Файл: 10. 1 Кодтарды трлендіргіштер. Индикаторлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 34

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

10.1 Кодтарды түрлендіргіштер. Индикаторлар

Саның кодын өзгерту операциясы оны түрлендіру деп аталады.Бұл операцияны орындайтын интегральдық микросхемалар кодты түрлендіргіштер деп аталады.Кодты түрлендіргіштеринтегральдық микросхемалар айрықша кең таралған, екілік кодты ондық кодқа, оналтылық кодқа, Грей кодына және керісінше айналдыратын операцияларға арналған түрде шығарылады.

Кодты түрлендіргіштер өзінің құрлымына байланыстыдешифраторларболыпсаналады, тек қана олар екілік кодты тек қана біреуінде ғана емесбірнеше шығысында түрленділеді.

Мысал ретінде екілік кодты 7-сегменті цифрлық индикатордың кодына түрлендіргішті қарастырайық.39,а суретте индикатордың қосу сұлбасы келтірілген. Индикатор сегіз сегменті бар, светодиодтардан тұратын жартылай өткізгіштен жасалған құрылғы.Жеке сегментерді қосу және ажырату арқылы цифрларды немесе белгілерді алуға боладыы. Индикатордың сегментерінің орналасуы және конфигурациясы 39,а суретте көрсетілген.Әр цифр үшін индикатордың өзінің анықталған сегментерінің терімдері сәйкес болады.Цифрлар мен ондық бөлшектің нүктесінің бейнелеу кестесі 39,б суретте келтірілген.


а)индикатордың қосу сұлбасы; б) — күйлерінің кестесі.
Ішкі қосу сұлбасына байланысты индикаторларекі түрге бөлінеді: жалпы катодымен және жалпы анодымен. Екі түрінің сұлбасыда40,а және 40,б сурет көрсетілген. Жеті сегментті индикаторлардыңәр түрлі модификациялары өте көп таралған. Олардың бір-бірімен айырмашылығы: шығыстарының орналасуы, өлшемдері, жарықтану түсі және жарықтылығы.

40сурет индикаторлар сұлбасы: а) жалпы катодпен; б) жалпы анодпен.
Жалпы катодты индикатормен басқару үшін мысалы К514ИД1дешифраторы, ал жалпы анодпен-К514ИД2қолдынылады. Құрылғыларда басқа сериялардың дешифраторлардың микросхемалары да қолдынылады, мысалы 176ИД2, 176ИД3, 564ИД4, 564ИД5, К133ПП1және тағы бақалар.
Жалпы катодымен немесе жалпы анодымен светодиодтардан тұратын сызғыштардышкалалы индикаторлар деп атайды.Олар щиттің өлшегіш приборларныңанологі болып табылады және үздіксіз өзгеретін ақпаратты көрсетеді.Жарықталатын шкалалар жанармайдың бактегі деңгейін,қозғалыс жылдамдыңын және басқа параметрлерін индикациялау үшін, автомобильдің немесе ұшақтың прибор щитогына орнатылады. Шамаларды салыстыру үшін көршілес бағанша түрдеорналасқан конструкция өте ыңғалы.Екілік кодты шкалалық индикаторды басқаратын кодқа түрлендіргіш,екілік кодпенанықталатын адрестік кірістегі жарқырайтын таңбаның орынауыстыруын мүмкін етеді.

