикалық сипаттамасы
Құрылыс заттарын өз елімізде молынан өндіру-бағдарламаның экономикалық басымдықтарындағы мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде құрылыс заттарын көбінесе шет елдерден тасымалдауда. Ал, олардың сапасы жағынан көптеген кемшіліктердің бар екендігі ақпарат құралдарында жариялануда. Мысалы, өткен жылы Қытай елінен әкелінген жаңа вагондардың материалдарынан зиянды заттардың бөлінетіндігі анықталды, олардың қандай заттардан дайындалғаны, зиянды заттардың мөлшерден тыс артық екендігі кейіннен белгілі болды (вагонның металл бөліктерінде зияндылық басым, және ағаш бөліктерінде зиянды органикалық заттардың бар болуы). Сонымен қатар, тасымалданған үй құрылысы материалдарының сапасы төмендігі де айқындалды. Жасанды пластикалық материалдарының ұзақ мерзімге төзімсіздігі, металл немесе ағаш бұйымдарынан дайындалған заттарының қалдық заттардан дайындалуы да жиі кездесуде. Оған дәлел ретінде қала көліктері- микроавтобустарының кейбір бөлшектері (айна орналасқан бөліктері, орындық арқалықтары, аяқ басатын орындары) сырты жылтырап көрінгенмен, ішкі бөліктері әр түрлі қалдық заттардан екендігі (синтетикалық қапшықтар, коробкалар, сусын ыдыстарының қалдықтары т.б.) анықталды. Ал, құрылыс заттары мен көліктер үшін елімізден орасан қаржы бөлінуде. Ендеше, аса қажетті тауарларды шет елден тасымалдамай-ақ, өз елімізде неге өндірмеске? Осы тұрғыдан қарастырғанда, экологиялық саясатымызды жүзеге асыру арқылы шет елдерге тәуелділікті азайту, жұмыс орнының сандарын арттыру мәселелерін шешуге болатын сияқты. Осындай жағдайларды ескере келе, бұл ғылыми-жобалық зерттеу жұмысында былғары аяқкиім өнеркәсібінің, мини-цехтарының жұмысынан пайда болатын былғары қалдықтары, оларды пайдаланудың тиімділігі және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері сарапталынды.

Кез-келген –өндіріс орнының өзінің шаруашылық саясатын жүргізген кездегі мақсатының бірі - еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарын үнемдеу болып табылады. Өндіріс орны табиғи ресурстарды тегін пайдаланатын болғандықтан өнім өндіруде аз шығын жұмсау принципі мен табиғатты қорғау іс-шарасы өзара қарама-қайшылықта болады. Мұның себебі, біріншіден, өндіріс орнындағы табиғатты қорғау негізгі жұмыстың эффективтілігін төмендететін қосымша шығындарға әкеледі, екіншіден, табиғи ресурстарды қайтарымсыз пайдалану кезінде өндіріс орнына табиғатты күтіп ұстамайды, керісінше өте жоғары табиғи шығындар жұмсалатын арзан технологияны қолдану оған тиімді, ақырында, өндіріс орындары өзінің қалдықтарының табиғатта таралуын азайтуға мүдделі емес, себебі жаңа тазарту құрылғыларын салып, оларды пайдалануға беру шығындарды көбейтеді, өнімнің өзіндік құнын арттырады, өндіріс орнының рентабельділік көрсеткішін төмендетеді.


Технология дегеніміз тек қана өнім шығару емес, ол қоғамның қоршаған ортамен өзара әсерлесуінің бірегей процесі. Сондықтан да технологияны қоршаған ортаны қорғаудан бөліп қарау өнеркәсіп жұмысы мен басқаруды ұйымдастырудың экономикалық әдістеріне өту тұрғысынан да, міндетті түрде қалдық қалатын өнім өндірудің материалдық баланс процесінің теңдеуін шешу тұрғысынан да дұрыс емес.

