Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44769

Скачиваний: 262

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

326

 

Артынан  жасушаның  және  оның  кейбір  бөлшектерінің 

қалпына 

келуі 

(регенерациясы), 

гипертрофиясы 

мен 

гиперплазиясы дамиды. 

Осы  келтірілгендермен  бірге  бүгінгі  күні  жасушаға 

бүліндіргіш ықпал  

(температураның  өзгерістері,  гипоксия,  химиялық  заттар, 

вирустық  жұқпа  т.с.с.)  әсер  еткенде  арнайы  бір  нәруыздар 
өндірілетіні  белгілі  болды.  Ол  нәруыздарды  ағылшынша  - 
heat  shock  proteins  (HSP),  орысша  -  белки  теплового  шока 
немесе  белки  стресса  дейді,  ал  қазақша  оларды  ауырпалық 
нәруыздары
 

деуге 

болады. 

Бұл 

нәруыздар 

жасушаны 

бүліндіргіш  ықпалдардан  қорғап,  оның  тіршілігін  сақтап 
қалуға  көмектеседі.  Олардың ішінде  молекулалық  массасы  70 
000  (hsp  70),  90 000  (hsp  90)  ауыртпалық  нәруыздары  кең 
тараған.  Бұлар  басқа  нәруыздардың  жиналуын,  жиырылып 
жазылуын  реттеуге  қатысады.  Осыдан  жасушада  нәруыздық 
топтамалардың  жиналып  қалуынан  сақтандырады,  жасушаның 
төзімділігін көтереді. 

Жасушаның  бүлінген  бөлшектері  фагоциттерді  өзіне 

тартатын  заттар  шығарады.  Фагоциттер  бүлінген  бөлшектерді 
жеп  қояды.  Жасуша  ішіндегі  құрылымдардың  гиперплазиясы 
дамып,  жойылған  жасуша  бөлшектерінің  орны  толтырылады. 
Гиперплазия  молекулалардың  деңгейінде  (гендердің  саны 
артуы,  жаңа  молекулалардың  түзілуі  күшеюі),  жасуша  ішілік 
құрылымдарда 

(митохондрийларда, 

рибосомаларда, 

лизосомаларда ж. б.) және жасушалық деңгейлерде байқалады. 
Көрсетілген  икемделістік  тетіктер  жеткіліксіз  болғанда 
жасушаның тіршілігі қайтымсыз жоғалады. 

 

ЖАСУША БҮЛІНІСТЕРІН ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫНЫҢ  НЕГІЗДЕРІ. 

Жасуша бүліністерін емдеу ең алдымен шақырған себепкер 

ықпалды аластауға бағытталуы қажет. Сонымен бірге бүлінген 
жасушалардың  мембраналарын  тұрақтандыратын  дәрі-дәрмектер 
пайдаланылады.  Мембраналардың  бүліністерінің  негізінде 
еркін радикалды тотығу мен май қышқылдарының асқын тотығуы 
болғандықтан  оларды  ескертетін  табиғи  және  жасанды 
антиоксиданттар  қолданылады.  Мембраналарда  фосфолипаза, 
липаза,  протеаза  ферменттерінің  белсенділігі  көтерілуіне 
қарсы  олардың  бәсеңсіткіштері  пайдаланылады.  Жасуша  ішіне 
Са

2+ 

иондары  көп  енуінен  сақтандыру  үшін  кальцийдің  шабан 

өзекшелерінің  тежегіштері  қолданылуы  қажет.  Сонымен  бірге 
мембраналарды 

тұрақтандыратын 

дәрі-дәрмектер 

(глюкокортикоидтық, 

анаболизмдік 

гормондар), 

адреноблокаторлар пайдаланылады. 

 

 


background image

 

327

 

Иммундық жүйенің бұзылыстары 

Иммундық  жүйенің  бұзылыстары  мына  түрлерде  болуы 

ықтимал: 

●  туа  біткен  немесе  жүре  пайда  болған  иммундық 

тапшылықты жағдайлар; 

● аутоиммундық дерттер; 
● аллергиялық серпілістер; 

 

ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚТЫ  ЖАҒДАЙЛАР.

