Файл: Малімлогопед Мслиманова А. Д Ерекше білім беру ажеттілігі бар балалара арналан оалту орталыы кмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалім-логопед:Мүслиманова А.Д
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ
Өскемен қаласы Әлеуметтендіру және бейімделу бөлімі
5-6жас | ||
1. | | |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 06.12.21-10.12.21
Тақырып: Киімдер
Міндеттері:
Түзету-тәрбиелік: логопед нұсқаулығын мұқият тыңдауға, белсенділікке, киімдерге деген ұқыптылыққа баулу.
Түзету-білімділік: Киімдер туралы түсінік беру.Киімдер және олардың түрлерін ажыратып сөздік қорын көбейтуге үйрету; киімдердің маңыздылығы жайлы түсініктерін қалыптастыру, олар туралы ақпарат беру және бекіту; зат есім, сын есім және етістікті тіркестендіру.
Түзету-дамытушылық: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу. Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып,есте сақтау қабілетін арттыру,байқампаздыққа баулу. Заттарды топтастыра білуді дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұсақ қол маторикасын дамыту.
Құрал-жабдықтар: тақырыпқа байланысты киімдердің суреттері, картотекалар ойыншықтар,логоритмикаға арналған суреттер.
Іс- әрекет кезеңдері | Педагогтың басқару іс-әркеті | Баланың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Логопед: - Сәлем, балақай! Қалың қалай? Көңіл – күйің қалай? Дәл қазір екеуіміз шаттық шеңберіне тұрайық. Қазір менің айтқандарымды қайталап айтып, қимылдармен жеткіземін. Жарай ма? Ендеше кеттік. Шаттық шеңберін құрып мына тақпақты айтамыз: Шаттық шеңбері:Логопед Біз қандаймыз?(Барлық балалар бірге) Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз. Ережені ұмытпай, Дұрыс анық дыбыстап, Дыбыстарды ренжітпей Бәріміз дұрыс сөйлейміз. Ренжуді білмейміз Қане, балақай бір-бірімізге қарап күлімдейікші. Әрқашан осылай күліп жүрейік. -Жарайсың! Енді орнымызға отырайық. | -Сәлеметсізбе? Жақсы. -Иә. -Жақсы. Логопедпен бірге өлең жолдарын айтады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Бала орнына отырады. |
Іздену – ұйымдастырушы | Балақай біз сенімен алдындыңғы сабақта не жайлы оқыдық, айтшы?! Дұрыс айтасың! Біз сенімен азық –түліктер жайлы айтқан болатынбыз. Сонымен есімізге түсірейікші. -Жарайсың! Сен барлығын есіңе сақтап алыпсың. Бүгін біз киімдер туралы,олардың түрлері жайында жаңа нәрселер білетін боламыз. Ендеше бастайық! Балақай , сен бүгін қандай киім киіп келдің?қанеки аташы! - Дұрыс айтасың, 1. Дидактикалық ойын: "«Суреттер сөйлейді»" Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін,сөздік қоырндамытуға баулу. Шарты:Суреттегі киім атауларын буынға бөліп анық, дұрыс атау. Барысы:Педагог балаға киімдердің суреттерін бір-бірлеп көрсетеді.Бала киімге сипаттама береді.Киімнің атауын,түсін,неден жасалғанын, қай мезгілде киетінін атауы қажет. -Бұл қандай киім? -Біз оны қай мезгілде киеміз? -Бұл киім неден жасалғанын білесің бе? Атап берші? -Жарайсың балақай сен бәрін біледі екенсің ! -Бұл киімді біз қндай кезде киеміз? -Сен ше осы киімді қай кезге көбірек киесің? Жарайсың, Керемет ! 2. Дидактикалық ойын: Ойын: «Киімді ажырат» Мақсаты: балада көру арқылы қабылдауын дамыту; есте сақтау қабілеті дамиды; зейінін қалыптастырады,ұсақ қол моторикасы дамиды; Шарты: Балаларға қысқы және жазғы киімдердің қиынды суреттері беріледі. Суреттерді мезгілге сәйкес топтастырады. -Бұл қиынды суретте қандай киім берілген? -Жарайсың балақай ! 3. Дидактикалық ойын: «Төртінші артық». Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту, заттарды топтастыра білуді дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Барысы: балаларға киімдердің суреттері бар және киімдерге жатпайтын бір сурет беріледі, осы суреттердегі артық суретті тауып, неге артық екенін түсіндіру керек. -Балақай, мында саған төрт сурет берілген. Осы суреттерге қарап не артық екенін айтшы. Қай суретті сызып тастаймыз? Не үшін ол суретті сызып тастадың? Дұрыс айтасың! -ал, бұл суретте ше? Жарайсың! 