Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44650

Скачиваний: 260

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

71

 

●  зиянды  әсерлердің  даму  жолдарына  (патогенезіне) 

қарай: 

    ♥ уытты; 
    ♥  аллергиялық  (шынайы  аллергиялық  және  жалған 

аллаергиялық); 

    ♥ идиосинкразия; 
    ♥ өспе туындататын (канцерогендік); 
    ♥  іштегі  ұрық  дамуына  теріс  әсер  ететін 

(тератогендік); 

    ♥  дәріге тұрақтылық; 
    ♥ дисбактериоз; 
    ♥ дәріге тәуелділік – деп ажыратады. 

Дәрілердің уытты  әсерлері. 

Дәрілердің уытты әсерлерінің дамуы: 
● олардың емдік мақсатта қолданылатын мөлшерлерінен; 
●  қанда  олардың  шынайы  немесе  салыстырмалы  түрде  тым 

көбейіп кетуінен; 

●  оларға  организмнің  туа  біткен  немесе  жүре  пайда 

болған сезімталдығының көтеріңкі болуынан байқалады.  

Кейбір  дәрілерді  емдік  мақсатта  ұдайы  ұзақ  пайдалану 

қажеттігі  болғанда  олар  организмде  жинақталып  қалады. 
Мәселен,  жүрек  аритмиясын,  қояншық  ауруын  емдейтін  т.б. 
дәрілер. 

Сонымен 

қатар 

оларды 

организмнен 

сыртқа 

шығаратын  ағзалардың  (бауырдың,  бүйректің)  қызметтері 
бұзылыстары да дәрілердің денеде жиналып қалуына әкеледі. 
Бауырда 

ыдыратылатын 

(левомицетин, 

кальцийдің 

антагонистері, 

барбитураттар, 

хинидин, 

лидокаин, 

циметидин,  психотроптық  дәрілер  т.б.)  дәрілер  бауыр 
жасушаларының  бүліністерінде  немесе  қақпа  көктамырында 
гипертензия  болғанда  олардың  денеде  көп  жиналып  қалуынан 
уытты  әсерлері  байқалады.  Мәселен,  бауыр  аурулары 
кездерінде 

хлордиазепам, 

оксазепам 

сияқты 

транквилизаторлардың организмнен жартылай шығарылу кезеңі 
бірнеше  есе  артып  кетеді.  Осыдан  көңіл-күйдің  ауыр 
тұнжырауы  болады.  Бауыр  қызметінің  жеткіліксіздігінде 
фуросемидтің  сыртқа  шығарылуы  10  есе,  теофиллиннің  -15 
есе, хинидиннің - 7 есе азаяды.  

Бүйрек  қызметінің  бұзылыстары  кездерінде  дәрілердің 

ішкі  ағзалар  мен  тіндеріне  және  қанда  жиналуынан  уытты 
әсер  ететін  ауыр  жағымсыз  әсерлер  байқалады.  Кейде 
жағымсыз  әсерлердің  дамуы  мен  дәрілердің  денеден  сыртқа 
шығарылуы  нефрон  шумақтарында  несеп  сүзілу  қарқынымен 
және  өзекшелер  арқылы  несепке  шығарылуына  (секрециясына) 
байланысты 

болмайды. 

Ал 

кейбір 

дәрілердің 

сыртқа 

шығарылуы нефрон шумақтарында несеп сүзілуінің мөлшерінен 


background image

 

72

 

тікелей  байланысты  болады.  Мәселен,  гентамицин  т.б. 
аминогликозидтік 

антибиотиктер, 

алғашқы 

буындардағы 

цефалоспориндер, 

ванкомицин, 

дигоксин, 

дизопирамид, 

амфтерицид, 

флуцитозин, 

несеппен 

шығарылатын 

болғандықтан, несеп сүзілуі мардымсыз азайғанда олар дене 
тіндерінде  және  қанда  жиналып  қалады.  Осыдан  адамда 
саңыраулық,  бүйрек  бүліністері,  дигиталиске  тән  уыттану 
сияқты ауыр жағымсыз әсерлер дамиды. 

