ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тән мен жан бірлігі, адам жанының ерекшілігі – оны табиғат әлемінен бөліп тұр. Қазіргі заманда «жанның» орнына, синонимы ретінде «психика» деген сөз қолданылады. «Психика» дегеніміз – «адамның ішкі дүниесі», «адамның рухани әлемі». Адам ерекшілігінің негізінде рухани дүние жатыр. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланысын, бір-біріне тәуелділігін сөз еткенде, адамның хайуандық қалдықтардан бірте-бірте арылып, «әлеуметтену» (социализация) процесіне кіретінін ұмытпау керек.
Маркс: «Аштық қашанда аштық, бірақ пышақ пен шанышқының көмегімен піскен етті жеу арқылы жоюға болатын аштық бір бөлек те, қолдың, тырнақтың, тістің көмегімен жұлқылап, шикі ет арқылы жойылатын аштық бір бөлек», - деген.
Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаментальдық (негізгі) қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі, әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бірқалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әртүрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда (оның ішінде жаратылыстануда), адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.
2. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу
Дәріс мазмұнының 2-бөлімі бойынша тезистер
Адам өмірінің мән-мағынасы жөнінде арнайы еңбек жазып құнды пікірлер айтқан ХХ ғ. өмір сүрген австрияның ұлы ойшылы В.Франкл болды. Ол бүгінгі адамның өмір ақуалына тоқтала келе оның қиындығы жөнінде сыр шертеді. Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинкттің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай өмір сүре алмайды. Сондықтан, ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм), я болмаса, басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің мән-мағнасын әлі таба алмағанын көрсетеді. Нәтижесінде, адам “экзистенциалдық вакуумға” (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік аномияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін. Олар: нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстыққа бару, құдай іздеу жолына түсу, өз-өзін өлтіру (суицид) т.с.с. Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В.Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді. Мысалы, әке-шешесі өз баласына барлық жағдай жасап, не қалағанын алып береді де, оның алдындағы өз борышын орындағандай сезінеді. Ал ол баланың ішкі жан-дүниесі қандай, ол кім болғысы келеді, нені қиялдайды т.с.с. – оған көңіл бөлуге олардың қолдары да тимейді. Ақырында, киімі көк, тамағы тоқ бала көзді ашып-жұмғанша ересектік сатыға келеді. Балалық қиялдарының бәрі артта, ерекше тұлғалық дәрежеге көтерілген жоқ, өмірден өз орнын таба алмай қалды. Не істеу керек? – бұл сұраққа ол жауап бере алмайды. Бұл қиын ақуал кездейсоқ біреудің нашаны ұсынуымен аяқталады. Ол оны қабылдап - өз армандарын орындаған сияқты тәтті сезімге шомылады…
Әңгіменің қиындығы - өмірдің мән-мағынасын тудыру, жасауға болмайды, оны тұлға өзі іздеп тауып алуы керек. Бұл дүниеде өмірге келген әр адамның өз орны бар, сондықтан, әр адам өмірінің мән- мағнасы өзгеше. В.Франклдің айтуынша, бұл өмірде әр адамға өзіне керек іс тауып, қайсыбір ақуалдың шеңберінде өмірлік мән-мағнаны ашуға болады. Біреу өмірінің мән мағнасын балаларын жеткізуден, екінші – табиғи дарынын ашудан, үшінші – сүйген адамы үшін өмір сүруден т.с.с. көруі мүмкін.
В.Франклдің ойынша, жалпылай келе, өмірлік мән-мағнаны үлкен үш топқа бөлуге болады. Оның ең биігі – шығармашылық құндылықтарына жету, яғни, тарихта бұрынғы-соңғы болмаған жаңаны тудыру. Ол үшін, әрине, табиғи дарыннан тыс, сол саланы толығынан игеріп, шыңына жету керек. Ол негізінен элитарлық топтарға тән нәрсе.
Бірақ, кең түрде алғанда, шығармашылық - адамның тектік қасиеті. Сондықтан, әр адам - өзінше шығармашылық сатысына көтеріледі. Мысалы, талай жылдар гүл өсіріп, осы істі сүйетін адам күндердің бір күнінде гүлдің бір жаңа түрін тудырмай қоймайды. Киім тоқыйтын көп балалы әйел журналдағы көп өрнектерді игереді де, күндердің бір күнінде өз өрнегін ойлап шығаруы мүмкін. Бәлкім, ол өрнек модалар журналында басылмас, бірақ, ол шығармашылық деңгейге көтерілді емес пе?! Егер қайсыбір нәрсені бұрынғыдай емес, жаңа жолмен, әдіспен жасасаңыз – ол да шығармашылықтың нышаны болмай ма?
Қорыта келе, шынайы өлместік бүкіл миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан іргетасты табиғат заңдылықтарына қайшы келеді,- дер едік. Әңгіме бізге берілген теңдесі жоқ сый - өмірді – бақытты мүмкіндіктерді іске асыруға, өз өмір шеңберінде үлкен маңызды істерді жасап өз ізіңді қалдыруда болса керек. Оларды өлім жоя алмайды.
Дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
Жеңіл деңгей
1. Философиядағы адам мәселесі
2. Адам болмысының категорияларына (бақыт, сенім, өмір және өлім) анықтама беріңіз
Орташа деңгей
1. Абай философиясындағы адам мәселесі
2. Американ ғалымы А.Маслоу адам қажеттіктерінің қандай тізбесін жасады?
Күрделі деңгей
1. Адам өмірінің мән-мағынасы жөнінде арнайы еңбек жазып құнды пікірлер айтқан кім?
2. Өмірдің ең биік мән-мағынасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
-
Ғабитов Т. Философия. Оқулық. Алматы, «Заң әдебиеті», 2018. -
Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 2- том, Орта ғасыр философиясы: оқулық. Алматы, 2018.- 400 б -
Темірғалиева Қ.А., Бәкірова А.Т. Философия: оқу құралы. Алматы, 2016. -
Рысқалиев Т.Х. Философия тарихы:оқулық. Алматы, 2015. -
Алтаев Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Оқулық. Алматы, 2017.
6. Алтаев Ж., Қасабек А. Қазақ философиясы. Оқулық. Алматы, 2017.
7. Хрусталев Ю. М. Философия:учебник. 2015.
Қосымша:
1. Шадинова Г.А., Көлеген Г.Б. Философия негіздері. Оқу-әдістемелік құрал.– Түркістан: Тұран. 2018.
2. Қоңырбаева К. Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы. Алматы, 2013
3. Сағиқызы А. Гуманистік дүниетаным: Әлеуметтік- мәдени негіздер. Монография. Алматы. 2013
4. Дайрабаева Г.Б., Шадинова Г.А. Ақпарат философиясы. Жоғары оқу орындарының магистранттарына арналған лекциялық жинақ. Түркістан, 2018
5. Философияның таңдаулы 25 кітабы Аударм.: Құранбек Ә., Рыскиева А.А. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018
WEB сайттар:
1.Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 1- том, Орта ғасыр философиясы. Астана, 2018. http://rmebrk.kz/
2. Жекебаева М.Ә. Философия. Оқу құралы. Алматы, 2018. http://rmebrk.kz/
3. Бондаренко Ю.Я., Зекрист Р.И. Философия. Учебно-методическое пособие. Шымкент, 2019. http://rmebrk.kz/
4. Шинтаева Ф.Е., Жуматаева Ж. Основы философии. Москва, 2013. http://rmebrk.kz/
5. Горелов А.А. Основы философии. Москва, 2013. http://rmebrk.kz/
1