ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44773
Скачиваний: 262
336
жасушаларын жұмылдырып, тіндерді бүліндіреді.
Аутоиммундық үрдістер иммундық кешендердің қатысуымен
де
дамиды.
Мәселен,
жүйелі
қызыл
жегі
дертінде
аутоантигендер болып ДНК молекуласы, жасуша аралық
заттардың (әсіресе коллаген) нәруыздары т.с.с. денеде кең
тараған
молекулалар
есептеледі.
Осы
аутоантигендер
аутоантиденелермен өзара байланысып, тіндерге жабысатын,
иммундық кешендер құрады. Иммундық кешендердің өзара
әрекеттесулері иммундық жүйе жасушаларын (макрофагтарды,
табиғи жендет лимфоциттерін) әсерлендіреді. Осыдан тін
жасушаларына уытты әсер болып, жергілікті қабыну дамиды.
Қорыта
келгенде,
аутоиммундық
үрдістердің
дамуы
адамның өз тіндеріне қарсы иммундық серпіліс қалыптасуынан
болады. Бұл үрдістер өз антигендеріне қарсы иммундық жауап
қайтаруға тиым салатын орталық және шеткері тетіктердің
бұзылыстарынан пайда болады. Аутоантигендердің орналасуына
байланысты белгілі ағза ғана тән (органоспецификалық) және
жүйелік аутоиммундық үрдістерді ажыратады.Сонымен қатар,
олар иммундық жауапқа қатысатын тетіктердің басымдығына
қарай – жасушалардың қатысуымен дамитын және сұйықтық
(гуморалдық) аутоиммундық үрдістер –деп бөлінеді.
Аутоиммундық ауруларды емдеу негіздері. Бұл ауруларды
емдеу жолдары иммундық шыдамдылықты қалпына келтіруге,
қабыну
дәнекерлеріне
қарсы
дәрі-дәрмектерді,
кортикостероидтық
гормондарды
қолдануға
және
гендік
терапия жүргізуге бағытталулары қажет.
Трансплантатты тойтару.
Басқа организмнен ауыстырылып қондырылған ағзаны
немесе тінді организм ыдыратып, жойып жібереді. Осындай
жағдайды ауыстырылған қондырымды (трансплантатты) тойтару
серпілісі дейді.
Қондырымды қабылдаған организмнің Т-лимфоциттерінің
әртүрлі өскіндері (клондары) бөтен антигенді танитын
қызмет атқарады. Олар қондырымның тіндік үйлесімділік
(HLA) антигенін таниды. Содан бөтен антигенге қарсы
иммундық жауаптың барлық түрлері жұмылдырылады да,
цитотоксиндік
Т-лимфоциттерінің,
иммундық
қабынуға
қатынасатын
Т-жасушаларының,
антигенге
арнайыланған
иммундық глобулиндердің және сәйкес Т- және В-жады
жасушаларының өндірілуі болады.
Ғылыми тәжірибеде қондырымды тойтару серпілісінің
біріншілік және екіншілік түрлерін ажыратады.
Жіті
біріншілік
серпіліс
Т-жасушалары
мен
макрофагтардың қатысуымен 10-11 тәулік ішінде дамиды.
Бастапқы 4-5 күнде қондырым біте бастаған сияқты болады.
Бірақ артынан 6-7 күн өткен соң қондырым отырғызылған
337
жерде ісіну, қан құйылу, моноциттер мен лимфоциттердің
сіңбелері пайда болып, 10-11 күннен кейін қондырым
тойтарылады.
Жіті екіншілік серпіліс уақыты бойынша жеделдетілген
болады және қондырым ауыстырылып отырғызылғаннан кейін 1-5
күн ішінде тойтарылады. Ауыстырылып отырғызылған тінге қан
тамырлары өсіп те үлгермейді, ол бозарған түрінде қалады.
Созылмалы тойтару серпілісі бірнеше ай немесе жылдар
өткеннен соң дамиды. Оның даму жолдарында иммундық
тетіктермен
(лимфоциттер,
антиденелер,
комплемент,
цитокиндер, адгезиялық молекулалар қатысуымен) қатар
оларға жатпайтын басқа тетіктерде қатысады. Мәселен,
ауыстырылып
отырғызылған
қондырымда
қан
айналымының
бұзылыстары оның ыдырап кетуіне әкеледі.
Аллергия
Аллергия (грек. аllоs - басқаша, егgоn - іс, жұмыс) -
деп
организмнің
өз
тіндерінің
бүліністерімен
сипатталатын, кейбір бөтен текті заттарға оның өзгерген,
бұрмаланған түрде иммундық жауап қайтаруын айтады.
Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, аллергия мен иммунитет
бір
тетіктермен
дамиды,
тек
аллергия
кезінде
лаброциттерден
(мес
жасушаларынан)
медиаторлар,
иммунитетке қарағанда, әлдеқайда көп мөлшерде шығарылады
және сау ағзалар мен тіндердің бүліністері байқалады.
Аллергия организмде қабынуға, тегіс салалы еттердің
(майда кеңірдекшелердің, ішектердің т.с.с.) жиырылуларына,
некрозға, сілеймеге және басқа өзгерістерге әкеледі.
