Файл: Реферат Таырыбы Электрлік машиналар жне жетектер Орындаан Болатов. А. А тексерген Оразбекова. А. К астана 2023 Мазмны.docx
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 57
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Компьютер (ағылш. computer -«есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина(сурет-1.13). Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі - есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі - басқару болып табылады. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару, эксперттің жүйелерді айтуға болады.Компьютердің құрылғылары.
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады.
Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидар ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те аталады.
Пернетақта - компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.
Тінтуір, кейде тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі немесе үш батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.
Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.
Қорытындылай келсек механикалық энергияны электр энергиясына немесе керісінше түрлендіруді іске асырушы құрылым электр машинасы деп аталады. Электр машиналары халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Олардың артықшылықтары: қуатты электр станцияларында олардың қуаттары 95-99%, өлшем бірліктері мен салмақтары аз, материалдарды пайдалану үнемді.
Электр қозғалтқыш деп аталатын басқа электр машинасы синхронды генератор өндірген электр энергиясын механикалық энергияға айналдыру арқылы өндірісте, темір жолда, автомобиль, теңіз, әуе және ғарыш көліктеріндегі, ауыл және тұрмыстық шаруашылықтардағы мыңдаған машиналар мен тетіктерді қозғалысқа келтіреді. Бұларды жалғастыратын буын ретінде үшінші машина – кернеу трансформаторы. Онсыз электр энергиясын өндірушіден тұтынушыға жеткізу мүмкін емес.
Электр машиналарының пайда болуы мен дамуы Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары мен инженерлерінің есімдерімен тығыз байланысты. Электр машиналары энергияны түрлендіргіш ретінде кез келген энергетикалық және өндіріс қондырғыларының маңызы элементі болып табылады. Олар генератор, двигатель немесе түрлендіргіштер ретінде электр станцияларында,өндірісте,ауыл шаруашылығында, темір жол, автокөліктерде және қаладағы электрленген транспортта, авиацияда кең қолданылады. Сондай-ақ электр машиналары автоматты басқарумен реттеу жүйелерінде қолданылуы дамып келеді. Сонымен бірге электрлік машиналарының басқада түлері бар. Электрлік машиналар, басқаша айтқанда айтқанда электр энегиясының түрлендіргіштері, тұтынатын ток түріне байланысты тұрақты ток және айнымалы ток машиналары болып бөлінеді.
Қолдынылған әдебиеттер
1. Ахметов А.Қ., Ахметова Ә.А., Қабатова Т.А. Электротехника.-Астана. «Ақмола полиграфия» жабық акционерлік қоғамы. 2010 ж. 752бет.
2. Копылов И.Л. Электрические машины. М. Высшая школа, 2000-359бет.
3. Қазақша энциклопедиясы, 1-том.
4. Электр машиналары. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы: «Эверо» 2009.-118бет.
5. Электр машиналары: Оқулық\М. Исаханов, Ш. Өмірзақов – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010.-2008бет.
6. Тихомиров П.М. Расчет трансформаторов. – М-Л.: Энергоидат, 1986.
7. Вольдек А.И. Электрияеские машины. – Л.:Энергия, 1978.