Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44670

Скачиваний: 260

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

591

 

ішектерде  ас  қорытылуының  бұзылыстары  болмайды.  Бірақ  бұл 
сарғыштануға  бауырлық  және  механикалық  сарғыштықтанулар 
(өт 

жолдары 

өт 

қатпаларымен 

және 

билирубиннен, 

холестериннен,  кальцийден  тұратын  тастармен  бітеліп  қалуы 
мүмкін) 

қосылуы 

ықтимал. 

Гемолиздік 

сарғыштанудың 

клиникалық көріністері анемияның зардаптарымен асқынады. 

Төменде  сарғыштануларды  өзара  салыстыру  арқылы  ажырату 

кестесі келтірілген (-кесте). 

- кесте 

Сарғыштануларды өзара ажырату көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштері                Сарғыштанулар 
 

   механикалық      бауырлық 

    
гемолиздік 

Билирубин 
қанда 

тура билирубин  тура 

және 

тура емес 
билирубин 

тура емес  
билирубин 

Билирубин 
несепте 

болады 

болады 

болмайды 

Уробилиноген 
қанда 

болмайды 

1-ші 
сатысында  
көбейеді, 
артынан 
жоғалады 

көп болады 

Қанау 

болады 

болады 

болмайды 

Брадикардия 

болады 

болады 

жиі 
тахикардия 

Қышыну 

болады 

болады 

болмайды 

Нәжістің түсі  ахолиялық  (ақ 

сұр) 

гипохолялық 
(бозарған) 

гиперхолялық 
(қарайған) 

Несептің түсі  қоңыр 

қоңыр 

несепте  
гемоглобин  
болуына 
қарай  
қызғылтым 
түсті 

 

Дисхолия 

Дисхолия 

өт 

құрамының 

өзгеруі. 

Бұл 

кезде 

өт 

өзектерінде,  өт  қабында  өт  тастарының  құрылуына  және  өт-
тас ауруы дамуына әкелетін қасиет қабылдайды. 

Себептері: 
● өт жолдарының қабынуы; 
● өт қабының, өзектерінің қимылдық әрекеттерінің азаюы 

(дискинезиясы); 


background image

 

592

 

● ас қорыту жолдарының аурулары; 
● организмнің гиподинамиясы; 
● тағамда холестериннің және майлардың артық болуы; 
●  холестерин,  билирубин,  және  тұздар  алмасуларының 

бұзылыстары. 

Өтте тас құрылудың негізгі тетіктерінің бірі болып, өт 

қышқылдары 

мен 

холестериннің 

және 

лецитин 

мен 

холестериннің  ара  қатынастары  төмендеуі  есептеледі.  Ол 
мына жағдайларда: 

♣ 

ішектердің 

аурулары 

кездерінде 

олардың 

микрофлорасының  өзгеруі  (дисбактериоз)  нәтиже-сінде  өт 
қышқылдарының ішектен кері сіңірілуі бұзылудан; 

♣ бауырда өт қышқылдарының түзілуі азаюынан; 
♣ 

қабынған 

өт 

қабының 

қабырғаларымен 

өт 

қышқылдарының артық сіңірілуінен; 

♣ бауырда лецитиннің аз түзілуінен - байқалады. 

Холестериннің  өт  ішінде  шашырап  қалқып  жүруін  өт 

қышқылдары  мен  лецитин  қамтамасыз  етеді.  Сондықтан  өтте 
лецитин азаюы холестериннің тұнбаға тұнуына, холестериндік 
тастардың құрылуына әкеледі. 

Өт  жолдарында  тас  құрылуға  қолайлы  жағдайлар  болып, 

жұқпалар  дамуы  мен  өттің  іркілуі  есептеледі.  Бұл  кезде 
өттің реакциясы қышқылдық жаққа (ацидозға) ығысады. Осыдан 
тұздардың  еруі  азаяды,  олар  тұнбаға  ауысады,  ыдыраған 
жасушалардың  нәруыздары  ұйыйды.  Холестериннен  тұратын 
тастардан  басқа  (эритроциттердің  гемолизі  кезінде)  өт 
нілдерінен  (пигменттік)  тұздардан  тұратын  және  күрделі 
тастар болады. Кесек тастар өт жолдарын бітеп, механикалық 
сарғыштық дамуына әкеледі, майда тастар бауыр ішінде өттің 
ұзақ  тұрып  қалуына,  билиарлық  (өттік)  гепатит  дамуына 
әкеледі. 

Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қан тамырлары 

межеқуатының бұзылыстары. 

Бауыр  жеткіліксіздігі  кезінде  артериялық  қан  қысымының 

төмендеуі  байқалады.  Оның  пайда  болу  негізінде  бүлінген 
бауыр  жасушаларымен  ангиотензиногеннің  түзілуі  азаюы 
жатады.  Сонымен  бірге,  бауырлық  немесе  механикалық 
сарғыштықтар  кездеріндегі  холемиялық  синдромның  дамуы 
нәтижесінде 

өт 

қышқылдарының 

тамырларды 

кеңітуінен 

гипотензия дамуы мүмкін. 

Қақпа  көктамырында  қан  қысымының  көтерілуі:  бауыр 

беріштенуінде дәнекер тінмен тамырлардың қысылып қалуынан, 
қақпа 

көктамырында 

тромбоз 

дамығанда, 

жүректің 

оң 

қарыншасы  жеткіліксіздігінде  және  перикардтың  жалқықты 
қабынуында, байқалады. 

Порталдық 

гипертензия 

даму 

патогенезінде 

негізгі 


background image

 

593

 

фактор  болып  қақпа  көктамырында  қан  іркілуі  есептеледі. 
Бұл 

кезде 

икемделістік 

түрде 

қақпа 

және 

қуыс 

көктамырлардың  арасында  жанама  қан  айналымдық  байланыстар 
пайда  болады.  Солар  арқылы  біраз  қанның  жалпы  айналымға 
түсуі қамтамасыз етіледі. 

Қанның  ішек-қарын  көктамырларында  іркілуі  олардың 

қызметтерінің 

бұзылыстарына, 

айналымдағы 

қан 

көлемі 

азаюына,  іш  қуысында  сұйықтың  жиналып  қалуына  және  іш 
шемені (асцит) дамуына әкеледі. 

 

Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі эритропоэз бен қан 

ұюдың бұзылыстары. 

Бауыр  аурулары  кездерінде  бауырда  эритроциттер  мен 

гемоглобин 

түзілуіне 

қажетті 

кобаламиннің, 

фолий 

қышқылының, 

темірдің 

жинақталуы 

азаяды. 

Осыдан 

эритроциттер  өндірілуі  бұзылып,  тапшылықты  анемиялар 
дамиды. 

Бауыр 

жасушалары 

қызметтерінің 

бүзылыстарына 

байланысты протромбиннің, фибриногеннің, V, VII, IX, X қан 
ұю  факторларының  түзілуі  азаяды.  Қан  ұю  төмендейді, 
протромбин  уақыты  (қалыпты  жағдайда  15  сек.  дейін) 
ұзарады. 

Бауырлық 

және 

механикалық 

сарғыштанулар 

кездерінде  гипо-және  ахолиялардың  нәтижелерінде  майлардың 
сіңірілуі бұзылуынан К-витаминінің жеткіліксіздігі дамиды. 
Осыдан  бауыр  аурулары  кездерінде  қанағыштыққа  бейімділік 
байқалады.  Бауыр  беріштенуі  кезінде  көптеген  тамырлардан 
(өңештің  көктамырларынан  т.б.)  ауыр  қан  кетулер  адам 
өліміне әкелуі мүмкін. 

Асқорыту жүйесінің патофизиологиясы

 

Ас  қорытылуының  жеткіліксіздігі  -  деп  организмге 

түскен 

тамақтың 

қорытылмауына 

әкелетін 

ас 

қорыту 

жолдарының 

жағдайларын 

айтады

Осының 

нәтижесінде 

организмде 

теріс 

азоттық 

баланс, 

витаминдер 

мен 

микроэлементтердің  жеткіліксіздіктері  дамиды,  организмнің 
қоздырғыштарға 

жауап 

қайтару 

қабілеті 

төмендейді, 

балалардың дамуы мен бойы өсуі баяулайды. 

