ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44788
Скачиваний: 262
116
аласа бойлы, жалаң бетті, мойны қысқа, іші жайылып жатқан
(Сиго бойынша асқорытулық түрі); Атлеттік түрі — дене
құрылысы бір-біріне сай, еттері тығыз, жақсы дамыған,
(Сиго бойынша бұлшықеттік түрі). Кречмер бұл дене
бітімінің
құрылымдық
ерекшеліктерін
адамның
мінез-
құлқымен, ет тірілігімен және психикасымен байланыстырып
қана
қоймай,
оларда
қияли
аурулардың
пайда
болу
мүмкіндіктерімен байланыстырды. Сол себептен Кречмердің
пікірі бойынша дене бітімінің астениялық түрі бар
адамдардың арасында шизофрения, атлеттік түрі барларының
арасында жиі қояншық ауруы, пикниктік түрі барларында
желікпелік-тұнжыраулық қияли аурулар жиі кездеседі. Бірақ
бұл
пікірмен
келісуге
болмайды.
Өйткені
Кречмер
көрсетілген жіктеуді есі ауысқан науқастардың арасында
жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жасаған. Сондықтан
оны сау адамдарға таратуға болмайды.
Клиникаларда
дене
бітімі
ерекшеліктеріне
М.В.Черноруцкий ұсынған жіктеу кең тараған. Бұл жіктеуде
дене
бітімінің,
құрылымдық
ерекшеліктерімен
қатар,
функциялық және зат алмасулық ерекшеліктер енгізілген. Ол
дене бітімі ерекшеліктерін: астениялық, нормостениялық
және гиперстениялық – деп үш түрге ажыратты.
Астениялық дене бітімі бар адамдардың кеудесі ұзын,
ашаң, төс етегі шеміршектерінің бұрышы сүйір, салмағы
жеңіл, денесінде түзілістік үрдістер ыдырау үрдістерінен
кем болады. Олардың жүрегінің көлемі кішкене, өкпесі ұзын
және үлкен, оның тіршіліктік сыйымдылығы жоғары, ішек-
қарны қысқа, көгеті төмен орналасқан, бауыры мен бүйрегі
төменірек ығысқан, артериалық қан қысымы төмен, қанында
гемоглобин азырақ, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері
әлсіз, бүйрек үсті бездерінің қызметі төмен болады.
Гиперстениялық дене бітімі бар адамдарда толықтыққа
бейімдік айқын көрінеді, аяқ-қолдары қысқа, кеудеден
құрсақ аумағы басым, төс етегі шеміршектерінің бұрышы
доғал, көгеті жоғары орналасқан, жүрегінің көлемі үлкен
және ол көлденең орналасады, қолқасы кең, өкпесі келте,
қарны көлемді, ішектері ұзын болады. Бұндай адамдардың
денесінде түзілістік үрдістер ыдырау үрдістерінен артық
болады. Олардың қанында эритроциттердің, гемоглобиннің,
қанттың, холестериннің, зәр қышқылдарының мөлшерлері
қалыпты деңгейлерінің үстіңгі шектерінде байқалады.
Артериалық қан қысымы жоғары, ішек-қарынның қимылдық
әрекеттері көтеріңкі деңгейде болады.
Нормостениялық дене бітімі жоғарыда көрсетілген екі
түрлерінің аралық түріне жатады.
117
Гиперстениялық дене бітімді адамдар зат алмасу
ауруларымен, өт-тас ауруларымен, атеросклерозбен, жүрек-
қан тамырларының басқа да ауруларымен жиі ауыратыны
белгілі.
Астениялық дене бітімді адамдарда өкпе туберкулезі,
асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, гипотензия, Аддисон
ауруы т.б. жиі кездеседі.
Дегенмен жоғарыда келтірілген дене бітімінің түрлері
таза күйлерінде сирек байқалады. Олардың араласқан
түрлері жиірек кездеседі. Осыған байланысты организм
ағзаларын біріктіретін белгілі физиологиялық жүйелердің
ерекшеліктеріне қарай дене бітімдерінің жіктелулері пайда
болды. А. А. Богомолец осы негізде организмде дәнекер
тіндік физиологиялық жүйеге зор мән берді. Ол осы жүйенің
даму
ерекшелігіне
қарай
дене
бітімін
астениялық,
фиброздық, липоматоздық және пастоздық деп ажыратты.
Астениялық түріне өте нәзік, жіңішке дәнекер тіндері;
Фиброздық түріне - тығыз және талшықты дәнекер
тіндері;
Липоматоздық түріне май тіндерінің қатты дамуы,
семіздікке бейімділік;
Пастоздық түріне — болбыр дәнекер тіні және ісінуге
бейімділік тән деп есептеді.
Дене бітімі туралы ілімді дамытуға И. П. Павлов зор
үлес қосты. Ол организмді тұтас күйінде біріктіріп
тұратын жүйке жүйесінің жұмысын дене бітімдерін жіктеудің
негізіне алды. И. П. Павловтың жіктеуі бойынша жүйке
жүйесінде болатын негізгі үрдістердің (қозу, тежелу)
күшіне, ұстамдылы-ғына, бір-біріне ауысу жылдамдығына
қарай бөлінді.
