ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44637
Скачиваний: 260
36
астындағы шелмайға т. б. тіндерге жиналуынан тіндердің
биіктік эмфиземасы немесе газ кернеп кетуі дамиды.
Демалатын
ауада
барометрлік
қысым
төмендегенде
оттегінің үлестік қысымы азаюдан биіктік ауруы дамиды.
Оның
негізгі
себебі
болып
организмге
оттегінің
жетіспеушілігі,
содан
қанның
оттегіге
қанықпауы
(гипоксемия) есептеледі. Бұндай жағдай биік таулардың
шыңдарына шыққан адамдарда да байқалады. Бұл кездегі
организмнің дерттік өзгерістерін таулық ауру дейді.
Биіктік ауруын таулық аурудан ажырату қажет. Таулық ауру
адамның тауға белгілі күш жүмсап, біртіндеп көтерілуінен,
ол бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамиды.
Биіктік ауруы өте тез дамиды және организмнің тым ауыр
бұзылыстарына әкеледі. Бұл ауру кезінде биікке көтерілген
адам өзінің жағдайын дұрыс бағаламай, масаттанып, ешбір
ауру белгілеріне шағым айтпайды және алғашқы секунд-
минуттардың ішінде есінен танып қалады.
Таулық
ауру
екі
сатыда
өтеді.
Бірінші
сатысы
теңгерілген,
екінші
сатысы
теңгерілмеген
делінеді.
Теңгерілген сатысы 1000—4000 м. биіктікте байқалады.
Демалатын ауада оттегінің үлестік қысымы азайғандықтан,
артериалық қанда оттегінің деңгейі төмендеген, ішкі
ағзалар
мен
тіндерге
оның
тасымалдануы
бұзылған.
Сондықтан оларда зат алмасулары соңғы өнімдеріне дейін
жүрмей
аралық
қышқыл
өнімдер
жиналып
қалады,
метоболизмдік ацидоз дамиды. Осыдан оттегінің тапшылығы,
жиналған қышқыл өнімдер қан тамырларындағы химиялық
рецепторлар арқылы рефлекстік түрде мидағы тыныстық және
тамырлардың қимылдық орталықтарын қоздырады: тыныс алу,
жүрек соғуы жиілейді. Бұл кезде симпатикалық жүйке
жүйесінің межеқуаты (тонусы) көтеріледі. Осыдан шеткері
қан тамырларының, тегіс салалы ет жасушаларының жиырылуы,
терінің
бозаруы,
артериалық
қан
қысымының
аздап
көтерілуі,
қанның
жиналған
қорларынан
тамырларға
шығарылуы болады. Шеткі қанда эритроциттер көбейеді. Ары
қарай сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі артады.
Содан шеткері қанда олардың саны шынайы көбейеді және жас
эритроциттер (ретикулоциттер) пайда болады. Сонымен бірге
гемоглобин молекуласының оттегін байланыстыру қабілеті
көтеріледі және тотыққан гемоглобиннің тіндерге оттегін
беруін жеңілдетеді. Тіндерде заттар алмасуының анаэробтық
жолмен жүруі артады. Сол арқылы организм тіршілігіне
қажетті азды-көпті қуат (АТФ, КрФ) өндіріледі. Бұл
келтірілгендер
оттегінің
жетіспеушілігіне
қарсы
бағытталған
организмнің
теңгеру-икемделу
жолдарына
37
жатады. Дегенмен, бүл кезде орталық жүйке жүйесінде қозу
үрдісі басым болады, адамның жөнсіз қызбалығы, өз
жағдайын дүрыс бағалай алмаушылығы, қимыл-қозғалысының
үйлесімсіздігі
байқалады.
Адам
тоқмейілсіп,
көп
жағдайларға мән бермейді, араққа мас болған адамдай көңіл
күйін шаттық билейді (эйфория).
