ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44738
Скачиваний: 262
261
Ишемия.
Ишемия (грек. іsсhеіп - бөгеу, бөгелу, hаіmаtаз - қан)
- деп артериялық тамырлармен қанның ағза мен тіндерге
келуі азаюдан немесе мүлде болмауынан дамитын жергілікті
қанайналымның бұзылуын айтады. Ишемияның себептері:
●
артериялық
тамырдың
сыртынан
(бөгде
затпен,
тыртықпен, өспемен) қысылып қалуы (компрессиялық ишемия);
● артериялық тамырдың ішінен тромбпен, эмболмен,
дәнекер тінмен бітеліп қалуы (обтурациялық ишемия);
● артериялық тамырдың жиырылып қалуы (ангаоспазмдық
ишемия).
Жан күйзелістері (қорқыныш, үрей, қайғы-қасірет),
физикалық (суық температура, жарақат), химиялық (улы
өнімдер), биологиялық (бактериялардың уыттары) т. б. қан
тамырларын жиырылтатын жүйкелерді қоздырып ангиоспазмдық
ишемия дамуына әкеледі. Ангиоспазм мида қан тамырларының
қимылдық орталығы тікелей қозғанда (миға қан қүйылу,
қабыну, өспе өсуі кездерінде, бас сүйек ішінде қысым
көтерілгенде)
немесе
шеткері
ағзалардың
аурулары
кездерінде рефлекстік түрде дамуы мүмкін. Мәселен,
асқазан мен ішектердің, өт жолдарының, қуықтың, өкпенің
аурулары жүрек тамырларының рефлекстік жиырылуына әкелуі
ықтимал. Содан коронароспазм дамиды.
Ангиоспазмның негізінде тамыр қабырғаларындағы тегіс
салалы ет жа-сушаларының жиырылуы жатады. Әртүрлі
(жүйкелік, химиялык, физикалық т. б.) әсерлерден осы
жасушалардың ішіне Са
2
ионының тым артық енуі және
олардың саркоплазмадан кальцийді жинақтайтын орындарға
шығарылуы азаюы қан тамырларын жиырады.
Ишемияның сыртқы көріністеріне:
● ағза мен тіннің бозаруы;
● жергілікті температураның төмендеуі;
● ауыру сезімі немесе қалыптан тыс бұрмаланған (ағза
мен мүшелердің ұйып қалуы, шаншу, орынсыз жыбырлау) сезім
(парестезия);
● ағзаның көлемі мен серпімділігінің төмендеуі;
● ағза қызметінің бұзылуы – жатады.
Бұл әйгіленімдер ишемияның нәтижесінде ағзалар мен
тіндерде
микроциркуляцияның
бұзылыстарынан
дамиды.
Оларға:
● ағып келетін қан азайғандықтан тамырлардың ішіндегі
қан қысымы төмендеуі
● майда тамырларда қанның ағу жылдамдығы баяулауы
немесе мүлде тоқтауы
● қызмет атқаратын қылтамырлардың азаюы
● қылтамырлар арқылы сұйық сүзілуі азаюы
262
● лимфа ағып шығуы төмендеуі - жатады.
Осылай
ишемияның
нәтижесінде
тіндердің
қоректік
заттармен,
оттегімен
қамтамасыз
етілуі
бұзылады,
тіндерден
зат
алмасудың
қалдық
өнімдері
сыртқа
шығарылмайды. Ишемияга іліккен ағзаның қызметі мен
құрылымында өзгерістер пайда болады, зат алмасу үрдістері
бұзылады. Бұл бұзылыстардың қарқыны ишемияның ұзақтығына,
орналасқан
жеріне,
гипоксияның
дәрежесіне,
қосалқы
қанайналымның жағдайларына т. б. байланысты. Толық
обтурациялық немесе компрессиялық ишемиялар ангиоспазмдық
ишемияға қарағанда біршама ауыр өтеді. Тез дамитын және
ұзаққа созылған ишемия, қысқа мерзімді және баяу дамитын
ишемияларға қарағанда, ауыр бүліністерге әкеледі. Ишемия
мида, жүректе ең ауыр өзгерістер туындатады. Бірнеше
минөттің
ішінде
жасушалардың
мембраналары,
митохондрийлары бүлініп, олардың тарақшалары (кристалары)
жоғалады, бөлшектенеді. Эндоплазмалық ретикулумдары мен
жасуша ядросы ыдырайды. Содан жасушалар тіршілігін
жоғалтып, инфаркт дамиды (10-сызбанұсқа).