Ас  қорытылу  бұзылыстарының  этиологиясы.  Ас  қорытылу 

бұзылыстарына  мына  себепкер  ықпалдар  мен  септік  жағдайлар 
әкеледі: 

● 

қоректенудің 

бұзылыстары. 

Қоректенудің 

белгілі 

тәртібі  бұзылуы,  ұзақ  уақыт  аш  қарынға  жүру,  сапасыз 
қоректену,  құрғақ  тамақ  немесе  тым  ашты  тамақ  қабылдау 
т.б.; 

●  ас  қорыту  жолдарында  жұқпалардың  (іш  сүзегінің, 

сатқақтың  (дизентерияның),  тырысқақтың,  тағамдық  уытты 


background image

 

594

 

жұқпалардың т.б.) болуы. Асқазанның созылмалы қабынуларын, 
қарын 

қақпашысынын 

шырышты 

қабықтарындағы 

эпителий 

жасушаларында 

өсіп-өнетін, 

Не-licobacter 

руlогі 

туындататыны бүгінгі күні белгілі; 

● 

химиялық 

заттардың 

(ауыр 

металлдардың, 

салицилаттардың,  ішімдіктің,  никотиннің  т.б.),  өсімдік 
уларының (саңырауқүлақ т.б.) ас қорыту жолдарына түсуі; 

● иондағыш сәулелердің әсерлері (сәулесоқ ауру); 
● өспелер өсуі; 
●  стрестік  жағдайлар,  ауыр  жан  күйзелістері,  жағымсыз 

көңіл-күй т.б.; 

●  жас  балаларда  аллергиялық  серпілістер  мен  ас  қорыту 

жолдарының даму ақаулары. 

Ас 

қорыту 

жолдарының 

аурулары 

жиі 

тәбеттің 

бұзылыстарына әкеледі. 

Тәбеттің бұзылыстары. 

Тәбет  қарын  ашу  сезімінен  ерекше  сезім.  Ол  адамның 

белгілі 

тамаққа 

аңсары 

аууы. 

Тәбет 

ашылуы 

тамақ 

қабылдаудың  бірінші  минөттерінде,  әсіресе  күткен  тағамның 
иісіне,  түріне,  тамақ  қабылдайтын  қоршаған  ортаның 
әшекейлену  жағдайларына  пайда  болады.  Тәбет  ашылуы  ас 
қорыту  жолдарының  сөл  өндіру  және  қимылдық  әрекеттерін 
сергітеді. 

Тәбеттің  бұзылыстары  гиперорексия,  гипорексия  немесе 

анорексия, парорексия түрлерінде болуы мүмкін: 

●  тәбеттің  көтерілуін  гиперорексия  деп  атайды  (грек. 

hyper  -  жоғары,  көтеріңкі,  orexis  -  тәбет).  Осыдан  адам 
мен  жануарлардың  ашқарақтығы  немесе  полифагия  (грек.  poly 
- көп, phagein - жеу) пайда болады. Тәбет көтерілуінің ең 
ауыр  түрін  булемия  (bus  -  өгіз,  limos  -  аштық)  немесе 
мешкейлік 

деп 

атайды. 

Тәбеттің 

көтерілуі 

мидың, 

эндокриндік  бездердің  аурулары  (невроздар,  тиреотоксикоз, 
қантты  диабет,  инсулинома  т.б.)  кездерінде,  асқазанның 
жүрек  жақ  бөлігін  хирургиялық  тәсілмен  отап  тастағанда 
байқалады.  Тамақты  көп  қабылдаудың  нәтижесінде  дененің 
семіруі, 

осыдан 

қантты 

диабет, 

атеросклероз, 

зат 

алмасуларының  бұзылыстары,  артериялық  гипертензия  дамуына 
қолайлы жағдайлар пайда болады. 

●  тәбеттің  азаюын  немесе  болмауын  гипорексия  немесе 

анорексия  (грек.  an  -  жоқ,  жоққа  шығару,  orexis  -  тәбет) 
деп атайды. 

