Файл: Халыаралы отбасы кніне арналан ісшаралар жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

_____________ Е.Д. Кочетов

2023 жылғы « » __________

Халықаралық отбасы күніне арналған

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ




р

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1

2

3

4

  1. Ұйымдастырушылық іс-шаралар






Барлық өңірлерде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының басталуы шеңберінде «Отбасы ағашы» республикалық акциясын өткізу


15 мамыр

АҚДМ, ЖАО



«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының әр жылдардағы финалистерінің қатысуымен еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында отбасылық құндылықтарды, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау бойынша бірқатар кездесулер өткізу


10-15 мамыр

АҚДМ, ЖАО



«Отбасындағы деструктивті қарым-қатынастардың алдын алу: әртүрлі елдердің тәжірибесі» тақырыбында пікірталас алаңын ұйымдастыру (халықаралық ұйымдар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен)

12 мамыр

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ, «БҰҰ-әйелдер» (келісім бойынша), ЮНИСЕФ (келісім бойынша), ЮНФПА (келісім бойынша)




Еліміздің барлық мектептерінде сынып сағаттарын өткізу (оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында)


12 мамыр

ОМ (келісім бойынша), ЖАО




Психологтарды тарта отырып, оқушылардың ата-аналарымен кездесулер өткізу (тәрбие мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында)


12 мамыр

ОМ (келісім бойынша), ЖАО



Өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу және дағдарыс орталықтарына, аналар үйлеріне, балалар үйлеріне, мүгедектер және қарттар үйлеріне көмек көрсету


11-14 мамыр

ЕХӘҚМ (келісім бойынша), ЖАО



Білім беру ұйымдарында «Менің отбасым» балалар суреттерінің конкурсын ұйымдастыру және өткізу


11-14 мамыр

ОМ (келісім бойынша), ЖАО



«Махаббат марафоны» акциясын өткізу (2 км қашықтықты жас отбасылардың жұбымен бірге жүгіруі)


13-14 мамыр

МСМ (келісім бойынша), ЖАО



Медициналық мекемелерде отбасын жоспарлау мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» ұйымдастыру және өткізу


11-14 мамыр

ДСМ (келісім бойынша), ЖАО



«Денсаулық бұрыштары» медициналық мекемелерде «Бала туатын жастағы әйелдерде созылмалы аурулардың алдын алу және емдеу», «Халықтың ұрпақты болу денсаулығын қорғау» стендтерін ұйымдастыру


11-14 мамыр

ДСМ (келісім бойынша), ЖАО



«Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу


11-12 мамыр

ОМ (келісім бойынша). Қорғанысмині (келісім бойынша), ІІМ (келісім бойынша), ЖАО

2. Ақпараттық жұмыс



«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын жариялау бойынша ақпараттық имидждік жұмыс жүргізу (өтінімдерді қабылдауды жариялау, анонстық бейнероликтерді іске қосу, мақалаларды жариялау, жобаға қатысушылармен сұхбат және т. б.)


мамыр

АҚДМ, ЖАО,

«Хабар» арнасы



«Ашық алаң» бағдарламасында отбасылық саясат саласындағы проблемалық мәселелер бойынша пікірталас өткізу (таңдау тақырыптары: ажырасу және олардың салдары, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ТЖС отбасыларына көмек көрсету және т. б.)


15 мамыр

АҚДМ, «Қазақстан» «Хабар» телеарналары



Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының мемлекеттік отбасылық саясат саласында (халықты әлеуметтік қорғау, балалардың құқықтарын қорғау, ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және т.б.) жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сұхбаттары, мақалалары


11-15 мамыр

ОМО, ЖАО



«Бақытты неке құпиялары» телеарналарыда үлгілі отбасылардың, жұлдыздардың, табысты адамдардың (шығармашылық отбасы, спорттық отбасы, Мерейлі отбасы байқауының финалистерінің бірінің отбасы) қатысуымен шығарылымдар топтамасы


11-15 мамыр

АҚДМ, ЖАО, республикалық және өңірлік телеканалдар



Отбасы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша танымал блогерлер мен медиа тұлғалардың қатысуымен Instagram парақшаларында тікелей эфирлер


11-15 мамыр

АҚДМ, ЖАО



Әлеуметтік желілердің ресми беттерінде хэштегпен аймақтың үлгілі отбасылары туралы посттарды жариялау

#отбасыкүні2023

#familyday2023


11-15 мамыр

ЖАО



Отбасы институтын нығайту мәселесі бойынша ақпараттық материалдарды баспа басылымдарында жариялау


11-15 мамыр

ЖАО



«Отбасылық құндылықтар» тақырыбында челленджді ұйымдастыру және өткізу: #отбасықұндылықтары #семейныеценности хэштегімен отбасындағы басты ережелер мен құндылықтар туралы пост жазу. Эстафетаны достарға және таныстарға тарату


11-15 мамыр

ЖАО



Қысқартулардың толық атауы:

АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

ОМО – Орталық мемлекеттік органдар;

ЖАО – Жергілікті атқарушы органдар;

ЮНФПА – БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қоры;

ЮНИСЕФ – БҰҰ Балалар қоры;

МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;

ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

ЕХӘҚМ – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

ҚМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.