Мұндай ережені қабылдау өндіріс пен технологияны жасаушылардан өнім өндірудің бірегей технологиялық цикл тұрғысынан, яғни мүмкін болатын кері әсерлерді есепке ала отырып жұмыс нәтижесі бойынша жауапкершілікті арттыруды, нақты өндіріс орнының бірегей шаруашылық іс-әрекетінің негізгі бөлігі болып табылатын мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау саясатын іске асыруды талап етеді .

Процестің материалдық баланс теңдеуі келесі формуламен жазылады:
М1 + М2 = М3 + М4, (1)

Мұнда M1 — негізгі материалдар (шикізат); М2 — қосымша материалдар (шикізат); М3 — өнім; М4 — өндірістің жалпы қалдығы.

Қалдықтың кейбір бөлігі тазалау қондырғысында ұсталып қалады. Ұсталу коэффициенті (η):
   (2)
басқа бөлігі:
 (3)
қоршаған ортаға таралады. Негізгі экологиялық нәтиже міндетті қоршаған ортаны қорғау нормативі тастандының шекті мөлшерінің (ТШМ) деңгейінде болған кезде ғана алынады. Кез келген жағдайда:   . М4 мәні технологиялық процесті және қоршаған ортаға тасталатын ең көп тастандының мөлшерін Умах   — тазарту қондырғысының жұмысын және қоршаған ортаға шығарылатын қалдықты Ушекті сипаттайды.   ТШМ теңсіздігі қазіргі кезде қалыптасқан қоршаған ортаға шығарылатын нақты тастанды У
ф бейтараптандыру табиғаттың есебінен жасалатын яғни өндіріс үшін тегін болатын өндірістің ең аз Уmin зиянмен жұмыс істеу деңгейіне сәйкестігін білдіреді.

Тазарту қондырғысының жұмысының нәтижесін экологиялық саралау мақсатында П=Мшекті/  көрсеткіші енгізілген. Жалпы жағдайда η және П технологиялық процестің соңғы сатысын жеткілікті дәрежеде сипаттайды және әртүрлі үрдістерді салыстырмалы түрде бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Алайда ұсынылған бағалау процестің экономикалық және технологиялық параметрлерімен тікелей байланыста емес, сол себепті технологияның кемістіктері қосымша тазарту құрылғыларының жұмысының есебінен жойылуы мүмкін. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығынның өсуінен экологиялық қауіпсіз деңгейде жұмыс істеуге ұмтылған өнеркәсіптің тастандыларды араластыруға бағытталған өнеркәсіпке қарағанда нашар экономикалық жағдайда болады.

Демек, бірегей технологиялық циклдың эколого-экономикалық бағалануы қосымша тең құқықты құрамдастардан тұруы тиіс.

Мұндай құрамдастарды анықтау қалдықтарды өңдеу, бейтараптандыру, ұстау қондырғыларын жасау өндіру процесінің және оның аппараттық безендіруінің бөлінбейтін бөлігі болған кезде ғана дұрыс болады.

Мұндай тұжырымдарды қабылдаудың қажеттілігі өндіріс қуатын тиімді пайдалану және негізігі өнімді өндіруде технологиялық тұрақтылық тұрғысынан қарағанда тазарту немесе ұстау дәрежесінің өзгеруі бойынша белгілі бір мөлшерде тұтас технологиялық процестің тұрақтылығын сипаттауға болатындығымен де арта түседі.

Осыған байланысты біртұтас технологиялық цикл түріндегі өндірістің шаруашылығының пайдалылығының меншікті деңгейін бағалау және жұмысына анализ жасаудың механизмін қарастырайық. Механизм өнеркәсіптің жұмыс істеуінің технико-экологиялық К және эколого-экономикалық R деңгейлерін анықтайды.

К -технико-экологиялық деңгейі мына формуламен анықталады:

 , (40)
мұнда Q — өндірістік қуаттарды пайдалану коэффициенті; М — қалдығы ұсталынған өнімнің технологиялық шығуын сипаттайтын шикізаттардың қолданылу коэффициенті; η — тазарту құрылғыларының жұмысының экологиялық нәтижесін