Файл: Реферат Таырыбы Электрлік машиналар жне жетектер Орындаан Болатов. А. А тексерген Оразбекова. А. К астана 2023 Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 56

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Реферат

Тақырыбы: Электрлік машиналар және жетектер

Орындаған:Болатов.А.А

Тексерген:Оразбекова.А.К

Астана 2023

Мазмұны

Кіріспе

1.Электр машиналары туралы қысқаша тарихи мәліметтер.

2.Электрлік жетек және онын кұрылымы.

3.Электр машыналарды техникада қолдану.

Қорытынды.

Қолданылған адебиеттер.

Кіріспе


      Электрлік машина жасау XIX ғ. ортасында дами бастады. Сол уақыттағы оқымыстылармен жүргізілген электрмагниттік өрісті зерттеулер практикалық қолданысқа ие модельдерді құрастыруға мүмкіндік берді.

Белгілі мағыналы жұмыстарға француз физигі А. Ампер, ағылшын физигі М. Фарадей және орыс ғалымдары Э. Ленц, Б. Якоби және М.О. Доливо-Добровольский ие болды, олардың жұмыстары айнымалы токты пайдалануда қуатты серпіліс берді. XX ғ. басында электр энергиясын халық шаруашылығында пайдаланудың айрықша артықшылықтары және кең мүмкіншіліктері болды. Электр энергиясының, яғни өндірудің қарапайымдылығы, түрлендіруі, трансформациялануы, таратуы және алыс арақашықтыққа тасымалдануы сияқты тамаша қасиеттері дәлелденіп және практика жүзіне енгізілді.

Электр генераторы және электр қозғалтқышы ұзақ уақыт бойы бір-біріне тәуелсіз дамыды, тек XIX ғ. 70 ғ. жылдары олардың даму жолдары бірікті.

Тұрақты токтағы электрлік машиналардың дамуы төрт кезеңді өткерді:

а) тұрақты магниттегі магнитэлектрлік машиналар;

б) тәуелсіз қоздырылатын электрмагниттік машина;

в) қарапайым зәкірлердегі және өзі қоздырылатын электрмагнитті машина;

г) зәкірлері және көп полюсті жүйелері жетілдірілген.

Электр машиналардың бастапқы даму кезеңі тұрақты токпен байланысты. Бұның түсіндірілуі, яғни электр энергиясының тұтынушылары ретінде тек тұрақты токта жұмыс істейтін құрылғылар (доғалы шамдар, гальванопластикалық құрылғылар және т.б.) болды.

Электр темір жолдарының дамуынан электр қозғалтқыштарына және генераторларға деген сұранысты ерекше арттырды. XVIII ғ. 80 жылдары электр энергиясын арақашықтыққа тасымалдаудың қажеттілігі туды. Бірақ та тұрақты токтағы генераторлардағы жоғарғы кернеу коллектордың жұмысын нашарлатты, апатқа жиі ұшыратты.

Айнымалы токты дамытуда 
елеулі еңбек сіңірген орыс ғалымы П.Н. Яблочковка 1876 жылы өзі ойлап тапқан электр шамдарын қоректендіру үшін трансформаторларды пайдаланды.

Қазіргі уақытта қолданылатын тұйықталған магнит өткізгіші бар трансформаторлар 1884 ж. пайда болды. Трансформаторлар ойлап-құрастырылғаннан кейін, оған дейін қолданысқа ие болмаған айнымалы токқа деген техникалық қызығушылық пайда болды.

