ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44754
Скачиваний: 262
411
● олардың сүйек кемігінде өндірілуі мен ағзаларда
ыдырауыңың арақатынасы бұзылыстарынан;
● қан кетуден эритроциттердің азаюынан;
● эритроциттердің организмде ағзалар арасында әркелкі
бөлінуінен.
Қандағы эритроциттердің көбеюін
эритроцитоз деп,
азаюын анемия немесе эритроцитопения деп атайды.
- сурет. Эритроциттердің жетілу кезеңдері және
олардың бүліністері.
Қанда
эритроциттердің
сапалық
өзгерістері
мына
жағдайларда болуы мүмкін:
●олардың сүйек кемігінде жетілуінің бұзылуынан немесе
сүйек кемігі тосқауылы бұзылуынан гемоглобинге қанықпаған
және
жетілмеген
түрлерінің
(нормобластар,
полихроматофилді
эритроциттер,
ретикулоциттер) шеткері қанға түсуінен (физиологиялық
регенерация) ( - сур.);
● қан өндірілуінің эритробластық түрінен мегалобластық
түрге
ауысуы
нәтижесінде
қанда
мегалобластар
мен
мегалоциттер пайда болуынан (дерттік регенерация);
● қанда эритроциттер мен гемоглобиннің тұқым қуатын
немесе жүре пайда болған бүліністік өзгерістерге ұшыраған
түрлерінің
пайда
болуынан.
Бүліністік
өзгерістерге
ұшыраған
эритроциттердің
түрлеріне:
♣ анизоцитоз;
412
♣ пойкилоцитоз;
♣ анизохромия;
♣ гипохромды эритроциттер;
♣ нысана тәріздес, орақ тәріздес эритроциттер;
♣ Жолли денешіктері, Кебот жүзіктері;
♣ базофилдік нүктеленген эритроциттер т. б. - жатады.
- сурет. Эритропоездің түрлері. I- мегалобластық қан
өндірілу, II- эритробластық қан өндірілу.
I – 1-4 әртүрлі мегалобластар, 5 мегалоцит;
II
–
1-
эритробласт,
2-
пронормобласт,
3-5-
нормобластар, 6- эритроцит
413
- сурет. Қан жағындысы. 1-стоматоцит, 2-микроцит, 3-
ретикулоцит
- сурет. Қан жағындысы. Анизоцитоз, пойкилоцитоз,
гипохромды эритроциттер, 1-нормобласт, 2-нысана тәрізді
эритроцит, 3-пойкилоцит.
Анизоцитоз - деп қан жағындысында көлемі әртүрлі
(микроциттер
мен
макроциттердің) эритроциттердің болуын айтады.
Пойкилоцитоз - деп пішіні әдегтегіден әртүрлі
өзгерген
эритроциттердің
болуын
айтады.
Бұл
кезде
эритроциттердің сыртқы пішіні алмүрт тәріздес немесе
шеттері кедір-бүдыр өзгерген немесе сопақша, нысана, орақ
тәріздес
т.
с.
с. болып келеді.
Анизохромия - деп боялымы әртүрлі (гипохромды және
гиперхромды) эритроциттердің болуын айтады.
1
4
2
3
1
2
3
414
- сурет. Әр көлемді эритроциттер: 1-нормоцит, 2-
микроцит, 3-макроцит,
4-мегалоцит.
Эритроциттердің іштерінде сақталып қалған ядроның
бөлшектерін - Жолли денешіктері, қабығы сақталып қалуын -
Кебот жүзіктері дейді. Сонымен қатар эритроциттердің
іштерінде,
күлгін
түске
боялған,
рибосомалар
мен
митохондрийлардың
шоғырланыстарын
тұратын,
көгілдір
нүктелер пайда болады ( - сурет).
-
сурет.