Жоғарғы жүйке іс-әрекеттері орталық жүйке жүйесінде
қозу мен тежелу үрдістерінің күшіне қарай күшті және
әлсіз деп бөлінді. Күшті жоғарғы жүйке іс-әрекеттері
көрсетілген үрдістердің ұстамдылығына қарай: ұстамды және
ұстамсыз деп екіге ажыратты. Жоғарғы жүйке әрекеттерінің
күшті, ұстамды түрі қозу мен тежелудің бір-біріне ауысу
жылдамдығына
қарай
жігерлі
және
салмақты
болып
ажыратылды.
● күшті, ұстамды жігерлі — орталық жүйке-жүйесінде, ми
қыртысында және қыртыс асты құрылымдарда негізгі қозу мен
тежелу үрдістерінің екеуі де күшті болады. Бұл адамдардың
еті тірі, жүйкесі мықты, өткір, жүйке жүйесіндегі қозу
мен тежелу үрдістерінің ауысу жылдамдығы өте тез болады.
Қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен
шеше білетін адамдар жатады. Бұл түр Гиппократтың
118
жіктеуінше сангвинник түріне сәйкес келеді.
● күшті, ұстамды, салмақты, ауыр мінезді адам, жүйке
жүйесінде қозу мен тежелу үрдістері күпггі болады. Бұл
адамдар жұмыста тындырымды, өзін-өзі ұстай біледі
(байсалды), бірақ тым салмақты, өзінің үйреншікті
әдеттерін аз өзгертетін немесе өзгертпейтін адамдар.
Гиппократтың жіктеуінше флегматиктерге сәйкес келеді.
● күшті, ұстамсыз, күйгелек, жүйке жүйесі күшті
адамдар. Олардың миында қозу процесі айқын басым, қимылы
тез болады. Тез арада қопарып көп жұмыс істей алады. Бұл
адамдар көп жағдайда шамасын білмей артық кетіп қалады.
Ашушаң, жеңіл мінезді, күйгелек, сабырсыз адамдар.
Гиппократтың жіктеуі бойынша холериктерге келеді.
● әлсіз, тұйық, сенгіш адамдар. Олардың жүйке
жүйесіндегі үрдістер тым әлсіз, нәзік. Қиындықтарга
төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, тез сенгіш, уайымшыл
адамдар. Гиппократ бойынша меланхоликтер.
Дерттік үрдістердің пайда болуы мен дамуына жоғарғы
жүйке жүйесінің ерекшеліктері ықпал жасайтынына көптеген
дәлелдер келтіруге болады. Мысалы, жоғарғы жүйке жүйесі
күшті, ұстамды иттерде эксперименттік неврозды алу өте
қиын, ал оны ұстамсыз немесе әлсіз жануарларда жеңіл
алуға болады. Тәжірибелерде алынған деректер бойынша өспе
ауруы дамуында жүйке жүйесінің ерекшеліктерінің ықпалы
бар екендігі анықталған.
Сонымен бірге И. П. Павлов адамдарды мынадай түрлерге
бөлген:
● бейнешіл кейіпкер — бірінші дабылдық (сигналдық)
жүйесі басым, сондықтан көркемдік, бейнелік табиғат
тануда тиянақты пікірі бар адамдар.
● аралық кейіпкер.
● ойшыл (қиялшыл) кейіпкер — тілсөз жүйесі басым,
дерексіз ойлауы мен қиялы жақсы дамыған адамдар.
Дене бітімінің ерекшеліктерін білу арқылы адамдардың
кейбір дерттерге бейімділігін ескеріп, оған қарсы
профилактикалық жұмыстар жүргізуге, дерт дамымауы үшін
қолайлы
жағдай
жасауға
болады.
Дене
бітімі
ерекшеліктеріне байланысты емді де даралап жүргізуге
болады. Сайып келгенде, дене бітімінің ерекшеліктері адам
организмінің реактивтілігін анықтайды, оның құбылмалы
сыртқы
орта
ықпалдарына
бейімделу
мүмкіндіктеріне,
физиологиялық және дерттік үрдістердің өту жолдарына зор
ықпал етеді.
119
ДИАТЕЗДЕР.
Организмнің ауытқыған дене бітімінің бір түрі болып
диатездер (грек. diathesis — бейімділік) есептеледі.
Диатез — әдеттегі немесе ауру туындататын әсерлерге
организмнің бұрынғы қалпынан ауытқып жауап қайтаруымен
сипатталатын жас балалардың дене бітімінің өзгеруі. Бұл
кезде балалардың кейбір дерттік үрдістерге бейімділігі
байқалады. Диатездің бірнеше түрлері белгілі. Олардың
бастапқы кезеңдері байқалмауы мүмкін. Ал, баланың
қоректенуі бұзылудан, қоршаған ортаның басқа ықпалдарының
әсерлерінен олар айқын түрлеріне ауысады.
● Жалқықты-шырышты (экссудациялық-катаралдық) диатез
екі жасқа дейінгі 40-60% балалардың арасында кездеседі.