4. Сергіту сәті«Кір жуу» биі Кірді ұқыпты жуамыз, Оны жақсылап сығамыз. Сілкіп, сілкіп қағамыз, Әдемі қылып жаямыз. (өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасау) 4.Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдеріне сай киімдерді топтастыр» Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын дамыта отыра, сөздік қорын молайту. Шарты:Жыл мезгілдеріне арналған киім суреттерін түрлі түсті қарындаштармен белгілеу Қысқы киімдер – көк түс Көктемгі киімдер – жасыл түс Жаздық киімдер – қызыл түс Күздік киімдер – сары түс. Жыл мегілдеріне сай киімдерді түрлі түсті қарындаштар арқылы қоршайды. 5.Дидактикалық ойын: «Қимылды ойын» Мақсаты:ойлау қабілеттерін, қол моторикаларың дамыту. Шарты:Қыз бала мен ер бала киім түрлеріне талдау жасау. (Венн диаграммасы арқылы) Киім қиындыларын орналыстырады. 6. Дидактикалық ойыны « Кім көп айтады» Мақсаты: баланың сөздік қорын көбейтіп, көру арқылы қабылдауын дамыту; есте сақтау қабілеті дамиды; зейінін қалыптастырады; байқампаздығы артады; Барысы: іс-әрекет желісіндегі суреттер беріліп, балаға сөйлем құрауы ұсынылады. -Балақай мында менде 4 сурет берілген. Сол суреттер бойынша сөйлем құрастырайықшы. Бірінші суретте кім бар? Олар не істеп жатыр? -дұрыс айтасың! Келесі суреттерде не болуда? -Керемет, жарайсың! 7. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр» Мақсаты: сөздік қорын толықтыра отыра, шапшандылыққа баулу. Шарты:сұрақтар қойылып балалар жауап береді. Балалар, мен сендерге карточкалар беремін, мұнда берілген сөздерден сөйлем құрамдар. Киім, бұл, дүкені. Көйлек, жейде, бар, дүкенінде, киім. Дүкенде, киім, әдемі, көп. Шалбар, мен, аламын, сатып. Сен, аласың, сатып, жейде, қызыл 8. Артикуляциялық жаттығулар. Мақсаты: дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру. Барысы: «Сағат», «ине», «күрек», «күлеміз» жаттығуларын кезекпен 2 рет қайталаймыз. -Балақай, бұл ненің суреті? Қазір біз сенімен айнаға қарап отырып, тілімізбен «сағат» жаттығуын жасаймыз. Күлімдеп тұрамыз, аузымызды ашамыз. «Бір-екі» деп санап тілімізді оңға-солға кезек-кезек тигіземіз.Астыңғы иек қимылдамау керек. Жарайсың! Келісі суретті көрсетіп, - Бұл не? Енді біз сенімен «ине» жаттығуын жасаймыз. Тілімізді алға үшкір қылып шығарып, мен 10ға дейін санағанша ұстап тұрамыз. Керемет! Келесі суретті көрсетіп, сұраймын. –Бұл не? Дұрыс айтасың. «Күрек» жаттығуын жасау үшін тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұрамыз. Келесі суретте не берілген? Бұл жаттығуды жасау үшінезуімізді тартып, күлеміз, тістерімізді көрсетеміз. Жарайсың, осы жаттығуларды тағы бір қайталап шығайық. 8. Логоритмикалық жаттығу «Киімдер» Мақсаты: Логоритмика арқылыбаладағы буын сөздерді дұрыс айтып үйрену. Барысы: Балақай қазір екеуіміз өлең айтамыз. Сен мұқият тыңдап, қайтала. Он – он – он Тері тон. Пақ – пақ – пақ Киіз байпақ Пан – пан – пан Атам киеді шапан Қап – қап – қап Әдемі қолқап Лек – лек – лек Қос етек көйлек 9. Дем шығару жаттығулары: Мақсаты: дұрыс тыныс алуды үйрету. Барысы: Қазір екеуіміз мына мақтаны үрлеп қақпаға кіргізуіміз қажет. Кім асықпа, дәл үрлеп қақпаға көп кіргізсе сол жеңіпаз. Келістік пе?! Ендеше бастаймыз. Жарайсың! 10. Қорытынды -Балақай, бүгінгі сабағымызда қандай киім түрлерімен таныстық? Жарайсың! Үйге тапсырма: келесі сабаққа киімдердің атауларын қайталап келеміз және дәптердегі тапсырмаларды орындаймыз, жарайма? Бүгін жасаған артикуляциялық жаттығуларды үйде үнемі жасап отырамыз. -Ендеше сабақ аяқталды.Сау бол! | |
Дыбыс айту
1 | | Сөйлеу аппараттарын дамыту, «р» дыбысын қою | |
2 | | Сөйлеу аппараттарын дамыту, ш» дыбысын қою | |
3 | | Сөйлеу аппараттарын дамыту, | |
4 | | Сөйлеу аппараттарын дамыту, | |
5 | | Сөйлеу аппараттарын дамыту, | |
| |||
Рефлесивтік- коррекциялаушы | -Бүгін не істедік? -Саған ойындар ұнады ма? |
Күтілетін нәтиже:
Түсінуге тиіс: киімдер туралы түсінік
Білу: киімдердің атауларын, түрлерін
Істей білу керек: зат есімді, сын есімді, етістікті тіркестендіру.