Тәбеттің азаюы немесе оның болмауы: 

♣ ас қорыту жолдарының қабынуларында; 
♣  тәннің  уыттануына  және  дене  қызуы  көтерілуіне 

әкелетін көптеген жұқпалы аурулар кездерінде; 

♣ дене ағзаларына өспе дамығанда; 


background image

 

595

 

♣ 

кейбір 

эндокриндік 

бездердің 

ауруларында 

байқалады. 

Сонымен  қатар  ми  қызметтерінің  бұзылыстары,  жағымсыз 

көңіл-күйлер  тәбеттің  төмендеуін  туындатады.  Ұзақ  уақыт 
тәбетгің  болмауы  адамның  жүдеуіне,  зат  алмасуларының 
бұзылыстарына  әкеледі.  Осы  көрсетілгендерге  байланысты 
анорексияның бірнеше түрлерін ажыратады: 

♣  уытты  анорексия  -  созылмалы  жұқпалы  аурулар 

кездерінде  (туберкулез  т.б.),  қатерлі  өспе  ауруларында 
және химиялық заттармен тәннің уыттануларынан дамиды; 

♣  диспепсиялық  анорексия  -  ас  қорыту  жолдарының 

аурулары кездерінде олардың сөлдері аз бөлінуінен болады; 

♣ психогендік анорексия  - жағымсыз эмоциялар мен жан 

жарақаттары  мен  күйзелістері,  ауыр  қайғы-қасіреттер, 
әйелдердің 

семіріп 

кетуден 

қорқыныш 

сезімі 

т.б. 

жа5дайлардан дамиды; 

♣ нервтік рефлекстік анорексия - қатты ауыру сезімі, 

жиіркенішті тамақтың иісі т.с.с кездерде байқалады. 

●  бұрмаланған  тәбет  -  парорексия  (грек.  para  - 

ауытқыған, orexis - тәбет) делінеді. Бұл кезде адам жеуге 
жарамайтын заттарды (бор, топырақ, көмір т. с. с.) жейді. 

Парорексия  дәмдік  талдағыштардың  орталық  және  шеткері 

бөліктерінің,  кейде  уақытша,  бүліністерінен  дамиды.  Сол 
себептен  кейбір  есі  ауысқан  адамдар,  тәнінде  темірдің 
тапшылығы бар әйелдер, жас балалар бор, үйдің әгін жейді. 

Ауыз қуысындағы ас қорытылудың бұзылыстары. 

Ауыз  қуысы  тамақтың  физикалық  қасиеті  мен  химиялық 

құрамын 

қабылдайтын 

рецепторларға 

ерекше 

бай. 

Бұл 

рецепторлардың  қоздырылуынан  пайда  болатын  серпіндер,  тек 
ауыз  қуысындағы  ас  қорытуды  реттеп  қана  қоймай,  сонымен 
қатар 

ас 

қорыту 

жүйесінің 

төменгі 

бөліктерінің 

қызметтеріне де әсер етеді. 

Ауыз  қуысында  тамақ  ұнтақталады  және  сілекеймен 

жібітіледі.  Шайнау  кезінде  тағамның  ұнтақталуы  мына 
себептерден бұзылуы мүмкін: 

● сілекей бездерінің қызметі өзгерістерінен; 
●  ауыз  қуысы  кілегей  қабықтарының,  тілдің  қабынуынан 

(гингивит, глоссит); 

●  тістердің  құрылымдық  бүліністерінен  (кариес)  немесе 

олардың түсіп қалуынан (пародонтит); 

●  шайнау  бұлшықеттерінің  қабынуынан,  дистрофиясынан 

немесе жүйкеленуі бұзылыстарынан; 

● астыңғы жақтың буынынан шығуынан немесе сынуынан; 
Ауыз 

қуысында 

шамамен 

100-ден 

астам 

әртүрлі 

микроорганизмдер  бар,  олардың  ортасында  ауру  туындататын 
түрлері де аз емес. Кариеспен бүлінген тістер, пародонтит