ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44648
Скачиваний: 260
61
● бұлшықеттердің сырқырап ауыруы, аяқтардың сіңірлері
тартылуы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы және
өтуі, артериалық қысымның өзгеріп тұруы, тершеңдік, жүрек
қағуы, ұйқы қашуы сияқты вегетативтік және физикалық
бұзылыстар дамиды;
Доғару синдромының жіті кезеңі 4-5 аптаға дейін
созылады.
Есірткіні
қабылдаудан
мүлде
ұстанған
нашақорлардың жағдайы біртіндеп түзеледі. Бірақ оның
кейбір белгілері бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін.
Нашақорлық пен уытқорлық даму сатылары.
Есірткілік затты кездейсоқ қабылдау кезінде болашақ
нашақор оны кез келген уақытта қабылдамай тастайды – деп
есептейді.
Көпшілік
жағдайларда
есірткіні
бірінші
қабылдау
кезіндегі
басынан
өткізген
шаттаныстық,
рахаттану сезімдері оны қайталап қабылдауға мәжбүрлейді,
біртіндеп рухани тәуелділік дамуына әкеледі.
Нашақорлық пен уытқорлықтың даму жолдарында: бастапқы
сатысы, физикалық тәуелділік сатысы және ақырғы сатысы -
деп үш сатыны ажыратады. Әрбір жағдайда олар әртүрлі
болуы немесе басқаша аталулары да мүмкін. Бірақ оларға
тән жалпы заңдылықты ортақ құбылыстар болады.
Бастапқы саты жан-дүниеге әсерлі затқа рухани әуестік
дамуымен және қайталап оны қабылдағанда көңіл-күйін
шаттандыратын оның бастапқы әсері азаюымен сипатталады.
Сондықтан
нашақорға
алғашқы
көңіл-күйінің
айқын
шаттанысын қайталап сезіну үшін есірткінің дозасын
біртіндеп ұлғайту қажеттігі туындайды. Есірткіні қабылдау
аралықтарында адамның қанағаттанбаған жайсыздық сезімі
болып,
оның
жұмысқа
қабілеті
төмендейді.
Бұларды
есірткінің
үлкен
мөлшері
ғана
жоя
алады.
Осыдан
нашақордың
есілдерті
әрдайым
оның
жаңа
дозаларын
қабылдауға бағытталады. Бұл сатысы 2-6 айға созылады.
Содан біртіндеп:
●
неврастениялық
және
психастениялық
синдромдар
дамиды;
● бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасады;
●
бұл
заттардың
теріс
әсерлеріне
организмнің
бейімделуі болады;
● бұл заттарға организмнің төзімділігі көтеріледі.
Неврастениялық
және
психастениялық
синдромдар:
науқастың
мінезінің
қызбалығымен,
өзін-өзі
ұстай
алмаушылығымен, әл-қуатының және ойлау қабілетінің тез
шаршағыштығымен, есте сақтау қабілетінің бұзылуымен,
сезімталдықтың ( парестезия, гипо- және гиперестезия)
және ұйқының бұзылыстарымен көрінеді.
62
Рухани
тәуелділік:
көңіл-күйдің
бей-жайлығымен,
тұнжырауымен, жан-дүниеге әсерлі заттың қанда мөлшері
азайғанда қанағаттанбаушылық сезімімен және бұл сезімнің
осы зат организмге қайта түскенде жоғалуымен байқалады.
Оның даму жолдарында мына тетіктердің маңызы болуы
ықтимал:
●
жан-дүниеге
әсерлі
затты
қабылдау
біртіндеп
нейрондарда
және
олардың
аяқшаларында
жүйкелік
дәнекерлердің қоры таусылуына әкеледі;
● дофамин т.б. катехоламиндердің тапшылығы «нығайту»
жүйесінің белсенділігін төмендетеді;
● көңіл-күйдің жайсыздығы дамиды, адамның әл-күші
әлсірейді, ақыл-есі азаяды, өшігу сезімі пайда болады;
● жан-дүниеге әсер ететін затты қабылдау арқылы оны
қайта
сергітуге
мұқтаждық
(рухани
тәуелділік)
қалыптасады;
● дофамин тапшылығын организмнің бейімделу тетіктері
уақытша
теңгереді.