Орыстың белгілі электртехнигі М.О. Доливо-Добровольский 1889 ж. айнымалы токтағы үш фазалы жүйені ұсынды, бірінші болып үш фазалы асинхронды қозғалтқышты және бірінші болып үш фазалы трансформаторды құрастырды. 1981 ж. Франкфурт-на-Майнадағы электротехникалық көрмеде М.Д. Доливо-Добровольский тәжірибелік 175 шақырым арақашықтыққа (Франкфурт-на-Майнадағы Лауфен жерінде) айнымалы токтағы жоғары вольтті электр тасымалдауды көрсетті. Үш фазалы генератор 95 В кернеуінде 230 кВА қуатқа ие болды. Үш фазалы трансформаторлардың көмегімен Лауфендегі генератордың кернеуін 15 кВ-қа дейін жоғарлатылды және Франкфурт-на-Майндегі 65 В-қа дейін төмендетіліп қуаты 75 кВт сораптық құрылғының үш фазалы асинхронды қозғалтқышы қоректендіріледі. Жүргізілген тәжірибелерде екі трансформатордың жоғарғы кернеудегі екі орамасын тізбектей жалғау арқылы электр тасымалдау желісіндегі кернеу 28 кВ-қа дейін жоғарлатылды. Электр тасымалдаудың пайдалы әсер коэффициенті 77,4% болды және ол кезде жоғары саналды.

Одан әрі май трансформаторлары пайдалана бастады, яғни май жақсы оқшаулама және жақсы салқындату ортасы екені анықталды. Соңғы жүз жылдық электрлендірудің негізінде өндірістің және транспорттың тез өсуімен сипатталды. Трансформаторларға және электрлік машиналарға үнемділіктерін жоғарлату, массаларын және габариттерін азайту сияқты  жоғары талаптар қойылды. Трансформаторлардың және электрлік машиналардың жұмысы кезінде өтетін электрмагниттік және жылулық үрдістерін зерттеулерде, жаңа оқшауламалық материалдарды іздеулерде және электротехникалық болаттың қасиеттерін жақсартуда ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Белгілі-бір жұмыс атқаратын қондырғы негізінде үш бөліктен тұрады: козғалткыштан, беріліс механизмінеи және жұмысшы

машинадан. Қозғалқыш пен беріліс механизмі куат пен козғалысты козгалткыштан жұмысшы машинаға беруге арналған. Осы екеуі жетек болып бірігеді. Қазіргі кезде козғалткыштын негізгі түрі электрлік козғалткыш болғандықтан, козғалткыш пен беріліс механизмін электрлік жетек деп атау кабылданған. Технологиялык процестер және олардын аткарушысы болып табылатын жұмыс машиналары автоматтык баскарылатын және әртурлі өзгерістерге бейімді болуы керек. Сондықтан элекгр энергиасының да және механикалык знергиянын да параметрлері жұмысшы машинанын жұмыс элпіне сәйкесті реттелініп отырады. Қозғалткышка берілетін электр энергиясынын параметрлерін өзгерту үшін әртүрлі түрлендіргіштер қолданылады.

Олар кернеуді, жиілікті, фазаны немесе токтын тегін түрлендіруге немесе реттеуге арналган кұрылғылар болуы мүмкін. Ал козғалткыштан алынатын механикалык энергияның параметрлерін өзгерту және оны жұмысшы машинанын параметрлерімен сәйкестеу үшін әртурлі муфталар. редукторлар. пневматикалык және т.б. беріліс механизмдері колданылады. Электр энергиясын түрлендіргіш пен козғалтқыштың һөм беріліс механизмішн жұмысын баскарып және баігылап отыру үшін баскару кұрылтысы болуы керек. Ендеше электрлік жетек ЭЖ (25Л-сурет) электр энергиясын тулеңдіргіштен ЭЭТ, электрлік козғалткыштан М, беріліс механизмінен БМ және баскар». кұрылғысынан БҚ тұрады. Электрлік жетекке электр энергиясы көзі G мен жұмысшы машина )S М кірмейді.

Сонымен, электрлік жетек деп электр энергиясын механикалык энергияга түрлендіретін және түрлендіру жүйесін электрлік баскаруга арналган электромехан-икалык құрылғылар мен кондырғылардын жиынтығын айтады.

