ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44658
Скачиваний: 260
626
қошқарындағы
дәліздік
(вестибулалық)
құралдардың
бұзылыстарында немесе олардың сезімталдығы көтерілгенінде
пайда болуы ықтимал. Мәселен, қозғалыстық (теңіздік,
автокөліктік т.с.с.) аурулар кездерінде құсу орталығы
қозады.
Мидың жоғарғы бөліктері (ми қыртысы, гипоталамус,
таламус т.б.) құсу орталығын сергітеді. Мәселен, жағымсыз
иіс, дәм сезімдері әсерлерінен құсу дамиды. Құсу
орталығына серпіндер шеткері ағзалардан (жұтқыншақтан, іш
пердесінен, жүректен, өт жолдарынан, шажырқай тамырларынан
т.б.) түседі. Содан құсу дамиды.
Құсудың қай орталық тізбегі әсерленуіне қарамай құсу
рефлексіне белгілі жүйкелік медиаторлар қатысады. Оларға:
дофамин, гистамин, ацетилхолин, эндогендік опиаттар,
серотонин, γ-аминомай қышқылы, Р-заты жатады.
Құсудың нәтижесінде ас қойыртпағы асқазаннан өңешке
және сыртқа шығарылады. Оның алдында сілекей шығарылуымен
көптеген жұтыну және тыныстық қозғалыстармен қабаттасатын
жүрек айнуы болады.
Құсу
жүйке
аяқшаларынан
мидағы
құсу
орталығына
серпіндердің түсуінен немесе құсу орталығының тікелей
қоздырылуынан байқалады.
Даму патогенезі бойынша құсуды:
● церебралдық (милық) құсу - бас сүйегі ішінде қысым
көтерілуі, уремия, менингит, энцефалит кездерінде;
● рефлекстік құсу - асқазандағы жүйке аяқшаларының
химиялық заттармен (сапасы нашар тамақпен, улы заттармен),
механикалық ықпалдармен (асқазанның тым артық керілуінен)
қоздырылуынан болады. Құсуды ас қорыту жолдарының басқа
бөліктерінде немесе басқа ағзаларда (бауыр, бүйрек, жатыр)
пайда болған рефлекстер де туындатады;
● шартты рефлекстік құсу - жағымсыз иіске немесе басқа
шартты белгілерге пайда болуы мүмкін. Маскүнемдерді емдеу
үшін
құстыратын
дәрі
апоморфинді
белгілі
шартты
белгілермен қабаттастырып енгізеді.
Құсудың қорғаныстық маңызы бар. Ол сапасы төмен
тамақтан
немесе
улы
заттардан
асқазанды
тазартуға
бағытталған.
Сонымен
бірге,
асқорыту
жолдарының
бітелістері
кездерінде, ішек қабырғаларының өзгерістерінде, асқазанның
ойық жарасы тесіліп кеткенде, жіті аппендицит, миокард
инфаркты, бүйрек-тас ауруы кездерінеде құсу дамиды.
Асқазанның ойық жарасы нәтижесінде қарын қақпашысының және
ұлтабардың тарылуы құсуға жиі әкеледі. Қорытылмаған
тағаммен құсу асқазанның пилорустық бөлігінің тарылуын
немесе
бітелуін
көрсетеді.
Құсықта
запыран
болуы
627
ұлтабардың
немесе
ашішектің
бастапқы
бөліктерінің
бітелуіне немесе тарылуына тән құбылыс. Ішектің төменгі
бөліктері бітелгенде құсықта нәжіс пайда болады.
Ұзақ толастамайтын құсу:
♣ судың, хлоридтердің құсықпен көптеп шығарылуынан
организмнің сусыздануына;
♣ Н
+
иондарының көптеп шығарылуынан және организмде
гидрокарбонат анионы көптеп жиналуынан газдық емесе
алкалоз дамуына;
♣ организмнің қатты жүдеуіне;
♣
ұзақ
қышқыл
өнімдердің
әсерлерінен
тіс
кіреукесінің жұқаруына;
♣
құсу
кезінде
кеуде
қуысында
қысымның
тез
көтерілуінен бет пен мойын терісінің қызаруына;
♣ асқазан мен өңештің механикалық бүліністеріне -
әкеледі.
