ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Г.Гарднердің көптік зият теориясына сәйкес білім алушылардың қабілеттілікті анықтау үшін модификацияланған тесті әзірленді. Гарднердің көптік зият теориясына сай қабілеттілікті анықтау тесті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» психологтері құрастырып, 2012 жылдан бері тәжірибеде қолданылып келеді.
Тестті қолдану нұсқаулығы: Тест үш бөлімнен тұрады. 1-бөлімде тест берілген. Тест 13 секцияға бөлінген. Әр секцияда 10 тұжырым берілген. Егер берілген тұжырыммен келіссеңіз «1», келіспесеңіз бос қалдыру қажет.
Тест қорытындысы:
Тест қорытындысын есептеу 2-бөлімде берілген кестеге сәйкес анықталады. Барлық тұжырымды мұқият оқып танысып болған соң, әр секция бойынша сандарды қосып нәтижені 10 санына көбейту қажет. Нәтижені 3-бөлімде берілген кестеге түсіруге болады. Басым секцияға сәйкес қабілеттілік сипаты анықталады. Қабілеттілік көрсеткіші 3-бөлімнің кілтінде көрсетілген.
Г.Гарднердің көптік зият теориясына сәйкес білім алушылардың қабілеттілікті анықтау үшін модификацияланған тест
Аты-жөні ___________________________ Сыныбы ____________________
I бөлім
Сізді сипаттайтын нақты пікірдің жанына “1” санын қоя отырып, әр секцияны толтырыңыз. Егер пікірдің сізге қатысы болмаса орынды бос қалдырыңыз. Содан кейін әр секциядағы ұпайларды санаңыз. | |
1- секция ___ Маған заттар мен нәрселерді жалпы сипаттарына және белгілеріне сай реттеген ұнайды. ___ Экологиялық мәселелер мен үшін өте маңызды. ___ Мен өзіме «Мен кіммін? Не үшін өмір сүремін?» деген сияқты сауалдарды жиі қоямын. ___ Маған саяжайда немесе бақшада жұмыс істеген ұнайды. ___Менің ойымша, табиғатты қорғауға көп көңіл бөлу керек сияқты. ___ Мен өзімді Табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінемін. ___ Мен жан -жануарларды жақсы көремін. ___ Мен қоршаған ортаның эмоционалды жағдайындағы өзгерістерге сезімталдықпен қараймын. ___ Мен өлі және тірі табиғатпен де рухани байланысты сезінемін. ___ Мен тіпті көзге көрінбейтін айырмашылықты таба аламын. _____1-секция үшін барлығы: ___ | 5 -секция ___ Мен практикада көбірек үйренемін. ___ Маған барлығын өз қолыммен істеген ұнайды. ___ Мен әуенді естігенде билегім келеді. ___Мен әңгіме кезінде қимылдарды немесе қарым-қатынастың вербалды емес түрін қолданамын. ___ Түсіндіріп немесе айтып бергенге қарағанда көрсету мен таныстырған жақсы. ___ Мен өз қолыммен бір нәрселер істегенді ұнатамын: тігу, шеберлік, жөндеу. ___ Маған құралдармен жұмыс істеген ұнайды. ___ Мен жұмыссыз отыра алмаймын. ___ Маған тәжірбиелік іс -әрекет қызықтырақ. ___ Мен белсенді өмір салтын жүргіземін. 5-секция үшін барлығы _____ |
