ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Машықкер | | ||||||
Сынып | 9 | ||||||
Пән | Информатика | ||||||
Күні | | ||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | PYTHON ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНДЕ 2D ОЙЫНЫН ҚҰРУ | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | PyGame кітапханасының басқа да дайын модульдерімен танысу | ||||||
Оқу мақсаты: |
| ||||||
Бағалау критериі: | PyGame модулімен танысады; PyGame кітапханасының геометриялық фигуралар салатын командаларын анықтайды; PyGame командаларының көмегімен фигураларды салуды программалайды. |
Сабақ жоспары
Тексерілді:
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Үй тапсырмасын тексеру | Оқушылар сәлемдеседі | | |
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақ. PyGame (пайгейм); кітапханасын қосу Видео арқылы түсіндіру Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиын тығы. Python-да код кітапханасын сипаттау үшін қол данылатын термин – модуль (module). Мысалы, pygame модулін де ішкі модульдер ретінде pygame.draw, pygame.image, pygame.mouse жә не т.б. қолданылады. PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі. РyGame көптеген платформалар мен операциялық жүйелер де жұмыс істеуге мүмкіндік беретін SDL (Simple DirectMedia Layer) ойындарын жасау үшін басқа кітапхана негізінде жасалды. Әрі қарай PyGame кітапханасының орнатылу жолын түсіндіріп, көрсетемін. Топтық жұмыс. «Пікір алмасу» әдісі. 2 топ PyGame кітапханасы тақырыбына қатысты 5 сұрақ дайындайды. Жұптық жұмыс. «Венндиаграмма» әдісі Рython нұсқасымен PyGame модулінің нұсқаларының салыстырмалы талдауын жүргізіңдер. Екеуара орындайды. Практикалық жұмыс. Жеке тапсырма 1. Сыныптағы компьютерлерге PyGame орнатыңдар. 2. PyGame программасының орнатылғандығын тексеріңдер. 3. PyGame кітапханасында жасалған программаны сақтау жолдарын көрсетіңдер. Сабақты бекіту сұрақтары: 1.PyGame кітапханасы дегеніміз не? 2. PyGame кітапханасы қалай іске қосылады? | Видео қарайды Сұрақ дайындап, жауап береді. Талдау жүргізеді. | Смайликтер арқылы бір-бірін бағалайды. Смайлик арқылы бір-бірін бағалайды Дескриптор: 1.PyGame кітапханасын орната алады; 2. PyGame кітапханасының орнатылғанын тексереді. 3. PyGame кітапханасында жасалған программаны сақтау жолдарын көрсетеді. Тапсырманы орындағандарына қарай дескрипторлары арқылы тексере отырып, ауызша кері байланыс беремін. | Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 9- сыныбына арналған оқулық ./ Г.И.Салғараева,К.А.Калымоыа,Ж.А.Орынтаева. – Нұр-Сұлтан; «Арман-ПВ»,2019.-176 б., |
Сабақтың соңы | Кері байланыс. Бағдаршам әдісі Оқушылар: · толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ; · түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ; түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көрсетеді. Үй тапсырмасы: Python және PyGame тақырыптарының терминдеріне қатысты сөзжұмбақ құрастырыңдар. | | | |