ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44669
Скачиваний: 260
121
тамақпен
тиімсіз
қоректендіру
т.с.с.
нәтижелерінде
дамиды. Оның дамуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің
маңызы зор. Ұзақ мерзім жұқпалы-уыттардың әсерлерінен
айырша без бен лимфоидтық тіндердің қызметтері бұзылады.
Артынан бүйрек үсті бездерінің гипоплазиясы дамиды.
Сондықтан оларда катехоламиндер мен глюкокортикоидтық
гормондардың түзілуі азаяды. Осыдан минералокортикоидтық
гормондардың үлесі артып кетеді де, лимфоидтық тіндердің
салдарлық гиперплазиясы дамиды, натрий мен хлоридтер және
су денеде тұтылып қалады. Дененің ісінуі жиі байқалады.
Мұндай балалардың бет пішіні домбыққан, бозарған, бұлшық
еттері әлсіз, лимфалық түйіндері ұлғайған болады.
Лимфоидтық тіні қатты өсіп кеткеніне қарамай оның
жеткіліксіздігі байқалады жыныстық дамуы кешеуілдейді.
Бұл балаларда баспа және фарингит жиі дамиды, көкбауыры
ұлғайып,
қанында
лимфоциттердің
саны
көбейеді.
Аутоаллергиялық аурулар дамуына бейімділік артады. Бұл
жағдайды тимиколимфатикус жағдайы деп атайды. Өйткені бұл
адамдарда айырша бездің кері дамуы баяулайды, бүйрек үсті
бездерінің жеткіліксіздігі дамиды. Содан организмнің
көптеген, тіпті жеңіл, әсерлерге төзімділігі төмен
болады.
Жүйкелік-буын қабынулық (нервтік-артриттік) диатез.
Бұл
диатез
кезінде
жүйке
жүйесінің
қозымдылығы
көтеріледі, зат алмасуларының бұзылыстарынан кетоацидоз
дамуына бейімділік пайда болады, артынан семіруге,
нефрит, нефрокальциноз, подагра т.б. артриттер дамуына
бейімділік байқалады. Оның дамуында тұқым қуалаушылыққа
бейімділіктің маңызы бар. Организмде зәр қышқылының
түзілуі артуынан оның деңгейі қанда көтеріліп кетеді.
Қанда глюкоза азаюынан, қайта-қайта құсудан, ұзақ уақыт
тамақ қабылдамаудан, әртүрлі ауыртпалықтардан, жіті
жұқпалардан майлардың ыдырауы артып, кетондық денелердің
өндірілуі көбейеді. Осыдан кетоацидоздық кома дамиды.
Емшектегі
балалардың
өздерінде
жүйке
жүйесінің
қозымдылығы көтеріліп, жасы өсуіне қарай ол арта береді.
Сондықтан балалардың жандүниелік дамуы ерте байқалып,
олар барлығын білуге ұмтылады, айтқан сөзді немесе оқып
бергенді есінде оңай сақтайды. Бұл балалар мектепте жақсы
оқиды, көпшілігі өнерге, іргелі ғылымдарға бейім болып
келеді. Бірақ бұндай балаларда себепсіз дене қызымының
көтерілуі, бас сақинасының ұстамалары, мезгіл-мезгіл іші
және арқасы ауыруы, денесінде есекжем, Квинке ісінуі,
демікпелік бронхит дамуы мүмкін. Оларда зәр қышқылының
тұздары несеппен көп шығарылудан бүйрек қызметі бұзылады.
122
Осындай жағдайды урикозуриялық нефропатия деп атайды.
Содан
протеинурия,
микрогематурия,
лейкоцитурия,
цилиндрурия дамиды, бүйректің несепті қоюландыру-сұйылту
қызметі
әлсірейді.
Артериалық
гипертензияға,
пиелонефритке,
несепте
тас
байлануына
бейімділік
байқалады.
Астениялық диатез кезінде адамнын жалпы әлсіздігі, қан
тамырлары серпілістерінің құбылмалылығы болады. Оларда
жиі ішкі ағзалардың қалыпты орнынан төменге ығысуы
байқалады.