Дәрілік  заттар  жүйке  жүйесіне,  жүрекке,  бүйрекке, 

бауырға,  сүйек  кемігіне  т.б.  ағзаларға  уытты  әсер  етеді. 
Мәселен,  өспелерді  емдеуге  қолданылатын  антрациклиндік 
антибиотиктер  (адриамицин,  адрибластин,  доксорубицин, 
фармарубицин  т.б.  цитостатиктер),  туберкулезді  емдейтін 
антибиотиктер 

жүрек 

еті 

және 

ми 

жасушаларының 

мембраналарында  май  қышқылдарының  асқын  тотығуын  үдетіп, 
кардиомиоциттердің  және  нейрондардың  қызметтерін  бұзады. 
Содан 

жүректің  жиырылу  қабілеті  төмендейді,  жүрек 

соққылық және минөттік қан көлемдері азаяды, өкпеқап және 
жүрекқап  іштерінде,  құрсақта  сұйық  жиналады,  бауыр 
ісінеді,  жүрек  қызметінің  қан  іркілулік  жеткіліксіздігі 
дамиды.  Ми  жасушаларының  мембраналарында  майлардың  асқын 
тотығуынан  шартты  байланыстардың  есте  сақталуы  және 
олардың  қайта  жаңғырығуы  бұзылады.  Осыдан  организмнің 
сыртқы  орта  ықпалдарына  бейімделу  қабілеті  нашарлайды. 
Цитостатиктердің  әсерлерінен  сүйек  кемігінің  қызметі 
бұзылып,  анемия,  лейкопения,  тромбоцитопения  байқалады. 
Сайып  келгенде,  көптеген  дәрілердің  жағымсыз  әсерлерінің 
даму 

тетіктерінде 

олардың 

тін 

жасушаларының 

мембраналарында  майлардың  асқын  тотығуын  үдетуі  маңызды 
орын алады. 

Көптеген 

дәрілер 

белгілі 

бір 

ағзаға 

уыттылық 

көрсетеді. 

Мәселен, 

аминогликозидтер, 

сынапты 

зәрайдатқылар  бүйрек  қызметінің  жіті  жеткіліксіздігін 
туындатады. 

Дәрілік  жағымсыз  әсерлер  организмде  олардың  өзара 

әрекеттесулерінен  де  дамиды.  Бұл  кезде  бір  ауруды 
көптеген  дәрілермен  емдеудің  маңызы  зор.  Тіпті  жеңіл 
аурулардың  өздерін  орынсыз  бірнеше  дәрілермен  емдеу 
дәрілерден  дамыған  дерттердің  ауырлығын  және  пайда  болу 
жиілігін арттырады. Бір өзімен емдегенде уыты жоқ дәрілер 
басқа  дәрілермен  қосып  қабылдағанда  уытты  әсер  етуі 
ықтимал. Мәселен, олеандомицин және эритромицин теофиллин 
мен  кофеиннің  денеде  ыдыратылуын  бәсеңдетіп,  жүрек  айну, 
құсу,  жүйке  жүйесінің  көтеріңкі  қозымдылығы,  ұйқы  қашу 
сияқты  қанда  теофиллин  (20  мкг/мл-ден  астам)  көбеюінен 


background image

 

73

 

дамитын  уыттану  белгілерін  әйгілендіреді.  Жаңа  туған 
нәрестелер  мен  егде  адамдарда  бұдан  ми  ісінуі  дамуы 
мүмкін. 

Көптеген  дәрілердің  микромомалық  тотығуын  гистаминнің 

Н 

–  рецептор-  ларының  тежегіштері  (циметидин  т.б.)  

бәсеңсітеді.  Сондықтан  хинидин  мен  циметидинді  бірге 
қабылдағанда  организмнің  тіндері  мен  қанында  хинидиннің 
мөлшері 

40%-ға 

көбейеді. 

Циметидин 

теофиллиннің 

организмде  ыдыратылуы  мен  одан  сыртқа  шығарылуын  2,5  есе 
баяулатады. 

Гентамицин  бүйрек  арқылы  сыртқа  шығарылу  кезінде 

фуросемидпен 

өзара 

әрекеттесіп, 

қан 

сұйығында 

фуросемидтің  деңгейін  бірнеше  есе  арттырады.  Содан  оның 
әсерінен  саңыраулық  және,  жүрек  ырғағының  бұзылыстарына 
әкелетін, ауыр гипокалиемия дамиды. 

Салицилаттар мен сульфаниламидтер несептің қышқылдығын 

арттырып,  метотрексаттың  несеппен  шығарылуын  азайтады. 
Содан  ол  организмде  ұзақ  сақталып,  бауырдың  беріштенуі, 
панцитопения, анорексия, іш өтулер дамуына әкеледі. 

