ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44653
Скачиваний: 260
636
♣ бүйректің беріштенуі т.т. жатады.
Бүйректен кейінгі себепкер ықпалдарға зәр жүретін
жолдарының таспен, қуық асты безінің өспесімен т.т.
тарылып, бітеліп қалуы жатады.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі несеп құрылуы мен
оның сыртқа шығарылуының бұзылыстарымен көрінеді.
Несеп құрылуы үш түрлі үрдістердің қатысуымен болады.
Біріншісі, нефрон шумақтарында қан қылтамырлары арқылы
несептің сүзілуі (ультрафильтрациясы), екіншісі, бүйрек
өзекшелерінде алғашқы несептен кейбір заттардың қанға кері
сіңірілуі
(реабсорбциясы)
және
үшіншісі,
бүйрек
өзекшелерінің эпителий жасушалары арқылы кейбір заттардың
соңғы несепке шығарылуы (секрециясы) (-сурет).
Сол себептен бүйрек қызметінің бұзылыстары нефрон
шумақтарының,
нефрон
өзекшелерінің
қызметтері
бұзылыстарымен,
жиі
олардың
біріккен
бұзылыстарымен
байқалады.
Диурездің бүзылыстары.
Несептің сыртқа шығарылуы диурез делінеді. Тәулігіне
ересек адам 1,5 л-дей зәр шығарады. Оны тәуліктік диурез
деп атайды.
Тәуліктік диурездің өзгерістері:
● полиурия - несеп шығарылуының тәулігіне 2-15 литрден
астам көбеюі;
● олигурия зәр шығарылуының тәулігіне 500-600 мл-ге
дейін азаюы;
● анурия несеп шығарылуының болмауы немесе тәулігіне
50-100 мл-ге дейін тым қатты азаюы;
● поллакиурия (грек. pollakis – жиі) несептің жиі
шығарылуы;
● олакизурия (грек. ollakis – сирек) несептің сирек
шығарылуы;
● никтурия (грек. nyctos - түн) несептің түнде көп
шығарылуы - деп ажыратылады.
637
- сурет. Несеп құрылу жолдары (Artur C. Guyton, John E Hall
,1996 бойынша).
Нефрон шумақтарынық біртектес бұзылыстары.
Нефрон
шумақтарының
бұзылыстары
несеп
сүзілудің
өзгерістерімен көрінеді. Оларда несептің сүзілуі:
● пәрменді сүзілулік қысымның деңгейінен;
● тіректік мембраналар мен Боумен қапшығының эпителий
жасуша-ларының (подоциттердің) өткізгіштігінен;
● сүзгілік бетінің мөлшерінен немесе қызмет атқаратын
шумақтардың санынан байланысты.
Бүйрек арқылы минөтіне 1200 мл-дей қан өтеді. Оның 80-
90%-ы бүйректің сыртқы қыртысы, 10-20%-ы милық қабаты
арқылы ағады. Бүйректін сыртқы қыртысында шумақтар арқылы
зәр сүзілу болса, милық қабатындағы қан ағымы аралық
тіндерде осмостық қысымды реттеп, нефрон өзекшелерінен
заттардың кері сіңірілуін қадағалайды.
Бүйректің сыртқы қыртысында қан ағымы, жүйелік қан
қысымының с. б. б. 70-180 мм аралығында толқуына қарамай,
тұрақты деңгейде ұсталып тұрады. Ол өзін-өзі реттеу
жолымен реттелінеді. Мәселен, бүйрек артериясында қысым
көтерілгенде бүйрек ішіндегі артериолалардың тегіс еттері
жиырылып, бүйрек шумақтарына келетін қанды азайтып, шектеп
тұрады. Керісінше, бүйрек артерияларында қан қысымы
төмендегенде
артериолалардың
тегіс
еттері
босаңсып,
олардың
ішкі
саңылауларын
кеңітеді.
Осылай
бүйрек
шумақтары арқылы қан ағымын тұрақты деңгейде ұстап тұрады.