Осы
көрсетілгендермен
бірге
диатездің
араласқан
түрлері де кездеседі. Сонымен қорыта келгенде диатез
ауру емес, оған бейімділік қана. Ол кезде кейбір
ауруларға бейімділік міндетті түрде болмайды. Ол ауруға
бейімділіктің жүзеге асуы немесе аспауы, былайша айтқанда
сырқаттану
немесе
сырқаттанбау
қоршаған
ортаның
жағдайларына байланысты болады.
ҚАРТАЮ
Дара тұлғалардың өмір ұзақтығы белгілі бір уақытпен
шектеліп, бұл дүниемен қоштасуы болады. Оның алдында
организмнін,
қоршаган
орта
жағдайларына
бейімделу
қабілеті төмендеуінен, атқаратын қызметтерінің қайтымсыз
қатты
бұзылыстары
байқалады.
Осыдан
адамның
жиі
аурушаңдығы пайда болады. Осыған байланысты: белгілі
кәмелетке
жеткеннен
кейін
организмнің
функциялық
мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуін қартаю дейді.
Бұл дүниеге келген тіршілік иелерінің барлығы міндетті
түрде өмірдің барлық сатыларынан өтіп, соңында қартаяды
және көз жұмады. Ол табиғаттың ішкі заңдылықтарымен
қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаның көптеген жағдайлары
организмнің өмір ұзақтығын ұзартады немесе қысқартады.
Кейде олар организмнің қартаюын біршама кешеуілдете
алады, бірақ мүлде тоқтата алмайды.
Қазіргі күні қартаю мен кәрілік мәселелері үлкен
әлеуметтік
мәселеге
айналып
отыр.
Жақсы
дамыған
мемлекеттерде (Жапония, Әмерика, т. б.) адам жасының
орташа ұзақтығы 76 жастан асады. Соған байланысты жалпы
адамдардың 13%-ына, кейбір мемлекеттерде 20%-ына, дейіні
қарттардың үлесіне тиеді және олардың саны жылдан жылға
көбейіп бара жатқаны байқалады. Олар жұмысқа жарамайды
және жиі сырқаттанады. Мәселен, 65 жасқа келген жеті
адамның алтауында ең кемінде бір созылмалы ауру болады.
Олар бірнеше аурулармен жиі сырқаттанады. Сондықтан
қартаюдың заңдылықтарын терең зерттеп, одан адамды алдын-
ала сақтандыру жолдарын іздестіру бүгінгі күннің күрделі
мәселесі болып келеді. Сол себептен қартаю заңдылықтарын
123
зерттейтін ілім геронтология және жастары ұлғайған
адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім
гериатрия қазір қатты дамып келе жатыр.
ҚАРТАЮ КЕЗІНДЕгі организмнің ӨЗГЕРІСТЕРІ.
Тұтас организм деңгейінде қартаю кезінде шаш ағарып,
түсе бастайды, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды,
тіс түседі. Тері жұқарып, құрғайды. Сол себептен ол
қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен бірге
адамның қол жұмысын атқаруға қабілеті төмендейді. Бұл
кезде адамның қоршаған орта жағдайларына бейімделу
мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан бір себептен болмаса,
екінші бір себептен кәрі адамнық көз жұмуы (қайтыс болуы)
даусыз. Өйткені олардың ішкі ортасының тұрақтылығын
(гомеостазын) қадағалау мүмкіншіліктері бұэылады.
ҚАРТАЮ КЕЗіндегі ЖҮЙЕЛЕРДе ӨЗГЕРІСТЕРІ.
Қартаю
кезінде
мидың
сыртқы
қыртысының
кейбір
қабаттарында жүйке жасушалары азайып, глия жасушалары
көбейеді. Бұл кезде мидың басқа аумақтарында елеулі
өзгерістер болмайды. Нейрондардың денесінде липофусцин
жиналады. Осыдан келіп олардың функциялық қасиеті
өзгереді,
серпіндердің
жүйкелер
арқылы
өткізілу
жылдамдығы баяулайды, туйіспелерде (синапстарда) жүйкелік
медиаторлардың түзілуі және рефлекстер әлсірейді. Сонымен
бірге қартаю кезінде жадыда сақтау қабілеті бұзылады,
оқуға құштарлық азаяды. Бірақ бұрынғы қалыптасқан әдет,
сөз қоры, алынған білім жастың ұлғаюына қарай көп
өзгермейді. Бұл кезде мидың біршама құрылымдары әртүрлі
өзгерістерге
ұшырайды.