Ары қарай 5000 м биіктіктен астам көтерілгенде таулық
аурудың теңгерілмеген сатысы дамиды. Бұл кезде терең жиі
тыныс алудың нәтижесінде организмнен СО
2
артық шығарылып
кетеді. Қоректік заттардың толық тотықпауынан тіндерде
СО
2
газының түзілуі азаяды. Осы екі жағдайдан организмде
(қанда) СО
2
газының деңгейі төмендейді, гипокапния
дамиды, газдық алкалоз байқалады. Сондықтан мидағы тыныс
алу, қан тамырларының қимылдық т.с.с. орталықтардың
қозымдылығы азаяды. Енді көңіл-күйдің көтеріңкілігі
(эйфориясы)
қатты
түнжыраумен
(депрессия)
ауысады,
орталық жүйке жүйесінің тежелуі болады. Бұл кезде науқас
адамның
қимыл-қозғалысы
азаяды,
тез
шаршағыштығы
байқалады, барлық шартты, шартсыз рефлекстері жоғалады,
ол терең ұйқыға батады. Осыдан науқастың тыныс алуы
сиреп, үзілісті (Чейн-стокс, Биот) тыныс алу пайда
болады. Оттегінің жетіспеушілігінен, гапокапниядан және
алкалоз дамуынан мидағы тыныс алу орталығының салдануы
адамның өліміне әкеледі.
Жоғары барометрлік қысымның әсері. Кессон ауруы.
Терең суга сүңгігенде, теңіз, мүхит суларының астында
жұмыс атқарғанда адам организміне жоғары барометрлік
қысым (гипербария) әсер етеді. Әрбір 10,3 м. су асты
тереңдікте барометрлік қысым 1 атмосфераға көтеріледі.
Қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары барометрлік қысымға
тез ауыс-қанда дененің қысылуы (компрессиясы) болады. Ол,
әсіресе дене қуыстарында байқалады. Сондықтан құлақтың
жарғағын ішіне қарай қысып, Евстахий түтігі
бітелген жағдайда, құлақ ішінде қатты шаншып ауыру
сезімін туындатады. Шеткері қан тамырлары қысылып
қалғандықтан ішкі ағзалар қанға толып кетеді. Тым үлкен
тереңдікке өте тез ауысу кезінде қан тамырлары мен өкпе
ұяшықтары жыртылып кетуі мүмкін. Содан ауа эмболиясының
дамуына қолайлы жағдай пайда болады.
Барометрлік қысым көтерілгенде организмдегі газдардың
сұйықтарда еру қабілеті көтеріледі. Оны сатурация дейді.
Азот әсіресе май тінінде жақсы ериді. Липидтер мида көп
болғандықтан онда еріген азоттың мөлшері көбейеді.
Сондықтан орталық жүйке жүйесінін қызметі ерте бұзылады.
Бүл кезде көңіл-күйдің шаттануы тез терең ұйқыға
38
(наркозга) ауысады. Артынан азоттың жүйке жүйесіне улы
әсері болып, бас ауыруы, бас айналуы, зерденің бүлінуі,
жүйкелік-еттік
үйлесімділіктің
бұзылуы,
естен
тану
дамиды. Бұл дерттік құбылыстардан сақтандыру үшін терең
су астында істейтін жұмысшылар азоттың орнына гелий мен
оттегінің қосындысымен дем алатын аспапты қолданулары
қажет. Гелий жүйке тіндерінде азот сияқты ерімейді және
ол, организмге улы әсер етпейтін, бейтарап газ болып
есептеледі. Терең су астынан адамды жоғары шығарғанда
барометрлік қысымның әсері азайып, декомпрессия дамиды.
Бұл кезде адамды тез қалыпты атмосфералық қысымға
шығарудан декомпрессиялық немесе кессондық ауру дамиды.
Оның дамуы жоғары барометрлік қысым әсер еткендегі
организм
сұйықтарында
еріген
газдар
тез
жоғары
көтерілгенде газ күйіне қайта ауысып, қаннан өкпе арқылы
сыртқа шығарылып үлгермейді. Сондықтан бұл газдар қан
тамырларының ішінде қалып, газдық эмболия дамуына
әкеледі. Эмболдар ішкі ағзалардың тамырларында тұрып
қалуынан олардың қызметтері бұзылады. Мидың, жүректің
тамырлары бітелуінен адамның өліміне әкелуі мүмкін.
ТЕМПЕРАТУРАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ.
Төмен температуралардың әсері. Гипотермия.
Суық температура адам денесінің жалпы мұздауына немесе
дене мүшелерінің үсуіне әкеледі. Суық температураның
организмге әсері оның ылғалдығынан, түрінен (суық ауа,
суық су), мөлшерінен, ауада желдің болу-болмауынан,
адамның үстіндегі киімінен, тері астындағы шелмайының
қалыңдығынан т. б. көптеген жағдайлардан байланысты.
Дененің
мұздауы
—
дене
қызымының
төмендеуіне
(гипотермияға) өкелетін организмдегі жылу реттелуінің
бұзылуы. Бұл кезде дене қызымының төмендеуі (гипотермия):
● жылудың сыртқа шығарылуы көбейіп кетуден;
● жылудың өндірілуі азайып кетуден;
● жылу өндірілу мен оның сыртқа шығарылуының біріккен
бұзы-лыстарынан болуы мүмкін.
Адамда гипотермия жылудың организмде қалыпты түрде
өндірілуіне қарамай оның сыртқа артық шығарылып кетуінен
дамиды. Сондықтан суық температура әсер еткенде терінің
қан тамырларының жиырылуы болады, тер бөліну тоқтайды,
тыныс алу сирейді. Осы жолдармен жылудың организмнен
сыртқа шығарылуы азаяды. Ары қарай суық температураның
әсеріне жауап ретінде бұлшықеттердің қалтырауы, бауыр мен
бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауы, қанда глюкозаның
көбеюі, тіндермен оттегін пайдаланудың артуы, зат
39
алмасуының күшеюі болады. Осыдан организмде жылу өндірілу
артады. Осылай суық температураның әсеріне организм
жылуды сыртқа шығаруды азайтып, оның денеде өндірілуін
арттырып, дене қызымын қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Бұл
сатыны теңгерілген саты дейді. Суық температура ары қарай
әсер ете берсе, онда организмнің икемделу-теңгеру
мүмкіншіліктері
азайып,
гипотермияның
теңгерілмеген
сатысы дамиды. Бұл кезде дене қызымы төмендейді,
бұлшықеттердің қалтырауы болмайды, зат алмасуларының
қарқыны азаяды, терінің қан тамырлары кеңіп кетеді. Қан
тамырларының қимылдық орталығы тежеліп, жүрек соғуы,
тыныс алу сирейді, артериалық қан қысымы төмендейді.
Терең
гипотермия
кезінде
орталық
жүйке
жүйесінің
тежелуінен адам терең ұйқыға батады, біртіндеп тыныс
орталығы
мен
қан
тамырларының
қимылдық
орталығы
әлсіреуінен адам жан тәсілімін тапсырады.
Сонымен бірге, шамалы гипотермия ішкі ағзалар мен
тіндерде зат алмасу қарқынын төмендетіп, оттегінің
жетіспеушілігіне олардың төзімділігін көтереді. Бұл кезде
организмнің тұрақтылығы уыттарға, жұқпаларға, механикалық
жарақаттарға, электр соққыға т. б. қолайсыз ықпалдарға
жоғарылайды. Сондықтан дене қызымын жасанды түрде
төмендету (гибернация) организмнің оттегіге мұқтаждығын
азайту үшін, мидың ишемияға төзімділігін арттыру үшін
клиникалық медицинада кеңінен қолданылады.
Суық температураның жергілікті әсері дене мүшелерінің
үсуімен көрінеді. Үсудің бірінші дәрежесінде үсіген
мүшенің қызаруы, екінші дәрежесінде күлдіреуі, үшінші
дәрежесінде өлеттенуі болады. Бұлай ажырату шартты түрде
ғана
дұрыс.
