Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44735

Скачиваний: 262

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

251

 

●  қалжырататын  қызба  (febris  hectica).  Таңертеңгі 

температура  мен  кешкі  температураның  айырмашылығы  3-5°С 
болуы мүмкін. Бұндай температуралық сызық сепсиске  тән. 

●  келбетсіз  қызба  (febris  athypica).  Температураның 

тәуліктік  өзгеруі  бей-берекет,  ретсіз  болады.  Бұндай 
температуралар да сепсис кезінде байқалады. 

Қазіргі 

күні 

жұқпалы 

ауруларды 

антибактериалық 

дәрілермен  ерте  емдеудің  нәтижесінде  температуралық 
сызықтардың 

«классикалық» 

түрлері 

жиі 

кездеспейді. 

Дегенмен,  кейде  ауруды  нақтылай  аңғару  үшін  олардың 
маңызы зор.  

Қызба 

мен 

асқын 

қызынудың 

(гипертермияның) 

айырмашылықтары. 

Қызба  мен  гипертермия  кездеріндегі  дене  қызымының 

көтерілу 

жолдары 

мен 

себептері 

әртүрлі 

болады. 

Гипертермияның 

негізгі 

себебі 

болып 

сыртқы 

орта 

темпертурасының  жоғары  көтерілуі  есептеледі.  Ол  ыстық 
өндірістерде  істейтін  жұмысшыларда,  ыстық  климаты  бар 
аймақтардың тұрғындарында т. б. жағдайларда байқалады. Бұл 
кезде  сыртқы  ортада  температура  көтерілуіне  организмнің 
икемделістік тетіктері белгілі уақытқа дейін қарсы тұрады. 
Терінің  қан  тамырлары  кеңиді,  тыныс  алу  және  жүрек  соғуы 
жиілейді.  Артынан  бұл  икемделістік  тетіктер  жеткіліксіз 
болып, дене қызымы көтеріледі, гипертермия дамиды. 

Қызба кезінде термореттеу тетіктерінің өзгерістері дене 

қызымын  көтеруге  бағытталған,  ал  гипертермия  кезінде  олар 
дене  қызымы  көтерілуіне  қарсы  тұрады.  Дене  қызымының 
көтерілуі  қызба  кезінде  пирогендердің  әсерінен  болады,  ал 
гипертермия  кезінде  олардың  маңызы  болмайды.  Кейде 
гипертермияны  зат  алмасуларын  арттыратын  (α-динитрофенол, 
кофеин,  фенамин,  тирокси.н  т.  б.)  дәрі-дәрмектердің 
көмегімен  алуға  болады.  Бұл  кезде  тотығу  үрдістерінің 
фосфорланудан 

ажырауына 

байланысты 

организмде 

жылу 

өндірілу артады. 

Қызба 

кезіндегі 

ағзалар 

мен 

жүйелердің 

өзгерістері. 

Қызба  белгілі  бір  дерттер  кездерінде  болатындықтан 

ағзалар 

мен 

жүйелердегі 

өзгерістер 

сол 

аурудың 

патогенезіне  және  ет  ысуына  байланысты  болады.  Сондықтан 
таза  қызбаның  әсерлерін  тек  жануарларда  ғана  зерттеуге 
болады. 

Қызба  кезінде  ең  айқын  өзгерістер  қан  айналым 

жүйесінде  байқалады.  Дене  қызымының  1

˚

С-ға  көтерілуі, 

тамыр  соғуының  минөтіне  8-10-ға  жиілеуімен  сипатталады. 
Бұны  жүректің  синустық  торабы  ыстық  қанмен  қоздырылуымен 
түсіндіреді.  Сонымен  бірге,  ет  ысуы  кезінде  симпатикалық 


background image

 

252

 

жүйкелердің  межеқуаты  көтерілуі  де  тахикардия  дамуына 
белгілі  үлесін  қосады.  Жүрек  соғуы  жиілеудің  нәтижесінде 
қанның  минөттік  көлемі  үлкейеді.  Ет  ысуының  бірінші 
сатысында  артериялық  қан  қысымы  көтеріледі,  терінің  қан 
тамырлары 

жиыры-лады, 

ішкі 

ағзалардың 

тамырлары, 

керісінше,  кеңиді.  Үшініпі  сатысында  дене  температурасы 
күрт  төмендеуінен  артериялардың  межеқуаты  қатты  азайып, 
қан  тамырлары  қызметінің  қауырт  дамитын  жеткіліксіздігі 
(коллапс) байқалуы мүмкін. 