2-секция ___ Мен үлгі бойынша жылдам табамын. ___ Мен дыбыс пен шуға жылдам назар аударамын. ___ Мен үшін ырғаққа салу жеңіл. ___ Маған әуен шығару ұнайды. ___ Мен өлеңдердің ұйқасын айырамын және түсінемін. ___ Мен өлең сөздерін ұйқастыра отырып, есімде сақтай аламын. ___ Мен үшін шулы ортада зейінімді шоғырландыру өте қиын. ___ Табиғаттың дыбыстары менің жанымды жібітеді. ___ Мені драмалық қойылымнан гөрі мюзикл қызықтырады. ___ Мен әннің сөздерін жылдам жаттаймын. 2-секция үшін барлығы _____ | 6- секция ___ Маған шет тілдері қызықты. ___ Маған кітап, журналдар оқыған және веб-сайтарды қараған ұнайды. ___ Мен күнделік жүргіземін. ___ Мен сөзжұмбақ шешкенді ұнатамын. ___ Мен бір нәрсені есте сақтау үшін, түртіп қоямын. ___ Мен достарыммен хат арқылы және электронды пошта арқылы қатынас жасаймын. ___ Мен өз ойымды басқаларға оңай жеткізе аламын. ___ Мен ләззат алу үшін өлеңдер (әңгімелер) жазамын. ___ Каламбурлар, анаграммалар және бас қатырғыштар - өте қызықты жаттығулар. ___ Маған көпшіліктің алдына шығып сөйлеу және дебаттарға қатысу ұнайды. 6-секция үшін барлығы _____ |
3- секция ___ Мен ұқыптымын және барлық нәрседе тәртіп болғанын қалаймын. ___ Кезең-кезеңмен жоспарлау - жұмыста және оқуда өте үлкен көмек. ___ Мен мәселенің шешімін жылдам табамын. ___ Маған жинақы емес адамдар ұнамайды. ___ Мен ойша тез санай аламын. ___ Маған логикалық бас қатырғыштарды шешу ұнайды. ___ Мен алдымен жинақыланбай, тапсырманы орындауға кірісе алмаймын. ___ Құрылымдау – жақсы дүние. ___ Мен дұрыс істемей тұрған заттарды жөндегенді ұнатамын. ___ Заттардың мен үшін мәні болу керек, немесе мен қанағаттанбайтын боламын. 3-секция үшін барлығы ________ | 7 -секция ___ Менің оқуым пәнге деген қатынасыма тәуелді. ___ Мен басқаларға көмектескенді ұнатамын. ___ Мен өзімнің адами принциптерімді нақты түсінемін. ___ Маған егер пән ұнаса, онда мен сол пәнді өте жақсы оқимын. ___ Әділеттілік - мен үшін өте маңызды. ___ Мені әлеуметтілік әділеттілік мәселесі алаңдатады. ___ Мен үшін өзіндік жұмыс та, топта жұмыс істеу секілді тиімді бола алады. ___ Бір нәрсені бастамас бұрын, алдымен мен не үшін істеу керектігін білуім қажет. ___ Мен егер бір нәрсеге сенсем мен барлық күш-жігерімді осыған бағыттаймын. ___ Мен қатемді түзету үшін өз ойымды ашық айта аламын. 7-секция үшін барлығы _____ |
4 -секция ___ Мен командада жұмыс істеп үлкен жетістіктерге жетемін. ___ Маған ресми емес әңгімелер де, маңызды пікірталастарда ұнайды. ___ Мен ұжымда жұмыс істегенді ұнатамын. ___ Мен өз құрбыларым мен достарымның арасында көшбасшы ретінде жиі шығамын. ___ Маған топпен бірге оқу тиімдірек. ___ Топта жұмыс істей отырып, мен топтың басқа мүшелері туралы ойлаймын. ___ Мен үшін достарым өте маңызды. ___Мен екіден көп клубтардың немесе ұйымдардың мүшесі болып табыламын (спорттық, қызығушылығым бойынша). ___Маған жалғыз жұмыс істеген ұнамайды. ___Маған демалыс күндерімді отбасыммен өткізген ұнайды. 