Ол
тирозингидроксилаза,
диоксифенилаланиннің декарбоксилазасы және дофамин-β-
гидроксилаза ферменттері әсерленіп, жүйке жүйесінде
катехоламиндердің алмасуын тездетеді;
● жан-дүниеге әсерлі затқа организмнің төзімділігі
көтеріледі. Көңіл-күйдің жайлылығын ұстап тұру үшін бұл
заттың қабылдау өлшемін ұдайы ұлғайту қажеттігі болады;
● бұл заттардың жағымсыз әсерлеріне организмнің
бейімделуі
дамиды.
Оларды
алғашқы
қабылдауларда
байқалатын жүрек айну, құсу, бас ауыруы т.с.с. жағымсыз
сезімдер жоғалады.
Физикалық тәуелділік сатысы. Бұл кезде жан-дүниеге
әсерлі заттың белгілі деңгейінде қанда болуына организм
бейімделеді. Осы деңгейден оның мөлшері азайғанда немес
оны қабылдауды тоқтатқанда организмде доғару синдромы
дамиды.
Бұл
кезде
адамның
көңіл-күйінде
қобалжу,
қанағаттанбағандақ,
зарығу,
айналасындағыларға
өшігу
сияқты
организмнің
жайсыздығы
және
вегететивтік
бұзылыстар байқалады. Нашақор адамның мұрыны бітелуі, жиі
түшкіруі, көзі жасаурауы, біресе ысынып, біресе қалтырау
сезімдері байқалады. Олардың бұлшықеттерінің ауыруы,
мезгіл-мезгіл аяқтарының сіңірлерінің тартылуы, тәбетінің
жоғалуы, құсу, іш өту, асқазаны мен ішектерінің ауыруы
дамиды. Доғару синдромның даму негізінде көңіл-күйіне
әсерлі затты қабылдауды тоқтату кезінде жүйке тінінде
дофамин т.с.с. биологиялық аминдер жиналып қалуы маңызды
деп есептеледі. Неғұрлым қанда дофамин көп болса,
соғұрлым доғару синдромы да ауыр өтеді. Сонымен бірге
63
басқа
жүйкелік
дәнекерлердің
(мәселен,
апиынға,
серотонинге, холинге, гамма-аминомай қышқылына жауап
қайтаратын жүйелердің) белсенділігі төмендеуінің маңызы
бар. Организмнің жан-дүниеге әсерлі затқа төзімділігі
үдемелі түрде артады. Науқас адамдар қабылданатын заттың
дозасын ұдайы, тіпті уытты өлшемге дейін, көбейте береді.
Осыдан қосымша дерттер пайда болады. Адамның мінез-құлқы
өзгереді, ақыл-есі кеміп, науқас адам азғындайды. Ішкі
ағзалар мен тіндердің қызметтері бұзылады.
Көңіл-күйге
әсер
ететін
заттарды
қайталап
қабылдаулардан
нейрондарың
және
түйіспелердің
(синапстардың) мембраналарында холестерин және қанықпаған
май қышқылдары жинақталады. Осыдан жүйкелік дәнекерлерді
қабылдайтын рецепторлардың қозғалыстары жоғалады.
