ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



БАСТАУ-БИЗНЕС

ЖОБАСЫНЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫ


«Жылқы малын өсіру»




Жоба инициаторы:

Ғазез Жалғас Аманжолұлы

Индербор, 2019 жыл.


Жоба туралы жалпы ақпарат

Жобаның атауы

Жылқы малын өсіру


Жоба мақсаты

Жылқы малын басу


Жобаның саласы

Ауылшаруашылығы


Жобаның мәні (Бизнес – жоспардың қажеттілігі)

грант қаражатын тартуды көздейді.


Жобаны жүзеге асыру орны

(кәсіптің іске асыру орны)

Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай селосы Махамбет 11

Жоба кезеңі (жоба қай кезеңде тұр)

бастапқы

Жұмысты іске асыру кезеңі

2019 жыл

Экономикалық көрсеткіштері

Өнімді өткізу орындары

Аудан базарларымен тұтынушылары.

Жобаны жүзеге асырушысы туралы жалпы ақпарат

Мекеменің толық атауы

Ғазез Жалғас Аманжолұлы

Жұмысшылар саны

1 жұмысшы

Меншік түрі

Жеке

Басшының Т.А.Ж.

Ғазез Жалғас Аманжолұлы

Жобаға жауапты тұлғаның Т.А.Ж.

Ғазез Жалғас Аманжолұлы

Заңдық мекен - жайы

Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай селосы Махамбет 11

Тұрақты мекен - жайы

Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай селосы Махамбет 11

Байланыс тетіктері

8 702-581-08-37


Жобаның сипаттамасы «Мал шаруашылығын дамыту»

Жоба мемлекеттің «Еңбек» «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша мемлекет қаражатымен іске асырылады.
Жоба туралы қысқаша мәлімет
ЖК «Дастан» Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті Махамбет 18/25

. Жылқы малының басын көбейтіп, қымыз ет, ет өнімдері (қазы жал-жая) өнімдерін өндіруді қолға алу.

Кесте 1. Жобаны іске асыруға қажетті қаражат мөлшері.


 

Шығын атауы

Барлығы

Қаржыландыру қорлары

Өзіндік қаражаттар

Тартылған қаражаттар

1

Жобаға қажетті қаражат

505 000




-

 

Жалпы

505 000




-


Кесте 2. Жылқы сатып алуға қажетті қорлар.





Атауы

Саны

Бағасы 1 бас

Суммасы

1

Аналық құлынды бие сатып алу

2

252 500

505 000

 

Жалпы:

 

400 000

505 000


Жобаның мақсаты.

  • Мал шаруашылығын дамытуға қажетті инвестиция тартып пайда табу;

  • Мал шаруашылық өнімдерін өсіру, дайындау, өндеу, өндіру және өткізу;

  • Ауыл шаруашылық, мал шаруашылық және басқа да өнімдерді нарықтағы сұранысқа сәйкес заңды және жеке тұлғаларға нақты ақша немесе қолма-қол ақшаға сату;

  • Халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету;

  • Қосымша жұмыс күш яғни жұмыссыз жүрген азаматтарға өз септігімізді тигіземіз.


Жобаның маңыздылығы

  • Біздің өндіргелі отырған өнімдер саудада халықтың күнделікті сұранысына ие болып отырған өнімдер.

  • Жылқының сүті, ет өнімдері ауыл және қала тұрғындарының басты қажеттілігі. Соңғы 7-8 жыл бойы бұл өнімдердің бағасы 10 есе өскені болмаса ешқандай төмендеген емес және тұрақты түрде сұранысқа ие болып келеді.Әсіресе биенің жаңадан сауылған сүті саумалы адам денсаулығына пайдасы орасан зор. Осыдан кейін жылқы малын ұстаудың маңыздылығы зор екендігі анық байқалады


Маркетинг пен сату жоспары
Сатылатын өнім түрлері:

  • Қымыз, ет, ет өнімдері

  • Мүйізді ірі қара мал басын көбейтіп, сату

  • Ет,


Нарық сараптамасы


  • Индер ауданында қымыз өндірушілер саны өте аз. Сұраныс күннен күнге артуда.