Бүліністік
өзгерістерге
ұшыраған
эритроциттер. 1, 3- Жолли денешіктері, 2- базофилдік
нүктелері бар эритроциттер, 4-5 Кебот жүзіктері.
Қанның тыныстық қызметі, эритроциттердің сандық және
сапалық өзгерістерімен қатар, гемоглобиннің оттегін тасуға
деген
қабілеті
төмендеген
туындылары
(карбокси-,
1
2
3
4
1
2
3
4
5
415
метгемоглобин
т.с.с.)
пайда
болғанда
және
қанның
қышқылдық-сілтілік үйлесімділігі өзгергенде де бұзылады.
Эритроцитоздар.
Эритроцитоздар
әртүрлі
аурулардың
клиникалық
әйгіленімі болып есептеледі. Бұл кезде қанда олардын саны
5х10
12
/л-ден артық көбейеді. Эритроцитоздардың
нағыз
(шынайы) және салыстырмалы түрлерін ажыратады. Нағыз
эритроцитоз - сүйек кемігінде өңдірілуі артуына байланысты
эритроциттердің шынайы санының қалыптан тыс көбеюімен
сипатталады. Бұл эритроцитоз организмнің гипоксиялық
жағдайларында
байқалады.
Мәселен:
өкпе
ауруларында
(пневмосклероз, жел өкпе, броноэктазиялық ауру, өкпенің
фиброзды туберкулезі, силикоз, демікпе т. б.), әртүрлі
журек
аурулары
мен
қанайналым
жеткіліксіздігінде,
атмосфералық ауада оттегінің азайғанында, таулы жердің
тұрғындарында т. б. Бұл эритроцитозды гипоксиялық немесе
гипоксияға икемделістік эритроцитоз деп атайды. Гипоксия
эритропоетиннің өндірілуін арттырады. Ол бүйрек нефрон
өзекшелерінің жанындағы эндотелий жасушаларында және
гепатоциттерде
өндіріледі.
Эритропоетиннің
әсерімен
эритроциттерді өндіретін жасушалардың көбеюі, жетілуі және
гемоглобинге қанығуы күшейеді. Нағыз эритроцитоздар бүйрек
аурулары (гипернефрома, гидронефроз, бүйрек туберкулезі т.
б.),
ми
мен мишық
өспелері, гипофиз
өспелерінде,
гипертиреоз т. б. дерттер кездерінде болуы мүмкін. Нағыз
эритроцитоздардың пайда болуында эритропоездың гормондық
және жүйкелік реттелуінің бұзылыстары маңызды орын алады.
Бүйрек өспелері эритропоетинді артық өндіреді.
Салыстырмалы эритроцитоз - қан сұйығының азаюынан оның
белгілі бір көлемінде эритроциттер мен гемоглобиннің
көбеюі. Бұл кезде олардың шынайы саны өзгермейді.
Салыстырмалы эритроцитоз организмнің сусыздануы кезінде
қанның қоюлануынан немесе қанайналымға эритроциттердің
қорларынан түсуінен пайда болады. Қанның қоюлануы қатты
терлегенде, іш өткенде, көп құсқанда, дене күйгенде,
ішектің жоғары бөліктері бітелгенде, шоқтық жағдайларда,
диабеттік ацидозда, панкреатит, перитонит кездерінде, өкпе
ісінуінде т. б. жағдайларда байқалады.
Эритремия (нағыз полицитемия, Вакез ауруы). Бұл
аурудың негізінде сүйек кемігінде, әсіресе эритроидты
өсінділердің, эритроциттердің артық өндірілуіне әкелетін
тұтасқан дерттік өсіп-өніп кетуі жатады. Қазіргі кезде
эритремия сүйек кемігінде басым эритропоездік қызмет
атқаратын жасушалардың гаперплазиясы болатын созылмалы
лейкоз ретінде қаралады. Эритремиямен ересек адамдар, жиі
еркектер ауырады. Ауру созылмалы түрде, емделмегенде 8—10