Топтык электрлік жетек деп бірнеше жұмысшы машинаиы немесе бір жұмысшы машинанын бірнеше аткарушы органдарын бір козғалткышпен козғалыска келтіретін жетекті айтады. Бірнеше аткарушы орган немесе бірнеше жұмысшы машина әртүрлі беріліс (тісті, таспалы. белбеулі, т.сс.) аркылы бір қозғалткышпен козғалыска келтірілетіндіктен, топтык жетектің сезімділігі және техникалык көрсеткіштері жеке жетекке қараганда төмен бодады. Сондыктан казіргі кезде топтык жетек сирек коданылады.

Өзара байланыскан электрлік жетек деп электрлік немесе механикалык байланыскан екі немесе одан да көп электрлік козғалткыштардан тұратын жетекті айтады. Кейбір өзара байланыскан электрлік жетекте электрлік қозғалткыштарівртак бір оілікке жұмыс істейді. Қазіргі электрлік жетек негізінен автоматтандырылған электрлік жетек болып келеді. Автоматтандырылған электрлік жетек бағдарлы баскарылатын, өзгермелі беруші сигнал бойынша аткарушы органнын орын ауыс-тыруын кадағалайтын, аткарушы органнын баптарына сәйкесті баскарылатын, аткарушы органнын жұмыс әлпіне сәйкесті автоматык бейімді баскарылатын талаптарға сай жұмыс істейді.

Электрлік жетектің жұмысы кезінде электрлік козғалткыштын айналдырушы моменті біліктегі барлык кедергі моментті женіп жұмысшы машинаны козғалыска келтіреді немесе жумысшы машинаны тежеп, оның айналу жылдамдыгьш өзгертеді яки токтатады. Жалпы алғанда. электрлік жетекгін козгалыс жылдамдығы үнемі өзгеріп отырады. Бұл козғалткышты жүргізіп жіберу мен тежеуден, жүкке байланысты кедергі күштің өзгеруінен, корек көзіндегі кернеудің өзгеруінен т.б. себептерден туындайды. Ал жылдамдыктын өзгеруінін салдарынан жетектің барлык құрылымындағы қозғалыстағы бөлшектердін кинетикалык энергиясы өзгереді. Жетек жүйесіндегі козғалыстын сипаты козғалткыштын айналдырушы моменті мен кедергі моменттің ара катынасына байланысты аныкталады. Егер айналдырушы момент пен кедергі момент өзара тең болса, онда козғалыс тұракты калыптаскан жылдамдыкка ие болады.


Электр аппараттарына тұрмыста қолданатын құрылғылардың көбін жатқызуға болады. Оларға: тоңазытқыш, үтік, компьютер, қысқа толқынды пеш, теледидар, кір машина, ұялы телефон т.б көптеген құрылғылар жатады.

Тоңазытқыш-температурасы қоршаған ортаның температурасынан төмен болатын, жоғарғы температурада микроаргонизмдер әсерінен жылдам бұзылатын азық-түлік  өнімдері мен тағамдарды сақтауға арналған құрылғы(сурет-1.7).Тұрмыстық тоңазытқыштардың компрессиялы және абсорбциялы деп аталатын екі түрі шығарылады. Олар бір-бірінен тоңазыту агрегатының әсер ету принципі және осыған сәйкес конструкциялық жасалу ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары бойынша ажыратылады.

 Тоңазытқышты пайдалану кезінде кейбір азық-түліктерді өте салқындатып жіберу оның дәмдік сапасын төмендететінін есте ұстау керек. Тоңазытқыштың ішіндегі ауа емін-еркін алмасып отыратындықтан оның әр деңгейіндегі температура да әр түрлі -төменгі температуралы бөліктің астына таяу аралықта 0˚С болса, әдетте басқа бөліктен әйнекпен бөлінген тоңазыту камерасының төменгі бөлігінде 6-7˚С болады. Температураның осылай әр түрлі деңгейде болуы азық-түлікті тиімді түрде орналастыруға, оларды сақтауға ыңғайлы жағдай тудырады. Сыр,сары май және басқа майлар тоңазыту камерасының үстіңгі сөресінде жақсы сақталады. Жеміс-жидек пен көкөністерді тоңазыту камерасының төменгі бөлігіндегі ыдысқа салып сақтау керек; бұлардың жақсы сақталуы және солып қалмауы үшін бөлгіш әйнекті алмау қажет.