Ақырғы саты. Жан-дүниеге әсерлі зат немесе оның
өнімдері ағзалар мен тіндерде, соның ішінде жүйке
тінінде, заттардың алмасуына реттегіш ықпал етеді. Содан
физикалық тәуелділік дамиды. Бұл затқа организмнің
төзімділігі төмендейді. Бұл кезде:
● көңіл-күйге әсерлі затты қабылдау біршама сирейді,
бірақ оны қабылдау міндетті түрде болады;
● бұл затты қабылдайтын адам оның өлшемін азайтады;
● бұл затты қабылдау организмнің жайсыз жағдайын
жоғалтпайды және көңіл-күйін жадыратпайды. Ол тек доғару
синдромынан сақтандырады немесе оның өту ауырлығын
жеңілдетеді;
● адамның бет әлпеті әжімделіп, ол тез қартайып
кетеді,
қимыл-қозғалыстарының
үйлесімсіздігі
дамып,
тәлтіректеп жүреді;
● көптеген ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады.
Өйткені
организмде
қан
айналымдарының
және
зат
алмасуларының қатты бұзылыстары, ағзалар мен тіндердің
құрылымдық өзгерістері пайда болады. Осыдан мынадай
клиникалық көріністер байқалады:
♣ ас қорытылудың үдемелі бұзылыстарынан тәбеттің
жоғалуы, жиі іш өту, іш қату, қайта-қайта құсу т.с.с.;
♣ ішектерде тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылудан
қатты арып, жүдеу;
♣ қанайналым жеткіліксіздігінен артериалық қан
қысымы төмендеуі, тамыр соғуы баяулауы, ағзалар мен
тіндерде майда қанайналым бұзылуы;
♣ тыныс алу жеткіліксіздігі;
♣
бауырдың
уытсыздандыру,
метаболизмдік
және
нәруыздар түзу қызметтерінің бұзылыстары, бауырды май
басу, оның беріштенуі;
64
♣ бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;
♣ ми мен жүйкелердің бұзылыстары;
♣ адамның ойлау қабілеті төмендеуден оның азғындауы
т.б. көріністер байқалады. Науқастың мінез-құлқы өзгеріп,
ақыл-есі кемиді, парасаты төмендейді, қоршаған ортасына
қызығушылық сезімін және өзіндік даралығын жоғалтады.
Бұл сатыда организмнің жұқпаларға төзімділігі азаюдан
және жүрек пен бүйрек қызметтерінің бұзылыстарынан адам
жиі өлімге ұшырайды.
Маскүнемдік.
Маскүнемдік - ішімдікті жиі және ұдайы қабылдаудан
дамитын әлеуметтік, жан-дүниелік және физиологиялық
бейімделу үрдістерінің бұзылыстары. Бұл дерт ақырындап
адамның әл-қуатын, ойлау қабілетін әлсіретіп, оның
азғындауына әкеледі. Ішімдікке рухани және физикалық
тәуелділік дамиды, оны тоқтатқаннан кейін доғару синдромы
байқалады.
Ішімдікке
салынудың
нәтижесінде
адам
әлеуметтік сәтсіздіктерге ұшырайды. Маскүнемдік 20-29
жастағы жас адамдарда қалыптасады. Оның нәтижесінде
балалар мен жеткіншектердің жалпы дамуы мен жетілуі,
білім алуға деген ынтасы әлсірейді, белгілі бір кәсіпті
игеруге
және
әлеуметтік
жағдайларға
бейімделу
мүмкіншіліктері азаяды. Оларда маскүнемдік:
● көңіл-күйінің тұрақсыздығымен, тұнжырауымен, үйінен
қашып кетумен, өзіне қол жұмсауға талпыныстық ойлармен,
●
мінез-құлқының
өзгерістерімен
(қатігездікпен,
айналасындағыларды
бүлдіріп
шағумен,
әлеуметтік
жағдайларға қарсы әрекеттермен),
● мектепте сабақ үлгерімі нашарлауымен, жақсылыққа
деген бейжайлықпен, қызығушылықтың жоғалуымен т.с.с.
белгілермен көрінеді.