 

Иммундық жүйенің бір немесе бірнеше құрамбөлшектерінің 

болмауынан организмнің жұқпаларға төзімділігі төмендеуімен 
көрінетін жағдайларды иммундық тапшылықты жағдайлар дейді. 
Иммундық 

тапшылықты 

жағдайларды 

(ИТЖ) 

туа 

біткен 

(біріншілік)  және  жүре  пайда  болған  (салдарлық)  –  деп 
екіге ажыратады. Туа біткен  ИТЖ ұрпақтан ұрпаққа тарайтын 
тұқым  қуалайтын  негізде  дамиды.  Салдарлық  ИТЖ  әртүрлі 
дерттер  кездеріндегі  организмнің  өзінде  пайда  болған  - 
эндогендік және адамды қоршаған ортаның химиялық заттармен 
немесе  иондағыш  сәулелермен  т.б.  ластанулары  нәтижесінде 
сырттан әсер ететін ықпалдардан пайда болған  – экзогендік 
болып ажыратылады. 

ИТЖ  кездерінде  организмнің  жұқпаларға  төзімділігі 

азайып  кетеді.  Содан  сәл  суық  тиюден,  тіпті  қалыпты 
жағдайларда  дерт  туындатпайтын  жұқпалардың  әсерлерінен 
жұқпалы  аурулар  жиі  байқалады.  Бұл  кездерде,    жұқпалы 
аурулармен  қатар,  аллергиялық  серпілістер,  аутоиммундық 
бүліністер  дамиды  және  кейде  тіпті  өспелер  өсуіне  қауіп-
қатер төнеді. 

Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар. 

Иммундық  жүйеде  тұқым  қуалайтын  тектік  ақаулардың 

нәтижесінде 

 

организмнің 

қорғаныстық 

қабілетінің 

бұзылуынан  дамитын  аурулардың  тобын  туа  біткен  иммундық 
тапшылықтық – дейді. 
Олар әртүрлі жұқпалы аурулардың бала 
жастан  дамуымен  көрінеді  және  адамның  ерте  өліміне 
әкеледі. Бұл тапшылықтар өте сирек кездеседі, мәселен, 100 
мың  жаңа  туған  балалардың  арасында  біреу  болуы  мүмкін. 
Дегенмен  олардың,  қарапайым  әдістермен  аңғарылмайтын,  өте 
жеңіл  түрлері  жиі  болатындықтан  оларға  назар  аудармауға 
болмайды.  

Имундық 

жүйенің 

басым 

бүлінген 

бөлшегіне 

қарай 

біріншілік иммундық тапшылықты: 

● 

иммунитеттің 

жасушалық 

тетіктерінің 

басым 

бүліністерімен  көрінетін  иммундық  тапшылық;  Бұл  тобына  Т-
жасушалары  дамуы  бұзылудан,  олардың  және  фагоциттердің 
қатысуымен 

болатын 

иммунитеттің 

жасушалық 

тетіктері 

бүліністерінен дамитын иммундық тапшылықтар жатады. 


background image

 

328

 

●  иммунитеттің  сұйықтық  (гуморалдық)  тетіктерінің 

басым  бүліністерімен  көрінетін  иммундық  тапшылық;  Бұл 
топтағы  иммундық  тапшылықтарға  В-жасушалары  мен  сұйықтық 
иммундық 

жауапқа 

қатысатын, 

иммундық 

глобулиндердің 

түзілуне  қажетті,  Т-хелпер  жасушаларының  дамуы  бұзылудан  
және 

комплементтің 

құрамбөлшектерінің 

дерттік 

өзгерістерінен пайда болатын аурулар жатады. 

● осылардың біріккен бүліністерімен көрінетін иммундық 

тапшылық  –  деп  ажыратады.  Бұл  тобына  Т-  және  В- 
лимфоциттері  дамуының  ерте,  оларға  ортақ,  сатыларында 
жасушалардың  нақтылануы  бұзылыстарына  әкелетін  тектік 
ақаулардан дамитын аурулар жатады. 

Біріншілік 

иммундық 

тапшылықтар 

кездеріндегі 

бүліністердің 

терең 

молекулалық 

негіздері 

анықтала 

бастады.  Мәселен,  біріккен  иммундық  тапшылықтардың  даму 
негізінде  гендердің  мутациясы  нәтижесінде  пуриндердің 
алмасуына 

қатысатын 

аденозиндезаминаза 

мен 

пуриннуклеотидфосфорилаза  ферменттерінің  ақаулары  жатады. 
Бұл  иммундық  тапшылықтың  басқа  ауыр  түрінде  антигенді 
танитын  рецепторлардың  түзілуін  қадағалайтын  гендердің 
ақауы 

болатыны 

анықталды. 

Бұл 

гендер 

рекомбиназа 

ферментінің  түзілуін  қадағалайды.  Сондықтан  көрсетілген 
фермент түзімейді де, антигенді тану болмайды. 