  • Бізде немесе көршілес аудандарда биені желіге байлап, қымыз өндіріп отырған ешкім жоқ.


Өнімдерді сату жоспары


  • Жылқыны арқандап немесе жайылымда жайып сауу кезеңі бойынша сауу мен сүттің өзіндік құны төмен болады және сапасы жоғары болады. Жем-шөп шығыны аз және табиғи шөпті жеген малдың сүті сапалы, етіде дәмді.

  • Малды өрісте жайып семірткендіктен бұл малдың өзіндік құны төмен болады. Сондықтан да бұл малды сату қиынға соқпайды, біз малды нарық бағасынан әлде қайда төмен сата аламыз.

  • Мал даяр болуына қарай жыл-он екі ай сатылады. Себебі семіріп жетілген малды артық ұстаудың қажеті жоқ.

  • Қыс айларында мал сату жұмыстарын тоқтатпау үшін, қажетті түрде малға жем берілуі керек, бұл малды семірту үшін де және өзіде семіріп келген малды аздырып алмау үшін қажет.


Маркетинг


  • Біз өндіретін өнімімізді жақсы бағамен өткізіп отыру үшін арнайы, сату жүйесімен өзім айналысамын. Міндетіне тауарды өткізу, облысымыздың барлық аудандарындағы ауылдардағы нарықты біліп отыру, сауда ұйымдарымен келісім-шарт жасау. Сонымен қатар болашақта сатып алынатын тауарларды қадағалау, тауардың сапасын қадағалауды, жарнама жұмыстарын жолға қою міндеттері жүктеледі. Сонымен қатар біздің өнімдеріміз алдын ала тапсырыс бойынша дайындалып және тәулік бойы 24 сағат ішінде тұтынушымызға жеткізіліп беріліп отыруына жағдай жасалады.


Бәсекелестерімізден артықшылығымыз.
Сату жүйесінде біздің артықшылығымыз сапа жағынан және дайын өнімді үлкен тұтынушылармызға атап айтқанда кафелерден, мейрамханалардан, дәмханалардан қымыз ет өнімдеріне тапсырыс қабылдап уақытылы жеткізіп берілуімен қамтамасыз етеміз.
Өндірістік жоспар.
1.Азық. Малды дұрыс өсіріп, мол өнім алу үшін және оны өз төлінен ұдайы көбейту үшін қажетті бүкіл қоректік заттармен қамтамасыз ететін берік жем, шөп базасы болмай, мал шаруашылығын өркендету мүмкін емес.

Сондыктан біздің басты стратегиямыз малдың азығын жем шөпті алғашқыда ең арзан тиімді бағамен тікелей шаруа қожалықтардан және осы кәсіппен айнылысатын ауыл тұрғындарынан делдалсыз көтерме бағамен сатып алу. Кейін өнім сатылып бос қаражат көздері пайда болғанда егісті алқаптарды сатып алып, өзіміздің жем шөп дайындайтын және өндейтін цех ашу.
Азықтың химиялық құрамы.


  • Егер мал протеинді жеткілікті мөлшерде ала алмайтын болса, онда организмдегі зат алмасу процесі кезінде, ол денедегі белокты жұмсайды, мұнан малдың өлуі мүмкін. Сондықтан малды азықтандырғанда организмнің қажетті мөлшерде белок алуын толық қамтамасыз ету керек.

  • Белокқа бай азықтар – сұлы, күрмек, жоңышқа мен беде пішені, ет ұны, ал астық тұқымдастар пішенінде, сабанда, тамыр жемістілерде белок аз болады. Бұршақты дақылдардың көк балауса өсімдігі амидтерге бай келеді. Азықтың азотсыз заттары майға және углеводтарға бөлінеді.

  • Майға бай азықтар – күнжара, зығырдың, күнбағыстың дәні, ал тамыр жемістілерде, картопта, көк шөпте, сүрлемде ол аз болады. Майдың калориялығы жоғары және ол организмде ең маңызды қуат көзі болып табылады. Май және азықтың углеводтары - негізінен мал денесінде май құрауға жұмсалады.


