Файл: Оушыларды аламдары кк тсті сия болуы керек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 48

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жартыжылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек«Сарышаған мектеп-интернаты» КММ3 «А» сынып оқушысыАйдарұлы Досболдыңқазақ тілі дәптеріОқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2 сыныпта кіші жол дәптерлеріне, ал 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет. 3 сыныптың 1 тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған жөн. Дәптердегі барлық жұмыстар талапқа сай ережелерді сақтай отырып, жүргізілуі керек.- 1,2 және 3 сыныптың 1 жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол ортасынан жазылады;- 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады. Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы.Сынып жұмысы. Сынып жұмысы- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;Көркем жазу жұмыстарының көлемі:1-4 сыныпта-1-2 жолСабақтағы сөздік жұмысыСөздік сын жұмысы аптасына 1 рет бақылау үшін жүргізіледі.Жазба жұмыстарын тексеру тәртібіЖазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:- Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;- Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;- Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;- 1,2 сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, сөз, сөйлем жазылады;- 3-4 сыныптарда (дәптер шетіне) жазылады (/)- емлелік қате, (V) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;- Баға тапсырманың сол жағына қойылады;- Мадақтау жазулары жазылады;- Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;- 2,3,4 сыныптарда мазмұндамаларға, шығармаларға дәптерге 2 баға (әуелі мазмұнына, кейінгісі қатесіне) қойылады (журналда 1 баға мазмұнына қойылады);- Жазба жұмыс дәптерлері күнбе-күн тексерілуі керек;- Қатемен жұмыс жасалынады; Сын жұмысын бағалау мөлшеріЖазбажұмыстарыныңкритерийлерімендескрипторларына сәйкес 10 балдық жүйемен қойылады. Мысалы: Диктант (грамматикалықтапсырмаларымен) жаздыру кезінде 6 критерий болса,сөздердіжазубарысындаорфографиялықнормалардың түрлеріне қарай 10 балға дейін толықтыруға болады. Яғни, сын жұмыстарын орындату барысында пән ерекшелігіне сай оқу мақсаттары мен міндеттері ескеріледі.

Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

Диктант (грамматикалық

тапсырмаларымен)

  • Мәтінді бұрмалаусыз жазады:әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;

  • әріптер мен дыбыстар ара қатынасын белгілей біледі;

  • грамматикалық тапсырмаларды орындайды;

  • оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

  • жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады;

  • сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.
Қателер деп есептелмейтін жағдайлар:- Сын жұмысы алынғанға дейін оқылмаған ережелерге сәйкес сөздер, тыныс белгілері;- Келесі сөйлем бас әріппен жазылып, бірақ нүкте қойылмаса;- Мәтін мазмұны бұзылмайтындай етіп басқа сөзбен ауыстыру жағдайы бір рет кездескенде;- Тасымалдауда алдыңғы жолда сөздің бір бөлшегі келесі жолда қайталанып жазылса;- Бір сөзді қайталап жазып қойса.Мектептің бастауыш сатысында шығармашылық жұмыстар үйретушілік сипатта болады. Сондықтан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда ол оқушылармен мұғалім жеке жұмыстар жасауға міндетті. Өте төмен баға журналға қойылмайды.