ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қаулы:
1.Г.Мендиханованың және Ф.Сейткалиеваның «English for you» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы облыс көлемінде таратуға облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне ұсынылсын.
Төрайымы: А.Кенжегалиева
Хатшысы: Қ.Ахинбасов
Хаттама № 1
2022 жылдың 12 қаңтар күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді.
Қатысуға тиісті - 3
Қатысқаны – 3
Күн тәртібінде:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манкишева Айымжан Меңдіханқызының 5-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» тақырыбындағы жұмысын қарап, облысқа ұсыну.
Тыңдалды:__Күн_тәртібіндегі_мәселе_бойынша_Манкишева_Айымжан_Меңдіханқызының_жұмысының_үлгісімен_таныстырылды.Жарыс_сөз'>Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Манкишева Айымжан Меңдіханқызының жұмысының үлгісімен таныстырылды.
Жарыс сөз: Б.Мырзагалиева - А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Әдістемелік жинақтағы тапсырмалар жүйесі білім алушылардың алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануын үйретуге бағытталған.
5-сынып оқушыларының әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басуы үшін, қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру үшін аталған жинақтағы материалдарымен жүйелі жұмыс табысты нәтижеге жеткізеді деп сенім білдіремін. Әдістемелік жинақ ретінде облыс көлеміне таратуға ұсынуды қуаттаймын.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қабылданған
ШЕШІМ:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манкишева Айымжан Меңдіханқызының 5-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» тақырыбындағы әдістемелік жинағын іс-тәжірибе ретінде тарату туралы ұсынба облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне жолдансын.
Төрайымы: Р.Аткешова
Хатшысы: Қ.Ахинбасов
Хаттама № 2
2022 жылдың 18 наурыз күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді.
Қатысуға тиісті - 3
Қатысқаны – 3
Күн тәртібінде:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ихласова Арайлым Темирхановнаның «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда сатылай кешенді талдау» тақырыбындағы жұмысын қарап, облысқа ұсыну.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ихласова Арайлым Темирхановнаның жұмысының үлгісімен таныстырылды.
Жарыс сөз: Б.Мырзагалиева - А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Әдістемелік құрал оқушылардың мектептің негізгі сатысында меңгерген білімдерін практикалық тұрғыда кеңінен қолдана алуына, теориялық білімдері негізінде Н.Оразахынованың әдістемесі бойынша тілдік материалдарға сатылай талдау жасай алуға мүмкіндік туғызу. Жалпы қазақ тілінің негізгі курсынан меңгерген білімдерін жүйелеп одан әрі жаттықтыра түсуге бағытталған. Қазіргі кезде оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, оқушыларды ізденуге, ойлануға, шығармашылығын дамытуына арналған әдістемелік құрал екенін айта келіп, әдістемелік құрал ретінде облыс көлеміне таратуға ұсынуды қуаттаймын.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қабылданған
ШЕШІМ:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ихласова Арайлым Темирхановнаның «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда сатылай кешенді талдау» тақырыбындағы әдістемелік құралы іс-тәжірибе ретінде тарату туралы ұсынба облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне жолдансын.
Төрайымы: Р.Аткешова
Хатшысы: Қ.Ахинбасов
Хаттама № 2
2022 жылдың 18 наурыз күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді.
Қатысуға тиісті - 3
Қатысқаны – 3
Күн тәртібінде:
1.Жаңатаң негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері педагог-зерттеуші Омарова Ақмарал Нұрлыбекқызы мен педагог-модератор Мусина Айнұр Жұмабайқызының «5-6 сынып оқушыларына эссе жаздыртудың тиімді жолдары» әдістемелік көмекші құралын жұмысын қарап, облысқа ұсыну.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Омарова Ақмарал Нұрлыбекқызы мен Мусина Айнұр Жұмабайқызының «5-6 сынып оқушыларына эссе жаздыртудың тиімді жолдары» әдістемелік көмекші құралы жұмысының үлгісімен таныстырылды.
Жарыс сөз: Н.Утегенова – Казталов мектеп-лицейінің педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Эссе жазу жолдары жүйелі көрсетілгенін, эссе жаздыртудың жаңашылдығын, онда қолданылған практикалық жұмыстар мен келтірілген дәлелдемелерден байқалады. Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілетіне байланысты тұжырымдама жасалған. Оқушылардың жеке әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын көрсетудің жолы түсіндіріліп, стилі баяндалған әдістемелік құрал екенін айта келіп, әдістемелік көмекші құрал ретінде облыс көлеміне таратуға ұсынуды қуаттаймын.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қабылданған
ШЕШІМ:
1.Жаңатаң негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері педагог-зерттеуші Омарова Ақмарал Нұрлыбекқызы мен педагог-модератор Мусина Айнұр Жұмабайқызының «5-6 сынып оқушыларына эссе жаздыртудың тиімді жолдары» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралы іс-тәжірибе ретінде тарату туралы ұсынба облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне жолдансын.
Төрайымы: Р.Аткешова
Хатшысы: Қ.Ахинбасов
Хаттама № 1
2022 жылдың 16 қаңтар күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді.
Қатысуға тиісті - 3
Қатысқаны – 3
Күн тәртібінде:
1. Казталов ауданы, Бостандық ЖОББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогикалық өтілі – 19 жыл, педагог-сарапшы Малаева Камшат Ахметжановна, Казталов ауданы, А.Хұсайнов атындағы ЖОББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кайратова Гульнур Кайратовна, педагогикалық өтілі – 19 жыл, педагог-сарапшы «Развитие функциональной грамотности учащихся 8 классов при подготовке к олимпиаде по русскому языку и литературе» тақырыбындағы іс-тәжірибесін қарап, облыстық сараптама кеңесіне ұсыну.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша К.А.Малаева мен К.Г.Кайратованың жұмыс үлгісімен таныстырылды.
Жарыс сөз: Б.Шакуова - А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
К.А.Малаева мен К.Г.КайратовнығДуйсакованың «Язык – это история народа» тақырыбындағы тақырыбындағы факультативтік курсы мұғалімдерге көмекші құрал, 8 сынып оқушыларының білім, білік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың әрбір тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеп, қорытындылауда маңызы зор. Факультатив курс бағдарламасы мектептің 8-сынып оқу бағдарламасына талаптарына сай құрылған, тақырыптарды түгел қамтиды. Оқушылардың өз бетімен іздену, кез келген жағдаяттарда шешім қабылдауына көмектеседі. Аталмыш іс-тәжірибе бағдарламасы жас ұстаздарға, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, олимпиадаға даярлаушы ұстаздарға әдістемелік көмекші құрал ретінде де пайдалануға болады.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша қабылданған
ШЕШІМ:
1.Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Дуйсакованың «Язык – это история народа» тақырыбындағы факультативтік курсы бағдарламасы іс-тәжірибе ретінде тарату туралы ұсынба облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне ұсынылсын.
Төрайымы: А.Кенжегалиева
Хатшысы: Қ.Ахинбасов