Дәрілердің 

уытты 

әсерлері 

организмнің 

даралық 

реактивтілігінің  ерекшеліктеріне  байланысты  дамуы  да 
ықтимал. Олардың дамуында, жоғарыда келтірілген бауыр мен 
бүйрек  қызметтерінің  жеткіліксіздігінен  басқа,  адамның 
тұқым  қуалаушылығына  қарай  дәрілердің  фармакологиялық 
өзгеру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Содан олардың 
организмде 

ыдыратылу 

жылдамдығы 

әртүрлі 

болады. 

Адамдардың  арасында  дәрілерді  «шапшаң  тотықтыратын»  және 
«шабан  тотықтыратын»  топтар  кездеседі.  Ақ  нәсілді 
адамдардың  5-9%-да  дәрінің  ферменттік  тотығуы  өте  баяу 
өтеді.  Сол  себепті  дәрі  организмге  қауіп  төндіретін 
мөлшерлерде жиналып қалуы мүмкін.  

Дәрілік аллергиялар. 

Көптеген  дәрілердің  әсерлерінен  аллергия  дамиды. 

Сондықтан 

дәрілік 

аллергиялар 

дәрілердің 

жағымсыз 

әсерлерінің 

өте 

кең 

тараған 

түріне 

жатады. 

Олар 

дәрілерден  барлық  асқынулардың  50%-ын  құрайды  және  дәрі 
қабылдайтын адамдардың 10-20%-да кездеседі. 

Дәрілік аллергиялардың ерекшеліктері: 
●  дәрілердің  ең  аз  мөлшерлерінен  дамиды  және  оның 

мөлшері  мен  аллергияның  ауырлық  дәрежесінің  арасында 
ешқандай  заңдылық  байқалмайды.  Кейбір  адамдарда  аз 
мөлшердегі дәрілерден ауыр, адам өміріне қауіп төндіретін 
аллергиялық  серпілістер  байқалса,  басқаларында  дәрінің 
көп мөлшерінен оның жеңіл көріністері байқалуы мүмкін; 

● 

аллергиялық 

серпілістер 

дәріні 

тек 

қайталап 


background image

 

74

 

қабылдаудан  дамиды.  Тағам  өндірістерінде  малдар  мен 
құстардың індеттерінен сақтандыру үшін дәрілік қоспаларды 
кеңінен 

пайдаланылатынын 

еске 

алсақ, 

көпшілік 

ол 

дәрілерді қабылдағанынан бейхабар болуы ықтимал; 

● 

аллергияның 

көріністері 

дәрінің 

қасиетінен, 

организмге  енгізу  жолдарынан  және  адамның  өзінің  даралық 
ерекшеліктерінен байланысты болады; 

● кезкелген дәрі аллерген бола алады. 
Бөтен 

текті 

(емдік) 

қан 

сарысулары, 

екпелер, 

жануарлардан  алынатын  ферменттік  және  гормондық  дәрілер 
(инсулин, 

тиреоидин, 

глюкокортикоидтар), 

қанның 

нәруыздары 

(әлбумин, 

гамма-глобулин), 

өсімдіктердің 

фитопротеиндері өте қуатты антигендер болады. 

Көптеген дәрілер организм нәруыздарымен байланысқаннан 

кейін  ғана  кешендік  антигенге  немесе  шынайы  аллергенге 
ауысатын  майда  молекулалы  заттарға  жатады.  Оларды 
гаптендер дейді. 

Дәрілік аллергия дамуына қолайлы ықпалдар: 
● организмнің тұқым қуалаушылыққа бейімділігі; 
●  өзін-өзі  емдеуге  дәрілерді  қалай  болса  солай 

бақылаусыз қабылдау; 

●  дәрілерді  науқастың  ұзақ  мерзім,  әсіресе  бірнеше 

мәрте қайталап, қабылдауы; 

●  сау  адамдардың  кәсіби  міндеттеріне  байланысты 

дәрілермен жанасуы; 

● 

науқас 

адамдарға 

көптеген 

дәрілерді 

орынсыз 

тағайындау; 

● антигені бойынша ұқсас дәрілерді тағайындау; 
● 

организмнің 

антигенге 

сезімталдығын 

көтеретін 

дәрінің белсенділігі, оның физикалық-химиялық құрамы; 

● 

организнің 

реактивтілігін 

дәрігердің 

дұрыс 

бағаламауы, бауыр мен бүйрек ауруларына назар аудармауы; 

●  дәрілерді  пайдаланар  алдында  теріде  аңғарымдық 

сынамалар өткізу; 

●  тұрғындардың  арасында  кеңінен  екпелер  жасау  және 

емдік сарысуларды қолдану. 