Соның
ішінде
гипоталамустың
өзгерістері дербес (вегетативтік) жүйке жүйесі мен
эндокриндік
жүйенің
өзгерістеріне
әкеліп,
адамның
қартаюына бірталай ықпал етеді.
Қартаю кезінде эндокриндік жүйенің қызметі бірсыпыра
өзгереді. Бұл кезде кейбір гормондардың өндірілуі
өзгеруімен қатар, олардың реттеуші әсерлерін қабылдайтын
нысана - тіндер мен жасушалардың сезімталдығы өзгереді.
Эндокриндік жүйенің кері байланыс бойынша өзін-өзі реттеу
жолдары бұзылады. Қарт адамдарда жыныс бездерінің қызметі
әлсірейді. Осыдан жыныстық гормондардың қандағы деңгейі
төмендеуінен гипоталамуста гонадолиберин мен гипофизда
гонадотропиннің өндірілуі артады. Бірақ бұл гормондарга
жыныстық бездердің сезімталдыгы төмендеген. Сондықтан
олар қанда гонадотропиннің көбеюіне қажетті гормон
өндірумен жауап қайтармайды.
Қарт адамдарда гипофиз бен бүйрек үсті бездерінің
өзара қатынасы бұзылады. Гипофиздің тропиндеріне бүйрек
124
үсті бездері және кортикостероидтардың қандағы деңгейіне
гипофиз, кері байланыс бойынша, әлсіз жауап қайтарады.
Шеткері ағзалар мен тіндердің жасушаларында (лимфоциттер
мен
гепатоциттерде)
кортикостероидтарды
қабылдайтын
рецепторлар
азаяды.
Осыдан
әртүрлі
қоздырғыштарға
қарттардың
төзімділігі
төмендейді.
Қартаю
кезінде
гипофизде тиреотропин түзілуі азаюдан қалқанша бездің
қызметі төмендейді, зат алмасу үрдістерінің реттелуі
бұзылады. Бұл кезде үйқы безінің қызметі әлсіреуінен
инсулин аз өндіріледі және өндірілген инсулиннің өзі
қанда
тез
әсерсізденеді.
Сонымен
бірге
тіндердің
инсулинге сезімталдығы төмендейді. Осылардың нәтижесінде
қарт адамдардың организмінде инсулиннің жеткіліксіздігі,
қантты диабеттің, инсулинге төуелсіз, 2-түрі жиі дамиды.
Адамның жасына қарай ерте, кері дамитын бездерге
айырша без (тимус) жатады. Ол балалардын жыныстық
жетілуінен бастап ұдайы кішірейе береді және оның
атқаратын қызметі де кемиді. Бұл өзгерістер иммундық
жүйеге белгілі мөлшерде ықпал етеді.
Қартаю кезінде иммундық жүйенің өзгерістері екі
бағытта байқалады:
● бөтен антигендерге организмнің жауап қайтару
қабілетінің төмендеуімен (имунитеттің тапшылығымен);
● организмнің өзінің меншік тіндерінің антигендеріне
қарсы иммундық серпілістер (аутоиммунитет) дамуымен
байқалады.
Бұл өзгерістер лимфоциттердің, плазмалық жасушалардың
қалыпты
мөлшерінде
және
қанда
иммуноглобулиндердің
әдеттегіден артық болуымен қабаттасады. Сондықтан қартаю
кезіндегі иммунитеттің өзгерістері иммундық жүйенің
реттелулерінің бұзылыстарынан болады. Жасы ұлғайған
адамдардың қанында аутоантиденелердің мөлшері артады.