Үтік – киім – кешектердің мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника(сурет-1.8). Үтіктер киімдерді тегістеп алғашқы әдемі мыжылыссыз қалпына келтіруде өздерінің салмағын және температурасын пайдаланумен қол жеткізеді. 

   Алғашқы үтік туралы деректер 1636 жылы орыс еліндегі жазбаларда кездесе бастады. Өйткені осы жалдың 31 қаңтарында патшаның шығын кітабында сатушы Трофимовка «Патшаға темір үтік жасап бергені үшін» 5 алтын толегені жазылған.

Ұялы телефон -  радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал(сурет-1.9).1875жылдың 2маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш  шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.


Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті.Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

 Қысқа толқынды пеш - тұрмыста тамақты тез дайындауға, қыздыруға және мұздаған тағамды жібітуге пайдаланады(сурет-1.10). Оның басқа аппараттардан айырмашылығы мұндағы жылу көзіне магнетрон тудыратын аса жоғары жиіліктегі электромагниттік толқындардың энергиясы пайдаланылады.

Қысқа толқынды  пештің  қыздыру принципі тамақтың дәмділігін жоғалтпай, витаминдерді  сақтауға, күйдірмеуге, тым қыздырып жібермеуге негізделген. Пеште тамақ дайындауға уақыт газ плитасына қарағанда 4-8 есе аз кетеді. Пайдалану кезінде пештің жан-жағы қызып кетпейді, тамақ күймейді, ас үйдің ауасы әрдайым таза болып тұрады. Бұл пештерде тамақ дайындау үшін шыны, фасфорфаянспластмасса, т.б. пайдалануға болады.

 Теледидар -  телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын  күшейту мен түрлендіруге арналған құрылғы(сурет-1.11).Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіреді. Теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданып келген кинескопты теледидардың орнын сұйақ кристалды, плазмалы теледидарлар басты. 

Кір жуғыш машина – кірленген бұйымдарды үй жағдайында жууға лайықты етіп шығарылған. Машинаның тоққа қосылуы сөндіргіш немесе таймер арқылы жүзеге асады(сурет-1.12). Таймер тұтақасын белгілі  бір уақытқа қойғанда, сәл уақыт өткен соң машина автоматты түрде тоқтайды. Кір судың шлангымен ағызып жібереді немесе насостың көмегімен сорғызып алады.

Алғаш құрастырылған машина арнайы тұтқа арқылы меңгерілген. Ал, 1907 жылы мотор арқылы жуатын кір жуғыш машина ойлап табылды. 1912 жылдан бастап, барлық үйлерде электрлі жүйеде жұмыс істейтін кір жуғыш машиналары қоладанылады. Алғаш машиналардың сыртқы бөлігі ағаштан жасалған. Кейін ол бөліктер алюминий, мырыш, жез металдары арқылы құрастырылды. Сонымен қатар, 1961 жылдан бастап кір жуғыш машинаның сыртқы бөлігі толықтай фарфорлы эмальмен қапталды. Бұндай машиналар судың кез-келген температурасына, кір жуғыш ұнтақтың әсеріне шыдаған. Машинаның бұлғауышы(мешалка) 1922 іске қосылды. Бұлғауыш кірді жоғарыдан асыға қарай және жан-жаққа қарай айналдырған. Ал, толық автоматтандырылған кір жуғыш машинасы 1937 жылы пайда болды. Көбіне машиналар 3-4кг кір жуады. Әр кір жуылған сайын 150 литр су кетеді. Сығу режимі арқылы жұмыс жасайтын кір жуғыш машинасы 1953 жылы саудаға шығарылған.