Антиденелер өндірілуінің гендік бұзылыстары: 
● 

В-лимфоцитерінің 

дамуына 

жауапты 

гендердің 

ауытқулары;  

●  иммундық  глобулиндер  түзілуне  жауапты  гендердің 

ауытқулары; 

●  Т-хелпер  жасушаларының  белсенділігін  анықтайтын 

гендердің ауытқулары – кездерінде байқалады.  

Мәселен, 

қанда 

гамма-глобулиндердің 

болмауымен 

көрінетін агаммаглобулинемия немесе Брутон ауруы. Бұл ауру  
Х-  хромосомасымен  тіркесіп  ұрпақтан  ұрпаққа  беріледі  және 
ол  кезде  В-лимфоциттерінің  дамуы  болмайды.  Өйткені  бұл 
лимфоциттердің    антигенді  танитын  рецепторларымен  btk 
тирозинкиназа 

ферменті 

байланысқан. 

Осы 

ферменттің 

түзілуін 

қадағалайтын 

геннің 

мутациясы 

нәтижесінде 

көрсетілген  фермент  түзілмейді  және  В-лимфоциттерінің 
дамуы 

тоқтап 

қалады. 

Содан 

антиденелердің 

түзілуі 

болмайды. 

Біріншілік  иммундық  тапшылықтың    екінші  бір  түрі 

гипер-IgM-  синдром  делінеді.  Оның  даму  негізінде  Т-
лимфоциттерінің 

әсерленуі 

кездерінде 

олардың 

сыртқы 

беттерінде  пайда  болатын  CD-154  молекуласының  ақауы 
жатады. 

Қалыпты 

жағдайларда 

бұл 

молекуланың 

В-

жасушаларының  сыртқы  беттеріндегі  CD-40  молекуласымен 


background image

 

329

 

өзара әрекетесуі нәтижесінде В-лимфоциттерінің антиденелер 
өндіретін  плазмалық  жасушаларға  айналуы  болады  және 
антигенге қарсы арнайы антиденелер түзіледі. Сондықтан CD-
154  болмауынан  В-жасушаларына  қажетті  хабар  жеткізілмейді 
де,  ұдайы  тек  IgM    молекуласы    ғана  түзіледі.  Басқа 
иммундық  глобулиндер  түзілмейді.  Сол  себепті  иммунитеттің 
сұйықтық (гуморалдық) тетіктері бұзылады.  

Кейде  иммундық  глобулиндердің  жекелеген  түрлерінің 

өндірілуі  бұзылады.  Солардың  арасында  IgA  түзілуінің 
тапшылығы  ең  жиі  кездеседі.  Бұл  кезде  В-лимфоциттерінің 
сыртқы  беттерінде  IgA  болады.  Бірақ  олар  IgA  –  антидене 
түзетін плазмалық жасушаларға айналмайды. 

Біршама 

біріккен 

иммундық 

тапшылықтар 

жасуша 

(нейтрофилдердің, 

моноциттердің, 

макрофагтардың) 

мембраналарындағы  жабыстырғыш  (адгезиялық)  молекулалардың 
түзілуін қадағалайтын гендердің ақауларынан дамиды. Осыдан 
көрсетілген  жасушалардың  ауысып  қонуы  (эмиграциясы)  және 
басқа жасушалармен өзара әрекеттесулері бұзылады. Мәселен, 
L-селектинмен  танылатын  β

2

–интегриндер  мен  көмірсуларынан 

тұратын  жабыстырғыш  молекулалардың  өзара  әрекетесулерінің 
тектік ақауларынан дамитын иммундық тапшылықтар. Бұл кезде 
лейкоциттердің 

адгезиясы 

(жабысуы) 

болмайды. 

Содан 

нейтрофилдердің  фагоцитоздық  қызметі  әлсіреп,  адамның 
іріңді жұқпаларға төзімділігі азаяды.  

Комплемент  жүйесінің  жеткіліксіздігі  олардың  дәстүрлі 

және  жанама  жолдармен  әсерленулері  бұзылғанда  кездеседі. 
Әдетте  комплемент  жүйесінің  жекелеген  құрамбөлшектерінің 
болмауы  адамның  кейбір  жұқпаларға  төзімділігін  аздап  қана 
төмендетеді.  Тек,  C1q  тежегішінің  тапшылығы  кезінде,  қан 
тамырларына 

белсенді 

әсер 

ететін, 

C

5а 

С

3а 

құрамбөлшектерінің  жиналып  қалуынан  қан  тамырлық  және 
жүйкелік ісіну дамиды.  

