ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 96 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығына 2-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары
1-тарау. Негізгі ережелер
-
Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды. -
Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы – теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім;
2) біліктілік комиссиясы – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульді (пәндер) игеру қорытындылары бойынша жұмысшы біліктілігін беру рәсімін өткізу үшін құрылатын алқалы орган;
3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау – педагог сабақта өткізетін білім алушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын жүйелі түрде тексеру;
6) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
7) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
8) қорытынды аттестаттау комиссиясы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне қорытынды аттестаттау өткізу үшін құрылатын алқалы орган;
9) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық–рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған сандық эквивалентті әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерінің деңгейін балмен бағалау жүйесі;
10) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасының оқу модулін меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
11) практикалық жұмыс – кәсіптік міндеттерді шешу үшін білім алушылардың практикалық біліктері мен дағдыларын айқындауға мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны.
-
Білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі: (5 - «өте жақсы», 4 – «жақсы», 3 – «қанағаттанарлық», 2 - «қанағаттанарлықсыз»).
Балдық-рейтингтік әріптік жүйені қолдану кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері (білім, білік, дағды және құзыреттілік) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 4 балдық шкала бойынша тиісті цифрлық эквиваленті бар халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге (оң бағалар, кемуіне қарай, «А» - дан «D»-ға дейін, «қанағаттанарлықсыз» - «F») сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
2-тарау. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу
-
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізудің нысандарын, тәртібін және кезеңділігін дербес таңдайды.
Ағымдағы бақылау пәндер және (немесе) модульдер бойынша практикалық және лабораторлық сабақтар жоқ болған жағдайда, педагогтің оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы, оның ішінде оқытудың жеке траекториясын ескере отырып жүзеге асырылады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалардың пәндер және (немесе) модульдер бойынша үлгеріміне ағымдағы бақылау психофизикалық даму ерекшеліктері ескеріле отырып жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.
Қашықтан оқыту (бұдан әрі – ҚО) арқылы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау:
1) білім алушы мен педагогтің телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып онлайн немесе офлайн режимінде тікелей қарым-қатынасы;
2) автоматтандырылған тестілеу кешендері;
3) жеке тапсырмаларды тексеру (білім алушылардың электрондық поштасына, мессенджерлеріне тапсырмалар беру) арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу нысандарын педагог оқу материалының мақсатын, мазмұнын ескере отырып анықтайды.
-
Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Пәндердің және (немесе) модульдердің тізбесін білім беру ұйымдарының алқалы органы айқындайды.
6. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі мен нысанын оқу жұмыс жоспарларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу процесінің кестесіне енгізіледі.
ҚО арқылы аралық аттестаттау өткізу кезінде мынадай нысандар қолданылады:
1) тапсырманы орындауға кететін уақытты шектеу мүмкіндігі бар автоматтандырылған тест жүйелерін қолдана отырып тестілеу;
2) жобаны орындау;
3) практикалық, шығармашылық тапсырманы орындау;
4) емтиханды онлайн режимінде тапсыру.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілінде оқытатын топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; орыс тілінде оқытатын топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және мамандық бейініне сәйкес білім беру ұйымының таңдау пәні бойынша емтихандар өткізуді көздейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау «жалпы білім беретін пәндер» модуліне/цикліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.
Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) пәнді және (немесе) модульді оқытуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар - аралық және/немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттау шығармашылық тапсырмалардың орындалуын көздейді.
Шығармашылық тапсырма туралы ережені техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес әзірлейді.
Білім алушыларға жұмысшы біліктілігін беруге арналған аралық аттестаттау өткізу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы құрылады.
Жұмыс біліктілігі бағдарламасын меңгергеннен кейін біліктілік емтиханы өткізіледі.
Біліктілік емтихан практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Жұмыс біліктілігін алу жөніндегі бағдарламаны меңгергеннен кейін оқуын жалғастырмайтын білім алушылар үшін біліктілік емтиханы қорытынды аттестаттау шеңберінде өткізіледі.
Оқуды жалғастыратын білім алушылар үшін біліктілік емтиханы аралық аттестаттау шеңберінде өткізіледі.
Жұмысшы біліктілігін беру туралы куәлік беру туралы шешім біліктілік комиссиясының шешімі бойынша біліктілік емтиханы негізінде қабылданады.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, практика бойынша есептер, сынақтар және емтихандар нысанында жүзеге асырылады, бұл ретте сынақтар мен курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін (болған жағдайда) өткізіледі.
Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән және (немесе) модуль бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің және (немесе) модульдің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды аралық аттестаттау емтихандар және/немесе сынақтар нысанында өткізіледі.
8. Сынақтар тізбесі оқу жұмыс жоспарына, сондай-ақ курстық жобаларға (жұмыстарға), кәсіптік практикаға сәйкес айқандалатын пәндер және (немесе) модульдер бойынша саралған бағалармен/балдармен өткізіледі.
9. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің және (немесе) модульдің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.
10. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.
11. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:
1) емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары, ситуациялық тапсырмалар;
2) емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
3) оқу және технологогиялық карталар;
4) спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;
5) емтихан ведомосы дайын болуы қажет.
12. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) педагог және (немесе) аталған пән және (немесе) модуль бойынша семестр бойы сабақ берген педагогтер не білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің және (немесе) модульдің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар педагог жүзеге асырады.
13. Аралық аттестаттау кезінде емтихандарға әрбір пән және (немесе) модуль бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық практикалық, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған білім алушылар жіберіледі.
1-2 пән және (немесе) модуль бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар емтиханға педагогикалық кеңестің шешімімен жіберіледі.
14. Емтихан билеттері бойынша тапсырманы орындау үшін аралық аттестаттауды өткізу кезінде:
ауызша емтиханға әр білім алушыға 25 (жиырма бес) минуттан артық емес уақыт бөлінеді;
жазбаша емтихан өткізуге:
1) шығармаға және (немесе) эссеге әдебиет бойынша 6 астрономиялық сағат;
2) математика және арнайы пәндерден және (немесе) модульдерден 4 академиялық сағат;
3) қазақ және орыс тілінен мазмұндауға 3 астрономиялық сағат, диктантқа қазақ және орыс тілінен 2 астрономиялық сағат.
Жазбаша емтихан жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.
Аралық аттестаттау шеңберінде біліктілік емтиханын өткізу кезінде практикалық тапсырманы орындау үшін 1 емтихан алушыға 6 астрономиялық сағаттан аспайтын, ал демонстрациялық емтиханы нысанында 12 астрономиялық сағаттан аспайтын уақыт бөлінеді.
Біліктілік комиссиясының құрамы 60% - дан кем емес арақатынаста кәсіпорындар (жұмыс берушілер) өкілдері және 40% - дан артық емес білім беру ұйымдары өкілдері қатарынан қалыптастырылады.