Организмнің  реактивтілігі  аллергияның  пайда  болуында, 

оның өтуі мен салдарларында өте маңызды орын алады. 

Тұқым 

қуалаушылыққа 

бейімділік, 

майда 

саңырауқұлақтармен 

терінің 

бүліністері, 

созылмалы 

жұқпалардың  ошақтары  болуы,  қосанжарласқан  аллергиялық 
аурулар 

(поллиноз, 

кеңірдекшелік 

демікпе, 

тағамдық 

аллергиялар)  дәрілік  аллергия  дамуына  қолайлы  ықпал 
етеді.  Олардың  дамуында  кейбір  антигендерге  организмнің 
иммундық 

жүйесінің 

жауап 

қайтаруға 

деген 

тектік 


background image

 

75

 

ерекшеліктері  маңызды  болады.  Әрбір  антигенге  иммундық 
жауап 

қайтару 

адамның 

тегіне 

байланысты. 

Тін 

үйлесімділігінің  үлкен  кешенінің  (МНС,  ағылш.  Major 
histocompatibility 

complex) 

антигендері 

түзілуін 

қадағалайтын  Ir-  геннің  (ағылш.  Immune  response  – 
иммундық  жауап),  сонымен  бірге  комплементтің  кейбір 
құрамбөлшектерінің құрылуын қадағалайтын гендердің қызмет 
атқаруларынан  организм  реактивтілігі  тікелей  байланысты 
болады.  Иммундық  жүйе  тізбектерінің  жұмыстарындағы  тұқым 
қуатын  немесе  жүре  пайда  болған  кемістіктер  аллергия 
дамуына әкеледі. Мәселен, Т-супрессор жасушаларының төмен 
белсенділігі 

Ig 

артық 

түзілуіне 

және 

әртүрлі 

аллергендерге, 

соның 

ішінде 

дәрілерге, 

организмнің 

сезімталдығын  көтереді.  Сөлденістік  (секрециялық)  Ig  A 
тапшылығы 

тыныс 

алу 

және 

асқорыту 

жолдарының 

аллергендерге 

өткізгіштігін 

арттырады. 

Осыдан 

ол 

аллергендерге организмнің сезімталдығы көтеріледі. 

Тұқым қуалаушылыққа бейімділік дәрілік аллергияның көп 

жақты  түрлерін  қалыптастырады.  Содан  бір  адамда  химиялық 
құрылымы, 

фармакологиялық 

әсері 

әртүрлі 

көптеген 

дәрілерге  аллергия  дамиды  және  ол  тағамдық  заттарға, 
өсімдік  тозаңдарына  немесе  т.б.  аллергендерге  аллергия 
дамуымен қабаттасады. 

Организмде  созылмалы  жұқпа  ошақтары  болғанда  дәрілік 

аллергия жиі дамиды. Өйткені бұл кездерде: 

●  ұзақ  мерзім  көптеген  дәрілермен  емдеу  қажеттігі 

болады; 

●  бүлінген  шырышты  қабықтар  арқылы  аллергендердің 

(дәрілердің) көптеп организмге енуі болады; 

● иммундық жүйенің белсенділігі жоғары болады; 
● 

организмнің 

табиғи 

қорғаныстық 

жүйелерінің 

(пропердиннің, комплементтің, лизоцимнің т.б.) деңгейі аз 
болады.  Осыдан  дәрілердің  иммундық  қабілетті  жасушаларға 
өтіп кету мүмкіншілігі артады; 

● жұқпалар дәрілердің артығын  ыдырататын және олардың 

сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін ағзаларға теріс ықпал 
етеді;. 

●  жұқпалар Ig E артық түзілуіне, биологиялық белсенді 

заттардың  тез  босап  шығуына  және  комплемент  жүйесінің 
әсерленуіне қолайлы ықпал етеді. 

Осы себептерден өкпе туберкулезімен ауыратын адамдарда 

дәрілік  аллергияның  дамуы  8  есе  жиі  кездеседі.  Бұндай 
жағдай  ауру  туындатқан  себепкер  ықпалдың  арнайылығына 
және  емдеу  үшін  көп  дәрілер  қолданылуына  байланысты 
байқалады. 

Тыныстық 

вирустық 

жұқпалар 

тыныс 

алу