Цитокиндердің 

түзілуін 

қадағалайтын 

гендердің 

ақауларынан  дамитын  иммундық  тапшылықтар  өте  сирек 
кездеседі. Бір цитокиндердің атқаратын міндетін екіншілері 
атқара  беретін  болғандықтан  олардың  әсерлері  тым  артып 
кетуі  ықтимал.  Тек  тектік  ақау  көптеген  цитокиндердің 
қызметтерін  бұзғанда  ғана  иммунитеттің  ауыр  бүліністері 
байқалады.  Мәселен,  интерлейкиндер  2,  4,  7,  13,  15 
рецепторларына  ортақ  γ-тізбегі  түзілуін  қадағалайтын 
геннің ақауы кезінде иммундық тапшылық дамиды. 

Жасуша  мембраналарындағы  CD43  сиалопротеин  түзілуін 

қадағалайтын  геннің  ақауы  нәтижесінде  Вискотт-Олдрич 
синдромы 

байқалады. 

Бұл 

синдром 

тромбоцитопениямен, 

қанағыштық  синдроммен,  теріде  экзема  дамуымен  және 
біріккен 

иммундық 

тапшылықпен 

көрінеді. 

Бұл 

кезде 


background image

 

330

 

жасушалардың  қимыл  қозғалысы  азаяды,  олардың  өзара 
әрекетесулері бұзылады. Содан иммунитет дамуы әлсірейді. 

Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар. 

Салдарлық 

немесе 

жүре 

пайда 

болған 

иммундық 

тапшылықтық  –  деп  жарық  дүниеге  келгеннен  кейін,  тектік 
құрылымдардың  өзгерістеріне  тікелей  байланысты  болмай, 
сыртқы  немесе  ішкі  ықпалдардың  әсерлерінен  дамитын 
организмнің  иммундық  қорғанысы  бұзылуын  айтады.  
Олар 
белгілі  бір  дерттердің  немесе  бүліндіргіш  ықпалдардың 
әсерлерінен  дамиды  –  деп  есептеледі.  Дегенмен  олардың 
дамуында  тұқым  қуалаушылыққа  бейімділіктің  маңызын  жоққа 
шығаруға  болмайды.  Өйткені  организмде  әртүрлі  ықпалдарға 
иммундық жүйенің сезімталдығы өзгеріп, құбылып тұрады және 
ол адамның тегіне байланысты болады. Бірақ адамның тектік 
ерекшеліктері өз беттерінше салдарлық иммундық тапшылықтың 
дамуына әкелмейді. Ол дамуы үшін қосымша әсер ететін ықпал 
болуы қажет. 

Салдарлық  иммундық  тапшылық  адамдардың  арасында  жиі 

кездеседі. Ол иммундық жүйенің ауытқуларына әкелетін: 

● ашығудан, нәруыздардың, витаминдердің, темір, мырыш, 

мыс т.б. микроэлементтердің жеткіліксіздігінен; 

● жұқпалардан, әсіресе вирустық жұқпалардан кейін; 
●  ішке  сөлденістік  бездердің  ауруларынан  (қантты 

диабет, Иценко-Кушинг ауруы т.с.с.); 

●  ауыр  жарақаттардан,  хирургиялық  операциялардан, 

қансыраулардан кейін; 

● күйіктік ауруынан; 
● 

 

қоршаған 

ортаның 

радийбелсенді 

сәулелермен, 

химиялық 

заттармен 

(пестицидтермен, 

өндірістердің 

қалдықтарымен) ластануларынан; 

● әртүрлі ауыртпалықтар (стресстер) нәтижесінде; 
●  өспелерді  емдеуге  қолданылатын  дәрі-дәрмектердің 

әсерлерінен - дамиды.  

Жаңа  туған  нәрестелер  мен  қарттарда  да  осындай  жағдай 

байқалады.  

Иммундық  тапшылықтың  негізгі  көрінісі  болып,  тіпті 

қалыпты 

жағдайларда 

дерт 

туындатпайтын 

жұқпаларға 

организмнің  төзімділігі  төмендеп  кетуі  және  дамыған 
қабынудың 

ұзаққа 

созылып, 

созылмалы 

түрге 

ауысуна 

бейімділігі есептеледі. 

Салдарлық 

иммундық 

тапшылықтықтың 

көптеген 

көріністерінің негізінде осы жүйе жасушаларының тіршілігін 
жоғалтуы  жатады.  Ол  жасуша  мембраналарының  тұтастығы 
бұзылыстары  нәтижесінде  некроз  дамуынан  немесе  ДНК 
молекуласының  бүліністерінен  апоптоз  үрдісінің  өршіп 
кетуінен  болады.  Лимфоциттердің  апоптозы  көптеген  дәрі-