Этиологиясы
.
Аллергияның себебі болып, организмде
сұйықтық (гуморалдық) немесе жасушалық иммундық жауап
туындататын антигендік қасиеттері бар көптеген заттар
есептеледі. Олар аллергендер (аллергия туындатқыштар) деп
аталады. Аллергендер болып толық антигендер (бөгде
нәруыздар, күрделі қанттар, липополиқанттар, полипептидтер
т. б.) және шала антигендер есептеледі.
Толық антигендер - деп тектік бөтен ақпараты бар және
организмге енгенде арнайы иммундық серпілістер дамуына
әкелетін заттарды айтады.
Шала антигендер – деп меншік тін нәруыздарына
байланысқаннан
кейін
олардың
антигендік
қасиетін
өзгертетін қарапайым химиялық топтарды - айтады. Бұл
антигендерге
иммундық
арнайылылық
беретін
химиялық
топтарды
гаптендер
дейді.
Бұларға
дәрі-дәрмектер,
бейорганикалық химиялық (иод, бром, никель т.б.) заттар
жатады.
Олар
тін
нәруыздарының
химиялық
құрылымын
өзгертіп, бөтен текті затқа айналдырудан, оған қарсы
иммундық жүйе жұмылдырылады да, арнайы антиденелер немесе
338
сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндіріледі.
Аллергендер сырттан енетін экзогендік және организмнің
өзінде болатын эндогендік болып ажыратылады.
Экзогендік аллергендерге:
● өсімдік тектес (олардың тозаңдары, жемістері,
сабақтары);
● жануарлар тектес (қан сары суы, жүн, түбіт,
қайызғақ, шаш, т. б.);
● тұрмыстық (үй тозаңы, әсемдік бұйымдар, кір жуатын
ұнтақтар т. б.);
● тағамдық заттар (құлпынай, жұмыртқа, жаңғақ, сүт
т.б.);
● өндірістік заттар (никель, мырыш, хром т.б.);
● дәрі-дәрмектер (антибиотиктер, витаминдер т.б.);
● бактериялар, вирустар, майда саңырауқұлақтар т. б.
жатады.
Бұлар организмге тыныс алу, ас қорыту жолдарымен,
тері, шырышты қабықтар арқылы және екпелермен түседі.
Эндогендік аллергендер (немесе аутоаллергендер) табиғи
(біріншілік) және жүре пайда болған (салдарлық) болып
бөлінеді. Табиғи (біріншілік) аллергендерге организмнің
өзінің кейбір қалыпты тіндері (көз бұршағы, жүйке тіні,
қалқанша бездің коллоиды, атабез тіні т. б.) жатады. Жүре
пайда болған (салдарлық) аллергендер организмнің өзінің
өзгерген тіндерінен пайда болады. Олар жұқпалардан немесе
бейинфекциялық әсерлерден болуы мүмкін. Бейинфекциялық
әсерлерге ыстық немесе суық температура, радийбелсенді
сөулелер, улы химиялық заттар, кейбір дәрі-дәрмектер
т.с.с. жатады. Инфекциялық эндоаллергендер микробтардың
немесе олардың уыттарының тіндермен кешендер құруынан
болатын және вирустармен туындатылатын (аралық) антигендер
болады. Бұл кезде аллергендер жоғарыда көрсетілген
әсерлерден
организмнің
өз
тіндерінің
нәруыздарынан
құрылады. Олар нәруыздардың денатурациясы (лат. dеnаtuгаге
- жаратылысын жоғалту, табиғи қасиеттерінен айрылуы)
немесе детерминанттық (лат. detеrminare
- анықтау)
топтарын (эпитоптар делінеді) өзгертулері нәтижелерінде
пайда болады. Организмде пайда болған аутоантигендер
көптеген аутоаллергиялық аурулар дамуына әкеледі.
Сыртқы ортада гаптендердің мөлшері көбейген, олар
организмге тері, ас қорыту және тыныс алу ағзаларының
шырышты қабықтары арқылы түседі. Қалыпты жағдайда бұл
тіндер бөгде заттардың организмге өтуіне тосқауыл болады.
Осы тосқауылдық қызметтің бұзылуы аллергияның дамуында
үлкен маңызды орын алады. Қазір терінің және шырышты
қабықтардың тосқауылдық қызметтері сөлденістік иммундық
339
глобулин А-мен қамтамасыз етілетіні белгілі. Осы IgА-ның
тұқым қуатын және жүре пайда болатын тапшылықтары
бронхиалық демікпенің кейбір түрлерінің дамуында өте
маңызды екені белгілі. Сонымен бірге автокөліктердің
сыртқа
шығаратын
газдары
тыныс
жолдарында
шырышты
қабықтардың жергілікті төзімділігін қамтамасыз ететін
сурфактанттың
түзілуі
азаюына
әкелетіні
байқалды.
Осылардың
нәтижесінде
тыныс
ағзаларының
шырышты
қабықтарының
өткізгіштігі
жоғарылап,
сыртқы
ортадан
организмге көптеген гаптендер түседі. Олар организмнің
жасушаларымен және нәруыздарымен байланысқаннан кейін оның
иммундық сезімталдығын көтеретін қасиет қабылдайды.