4-секция үшін барлығы _____ | 8 -секция ___ Маған бөлмемдегі заттардың орнын ауыстыру немесе интерьер жасаған ұнайды. ___ Мен өз өнер туындыларымды жасағанды ұнатамын. __ Мен графикалық бейнелерді пайдаланғанда ғана есте жақсы сақтаймын. ___ Маған БАҚ- тың барлық ойын- сауық түрлері ұнайды. ___ Графиктер, диаграммалар және кестелер маған мәліметтерді түсіндіруге көмектеседі. ___ Музыкалық бейнебаян менің әнге деген қызығушылығымды оятуы мүмкін. ___ Егер маған бір нәрсені есіме түсіру керек болса, мен алдымен қиялымда осы заттың бейнесін қайта жаңғыртамын. ___ Мен карталар мен жобаларды жақсы айырамын. ___ Мен дүниені үш қырынан қарастырамын. ___ Мен өз ойымды ойша миымда нақты елестете аламын. 8--секция үшін барлығы ______ |
9- секция ___ Мен музыкаға сөз құрастырғанды ұнатамын. ___ Мен сөздерді ұйқастыра отырып, есімде сақтаймын. ___Менің өлеңдерін қайта-қайта оқығанды ұнататын ақындарым бар. ___ Мен әңгіме айтқанда және хат жазғанда қанатты сөздерді және нақыл сөздерді қолданамын. ___ Маған сөз ұйқастарын табу ұнайды. ___ Мен оқиғалар құрастырғанды ұнатамын. ___ Маған оқиғаларды өлең түрінде айтқан ұнайды. ___ Мен өлеңді оқыған кезде жан тәнімен берілу керек деп санаймын. ___Маған ақын кештері мен сайыстарына қатысқан ұнайды. ___ Мен аз сөзді пайдаланып, бір нәрсені сипаттай аламын. 9-секция үшін барлығы _____ | 10 -секция ___ Маған концерттер мен спектаклдерді талдаған ұнайды. ___ Мен адамдармен жұмыс істегенді ұнатамын. ___Маған әртүрлі театрландырылған қойылымдарда, тамашаларда ойнаған ұнайды. ___ Мен әрқашан басқалардың маған назар аударғанын ұнатамын. ___ Мен өзімді басқа бейнеде оңай көрсете аламын. ___ Маған әдемі және жарқын киінген ұнайды. ___ Мен біреулердің әңгімесін «сөзбе сөз» есімде сақтай аламын. ___ Мен әртістерге пародия жасағанды ұнатамын. ___ Мен тіпті алғаш рет болып отырған ортада да өзімді жайлы сезіне аламын. ___ Мен өз қолыммен нәрселер жасағанды ұнатамын. 10-секция үшін барлығы__________ |
11 -секция ___Бала кезімде мен тамақ пісіруге көмектесем деп анамның мезісін шығарыппын. ___ Мен өзім тамақтың жаңа рецептін жиі ойдан шығарамын. ___ Маған тамақтың жаңа түрін шығару үшін, әртүрлі азық- түлікті қосқан ұнайды. ___ Маған тамақ істеу үрдісінің өзі керемет сезім береді. ___Маған тағамның эстетикалық рәсімделуі өте маңызды. ___ Мен аспаздық теле бағдарламаларды жиі көремін. ___Мен барлық туыстарым мен жақындарымның жақсы көретін тағамдарын білемін. ___ Мен тамақты жақсы көңіл- күймен барынша беріле отырып пісіру керек деп санаймын. ___ Мен дәмдеуіштерді дәмі және иісі бойынша айыра аламын. ___ Маған қонаққа туыстарым немесе достарым келсе, оларды жылы шыраймен қарсы аламын. 11--секция үшін барлығы______ | 12- секция ___ Мен демалыс белсенді болу керек деп санаймын. ___ Мен жаяу жүргенді ұнатамын. ___ Спорт – менің өмірімнің бір бөлігі. ___ Мен спорттық сайыстар мен секциялардың қатысушысымын. ___ Маған спорттық ойындар мен жарыстар, эстафеталар ұнайды. ___ Мен шыныққан, шыдамды адаммын. ___ Бала кезімде шапшаң ойындарды ұнататынмын. ___ Менің спорт әлемінде табынушым бар. ___ Мен киімнің спорттық стилін құптаймын. ___ Мен аптасына 4 рет спорттың қандай да бір түрімен айналысамын (жүгіремін, волейбол, баскетбол, теннис ойнаймын және т.б.). 12-секция үшін барлығы_______ |
