Файл: Компьютерлік графиканы негізгі тсініктері мен компоненттерін, зірлеу ралдарын топтастырыыз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 68
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Компьютерлік графиканың негізгі түсініктері мен компоненттерін, әзірлеу құралдарын топтастырыңыз.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын. Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын арнайы программалық қамтамасыз етулері жасалады. Компьютерлік графиканың төмендегідей бағыттары бар:
1. Ғылыми графика
2. Іскерлік графика
3. Конструкторлық графика
4. Безендірмелік графика.
5. Көркемдік және жарнамалық графика
Әзірлеу құралдары графикалық бағдарламалар: Adobe Photoshop, Corel Draw, SketchUp, Paint, т.б
-
Компьютерлік графикамен жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіріңіз.
Компьютерлік графика – арнайы есептеу кешендерінің кӛмегімен бейнелерді
жасау мен оларды өңдеу құралдары мен әдістерін зерттейтін пән болып
табылады. Компьютерлік графика монитор экранында немесе сыртқы
тасымалдаушыларда (қағаз, кинопленка, мата және т.б.) көшірмелерінде
кескіндерді бейнелеудің барлық түрлерін қамтиды.
Деректерді кӛрнекілеу адамзат қызметінің әр түрлі салаларында орын алып
келеді. Мысалы, медицина (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер,
киімдерді модельдеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және т.б.
Кескіндерді жасаудың тәсілдеріне қарай компьютерлік графика келесі түрлерге
бөлінеді:
-
растрлық; -
векторлық; -
фрактальдық.
Пәннің тағы да бір ерекше бөлімі – үшөлшемді (3D) графика. Бұл пән
объектілердің кӛлемдік модельдерін виртуалды кеңістікте құрастырудың әдістері
мен тәсілдерін зерттейді. Әдетте, мұнда кескіндеудің векторлық және растрлық
тәсілдері үйлесімді қолданылады.
Түстеріне байланысты графика қара-ақ және түрлі-түсті болады. Әр түрлі
салаларға мамандандырылғанына байланысты инженерлік графика, ғылыми
графика, Web-графика, компьютерлік полиграфия және т.б. түрлер болады. Компьютерлік графика кӛбінше тек құрал ретінде қолданылғанмен, оның құрылымы мен әдістері математика, физика, химия, биология, статистика, бағдарламалау және т.б. фундаментальді және қолданбалы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді. Сондықтан компьютерлік графика қарқынды дамуда және кӛп жағдайда жалпы компьютерлік индустрияда жетекші орын алады.
Компьютерлік графикада жұмыс жасау:
-
Компьютерлік графикада суреттерді түсіру -
Суретті, визуализацияға дайындау -
Суретті салу -
Суреті бар әсерлерді жүзеге асыру
-
Растрлық және векторлық графиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтарды көрсетіңіз.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық графикада ұзындық бірлігінде нүктелер санын анықтайтын мүмкіндік ұғымының маңызы зор. Оның келесі түрлері болады:
- түпнұсқаның мүмкіндігі;
- экран кескінінің мүмкіндігі;
- баспа кескінінің мүмкіндігі. Түпнұсқаның мүмкіндігі.
Түпнұсқаның мүмкіндігі бір дюймдегі нүктелер санымен ӛлшенеді (dots per inch - dpi) және кескін сапасына қойылатын талаптарға, цифрлау тәсіліне, файлдың форматына және басқа да параметрлерге байланысты болады.
Экрандық кескіннің мүмкіндігі. Кескіннің экрандық кӛшірмесінде растрдың элементар нүктесін пиксель деп атайды. Пикселдің өлшемі таңдалған экрандық мүмкіндікке, түпнұсқа мүмкіндігіне және кескін масштабына байланысты. Диагоналі 20-21 дюйм болатын мониторлар 640×480, 800×600, 1024×768, 1280×1024, 1600×1280, 1920×1200, 1920×1600 нүктелі экрандық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Экрандық көшірме үшін 72dpi мүмкіндігі жеткілікті, ал түсті немесе лазерлік принтерлерде басып шығару үшін 150-200 dpi, фотосурет басып шығару үшін 200-300 dpi мүмкіндіктері болуы керек.
Растрлық графикада кескіннің базалық элементі нүкте болып табылады дедік. Ал векторлық графикада базалық элемент сызық болып табылады. Сызық бір тұтас объект ретінде математикалық жолмен сипатталады. Сондықтан векторлық графика құралдарымен объектті кескіндеу үшін қажетті деректер кӛлемі растрлық графикамен салыстырғанда едәуір аз болады. Сызық – векторлық графиканың элементар объектісі. Кез келген басқа да объекттер сияқты, сызықтың да ӛзіне тән қасиеттері болады. Мысалы, оның формасы (түзу немесе қисық), қалыңдығы, түсі, түрі (тұтас, пунктирлі). Тұйық сызықтардың ішін толтыру қасиеттері болады. Тұйық сызықтардың іші басқа объекттермен немесе таңдалған түспен толтырылуы мүмкін. Қарапайым тұйық емес сызық түйіндер деп аталатын екі нүктемен шектеледі. Ол түйіндердің де қасиеттері болады. Қалған объектілердің барлығы сызықтардан құралады. Мысалы, кубты өзара байланысқан алты тік тӛртбұрыштардан құрауға болады, ал ол тік тӛртбұрыштардың әрқайсысы ӛзара байланысқан тӛрт сызықтардан тұрады. Немесе кубты өзара байланысқан он екі сызықтардан құралған деп қарастыруға болады.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады.