Аллергияның жиілеуінде адамдардың қалай болса солай
бақылаусыз
дәрі-дәрмектерді
(антибиотиктерді
т.
б.)
қабылдауыныңда маңызы бар. Сонымен бірге, қазіргі кездегі
жұқпалы дерттерден алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын
екпелердің
маңызы
зор.
Мәселен,
көкжөтелге
қарсы
пайдаланылатын екпе тіндердің гистаминге сезімталдығын
көтереді,
кеңірдекшелердің
бета-адренергиялық
рецепторларын тежейді, аллергиялық антиденелердің түзілуін
арттырады.
Сайып келгенде, аллергия дамуына септік жағдайлар
болып:
● тұқым қуалаушылыққа бейімділік;
● организм тосқауылдарының өткізгіштігі көтерілуі;
● аллергия дәнекерлерін әсерсіздендіру жүйелердің
бұзылыстары;
● әлеуметтік ықпалдар (қоршаған ортаның ластанулары,
екпелер жасау, дәрілерді қалай болса солай қабылдау
т.с.с.) – есептеледі.
АЛЛЕРГИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
Аллергиялық серпілістерді жіктеуге қатысты бірнеше
көзқарастар бар. Солардың ішінде Кук (1930) барлық
аллергиялық серпілістерді екі түрге бөлді:
●
дереу
дамитын
аллергиялық
серпілістер.
Бұлар
организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге
қайталап
түскеннен
кейін
бірнеше
минөттің
ішінде
байқалады
және
иммундық
глобулиндер
(антиденелер)
қатысатын организмнің сұйықтық (гуморалдық) жүйесі арқылы
дамиды деп есептелді;
● баяу дамитын аллергиялық серпілістер, сезімталдығы
көтерілген Т-лимфоциттер қатысатын, организмнің жасушалық
иммундық жүйесі арқылы дамиды және аллерген организмге
қайталап түскеннен кейін 24—48 сағат өткен соң байқалады
340
деп есептелді.
Қазіргі
күні
«аллергиялық
серпілістер»
деген
атаусөзбен қатар «жоғары сезімталдық» деген атаусөзде кең
тараған. Осыған байланысты аллергиялық серпілістерді дереу
дамитын жоғары сезімталдық (ДДЖС) және баяу дамитын жоғары
сезімталдық (БДЖС) деп ажыратады.
1968 жылы П. Джелл, Р. Кумбс аллергиялық серпілістерді
төрт түрге ажыратты:
●
аллергиялық
серпілістердің
анафилаксиялық
(реагиндік) I-түрі;
● аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-түрі;
●
аллергиялық
серпілістердің
иммундық
кешендік
(комплекстік) III-түрі;
● аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен
дамитын IV-түрі. Бұлардың бірінші үш түрлері ДДЖС-қа,
төртінші түрі БДЖС-қа жатады. Көптеген аллергиялық аурулар
дамуында бірнеше түрлері біріккен түрде байқалады.
Мәселен, анафилаксиялық сілейме (шок) дамуында I-ші және
III-ші түрлері, аутоиммундық аурулар кезінде II-ші және
IV-ші түрлері бірігіп кездеседі.
Сонымен бірге бүгінгі күні иммундық бүліністердің
антирецепторлық V-ші түрін ажыратады. Бұл кезде жасуша
мембраналарындағы рецепторларға (β-адренорецепторларға,
ацетилхолиндік,
инсулиндік
немесе
тиреотропиндік
рецепторларға)
қарсы
антиденелер
(негізінен
IgG)
өндірілуінен олардың қызметтері бұзылады. Рецепторлар мен
антиденелер байланысудан бұл рецепторлардың қызметтері
артып кетуі немесе, керісінше, төмендеп кетуі мүмкін.
Осыдан аутоиммундық бүліністер дамып, қантты диабет,
тиреоидит т.с.с дерттер байқалады.
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТЕРДІҢ ПАТОГЕНЕЗІ.
Аллергиялық серпілістердің дамуы үш сатыдан тұрады:
● бірінші - иммундық серпілістер сатысы;
● екінші - патохимиялық өзгерістер сатысы;
● үшінші - патофизиологаялық бұзылыстар сатысы.
Иммундық серпілістер сатысында организмде белгілі
антигенге (аллергенге) арнайыланған антиденелер немесе
сезімталдығы
көтерілген
Т-лимфоциттер
өндіріледі.
Организмге
енген
антиген
терінің
немесе
шырышты
қабықтардың дендриттік жасушаларымен жұтылып, өңдеуден
өтеді және лимфоидтық ағзаларға тасымалданады. Онда CD4
+
корецепторлары бар Т-хелпер жасушаларымен үлкен тін
үйлесімділік
кешені
(МНС-II
–
ағылш.
Major
histocompatibility complex) молекуласының құрамындағы
антигендік пептидті таныстырады. Сол себепті дендриттік
жасушаларды т.б. макрофагтарды антигенді таныстыратын