Бүйрек артериясында қан қысымы с. б. б. 70 мм-ден
төмен түсіп кетсе, шумақтардың жанындағы жасушаларда ренин
өндірілуі көбейеді. Ренин ангиотензин І-ді ангиотензин II-
ге айналдырьш, бүйрек артериясын жиырады. Осыдан қан
қысымы көтеріледі. Ангиотензин II тым артық өндіріліп
кетсе, бүйрек простагландиндер А, Е, Р және брадикинин,
рениннің бәсеңсіткіштерін өндіреді. Содан бүйрек тамырлары
кеңіп, қан қысымының тым көтеріліп кетуінен сақтандырады.
Бүйректің милық қабатындағы қан ағымының деңгейі
жүйелік қан қысымының деңгейінен тікелей байланысты. Сол
себептен
жалпы
артериялық
қан
қысымы
көтерілгенде
бүйректің милық қабатында қан ағу қарқыны жоғарылайды.
Ондағы осмостық белсенді заттар қанмен тез тарап,
тасымалданып кетеді. Осыдан нефрон өзекшелерінде судың
кері қанға сіңірілуі азайып, полиурия дамуы мүмкін.
Бүйрек
шумақтарында
несептің
сүзілуі
пәрменді
сүзілулік қысымнан байланысты. Сүзілулік қысым (СК) шумақ
қылтамырларының ішіндегі қан қысымына (ҚҚ), ондағы
коллоидтық-осмостық қысымның деңгейіне (КОҚ) және (бүйрек
шумақтарының
сыртындағы)
Боумен
қапшығындағы
638
ультрасүзіндінің немесе алғашқы несептің қысымына (БҚ)
байланысты.
СК=ҚҚ-(КОҚ+БҚ);
Нефрон шумақтарының қылтамырларындағы қан қысымы с. б.
б. 45-52 мм, қан плазмасындағы онкотикалық қысым с. б. б.
16-26 мм., Боумен қапшығының ішіндегі қысым с. б. б. 8-15
мм. Сонда пәрменді сүзілулік қысым мөлшермен с. б. б. 10
мм шамасында болады.
Нефрон
шумақтары
арқылы
несеп
сүзілу
қарқынын,
шумақтар арқылы сүзілетін және бүйрек өзекшелерінде кері
сіңірілмейтін, әрі өзекшелерден несепке шығарылмайтын
заттардың клиренсімен (тазарту коэффициентімен) анықтайды.
Клиренс (ағылш. clearance - тазарту) деп, белгілі заттан
бір минөт ішінде тазартылған қан плазмасының мөлшерін
айтады. Оны анықтау үшін белгілі заттың зәрдегі мөлшерін,
қандағы деңгейін және бір минөтте шығарылған несептің
көлемін табу қажет. Клиренс (С) мына өрнек бойынша
табылады:
С = U●Y/Р ; мұнда:
U - заттың зәрдегі мөлшері;
Р - заттың қандағы деңгейі;
Ү – минөттік диурез.
Клиренсті анықтау үшін бүйрек өзекшелерінде кері
сіңірілмейтін және олардың эпителий жасушаларымен несепке
шығарылмайтын, тек бүйрек шумақтары арқылы сүзілетін зат
инулин, маннитол пайдаланылады. Бірақ, бұл кезде бірнеше
дүркін адамнан қан алу және инулиннің қандағы деңгейін бір
мөлшерде ұстап тұру қажет болады. Сондықтан көрсетілген
мақсатта инулин сирек қолданылады.
Клиренсті анықтау үшін эндогендік креатининді анықтау
жиі қолданылады. Осы жолмен бүйрек шумақтары арқылы несеп
сүзілу қарқынын анықтағанда, ол минөтіне 80 - 120 мл
болады.
Несеп сүзілуінің бұзылыстары тікелей бүйрек қызметінің
немесе бүйректен тыс жағдайлардан байланысты болуы мүмкін.
Нефрон шумақтары арқылы несептің сүзілуі көбеюі немесе
азаюы мүмкін.
Несеп сүзілуінің көбеюі.
Мына жағдайларда:
●
қан
сұйығында
коллоидтық-осмостық
қысым
төмендегенде; мәселен:
♣ қатты ашығудан;
♣ несеппен көп нәруыздар сыртқа шығарылуынан;
♣
бауыр
қызметі
жеткіліксіздігі
кезінде
қан
нәруыздары аз түзілуінен;
639
♣
организмнің
гипергидратациясы
кезінде
қан
сұйылуынан бұл қысымның төмендеуі байқалады.