Бірінші
дәрежесі
ары
қарай
суық
температураның әсері тоқтағанына қарамай екінші, үшінші
дәрежелеріне ауыса беруі мүмкін. Үсудің даму патогенезі
тіндердегі коллоидтардің өзгерістерімен, қылтамырларда
қан
ағымы
мен
оның
реологиялық
қасиеттерінің
бұзылыстарымен түсіндіріледі.
Жоғары температуралардың әсері. Асқын қызыну. Ыстьқ
соғуы.
Ыстық температура дене мүшелерінің күюіне, күйіктік
ауруға немесе жалпы дененің асқын қызынуына әкелуі
мүмкін.
Күйік. Күйік ыстық температураның әсерінен, химиялық
күшті
қышқылдардың,
сілтілердің
әсерлерінен
немесе
физикалық (электр ағымының, радий белсенді заттардың
әсерлерінен) ықпалдардан дамуы мүмкін. Сондықтан ыстық
40
температураның әсерінен дамитын күйікті температуралық
күйік
деп
ажырату
қажет.
Қалған
күйіктер
сәйкес
тарауларда қаралады.
Оттың жалыны, ыстық су, бу немесе 45-50° С-дан астам
қызған заттар дене мүшелеріне тигенде температуралық
күйік дамиды. Бұл кезде тіндердің бүліну тереңдігіне
байланысты күйіктің төрт дәрежесін ажыратады: 1. терінің
қызаруы; 2. күйген жердің күлдіреуі; 3. терінін некрозы
және жаралардың пайда болуы; 4. тері мен оның астында
жатқан тіндердің толық некрозы немесе тіндердің көмірге
айналуы.
Ыстық температураның жергілікті әсер ету жолдары тін
нәруыздарының
ұюымен,
жасушалардың
тіршілігін
жоғалтуымен,
тіндердің
некрозымен,
қабыну
дамуымен
байланысты.
Күйіктің организмге әсері бүлінген тері қабатының
аумағына байланысты. Дененің 10-15%-нан астам аумағының
терең күйіктері тұтас организмнің бүліністеріне, ішкі
ағзалар мен жүйелердің бұзылыстарына әкелетін ауру
туындатады. Бұл ауруды күйіктік ауру дейді. Ол келесі
сатыларда өтеді: 1. күйіктік сілеймен (шок), 2. күйіктік
уыттану, 3. күйіктік жұқпалар, 4. күйіктік арып-азу, 5.
сауығу.
Күйіп қалған жерден орталық жүйке жүйесіне қатты ауыру
сезімі беріледі. Осыдан қан тамырларының қимылдық және
тыныс алу орталықтары алдымен қатты қозып, артынан
әлсірейді. Қан қысымы төмендеп, ағзалар мен тіндерде
майда қан айналым бұзылады, күйіктік сілейме (шок)
дамиды. Оның дамуына бүлінген тіндерде нәруыздардың
ыдырауынан пайда болған уытты заттардың қанға түсуі,
қанның сұйық бөлшектерінің тамыр сыртына шығып кетуінен
қоюлануы мен аққыштық қабілетінің бұзылыстары қолайлы
ықпал етеді. Бұл кезде су мен электролиттердің алмасуы
бұзылады. Күйгеннен кейін алғашқы сағаттарда бүлінген
тіндерде натрий көптеп ұсталып қалады, артынан натрий мен
су қан плазмасынан жасушаларға ауысады. Осыдан жасушалар
ісінеді. Бұл жағдайды күйіктік сілеймені емдеу үшін
изотониялық сұйықтарды қанға енгізу кездерінде есте
сақтау қажет. Олар тез жасушаларға еніп кетуі мүмкін.
Бүлінген жасушалардан калий көптеп қанға түседі,
гиперкалиемия дамиды. Ол жүректің жиырылғыштық қасиетін
төмендетіп, жүрек аритмиялары дамуына әкеледі. Күйік
эритроциттердің қатты гемолизін туындатады. Осыдан
қан плазмасында гемоглобиннің мөлшері артады, оның
несеппен шығарылуы ұлғаяды, бүйрек қызметінің жіті