Ишемияның нәтижесінде некроздың дамуы немесе дамымауы
ағза мен тіндердегі қосалқы қанайналым жағдайларына
байланысты болады. Артериялық тамыр бітелгеннен кейін
бірден ишемия ошағына қан қосалқы тамырмен келіп түседі.
Оның қорғаныстық,-икемделістік маңызы үлкен. Қосалқы
қанайналымды
ишемияға
ұшыраған
ағза
бөлшегінің
айналасындағы сау тіндерде орналасқан артериялардың
тармақтары мен бітелген артерия тармақтарының өзара
байланыстары (анастомоздары) қамтамасыз етеді. Ишемия
ошағына қосалқы тамырлармен қан келу үшін ағзаға келетін
артерияның саңылауы белсенді түрде кеңуі қажет. Онда зат
алмасу үрдістері бұзылуынан қышқыл өнімдер жиналады. Олар
көрші сау артерияларды және олардың тармақтарын кеңітеді .
Бұл артериялар бітелген артериялардың тармақтарымен
байланысып, ағзаның қанмен қамтамасыз етілуін қалпына
келтіруі ықтимал. Бұндай жағдайларда ағза тіршілігін
сақтап қалады. Осыған байланысты кейбір ағзаларда (жүрек,
бүйрек, көкбауыр) бұл қосалқы қанайналым тым аз дамыған
болады. Сондықтан бұл ағэаларда ақ инфаркт дамиды.
Өйткені артерия бітелгеннен кейін бүл тамырдың тармақтары
қатты жиырылады. Қосалқы тамырлармен ишемия ошағына қан
түспейді. Кейбір тіндерде (өкпе) қосалқы қанайналым дамуы
жеткіліксіз болады. Сондықтан ишемия ошағына қан аз
мөлшерде, ақырындап қылтамырлар арқылы келеді де, қан
айналымды
қалпына
келтіре
алмайды.
Осыдан
келіп
қанайналым бұзылған ағзада некроз дамиды да, эритроциттер
қылтамырларда жиналып қалады. Артынан олар диапедез
263
жолымен тамыр сыртына шығады. Сондықтан қызыл немесе
геморрагиялық инфаркт дамиды.
10-сызбанұсқа
ИШЕМИЯНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ МЕН САЛДАРЛАРЫ.
Себепкер ықпалдар
Артериалық қанның тіндерге келуі азаюы
немесе болмауы
Майда артериалар мен қылтамырларда қан қысымы төмендеуі
Қызмет атқаратын қылтамырлардың азаюы
Қан ағу жылдамдығы баяулауы немесе тоқтауы
Тіндерге О
2
мен қоректік заттардың түспеуі
Гипоксия және дистрофия
Метаболизмдік ацидоз
Жасуша мембраналарының бұзылыстары
Инфаркт
264
Қосалқы
қанайналымның
дамуы
артерияның
бітелу
жылдамдығына байланысты. Егер артерия біртіндеп баяу
бітелсе, онда қосалқы қанайналым дамуына қажетті уақыт
жеткілікті болады. Ал, егер артерия эмболмен тез бітелсе
онда қосалқы қанайналым дамып үлгермейді, тез ақ инфаркт
дамиды.
Ишемия дамуында ағза мен тіндердің ишемияға дейінгі
қызмет
атқару
жағдайы
маңызды.
Тыныштық
жағдайға
қарағанда ағзаның көтеріңкі қызмет атқару кезінде
артерияның бітелуі ауыр ишемияға әкеледі.
Реперфузия.
Реперфузия - деп белгілі бір мерзімнен кейін ишемияға
іліккеи ағзалар мен тіндерде қан айналымның қалыпты
жағдайға оралуын айтады. Бұндай жағдай жиі ангиоспазмдық
ишемиядан кейін немесе емдік шаралардың нәтижелерінде
артериядағы
қан
ұйындысының
тез
ыдырауынан
және
клиникалық өлімнен тірілтілген организмде пайда болады.
Коронароспазмнан кейін жүрек етінің реперфузиясы жиі
кездеседі. Ишемиядан кейін қанның қайта қалыпты мөлшерде
келуі оттегінің ағзаларға көп тасымалдануына әкеледі. Бұл
оттегі тез пайдаланылып үлгермей, бос радикалдардың
(синглетті оттегі, супероксиданион, гидроксил тобы,
сутегінің асқын тотығы) жиналуына әкеліп соқтырады.
