ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні:27.04 | Мұғалімнің аты-жөні: Жетпісбай А.Қ | ||
Сынып:5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |
Сабақтың тақырыбы | Құжатты басып шығаруға дайындау | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.2.1Құжатты баспаға дайындау (парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру және тағы басқа) | ||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Баспаға дайындау мен баспадан шығару амалдарын орындай алады. Оқушылардың басым бөлігі: Параметрлерді өзгертеді. Кейбір оқушылар: Бетке нөмір қоюды біледі. | ||
Бағалау критерийі |
| ||
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Білу, түсіну, қолдану. | ||
Тілдік мақсаттар | Жиек, беттердің параметрлері, кірістіру, беттің шекарасы | ||
Құндылықтарға баулу |
| ||
Пәнаралық байланыс | орыс тілі, қазақ тілі. | ||
Алдыңғы білім | Scratch бағдарламасында анимация құру | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |
Сабақтың басы I.Ұйымдастыру, қызығушылығын таныту (3 минут) Үй тапсырмасын тексеру (8 минут) | Салемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау. «Тамаша екен» шаттық шеңбер құру арқылы окушыларға көңіл күй сыйлау. Бағалау парағын таратып беремін, түсіндіріп кетемін. «Гол салу» ойыны Әрбір оқушы өз жауаптарын доппен гол салып есептеп отырады. Доптар астында сұрақтар қойылады. Егер сұраққа жауап берсе, гол соғылады. -Sprite қандай мағынаны білдіреді? -Scratch программасында қандай блоктарды қолданамыз ? - Scratch программасының негізгі терезесі неше бөліктен тұрады ? - Scratch ортасында сурет қалай салынады? - Scratch ортасының кеңейтілімі қандай ? - Неліктен кейіпкерді «спрайт» деп атаған? -«Жанды графика» ұғымы не үшін қолданылады? - Scratch программалау ортасын қалай жүктеуге болады? - Scratch программалау ортасын қалай іске қосамыз? | | |
Сабақтың ортасы Жаңа оқу материалын таныту. (15 минут) Жаңа сабақты пысықтау ( 4 минут) Сәйкестендіру Сергіту сәті /1минут/ Компьютердегі тәжірибелік жұмыс (10 минут) | Жаңа сабақ: Беттердің ернеулері жоғары, төмен,сол, оң жақтағы ернеулердің мөлшерін таңдауға болады. Бет параметрлерін қою командасы : Беттің орналасуы (Разметка страницы) – Жиек (Поля ) Беттің орналасуы (Разметка страницы) Беттерді кітаптық (тігінен) және альбомдық (көлденеңнен) өзгертуге болады. Ол үшін бетті белгілеу ден орентацияны тандап керекті беттің бағытын таңдаймыз. Берілген құжатты баспаға жіберу үшін алдымен файл – печать − предварительныий просмотр− арқылы беттерімізді қарап аламыз. Содан соң печать деп жібереміз. Бізге керекті бетті таңдаймыз немесе барлық беттерді қанша дана керектігін қоса белгілеп баспаға жіберу керек. Бетке нөмір қою: Кірістіру (Вставка) – Беттің нөмірі (Номер страницы ) Қайсысы қандай қызмет атқарады? Беттерге жиек қою үшін Беттерді тігінен және көлдеңнен бағыттарға өзгерту үшін Баспаға жіберу үшін Бетке нөмір қою Дескриптор Суреттерді сәйкестендіреді Көңілді сергіту сәтіне видеролик қойылады. Тапсырма №1 «Scratch» бағдарламасындағы жобаны MicrosoftWord бағдарламасына көшіріп, баспаға жіберу үшін алдын ала тексеріп, баспаға жібер. Тапсырма №2 «Scratch» бағдарламасындағы жобаны MicrosoftWord бағдарламасына көшіріп, беттің орналасуын көлденеңінен өзгертіп, беттердің жиектерін таңда. Баспаға жібер алдында алдын ала тексеріп ал. Тапсырма №3 Беттің орналасуын тігінен өзгертіп, «Scratch» бағдарламасындағы жобаны MicrosoftWord бағдарламасына көшіріп бетіне нөмір қойып,баспаға жібер алдында алдын ала тексеріп ал. Дескрипторлар:
| Компьютер слайд, интерактивті тақта. плакат маркер Компьютер слайд видео | |
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы (1 минут) Қорытынды (1 минут) | Құжатты басып шығаруға дайындау Кері байланыс Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: - нені білді? нені үйренді? - не әлі де түсініксіз? - қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет? Оқушылар стикерге бүгінгі сабаққа байланысты өз пікірлерін жазады. | | |
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |
| Оқушылар әр тапсырма бойынша өзін- өзі бағалау парақшасына бағалайды. | Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды. Сабақты сергіту жаттығуларымен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. |