Іш қатуы.
Ішектердің қимылдық әрекетерінің әлсіреуі өте жеңіл
ыдыратылатын тағамды көп қабылдағанда, кезбе жүйкенің
қозымдылығы төмендегенде, ұлтабарға өт аз түскенде,
ішектерде
серотонин,
мотилин,
вазобелсенді
ішек
пептидтерінің
аз
өндірілгенінде
т.б.
жағдайларда
байқалады. Осыдан іш қатуы дамиды. Іш қатуы ішектердің
кейбір бөліктерінің қатты жиырылып қалуынан (спазмдық іш
қату) немесе ішектердің жиырылуға қабілеті жоғалуынан
(атониялық іш қату) дамуы мүмкін.
Спазмдық іш қату қорғасынмен, сынаппен уланулар
кездерінде, кейбір дәрі-дәрмектердің (темірі бар дәрілер,
кальцийі
бар
дәрілер,
жүйке
түйіншектерінің
(ганглийлердің) бәсеңсіткіштері, транквилизаторлар т.б.)
әсерлерінен дамиды.
Сонымен
бірге,
ауыр
жан-дүниелік
күйзелістер
ішектердің қимылдық әрекеттерінің жүйкелік реттелуін
бұзып, спазмдық іш қатуға әкелуі мүмкін. Қабынған
асқазаннан, өт жолдарынан, ұйқы безінен жүйкелік серпіндер
ағза-ағзалық рефлекстердің дамуына әкеліп, ішектердің
қатты жырылуларын туындатады.
Атониялық іш қату:
● жеңіл қорытылатын тағамды жиі қабылдағанда, тағамда
торшалардың аз болуынан, асқазанда гиперхлоргидрия болудан
тағамның артық ыдыратылып кетуінен;
● ауыр дерттердің нәтижесінде науқастардың ұзақ төсек
тартып,
жатып
қалуынан
т.б.
себептерден
қимыл-
қозғалыстардың аздығынан;
● қарттардың ішек қабырғаларындағы ет талшықтарының
әлсіздігінен;
628
● кезбе жүйкелердің медиаторы ацетилхолин түзілуге
қажетті В
1
-витаминінің тапшылығынан;
● іш қуысындағы ағзаларда хирургиялық әрекеттерден
кейін т.б. жағдайлардан - байқалады.
Ұзақ мерзім іш қатуларының нәтижесінде ішектердің сөл
бөлу қабілеті азаяды, ондағы ферменттердің белсенділігі
төмендейді. Атониялық іш қату кездерінде ішектер керіліп
кетеді, оларда үлкен дәрет жиналып, тұрып қалады. Бұл
үлкен дәреттің сұйық бөлшектері кері сіңіріліп, ол қатып
қалады. Содан нәжісте тас құрылады. Ішектерде микробтардың
артық өсіп-өніп кетуінен астың іріп-шіруі артып, уытты
заттар өндіріледі. Осыдан организмнің уыттануы пайда
болады. Ішектерде газдардың (күкіртті сутегі, метан,
көмірқышқыл
газы
т.б.)
жиналып
қалуы,
іш
кебуін
(метеоризм), ауыру сезімін туындатады.
Ішек бітелуі.
Ішек бітелуі (ileus, грек. cileo - бұрау, бітеу) -
ішек қуысы арқылы тағамдық заттардың өтуі бұзылыстарына
әкелетін ішек әрекеттерінің бүліністері немесе олардың
механикалық
бітеліп
қалуы.
Даму
жолдарына
қарай
механикалық,
динамикалық,
тромбоэмболиялық
ішек
бітелулерін ажыратады.