-
Растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық графикалық редактордың артықшылығы – векторлық графикалық редактордың кемшілігі болып табылады. Мысалы, векторлық кескінді оңай масштабтауға, яғни оның өлшемдерін бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу арқылы өзгертуге болады. Векторлық кескіндермен жұмыс істеудің кемшілігі – оларды растрлық сияқты жай ғана өзгерте салуға болмайтындығы.
Растрлық кескіндеудің артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді, қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әрбір нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгерткенде, кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтатындықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Векторлық графиканың негізгі элементі түзу болып табылады.
Ондағы бейне геометриялық фигуралардың жиынтығы түрінде беріледі. Әдетте нүктелер, түзулер, тіктөртбұрыштар, шеңберлер және т.б. фигуралар алынады. Барлық бейнелер түзулерден құралады.
Түзудің алатын жадыдағы көлемі түзудің өлшемінен тәуелді болмайды, себебі түзу формула түрінде беріледі.
Векторлық графиканың кемшіліктері:
-
Көлемінің шағын болуы; -
Оңай масштабтауға болады; -
Оңай түзетуге болады.
Векторлық графиканың кемшіліктері:
-
Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар; -
Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады; -
Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді;
Векторлық кескіндер, бұл – сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер.
Мысалы, сызба. Компьютерге оларды сипаттаушы параметрлердің мәнін енгізуге болады:
– кесінді үшін оның екі нүктесінің координаттарын;
– шеңбер үшін центрінің координаттары мен радиусының ұзындығын;
– доға үшін доғаның басы мен соңының, центрінің және радиусының координаталарын;
– әрбір сызық үшін оның типі жіңішке, штрихталған, пунктирлі және т.с.с. көрсетіледі.
Содан кейін бұл ақпарат арнайы программамен өңделеді (яғни суреттің әрбір нүктесінің орны векторлық графикалық файлда жазылған формулалар бойынша есептеледі) де, сызба экранға шығарылады. Бұл элементтер дискретті болып табылады, олар өзара байланыспаған, сондықтан олардың өлшемін сурет сапасын жоғалтпай-ақ оңай өзгертуге болады.
Сонымен қатар бұл сызбаның параметрлерімен берілетін әріпті-цифрлық ақпараттың ақпараттық көлемі сызбаны компьютерге растрлық түрде енгізгенге қарағанда жүздеген, мыңдаған есе кіші болады. Векторлық әдістің тағы бір артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы.
-
Растрлық және векторлық графиканың айырмашылығын түсіндіріңіз.
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Растрлық және векторлық графиканың айырмашылығы
• Растрлық графика ажыратымдылыққа байланысты. Бұл кескін сапасына зиян келтірместен өлшемді өзгерту мүмкін емес екенін білдіреді. Екінші жағынан, векторлық графика ажыратымдылыққа тәуелді емес. Кескін сапасына әсер етпей, өлшемді үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.
• Растрлық графика әрқашан тікбұрышты формада болады. Бұл дегеніміз, бұл графиканы кез келген басқа пішінде көргенде, бұл қалған пикселдердің суреттің фонымен бірдей түске ие екенін білдіреді. Екінші жағынан, векторлық графика кез келген пішінді қабылдай алады.
• Векторлық графиканы растрлық графикамен мүмкін болатын шынайы суреттер жасау үшін қолдануға болмайды. Векторлық графика мультфильмге ұқсайды. Дегенмен, векторлық графика технологиясы тез қарқынмен дамып келеді және жақында біз растрлық графикадағыдай шынайы бейнелерге ие бола аламыз.
-
Растрлық және фракталдық графиканың айырмашылығын түсіндіріңіз.
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Растрлық графика құралдары түстерді беруде жоғары дәлдікті қажет ететін жұмыстарды иллюстрациялау үшін қолданылады. Дегенмен растрлық иллюстрация файлдарының көлемі көрсетілімі (разрешениясы) өскен сайын өсуде. Өздеріміз күнделікті үйде көріп жүрген фотосурет (сандық түрге түрлендірілген, көрсетілуі 200-300 dpi, түстік көрсетілімі 24 бит, стандартты көлемі 10х15) сығымдалған режимдегі TIFF форматында шамамен 4 Мбайт орын алады.