Бағандармен жолдармен орналасқан светодиодтардың терімдерін матрицалы(қалыптамалы) индикаторлар деп аталады . Ерекше кең таралған матрицалы индикаторлардың 5 бағанасы және 7жолы бар. Бұл индикаторларда 35 светодиодтар (жарық диодтары) бар.Матрицалы индикаторларды басқару үшін светодиодтардың орыны бағана мен жолдарының номерлерімен берілетін миросхемаларшыңырылады,бірақ бүкіл комбинациялары толық қолданылмайды. Мұндай кодтарды түрлендіргіштер тоық емес деп аталады.Оларға, мысалы К155ИД8 және К155ИД9 микросхемалары жатады.
11.Тізбекті(реттілік) типті цифрлық құрылғы. Триггерлер. RS-триггерлер. D-триггерлер (кідіріс триггерлері). JK-триггерлер. Симметриялы емес триггерлер.
Шығысындағы логикалық мәндері қазіргі уақыт мезетінде, кірісіндегі логикалық сигналдардың жиынтығымен ғана емес, ішкі жады элементерінің оның алдыңғы жұмыс істеу нәтижесінің салдарына байлынысты күйімен анықталатын элктронды цифрлық құрылғыларды тізбекті типті цифрлық құрылғылар немесе жадысы бар цифрлық автоматтар дейді. Алдынғы күйін еске сақтау тригерлердің және жады регистрлердің көмегімен орындалады.Импульстер санауштары және ығысу регистрлері жадысы бар логикалық автоматтардың типтік үлгісі болып саналады.

11.1 Триггерлер


Екі тұрақты(орнықты) жағдайы бар және сыртқы басқаратын сигналдың әсерінен біртұрақты күйден екінші тұрақтыкүйге өтетін электрондық құрылғыны –триггер. Егер сыртқы әлсіз әсер ету оның күйін өзгертпесе, күйі тұрақты болып саналады.Тригердің бір күйден екінші күйге өту үшін, сыртқы сигналдың табалдырық мәнінент асу керек.

Кіретін ақпараттарды сигналдар комбинациясына түрлендіретін логикалық басқару құрылғысынан,және осы сигналдардың әсерінен өзінің бір орнықты тұратын күйін қабылдайтын

жады ұяшығынан тұратын құрылғыны тригер (41сурет) дейді.

 41сурет
Тригердің жалпылама құрылғысы а): тік кірісі RS-триггеры  б)инверстістатикалық кірісі бар в).
А және В кірісіне түсетін ақпараттық сигналдар логикалық құрылғыларда ішкі жады ұяшығының S және R ішкі кірісіне түсетін сигналдарға түрлендіреді. Ақпаратты тактылы қабылдауды қамтамасыз ететін, ақпараттық сигналдарды(белгілер) түрлендіру V кірісіне берілетін ақпаратты қабылдау рұқсаты және С синхрондау кірісі берілген сигналдар арқылы іске асырылады.


С кірісі бар тригер синхронды, ал ол болмаса асинхронды деп аталады. Басқаратын сигналдар асинхронды тригерге тікелей келгенде әсер етеді, ал синхронды С кірісіне тек қана сигнал келгенен кейін әсер етеді.Тригерлердің статикалық және динамикалық кірістері болады. Статикалық және динамикалық кірістер тура немесе инверсті болуы мүмкін.
Кіретін сигналдардың көзімен тікелей байланысы бар кірісті- статикалық кіріс дейді.Статикалық кірісі бар тригерлердің басқару сигналдеңгейі лог. «1», ал инверсті кіріс басқару үшін деңгей-лог «0» қолдынылады. Егер кіретін сигналдардың көзімен магнитті,электромагнитті немесе RC-тізбектері арқылы қосылған болса ондай кірістер динамикалық деп атайды.
Олар кіретін сигналдардың деңгейінің айырмасын сезеді. Егер тригер кіретін сигналдар «0»-ден «1»-ге өзгергенде қосылатын болса, ондай кірістер тура, «1»-ден «0»-ге өзгерсе инверсті деп аталады.
Ś және Ŕ кірістері тригерді асинхронды құрылғы қылады. Жұмыстың циклінің басында тригерді бастапқы жағдайға (0 немесе 1) келтіру үшін оларға ақпараттық сигналдарына тәуелсіз басқару сұлбасын айнылып өтіп, приоритеті сигналдарды беруге арналған кірістер