Механикалық ішек бітелуі бітелістік (обтурациялық)
немесе қылқынулық (странгуляциялық лат. strangulatio –
қылқынып қалу, буынып қалу) болады.
● бітелістік ішек бітелуі - деп шырышты қабықтарында
дамыған өспемен, құрттармен, бөгде заттармен ішектің
ішінен тығындалып, бітеліп қалуын айтады.
● қылқынулық ішек бітелуі - деп ішектің сыртынан
тыртық тінмен, кіндіктегі немесе ендегі жарық тесіктермен
қысылып қалуын, ішектің бұралып қалуын ұғады. Бұл кезде
ішек қабырғаларын қоректендіретін қан тамырларының қысылып
қалуынан ішектерде некроз дамиды. Осыдан ішек өнімдері іш
қуысына шығарылып, іш пердесінің қабынуы (перитонит),
қатты ауыру сезімі пайда болады.
Динамикалық ішек бітелуі ішек қабырғаларындағы тегіс
салалы еттердің қатты жиырылуы (спазмы) немесе олардың
салданулары кездеріндегі функциялық құбылыстардан дамиды.
Сондықтан ішектердің қатты жиырылуын ішек түйілуі деген
дүрыс.
Ішектердің
түйілуі
қорғасынмен
уланғанда,
ашішектерде серотонин артық өндірілгенде (қою боялатын
(хромафиндік) жасушалардың қабынуында немесе өспесінде)
т.б. жағдайларда дамиды.
Ішек
еттерінің
салданулары:
адренергиялық
рецепторлардың қозымдылығы көтерілгенде, іш пердесінің
629
қабынуларында, іш қуысында хирургаялық әрекеттерден кейін,
іштен жарақат болғанда т.с.с. жағдайларда байқалады.
Тромбоэмболиялық
ішек
бітелуі
ішектердің
қабырғаларында қанайналым бұзылыстарынан дамиды. Бұл кезде
ішек тамырларының ішінде қан қатпаларының (тромбылардың)
пайда болуынан немесе эмболдар тұрып қалуынан ішектерде
қанайналым бұзылады.
Ішектердің жоғарғы бөліктерінің бітелуі, тоғышектердің
бітелуіне қарағанда, ауыр өтеді.
Ашішектердегі интерорецепторлардың артық қоздырылуынан
қатты ауыру сезімі пайда болады, кейде ауырулық сілейме
(шок) дамуы мүмкін.
Ішек бітелуі кезінде ас қорытатын сөлдердің бөлінуі
және оның кері сорылуы бұзылыстары нәтижесінде су мен
электролиттердің алмасуы бұзылады; толастамайтын құсу
пайда болады. Құсықпен бірге көп су (тәулігіне 5-7 л
дейін) натрий, калий, сутегі иондары, гидрокарбонаттар мен
хлор организмнен сыртқа шығарылады. Осыдан гиповолемия,
артериялық гипотензия дамиды. Калий иондарының организмде
азаюы ішектердің атониясына әкеледі.
Ішек бітелуі кезінде қышқылдық-сілтілік үйлесімділік
бұзылады. Гидрокарбонаттардың (ұйқы безі және ішек сөлдері
құрамында)
құсықпен
көп
шығарылуы
сутегі
иондары
шығарылуынан басым болғандықтан метаболизмдік ацидоз
дамиды. Ацидоз дамуы жалпы қан айналым және ішкі
ағзалардың
қызметтері
бұзылыстарына
әкеледі.
Егер
асқазанның қышқыл сөлі құсықпен басым шығарылса, онда
метаболизмдік алкалоз дамиды.
Ішек
бітелу
нәтижесінде
ас
қорытылу
бұзылады,
ішектерде тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі
күшейеді, уытты заттар құрылып, қанға түседі. Ішектер
газбен керіліп, бұрап қатты ауыру сезімі пайда болады.
Ішектік өзіндік уыттану.
Адам
ішектерінде,
әсіресе
тоғышектің
төменгі
бөліктерінде анаэробты микробтардан тұратын микрофлора
міндетті
түрде
болады.