Кейде  дене  қызымы  көтерілуіне  қарамай  тахикардия 

дамымайды. Мысалы, іш сүзегі немесе соқпа сүзек кездерінде 
брадикардия  дамуы  ықтимал.  Ол  көрсетілген  микробтардың 
уыттарымен  организмнің  уыттануынан  дамиды.  Тыныс  алу 
қызбаның бірінші сатысында біршама сирейді. Ары қарай дене 
қызымы  үлкен  деңгейге  жеткен  соң,  тыныс,  кейде  2-3  есе 
жиілейді.  Бұл  кезде  тыныс  алудың  тереңдігі  азаяды,  бірақ 
оның 

жиілеу 

есебінен 

өкпенің 

минөттік 

желдетілуі 

өзгермейді.  Сыртқы  тыныстың  жиілеуі  мидағы  тыныс  алу 
орталығының ыстық қанмен қоздырылуынан болады. 

Қызба  кезінде  ас  қорыту  жүйесінде  айқын  өзгерістер 

пайда  болады,  сілекей  бөлінуі  азаяды  (ауыз  қуысы 
құрғақтанып,  тілде  таңдақтар  пайда  болады),  асқазан 
сөлінін  бөлінуі  мен  оның  қышқылдығы  төмендейді,  ішек-
қарынның қимылдық әрекеттері әлсірейді. 

Қызба  эндокриндік  жүйенін  өзгерістерімен  сипатталады. 

Бүйрек  үсті  бездерінің  сыртқы  қабаты  глюкокортикоидтық 
гормондарды  артық  түзеді.  Жұқпалы  аурулар  кездерінде  ет 
ысуы  қалқанша  бездің  гормондарының  көп  түзілуіне  әкеледі. 
Осыдан негізгі алмасу көтеріледі. 

Орталық  жүйке  жүйесінде  қозу  мен  тежелу  үрдістерінің 

ара  қатынасы  өзгереді,  жоғары  жүйке  әрекеттері  әлсірейді, 
бас  ауыруы,  шаршау  сезімі,  ұйқы  басу  немесе  көз  ілінбеу 
т.  б.  белгілер  пайда  болады.  Жұқпалы  аурулар  кездерінде, 
әсіресе жас балаларда, бұл құбылыстар өте ауыр түрде өтуі 
мүмкін.  Бұл  кезде  естен  тану,  сандырақтау,  елестеу  пайда 
болады.  Кейде  бұл  құбылыстар  дене  қызымының  тіпті  орташа 
көтерілуінде  де  болуы  мүмкін.  Сондықтан  олардың  даму 
жолдарында 

организм 

уыттануының 

маңызы 

зор 

екенін 

көрсетеді. 

Қызба  кезінде  зат  алмасу  үрдістерінің  барлық  түрлері 

бұзылады.  Ең  алдымен  көмірсуларының  алмасуы  бұзылады. 
Бауырда,  бұлшықеттерде  гликогеннің  мөлшері  азайып,  қанда 
гипергликемия 

дамиды. 

Глюкозаның 

тотығуы 

күшейеді. 

Артынан  көмірсуларының  организмде  қоры  азаюына  байланысты 
майлардың  пайдаланылуы  артады.  Май  қышқылдарының  тотығуы 
аяғына  дейін  жүрмей,  аралық  өнімдері  (кетондық  денелер) 


background image

 

253

 

жиналып

 

қалады,  олар  несеппен  сыртқа  шығарыла  бастайды 

(ацетонурия).  Егер  еті  ысыған  адам  жеңіл  қорытылатын 
көмірсулардан  тұратын  тағамдарды    жеткілікті  мөлшерде 
қабылдаса,  онда  май  алмасуының  бұзыдыстары  қалпьша 
келеді.  Сондықтан  дене  қызуы  көтерілген  адамдар,  әсіресе 
балалар, тәтті сусынды көп ішулері керек. 

 Көптеген  жұқпалы  аурулар  кездерінде  нәруыздардың 

алмасулары  бұзылады.  Бұл  кезде  теріс  азоттық  баланс 
дамиды. 

Несепте 

зәрнәсілдің 

(мочевинаның) 

деңгейі 

көтеріледі. Бұл тіндердің ыдырауын көрсетеді.  

Қызбаның организм үшін маңызы. 

Қызба  кезінде  тіндердің  бүлінуі  мен  қорғану-икемделу 

үрдістері  диалектикалық  бірлікте  болады.  Бұл  кезде  дене 
қызымын 

әртүрлі 

дәрі-дәрмектермен 

төмендету 

негізгі 

аурумен  байланысты  дерттік  өзгерістерді  жоғалтпайды, 
керісінше,  жұқпалы аурулардың өтуін ауырлатуы мүмкін.  