Егде адамдарда маскүнемдік жиі аңғарылмайды. Оларда
оның белгілері өте құбылмалы болып келеді. Маскүнемдіктің
көріністерін жиі созылмалы аурулардың әйгіленімдеріне
немесе
қарттық
өзгерістерге
жатқызады.
Еркектер
маскүнемдікке 5 есе жиі ұшырайды. Әйелдер ішімдікті
көбінесе жасырынып ішеді және оларда маскүнемдік тезірек
дамиды.
Организмдегі этанолдың өзгерістері.
Қабылданған этил спирті асқазан мен ашішекте тез қанға
сіңіріледі және онда айналып жүріп жасушаларға жеңіл
өтеді. Оның 90%-ы сағатына 5-10 мл жылдамдықпен СО
2
және
Н
2
О – ға дейін тотығады, ал 5-10%-ы деммен, термен,
несепппен, нәжіспен сыртқа шығарылады. Ол бауырда
65
алкогольдегидрогеназа
ферментінің
қатысуымен
ацетальдегидке дейін ыдыратылады. Бұл зат ары қарай
ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің қатысуымен су мен
көмірқышқылы газына дейін тотығады. Ацетальдегидтің бір
бөлігі қанмен айналып жүріп, ағза мен тін жасушаларына
жеңіл өтіп, оларға қатты уытты әсер етеді. Ол мида
дофаминнің және апиынға жауап қайтаратын жүйенің түзілуін
көбейтеді. Мидағы дофаминге және апиынға жауап қайтаратын
жүйелер өзара тығыз байланысты болады. Осыдан мидың
қызметтері бұзылады. Бұл бұзылыстар қандағы этанолдың
деңгейімен тікелей байланысты. Егер қанда оның деңгейі 50
мг%- болса, онда ол көңіл-күйдің қобалжуын басады, 50-150
мг% болғанда – қимыл-қозғалыстың үйлесімдігін бұзады,
150-200 мг% болғанда - ауыр уыттандыру туындатып,
организмнің қатты қозуына әкеледі, ал 300-400 мг% -ке
жеткенде адамды есінен тандырады да, 400 мг%-дан асқанда
адамның өліміне әкеледі.
Маскүнемдікпен
ауыратын
адамдарда
ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің белсенділігі қатты
төмендеген болады. Тектік ерекшеліктерге байланысты оның
аз белсенділігі тіпті бар жоғы 20-30 мл арақ ішкеннен
кейін-ақ
ацетальдегидтің
қандағы
деңгейін
қатты
көбейтеді. Осыдан кейбір адамдардың беттері аз ішімдік
ішкеннің өзінде қызарып кетеді.
Маскүнемдіктің клиникалық көріністері:
● жалпылама көріністері:
♣ адамның бет әлпеті әжімделіп, қартайып көрінеді,
беті домбыққан, қызғылтым болады, артынан қызарады. Ары
қарай ішпегенде қызару біртіндеп кетеді. Бірақ бозарған
бет ұштарында, мұрын желбезектерінде, мойында, ұртта,
кеуденің жоғары жақтарында қан тамырлары кеңейіп керілген
болады;
♣ болбыраған бұлшықеттері ішімдік ішкеннен кейін
қалпына келеді;
♣ мінез-құлқы мен тәртібінің өзгерістері (көңіл-
күйінің тұнжырауы, үрей, ұйқысы қашу т.с.с.) байқалады;
♣ әлеуметтік жағдайларға бейімделуі бұзылады. Рухы
азаюы, настық, қалай болса солай киіну, отбасында
шиеленістерге бару (жұбайынан ажырасу, бөлек тұру),
айналасынан оқшаулану, заң бұзушылыққа бару, рухани және
физикалық жайсыздықтардың арақ ішкеннен кейін жоғалуы
т.б. белгілер байқалады;
♣ бірнеше қабат арақты қоюға немесе оны аз ішуге
нәтижесіз талпыныстар жасайды;
♣ ішімдік ішуден басқада шаруасы болмайды;