Осының салдарынан мембраналарда май қышқылдарының асқын
тотығуы байқалып, мембранамен байланысқан жасушанын
барлық қызметтері бұзылады. Сондықтан ұзақ ишемиядан
кейінгі реперфузиядан жүрек қызметінің бұзылуы байқалады,
Клиникалық өлімнен тірілтілген адамдарда мидың, жүректің,
бүйректің, бауырдың т.с.с. ағзалардың қызметтері қайта
бұзылады. Бұндай ауруларды посгреанимациялық дерттер
дейді.
Стаз.
Стаз (грек. Stasis - тоқтау). – деп ұсақ артериялар
мен көктамырларда және қылтамырларда қан ағымының мүлде
тоқтап қалуын айтады. Ол нағыз (қылтамырлық), ишемиялық
және веналық болып бөлінеді. Нағыз (қылтамырлық) стаз
қанның аққыштық (реологиялык) қасиеті бұзылуынан немесе
қылтамырлардың бүліністерінен дамиды. Ишемиялық стаз
қылтамырлар арқылы артериялардан қан келудің тоқтауынан
болады. Веналық стаз – көктамырлармен қанның ағып кетуі
бұзылудан, қанның қылтамырларда іркілуінен дамиды.
Нағыз стаз: физикалық (суық, ысгық температура);
химиялық (улар, ас тұзының артықшылыгы, скипидар, кротон
майы т. б.); биологиялық (бактериялар) ықпалдардың
әсерлерінен дамиды. Оның дамуында қылтамырлардың ішінде
эритроцитгердің шоғырланысы (агрегациясы) қан ағуды
265
қиындатып, тоқтатуы маңызды. Эритроциттердің шоғырланысы
қылтамырлар ішіне енген агрегация туындататын ықпалдардың
тікелей әсерлерінен дамиды. Олар эритроциттердің сыртқы
мембранасында физикалық-химиялық өзгерістерге ұшыратады.
Нағыз
стаздың
патогенезінде
қанның
қоюлануынан
қылтамырларда қан ағу жылдамдығы баяулауы маңызды орын
алады.
Бұл
кезде
қылтамырлардың
қабырғаларының
өткізгіштігі көтерілуінің маңызы үлкен. Оған тіндердегі
зат алмасуларының өнімдері (органикалық қышқылдар, төмен
рН), биологиялық белсенді заттар (серотонин, брадикинин,
гистамин т.б.) әкеледі. Осыдан тамыр қабырғаларының
өткізгіштігі көтерілуі, ұсақ тамырлардың кеңуі, қанның
қоюлануы,
оның
ағу
жылдамдығының
баяулауы,
эритроциттердің өзара жабысуына әкеліп, стаз
дамытады. Қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі
көтерілуінен әлбуминнің тамыр сыртына шығуы артып, қан
сұйығында әлбумин / глобулин арақатынасы төмендейді.
Содан эритроциттердің сыртқы беттерінде электр дәрмені
(заряды) азаюы олардың бір-біріне жабысуына мүмкіншілік
жасайды.
Стаздың нәтижесінде тіндерге қан келу тоқтап, олар
қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етілмейді. Тін
жасушалары тіршілігін жоғалтады. Бірақ стаздың бастапқы
кезінде эритроциттердің агрегациясы қайтымды болады.
Артынан эритроциттердің гемолизі, қан ұю үрдістері
қосылып, стаз қайтымсыз сатысына ауысады. Бұл саты
«сладж» (ағылш. Sludge - кір, балдыр) деп аталады.
Эритроциттер сыртқы қабықтарын жоғалтып, біркелкі массаға
айналады. Мидың, жүректің, бүйректің майда тамырларында
стаз дамуы организм үшін өте қауіпті.
Тромбоз.
Тромбоз – деп тіршілік кезінде тамыр ішінде қан
жасушаларынан тұратын қатпалардың пайда болуын айтады.
Бұл қан қатпаларының тамыр қабырғаларына байланысуы
бойынша:
● кемерлік;
● тығындық қан қатпаларын ажыратады.
Кемерлік қан қатпалары тамырдың қабырғасына бекіп,
оның
саңылауын
тарылтады
және
жиі
жүректе,
ірі
артерияларда
дамиды.
Тығындық
қан
қатпалары
ұсақ
артериялар мен көктамырларда кездеседі және олар тамырдың
саңылауын бітеп қалады. Құрамында қан жасушаларының қай
түрі басым болуына қарай: ақ, қызыл және аралас
тромбтарды
ажыратады.
Ақ
тромб
тромбоциттерден,
лейкоциттерден,
аз
мөлшерде
плазма
нәруыздарынан
құрылады. Қызыл тромб эритроциттерден тұратын қан