Малды азықтандыру:


  • Азықтандыру - малдың өсуі, жетілуі, салмағы, экстерьері мен өнімі үшін де шешуші роль атқарады. Академик М.Ф.Иванов, организмге малдың тұқымы мен ататегінен гөрі азық және азықтандыру үлкен әсер етеді деп жазды. Егер азықта қандай да болмасын қоректік заттардың бірі (протеин, май, углевод, минерал тұздары және витаминдер) жетіспесе ол уақытта мал нашар өсіп, нашар жетіледі, азыққа тәбеті болмайды және ауруға шалдығады.

  • Организмге қажетті қоректік заттардың мөлшері малдың жасына, физиологоиялық күйіне, өніміне, салмағына, ауаның температурасына және басқа да сыртқы жағдайларға байланысты. Өскелең жас организм бір қоректік затты керек етсе, өсуі тоқталған мал екінші бір қоректік затты керек етеді.




Жайып семірту:


  • Жайып семіртудегі мақсат – малдың салмағын көбейту, оның қондылығын ең жоғары дәрежеге жеткізу.

  • Малды қорада бордақылау – қолдан жемдеп бордақылау, ал жайылымда көк шөпке бордақылау – жайып семірту деп аталады.

  • Жайылым оты – саумалы, қымыз және ет үшін өсірілетін малдың негізгі азығы болып табылады. Малды жайылымда бағып, қажетті жағдайда оларға үстеп жем беру арқылы шаруашылық қосымша салмақ алады, әрі олардың өзіндік құны арзандайды.


Жайып семірту:


  • Малды жайып семірту жұмысына едәуір дәрежеде малдың түлігі, тұқымы, жасы, азық және т.б. ықпалын тигізеді.

  • Жайып семірту жұмысы, алдымен, жынысы, жасы, салмағы, қондылығы бірдей малдан табын құраудан басталады.


Ұйымдастыру жоспары:

  • Осы жобаны іске асыру үшін:

Мал бағуға және оны күтіп баптауға малшы мамaнды іріктеп алу. Қазірдің өзінде мал бағуға келісімін беріп отырған жанұялар бар. Кезінде мал баққан жақсы азаматтар. Дегенмен әр малшымен заңды күші бар келісім шарт жасалады, бұл келісім шарт екі жақтың да мүддесін толық қамтамасыз ететін болады. Айлық табысы да малының қоңдылығына қарай төленеді. Малшының істеген жұмысына қызықтыру үшін, малын жақсы семірткен малшыларға қосымша төлем ақы берілетін болады.

SWOT талдау

Күшті жақтары

  • Өнімге сұраныстын жоғарлығы

  • Өнімге сұраныстын тұрақтылығы – 12 ай

  • Өңірдін табиғи қолайлығы

  • Мал азығынын жол жетілімділігі

  • Жобаны іске асырушының жоғары тәжірбиесі

Әлсіз жақтары

  • Өнімнің сақталу мерзімінің қысқалығы

  • Қаржының жетіспеушілігі



  • Өнім түрлерінің аз болуы

  • Ветиринарлық тәжірибесінің төменділігі

Мүмкіндіктер

  • Мемлекетің қолдау бағдарламалары

  • Өнімнің экспортқа шығару мүмкіндігі

  • Мал басын көбейту және асылдандыру

  • Өнімнің өзіндік құнын төмендеуі және өнімділік көлемін арттыру

  • Маусымның тәуелділігі

Қауп қатерлері

  • Табиғат апаттары

  • Ұрлық-қарақшылық

  • Ауру түрлерінің көп болуы





Қаржылық жоспар
Өнімдерді сатудан түсетін түсім
(қаржылай, өлшем бірлігі теңге).



Атаулар

1 жыл

2 жыл

3 жыл

4 жыл

5 жыл

Сауылатын кезен

0

180 күн

180 күн

180 күн

180 күн

Өндірілетін сүт

көлемі әр биеден 2 литр қымыз тәулігіне береді

0

360 литр

360 литр

360 литр

360 литр

Сүттен түсетін табыс

(1 литр қымыз 800 тенге)

0

288 000

288 000

288 000

288 000

жиыны

0

288 000

288 000

288 000

288 000


Жалпы түсім барлығы 1 152 000