●
рефлекстік
жолдармен
шумақтардан
шығатын
артериолалар,
катехоламиндердің,
ангиотензиннің,
вазопрессиннің
әсерлерінен,
тарылып,
оларға
енетін
артериолалар,
кининдердің,
А-,
Е-простагландиндердің
әсерлерінен, босаңсып кеңігенде;
● шумақтардың тіректік мембранасы мен подоциттерінің
өткізгіпггігі көтерілгенде несеп көп сүзіледі.
Несеп сүзілуінің азаюы.
Мына жағдайларда несеп сүзілуі азаюы мүмкін:
● шумақ қылтамырларында қан қысымы (ҚҚ) төмендегенде;
ол өз алдына мына себептерден дамиды:
♣ сілейме, коллапс, қан айналымы жеткіліксіздігі
кездерінде жүйелік артериялық қан қысымы тым қатты
төмендегенде;
♣ бүйрек шумақтарына қанның ағып келуі (бүйрек
артерияларының
артериосклероздық
тарылуы,
тромбозы
кездерінде) азайғанда;
● қанда коллоидтық-осмостық қысым көтерілгенде; ол өз
алдына:
♣ организмнің сусыздануы кезінде қанның қоюлануынан;
♣
көп
мөлшерде
организмге
нәруыздық
сұйықтар
енгізгенде;
♣ гиперпротеинемиямен қабаттасатын аурулар кездерінде
байқалады;
● зәр жүретін жолдарының цилиндрлермен, тастармен
бітелуі, сыртынан қысылып қалуы (қуық асты безінің
аденомасы) нәтижесінде Боумен қапшығы қуысында қысымның
көтерілуі кезінде; мәселен, Боумен қапшығы ішіндегі қысым
с. б. б. 25 мм-ге жеткенде шумақтар арқылы несеп сүзілуі
мүлде тоқтап, анурия дамиды;
●
диффуздық
гломерулонефриттер,
нефросклероз
кездерінде қызмет атқаратын нефрондар азайғанда нефрон
шумақтары арқылы несеп сүзілуі азаяды.
Нефрон шумақтарының тіректік мембраналары мен эпителий
қабатының өткізгіштігі көтерілуі.
Шумақ қылтамырларының эндотелий жасушалары несеп
сүзілуіне жақсы икемделген болады.
Ал, тіректік мембрана мен Боумен қапшығының нефрон
шумақтарын қаптап тұрған (висцералдық) беттеріңдегі,
подоциттер
деп
аталатын,
эпителий
жасушалары
қан
плазмасындағы заттардың несепке өтуіне тосқауыл болады.
Тіректік мембрана үш қабаттан тұрады, оның қалыңдығы
300 нм-ге дейін және ішінде тар саңылау тесіктері болады
(-сурет).
640
- сурет. Нефрон шумақтарының құрылымы (Artur C. Guyton, John E
Hall ,1996 бойынша).
Бұлардың
диаметрі
8
нм-ден
аспайды
және
бұл
саңылаулардың эндотелий жасушаларына қараған жақтарында
теріс электр дәрмені бар аниондар орналасқан. Сондықтан
сыртқы беттерінде теріс электр дәрмені бар заттар, мәселен
қан
жасушалары,
нәруыздардың
молекулалары,
бұл
мембраналардың саңылаулары арқылы өткізілмейді.
Жоғарыда келтірілген тіректік мембрана жағына қараған
Боумен қапшығының эпителий жасушаларыда (подоциттер)
нәруыз т.б. кесек молекулалы заттардың сүзілуіне тосқауыл
болып
тұрады.
Подоциттердің
іштерінде
де
майда,
диаметрлері 8 нм-ден аспайтын саңылау тесіктер болады (-
сурет). Бұл жасушалардың тіректік мембранаға қараған
жақтарында теріс электр дәрмені бар сиалогликопротеиндер
орналасқан. Сондықтан сыртқы беттерінде теріс электр
дәрмені бар қан бөлшектері (нәруыздар, лейкоциттер)
несепке сүзілмейді. Жорамал бойынша, подоциттер тіректік
мембрананы
қалпына
келтіріп,
тіршілігін
жоғалтқан
жерлерінің орнын толтырып тұратын қызмет атқарады.
Нефрон
шумақтарының
тіректік
мембраналары
мен
подоциттердің
өткізгіштігі
көтерілуі
әртүрлі