13 -секция __ Мен шахмат ойнағанды ұнатамын. ___ Мен гуманитарлық пәндерден гөрі нақты пәндерді ұнатамын (математиканы, физика). __Мен формулаларды, шартты белгілерді жылдам есімде сақтаймын. ___ Мен қарым- қатынас үшін немесе хат алысу үшін өз шифрымды құрдым. ___ Мен математикалық функциялардан ғажап дүние көрдім. ___ Мені физикалық құбылыстардың табиғаты мен әлемнің құрылу тарихы қызықтырады. ___ Мен өз болашағымды нақты ғылымдармен байланыстырғым келеді. ___ Мен бұрынғы математикалық ғылыми концепциялардың қалай дамығанын білгім келеді. ___ Маған ғылыми зерттеушілік сипаттағы іс-шараларға қатысу мен эксперимент өткізу ұнайды. ___ Мен ғылыми журналдар мен кітаптарды оқығанды ұнатамын. 13-секция үшін барлығы ____ | |
ІІ бөлім
Енді әр секцияның нәтижелерін формаға салып 10- ға көбейтіңіз:
Секция | Барлық ұпай | Көбейту | Қорытынды ұпай |
1 | | х10 | |
2 | | х10 | |
3 | | х10 | |
4 | | х10 | |
5 | | х10 | |
6 | | х10 | |
7 | | х10 | |
8 | | х10 | |
9 | | х10 | |
10 | | х10 | |
11 | | х10 | |
12 | | х10 | |
13 | | х10 | |
III бөлім
Шыққан нәтижені төменде берілген кестеге түсіріңіз.
100 | | | | | | | | | | | | | |
90 | | | | | | | | | | | | | |
80 | | | | | | | | | | | | | |
70 | | | | | | | | | | | | | |
60 | | | | | | | | | | | | | |
50 | | | | | | | | | | | | | |
40 | | | | | | | | | | | | | |
30 | | | | | | | | | | | | | |
20 | | | | | | | | | | | | | |
10 | | | | | | | | | | | | | |
0 | 1-секция | 2-секция | 3-секция | 4-секция | 5-секция | 6-секция | 7-секция | 8-секция | 9-секция | 10-секция | 11-секция | 12-секция | 13-секция |
Кілті:
Әр секция бойынша қабілеттілік | Сипаты |
1 -секция - сіздің натуралистік қабілетіңізді сипаттайды |
|
2 -секция –сіздің музыкалық қабілетіңізді сипаттайды |
|
3 -секция – сіздің логикалық қабілетіңізді сипаттайды |
|
4 -секция – сіздің тұлғааралық қабілетіңізді сипаттайды |
|
5 -секция – сіздің моторлы- қозғалыс қабілетіңізді сипаттайды |
|
6- секция – сіздің вербалды лингвистикалық қабілетіңізді сипаттайды |
|
7 -секция – сіздің ішкі жеке тұлғалық қабілетіңізді сипаттайды |
Өз әрекеттері мен қылықтарын ойластыруға және өзіндік баға беру мүмкіндігі болса, өзін жақсы сезінеді.
|
8 -секция – сіздің визуалды кеңістікті қабілетіңізді сипаттайды |
|
9 - секция – сіздің ақындық қабілетіңізді сипаттайды |
|
10 -секция – сіздің әртістік қабілетіңізді сипаттайды |
|
11 -секция – сіздің аспаздық қабілетіңізді сипаттайды |
|
12- секция – сіздің спорттық қабілетіңізді сипаттайды |
|
13 -секция – сіздің математикалық және зерттеушілік қабілетіңізді сипаттайды |
|