Ет  ысуының  теріс  жақтары.  Жоғары  температураға  кейбір 

адамдардың даралық жоғары сезімталдығы болуы мүмкін. Қызба 
кезінде  адамның  естен  тануы  және  тырыспа-селкілдек 
ұстамалары  дамуы  ықтимал.  Бұндай  жағдайлар,  әсіресе  жаңа 
туған 

балалар 

үшін, 

өте 

қауіпті. 

Өйткені 

оларда 

термореттеу жүйесі әлі толық қалыптаспаған. 

Қарттар  және  жүрегі  ауыратын  адамдар  ет  ысуын  ауыр 

көтереді.  Себебі  қызба  кезінде  жүректің  жұмысы  ауырлайды. 
Сондықтан жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. 

Қызбаның  3-сатысында  дене  қызымы  күрт  түсуінен,  қан 

тамырларының тез кеңуінен коллапс дамуы ықтимал. 

Қызба  кезінде  адамнын  жұмысқа  қабілеті  төмендейді, 

көніл-күйі нашарлайды. 

Қызбаның пайдалы жақтары. Дене қызымы көтерілуден: 
●  микробтардың  өсіп-өнуі  баяулайды,  антибиотиктерге 

және  бактериялар-  дың  өсіп-өнуін  тежейтін  басқа  дәрілерге 
олардың төзімділігі азаяды; 

●  жасушаларда  зат  алмасу  үрдістері  артып,  олардың 

атқаратын қызметтері жақсартады;  

● лейкоциттердің фагоцитоздық әсерлері сергиді; 
● антиденелердің өндірілуі артады; 
● бауырдың уытсыздандыру қызметі күшейеді; 
●  қабыну  ошағында  нейтрофилдер  және  макрофагтар: 

бактерицидтік заттар (катиондық нәруыздар, лизоцим т. б.), 
антитоксиндік 

және 

вирустардың 

өсіп-өнуін 

тежейтін 

(интерферон) заттар өндіреді.  

Осы  көрсетілгендерге  байланысты  дене  қызуын  жасанды 

түрде  көтеру  әртүрлі  жұқпалы  (мерез)  және  жұқпалы  емес 
(өспелер)  ауруларды  емдеу  үшін  қолданылады.  Ол  үшін  улы 
әсерлерінен  тазартылған  пирогендік  заттарды  организмге 


background image

 

254

 

енгізеді. 

Бұндай 

емдеу 

әдісін 

пиротерапия 

дейді. 

Пиротерапия  мерезді,  созды,  тері  ауруларын  (экзема, 
фурункулез), полиартриттерді, ауыр өтетін гипертензияларды 
т.  б.  емдеу  үшін  пайдаланылады.  Пирогендер  (пирогенал, 
пиромен)  күйіктен  кейінгі    бұжырланған  (келлоидты,  грек. 
Кеlе - өспе, еіdo - ұқсас) тыртықтарды, жұлын мен шеткері 
жүйкелердің  жарақаттанудан  бүліністерін  емдеу  кездерінде 
жағымды  әсер  етеді.  Олар  глиалдық  және  коллагендік 
тыртықтардың 

құрылуын 

тежейді, 

ескі 

тыртықтарды 

жұмсартады. 

Сонымен,  дене  қызуының  көтерілуі  жағымсыз  ықпалдарға 

организмнің  төзімділігін  көтеруі  мүмкін.  Сол  себептен 
егер 

ет 

ысуы 

тым 

қатты 

көтеріліп 

кетпесе, 

оны 

төмендететін дәрілерді пайдаланудан сақ болған жөн. 

Шеткері ағзалар мен тіндердегі қан айналым 

патофизиологиясы 

Организмдегі  жалпы  қан  айналым:  жүйелік  (орталық)  және 

шеткері 

(ағзалық, 

тіндік) 

болып 

бөлінеді. 

Жүйелік 

қанайналым 

деп 

жүрек 

пен 

ірі 

қан 

тамырларындағы 

қанайналымын  айтады.  Шеткері  қанайналым  деп  ағзалар  мен 
тіндердегі  ұсақ  тамырлардағы  қанның  айналымын  және 
олардағы  микроциркуля-цияны  айтады.  Микроциркуляцияның 
нәтижесінде 

қан 

мен 

тіндердің 

арасында 

сумен, 

электролиттермен,  қоректік  заттармен,  оттегімен,  көмір 
қышқылы газымен және зат алмасу өнімдерімен алмасу болады. 
Сонымен  бірге  теріде  шеткері  қан  айналым  дене  қызымын 
реттеуге  қатысады.  Шеткері  қан  айналымның  реттелуі 
жүйкелік-сұйықтық 

жолдармен 

болады. 