Бұл диатез кезінде тері мен шырышты қабықтар қайта-қайта
қызарып, базданып қабынады, одан көп шырышты жалқық
(экссудат) бөлінеді, жиі аллергиялық қабыну дамуына
бейімділік байқалады. Даму жолдарына қарай бұл диатез
иммундық және иммундық емес болып ажыратылады. Көпшілік
жағдайларда ол иммундық емес, жалған аллергиялық, жолмен
дамиды.
Бұл
кезде
аллергияның
бірінші
иммундық
серпілістер сатысы болмайды. Диатез дамытқан түрткінің
әсерінен лаброциттерден биологиялық белсенді заттар
(гистамин т.б.) босап шығып, ағзалар мен тіндердің қан
тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтеріп, қабыну
дамытады. Лаброциттерден гистаминнің босап шығуы оның
артық өндірілуінен немесе жеткіліксіз әсерсізденуінен
болуы мүмкін. Гистаминнің артық өндірілуін туындататын
заттарды
гистаминнің
либераторлары
дейді.
Оларға:
антиген-антидене
кешендері,
пептидтер,
протеазалар,
уыттар мен улар, моноаминдер, кейбір тағамдық заттар
(мәселен, сиыр сүті, жұмыртқа, құлпынай, шоколад, лимон,
апельсин, банан т.б.) жатады.
Емшектегі
балалардың
қанында
протеолиздік
ферменттердің, соның ішінде гистаминазаның, мөлшері аз
және белсенділігі төмен болудан артық гистамин дер
кезінде ыдыратылып әсерсізденбейді. Сонымен бірге жас
балалардың тіндерінің гистаминге сезімталдығы жоғары
болады. Осыдан гистаминнің әсерінен тері мен шырышты
қабықтардың талаурап қабынуы дамиды. Бұл келтірілген
жағдайларда
жалқықты-шырышты
диатез
иммундық
емес
жолдармен дамиды.
Егер жалқықты-шырышты диатез аллергенді тым мардымсыз
аз мөлшерде қабылдағаннан кейін дамыса, онда ол иммундық
жолмен дамығанын көрсетеді. Бұл кезде баланың бүкіл
денесіне тараған ауыр аллергиялық серпілістер байқалады.
120
Бұл
диатездің
даму
жолдарына
қарай:
атопиялық,
аутоаллергиялық
және
инфекциялық-аллергиялық
–деп
ажыратады.
Атопиялық жалқықты-шырышты диатезге:
♣ ата-анасында аллергиялық аурулардың болуы;
♣ теріде қышыма дамуы;
♣ IgE түзілуіне тұқым қуалайтын бейімділік болуы;
♣ қанында IgE көп, норадреналиннің аз болуы;
♣ гистаминнің мес жасушаларынан өздігінен көп
босауы;
♣ тері ішіне гистамин енгізгенде оның көтеріңкі
сезімталдығы және соған жауап ретінде дене қызымы
көтерілуі;
♣
гистамин
мен
ацетилхолиннің
әсерінен
кеңірдекшелердің қатты жиырылуы т.с.с құбылыстар тән
болады.
Сондықтан оларда жиі демікпе, есекжем, Квинке ісінуі,
анафилаксиялық сілейме дамиды.
Аутоаллергиялық
жалқықты-шырышты
диатездің
даму
жолдарында аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрі
маңызды орын алады. Бұл кезде терінің ультракүлгін
сәулелерге сезімталдығы көтеріледі, клиникалық ешқандай
көріністері болмауына қарамай, балалардың қанында IgG
және IgM мөлшері қалыптыдан біршама жоғары болады. Осыдан
бұл балалардың ішкі ағзаларының аутоиммундық бүліністері
байқалуы ықтимал.
Инфекциалық-аллергиялық
жалқықты-шырышты
диатез
кезінде тыныс алу жолдарының жіті вирустық жұқпаларынан
және
жұтқыншақ
пен
көмекейдің
қабынуларынан
эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) ұзақ уақыт жоғары
деңгейде
ұсталып
тұрады.
Бұл
аурулар
буындардың
сырқырауымен және жүрек қызметтерінің бұзылыстарымен
қабаттасады.
Аллергиялық диатездердің болуы әлі ааллергиялық ауру
емес.
Олар
соңғыларының
дамуына
бейімділік
қана.
Сондықтан аллергиялық ауруға ауысу үшін, аллергенмен
түйісуден басқа, тыныс алу жолдары мен ішек-қарын
жолдарында жұқпалардың жергілікті ошақтары, тері мен
шырышты қабықтардың әртүрлі ықпалдармен тітіркендірілуі,
бауырдың уытсыздандыру қызметінің әлсіреуі, қоректенудің
бұзылыстары сияқты көптеген ықпалдардың болуы қажет.
Лимфоидтық-гипоплазиялық
диатез.
Бұл
диатез
жас
балалардың
арасында
3,2-6,8%
жиілікпен
кездеседі.
Балалардың жұқпалы-уытты, әсіресе дұрыс емделмеген,
аурулары, нәруыздары немесе көмірсулары тым артық