Осыдан организм тіндері өзгерістерге ұшырап, оларға қарсы
аутоиммундық шабуыл жасалынады. Тәжірибелік иттерге алдын
ала аз мөлшерде жүрекке қарсы цитотоксиндік қан сарысуын
енгізіп, артынан адреналин енгізгенде, оның мардымсыз
өлшемінен кардиогендік сілейме дамитыны белгілі болды (Ә.
Нұрмұхамбетұлы). Қарт адамдарда жиі кездесетін: жүқпалар,
өспе
өсуіне
бейімділік,
қарттық
амилоидоз,
қан
тамырларының атеросклерозы немесе басқа аурулары, кейбір
ми
бүліністері,
ұйқы
безі
мен
қалқанша
бездің
бұзылыстары, т. б. аурулардың даму негізінде осы иммундық
жүйенің жасқа байланысты өзгерістері жатады. Сонымен
бірге,
қарттарда
созылмалы
вирустық
жұқпалардың
белсенділігі артып кетеді. Вирустардың геномы организмнің
125
тежеуші ықпалдарынан шығып кетеді де, өзбеттерінше өсіп-
өне
береді.
Осыдан
бір
жағынан
қарт
адамдарда
аутоиммундық бүліністер, мидың өзгерістері т.с.с. дамыса,
екінші жағынан қалыпты жасушалардың өспе жасушаларына
айналу мүмкіншіліктері артады. Қартаю кезінде организмнің
улы химиялық заттардан қорғану қабілетінің әлсіреуі
бауырдың микросомалық тотығу жүйесінде уытсыздандыру
мүмкіншілігінің азаюынан болады. Осыдан қарт адамдар улы
химиялық заттарға ғана емес, кейбір дәрі-дәрмектерге де
өте сезімтал болып келеді.
Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер
тіндердің артық өсіп-өнуін айтуға болады. Осыдан өкпеде,
бауырда, жүректе, бүйректе т. б. ішкі ағзаларда дәнекер
тіндер артық өсіп, коллаген тіндері көбейеді, керісінше
оларда серпімді талшықтар азаяды. Коллагеннің артық өсіп
кетуінен дәнекер тіңдерінің созылғыштық қасиеті нашарлап,
ағзалардың
беріштенуі
дамиды.
Дәнекер
тіндерінің
бүліністерімен қарттардың қан тамырларының, буындарының
өзгерістері тікелей байланысты. Осыдан оларда тізенің,
белдің ауыру сезімдері пайда болады. Қарт адамдардың
сүйектерінде,
буындарында
және
омыртқа
аралық
шеміршектерінде бүліністер пайда болуынан қаңқаның жалпы
өзгерістері,
кеуденің
бүкірлігі
байқалады.
Дәнекер
тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек
сынықтарының бітуі жастарға қарағанда көп кешеуілдейді.
Қартаю
кезінде
қанайналым
жүйесінде
бірсыпыра
өзгерістер дамиды. Бұл кезде жүректің жиырылу күші,
қанның минуттық көлемі азаяды, шеткері қан тамырларының
тарылуынан айналымдағы қанға олардың жалпы кедергілік
қасиеті көтеріледі. Тіндерде қан қылтамырларының саны
азаяды, олардың қабырғаларындағы тіректік мембрананың
қалыңдап кетуінен қаннан тіндерге және, керісінше,
тіндерден қанға газдардың диффузиясы бұзылады. Бұл
бұзылыс, әсіресе өкпеде болатын болғандықтан, сыртқы
тыныстың жеткіліксіздігіне, тыныстық гипоксия дамуына
әкеледі. Қарттарда артериалық қан қысымы көтеріледі. Қан
тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеро- және
артериосклероздар
дамиды.
Адамның
жасы
ұлғаюына
байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік-сұйықтық
реттелулері
өзгереді.
Осыдан
қарттарда
артериалық
гипертензия, жүрек аритмиялары жиі кездеседі.
Сонымен
қатар
қарттардың
басқа
жүйелерінде
де
өзгерістер пайда болады; сүйек кемігінде қан өндірілу
азаяды, бүйректің қызметі әлсірейді, ішек-қарынның сөл
шығару қабілеті төмендейді, бұлшықеттердің күші және