Қан 

тамырларын 

тарылтатын  немесе  кеңейтетін  жүйкелер  бар.  Тарылтатын 
жүйкелерді 

вазоконстрикторлар, 

кеңітетін 

жүйкелерді 

вазодилятаторлар  деп  атайды.  Қан  тамырларына  сұйықтық 
(гуморалдық)  жолмен  көптеген  биологиялық  белсенді  заттар, 
бейорганикалық  иондар  (Н

+

,  К

т.  с.  с.),  зат  алмасу 

өнімдері, гормондар т. б. әсер етеді. Майда тамырларға бұл 
заттардың әсерлері жүйкеліік ықпалдардан басымырақ болады. 

Жергілікті  қан  айналым  өзгерістері  артериялық,  веналық 

қан  кернеулері  (гиперемиялар),  ишемия,  реперфузия,  стаз, 
тромбоз, эмболия түрлерінде байқалады. 

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРЕМИЯ 

Артериялық  гиперемия  -  деп  ағзалар  мен  тіндерге 

артерия  тамырларымен  қанның  қөп  келуінен  дамитын  қан 
кернеуін айтады
. Оның сыртқы көріністеріне мыналар:  

 ұсақ артериялар мен артериолалардың кеңуі; 
● қызмет атқаратын қылтамырлардың көбеюі; 
●  ағза мен тіннің қызаруы; 


background image

 

255

 

● ағза мен тіннің көлемі және серпімділігі ұлғаюы; 
● жергілікті жерде температураның көтерілуі - жатады.  
Артериялық  қан  кернеуіне  төмендегі  көптеген  себепкер 

ықпалдар әкеледі: 

● 

биологиялық 

ықпалдар 

(микробтар, 

қарапайым 

жәндіктер, вирустар т. т.); 

● 

физикалық 

ықпалдар 

(ыстық, 

суық 

температура, 

физиотерапиялық  емдеу  шаралары,  инфрақызыл,  ультракүлгін 
т. б. сәулелер т. с. с.); 

● механикалық ықпалдар (жарақат, ысқымақ (массаж); 
●  химиялық  ықпалдар  (әртүрлі  қыздырғыш  заттар,  экзо-

және  эндоуыттар,  зат  алмасу  өнімдері,  скипидар,  спирт, 
қыша қағаз т.с.с.). 

Сонымен  бірге  ағзаның  атқаратын  қызметінің  көтерілуі 

(қол  жұмысын  атқарғанда  бұлшық  еттерде,  тамақ  ішкеннен 
кейін  асқорыту  жолдарында  т.  с.  с.)  болады.  Адамда  жан-
дүниелік  әсерлерде  (ызалану,  ұялу,  қобалжу  сезімдері) 
бетте артериялық гиперемия дамуьша әкеледі. 

Артериялық  гиперемия  физиологиялық  және  патологиялық 

болады.  Физиологиялық  артериялық  гиперемия  ағзалардың 
қызметтері  көтерілгенде,  қыздыру,  уқалау,  көңіл-күйдің 
толқулары  кездерінде  байқалады.  Патологиялық  артериялық 
гиперемия  әртүрлі  аурулар  кездерінде  (қабыну,  аллергия, 
күю,  қызба,  жарақат,  невралгия  т.  б.)  дамиды.  Артериялық 
гиперемия  нейрогендік  және  метаболизмдік  (гуморалдық) 
жолдармен  дамуы  мүмкін.  Бұлай  бөлінуі  шартты  түрде  ғана 
дұрыс.  Олар  өзара  тығыз  байланысты.  Жүйкелік  реттелулер 
гумо-ралдық 

медиаторлардың 

қатысуымен 

болады. 

Артериялардың  жүйкелік  жолдармен  кеңуі  экстеро-,  интеро-, 
проприорецепторлардан  дамитын  рефлекстер  арқылы  дамиды. 
Сонымен бірге қан тамырларын кеңітетін жүйкелер мен  

 
8- сызбанұсқа 

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРЕМИЯНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ МЕН САЛДАРЛАРЫ. 

 

Себепкер ықпалдар 

 

 

 

 
 
 

 

 
 
 
 

Қанның ағу жылдамдығының ұлғаюы 

Майда артериолаларда қан қысымының көтерілуі 

Артериолалардың кеңуі