Қалыпты
ішек
микрофлорасы
дерттуындататын микробтардың дамуын тежеп, қорғаныстық
қызмет атқарады. Сонымен қатар, олар ішекте кейбір
витаминдердің түзілуін қамтамасыз етеді. Ішекте аз
мөлшерде іру-шіру өнімдері (индол, скатол, крезол, фенол,
әсерлі аминдер т.б.) болады. Олар ішек қабырғаларының және
бауырдың тосқауылдық әрекеттерінің нәтижесінде организмге
уытты әсер етпейді. Ал тоғышектің қабынуы (колит), іш қату
және ішек бітелуі, дисбактериоз кездерінде іру-шірудің
күшеюі бауырдың тосқауылдық әрекетінен асып кетіп,
630
организмнің уыттануына әкеледі.
Осыдан тез дамитын өзіндік уыттанудың нәтижесінде
артериялық қан қысымы төмендейді, жүрек әлсіздігі дамиды,
ми қызметтері тежеледі, тыныс алу нашарлайды, кома дамуы
мүмкін.
Созылмалы ішектік өзіндік уыттану кездерінде бас
ауыруы, жүрек дистрофиясы, анемия дамиды. Ас қорыту
жолдарының сөл бөлу қабілеті төмендейді, тәбет жоғалады,
ас қорытылуының жеткіліксіздігі байқалады.
Ішек дисбактериозы.
Ішек дисбактериозы деп қалыпты микрофлораның ішектерде
таралуы мен құрамының дерттік өзгерістерін айтады. Ол
организмнің әлсіреуінде, антибиотиктерді бақылаусыз жиі
қабылдағанда дамиды. Осыдан тоғышекте тағамдық өнімдердің
ашып кетуі, іріп-шіруі көбейіп, кетеді, ішектердің толқи
жиырылулары артып, іш өтулер байқалады. Ішек дисбактериозы
кезінде ішек пен бауыр арасында өт бөлшектерінің
оралымдары бұзылады, кейбір витаминдердің (К-витаминнің)
ішекте түзілуі азаяды.
Ішек дисбактериозын емдеу үшін И. И. Мечников сүт
қышқылы бактерияларын ұсынды. Бұл бактериялар адамның
ішектерінде
бейімделіп,
өсіп-өнеді
де,
басқа
ауру
туындататын бактериялардың өсіп-өнуін тежейді.
Ішек-қарынның ішке сөлденістік (инкрециялық)
әрекеттерінің бұзылыстары.
Ас қорыту жолдарында, ұйқыбезде АПУД- (ағылш. – amine
precusor uptake decarboxilation - амин құрушыларының артық
декарбоксилдену) жүйесі бар. Биогендік аминдерді және
әртүрлі
пептидтік
гормондар
өндіретін
жасушаларды
апудоциттер деп атайды. Бұл апудоциттердің ішінде Ес-
жасушалары (энтерохромаффин жасушалары) биогендік аминдер-
серотонин, мелатонин, пептидтік гормондар-мотилин, Р-затын
өндіріп жинақтайды.
Бұлардан басқа ас қорыту жолдарында А-, Д-, Ед-, С-,
К-,
М-,
Р-
т.б.
түрлес
20-дан
астам
жасушалар
полипептидіік гормондар өндіреді. Солардың ішінде инсулин,
глюкагон,
гастрин,
вазобелсенді
ішектік
полипептид,
соматостатин, Р-заты, холецистокинин — панкреозимин,
мотилин азды-көпті зерттелген.
Апудоциттердің құрылымы мен әрекеттері бұзылыстарымен
көрінетін дерттік жағдайларды апудопатиялар деп атайды.
Пайда болу себептеріне қарай апудопатиялар туа біткен және
жүре пайда болған болып ажыратылады.
Туа біткен апудопатияларға ұрпаққа аутосомды-үстем
түрде берілетін дерт Вернер-Андердейл синдромы немесе