Файл: дістемелік бірлестіктер жайлы апарат Информация по методическим.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
а
Әдістемелік бірлестіктер жайлы
ақпарат
Информация по методическим
объединением
2022-2023 оқу жылы
Бекітемін
«№7 МИ» КММ директорының м.а.
Т.М. Фадина
«15» қыркүйек 2021 жыл
2021-2022 оқу жылындағы жас манадар тізімі
Список молодых специалистов 2021-2022 учебного года
№ | Жас маманның аты-жөні ФИО молодого специалиста | Лауазымы/должность | Тәлімгердің аты-жөні ФИО наставника |
1 | Толеубекова Аяулым Жомартқызы | Педагог-психолог | Лукова А.Ю. |
2 | Алимбаева Гульден Нурболатовна | Физика пәні мұғалімі | Игенова А.Е. |
Жас мамандармен жұмыс жоспары
Мақсаты: Жас мамандарға оқыту мен тәрбиелеу, дамыту салалары бойынша теориялық және әдістемелік көмек ұйымдастыру, ізденіске жетелеу.
р/с | Жүргізілетін жұмыстар | Мерзі дері | Жауапты |
| 1- отырыс | | |
Сабақ және оған қойылатын талаптар жөнінде түсініктер беру: | |||
1 | Оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру | Қыркүйек | Тәлімгерлер Директордың ОТЖ орынбасары Б.Б. Смагулова |
2 | Жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ереже және жекелеген ережелермен танысытру туралы | ||
3 | Тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы жұмыс жоспарын бекіту және таныстыру жайында | ||
4 | Сабақты жоспарлау жолдары | ||
2 - отырыс | |||
| Дарынды балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері | ||
1 | Дарынды бала туралы түсінік | қазан | Тәлімгерлер Директордың ОТЖ орынбасары Б.Б. Смагулова |
2 | Дарынды оқушылардың жұмысын ұйымдастыру жолдары | ||
3 | Оқушыларды ғылымға баулу, ғылыми жұмыстарға жетелеудегі мұғалім қызметі | ||
4 | Интерактивтік әдістер және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары | ||
| 3-отырыс | ||
| Мұғалімнің жаңашылдық қызметі жайлы түсінік | ||
1 | | қаңтар | Бірлестік жетекшілері Директордың ОТЖ орынбасары Б.Б. Смагулова |
2 | Инновациялық қызметтің ерекшеліктері | ||
3 | «Қоғамдағы мұғалімнің бейнесі» | ||
4 | Жаңашылдықты енгізуде кездесетін кедергілер және оны жою жолдары | ||
| 4-отырыс | ||
| Мұғалім құзырлығы және оған қойылатын талаптар | ||
1 | Мұғалім құзырлығы жайлы түсінік | наурыз | Директордың ОТЖ орынбасары Б.Б. Смагулова |
2 | ХХІ ғасыр мұғалімі қызметін үлгілеу | ||
3 | Жас мұғалімнің негізгі проблемалары | Директордың ОТЖ орынбасары Б.Б. Смагулова | |
| 5- отырыс | ||
| Шығармашыл мұғалім және оның оқушы шығармашылығына ықпалы: | ||
1 | Шығармашылық еңбек жайлы түсінік | Мамыр | Шығармашылық топ мүшелері, Бірлестік жетекшілері |
2 | Шығармашылық еңбекке қойылатын талаптар | ||
3 | Шығармашылық еңбектің көздері | ||
4 | Оқушы шығармашылығын қалыптастыруға мұғалім шығармашылығының ықпалы |
№__________________ атындағы жалпы орта мектебі бойынша
жас мамандар туралы мәлімет
р/с | Аты-жөні | білімі | Пәні | Өтілі | Санаты |
1 | | жоғары | | | - |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету
№ | Көмек көрсетілетін тақырыптар | Нәтижесі | Ұсыныстар |
1 | Нормативті құжаттармен танысу | Нормативті құжаттар жинау | Оқып, үйрену |
2 | Бағдарламаны талдау | Мемлекеттік білім стандартын, бағдарламалар оқып, үйрену | әдістемелік отырыстарға қатысу |
3 | Күнтізбелік жоспар жасау | Сыныпқа сай бағдарлама негізінде күнтізбелік жоспар түзу | Бағдарлама, мемлекеттік білім стандарты негізінде жоспарлардың сақталуы |
4 | Сабақ типтерін таңдау, кезеңдерін жоспарлау | Жоспар түрінде | Жоспар |
5 | Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін үйрету | Жаңа технология негізіне сабақ өтуді жоспарлау | Жаңа технологияларды өз тәжірибесінде пайдалану |
6 | Сабақты талдау | Өзара сабаққа ену | Нәтиже |
7 | Өз білімін жетілдіру | Саяси жаңалықтар, әдістемелік құралдардан хабардар болу | Үнемі ізденісте жүру |
Жас мамандарға әдістемелік кеңес
Сабаққа қойылатын талаптар
Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жазылады.
Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс. Мұғалімдер оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиетте жіктеудің 20-дан астам түрі бар. Солардың ішінде ең кең тараған түрі: Огородников, Бабанский, Лемберг сынды ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйелері. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген:
1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)
2. Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)
3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар.
Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20%, көру қабілеті арқылы 40-60% қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.
Сабақта мұғалімнің шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануынан да көрінеді.
Оқу-тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде. Ең бірінші, мұғалім өз пәнін сүйетін, терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденгіш, әдіскер, шебер болуы керек. Оның үстіне өз пәнін талдай алатын теориялық білімі мол, сауатты болуы шарт.
Екіншіден, шәкіртермен қарым-қатынасының жоғары мәдениеттілігі талап етіледі. Мұғалім шәкіртімен терезесі тең адамдай сөйлесіп, оларды өз ойларын қысылмай-қымсынбай айтуға, пікірін еркін, ашық айтуға тәрбиелеп отыруы керек. Оқушы мұғалім қойған талапты зорлықпен емес, саналылықпен орындасын. Сонда ғана оқу да, тәрбие де арнасына түседі.
Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді.
Мұғалімнің көңіл-күйі, жинақтылығы, жүріс-тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.
Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.
Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың негізгі компоненттері:
1. Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
2. Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
8. Аналитикалық (талдау)
– сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.
Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:
1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;
7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;
9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;
11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;
13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;
14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;
15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;
Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.
Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
1. Қандай талаптар басшылыққа алынды?
2. Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?
3. Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын оқушылар ерекшелігі қалай есепке алынды?
4. Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?
5. Оқушылардың іс-әрекеті қалай жоспарланды?
6. Сабақтағы оқу материалы дұрыс таңдалды ма?
7. Мұғалім мен оқушылардың әдіс-тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
8. Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
9. Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына не ықпал етті?
10. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының педагогикалық құндылығы неде?
11. Сабақ оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерінің дамуына, жігері, мінез-құлқы мен жеке мәдениетіне қалай әсер етті?