ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Іш қуысының, cavitas abdominis, алдыңғы қабырғасын - іштің тік бұлшықеті мен іштің қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің апоневроздары; бүйір қабырғасын - іштің сыртқы және ішкі қиғаш бұлшықеттері, іштің көлденең бұлшықеті; артқы қабырғасын - омыртқа бағанасының белдік бөлігі, белдік шаршы бұлшықет пен белдік үлкен бұлшықеттер құрайды. Жоғарғы қабырғасын – көкет түзеді, үлкен жамбас қуысы - іш қуысының төменгі бөлігі болып табылады да, кіші жамбас қуысына жалғасады. Оның төменгі қабырғасын шат бұлшықеттері шектеп жатады. Іш қуысының қабырғасын ішкі жағынан - іштің ішкі шандыры, fascia endoabdominalis, (ішастарасты шандыры, fascia subperitonealis), жауып жатады. Бұл шандырдың бөліктері, жауып жатқан аймағына байланысты, сол аймақтың атымен аталады. Мысалы: көкет шандыры, fascia diafragmatica, көлденең шандыр, fascia transversalis, мықын шандыры, fascia iliaca және т.с.с. атаулар.
Ішастар, peritoneum, іш қуысы мен кіші жамбас қуысының қабырғаларын, және оларда орналасқан ағзаларды жауып жататын жалтыр, жұқа сірлі қабық. . Іш қуысының қабырғасын жауып жатқан ішастар - париеталды ішастар, peritoneum parietale, ал, ішкі ағзаларды жауып жатқан ішастар – висцералды ішастар, peritoneum viscerale, деп аталады.
Осы екі табақшаның арасында - жұқа кеңістік ішастар қуысы, cavitas peritonei, орналасады.
Интраперитонеалды орналасқан ағза - ішастармен барлық жағынан жабылған. Мезоперитонеалды орналасқан ағза - ішастармен үш жағынан жабылған. Экстраперитонеалды орналасқан ағза - ішастармен бір жағынан жабылған. Ағзалардың ішастармен жабылмаған бөлігінің дәнекертінді қабығы болады
Іш қуысының алдыңғы қабырғасының артқы бетінің төменгі жағында, париеталды ішастар вертикалды бағытта бес қатпар түзеді
Кіндіктік ортаңғы қатпар, plica umbilicalis mediana, несеп қуықтың ұшынан басталып кіндікке дейін барады. Бұл қатпардың ішінде бітеліп қалған несептік түтік жатады. Кіндіктік медиалды қатпар, plica umbilicalis medialis, Бұл қатпардың ішінде бітеліп қалған кіндік артериясы жатады. Кіндіктік латералды қатпар, plica umbilicalis lateralis, бұл қатпардың ішінде құрсақтық төменгі артерия мен вена орналасады. Осы аталған қатпарлардың араларында шұңқырлар орналасады.Кіндіктік ортаңғы қатпардың екі жағында жұп,
қуықүстілік шұңқыр, fossa supravesicalis, жатады.Кіндіктік медиалды және латералды қатпарлардың арасында, жұп, шаптық медиалды шұңқыр, fossa inguinalis medialis, орналасады. Бұл шұңқыр шаптың беткей тесігіне (сақинасына), сәйкес келеді. Ол арқылы іш қуысынан шығатын жарық өтуі мүмкін.Кіндіктік латералды қатпардың сыртқы жағында,шаптық латералды шұңқыр, fossa inguinalis lateralis, бар. Бұл шұңқыр шаптың терең тесігіне (сақинасына), сәйкес келеді. Шап байламының медиалды бөлігінің астында, сан өзегінің ішкі тесігіне сәйкес келетін сан шұңқыры, fossa femoralis,орналасады.
Париеталды ішастар кіндіктің жоғарғы жағында көкетке өтеді көкеттен сагитталды жазықтықта орналасқан орақтәрізді байлам, lig. Falciforme hepatis, және фронталды жазықтықта орналасқантәждік байлам lig.coronarium hepatis түрінде бауырға келеді ( 257 – сурет ). Тәждік байламның оң және сол жақтағы жиектері пішіндеріне орай, үшбұрышты байламдар, lig.triangulare dextrum et sinistrum, деп аталады.Орақтәрізді байламныңтөменгі жиегінің ішінде, кіндіктен басталатын кіндік венасының қалдығы бауырдың жұмыр байламы, lig. Teres hepatis,өтеді.
Ішастардың бір ағзадан екінші ағзаға өтетін бөліктері – байламдар – деп, аталады
Ішастар бауырдың көкеттік бетінен, оның висцералды бетіне өтеді. Бауыр қақпасында, артқы және алдыңғы жағынан келетін табақшалар бірігіп, екі табақшадан ( дупликатура ) тұратын, асқазанның кіші иініне баратын бауыр – асқазан байламын, lig.hepatogastricum, және он екі елі ішектің бастапқы бөлігіне баратын бауыр – он екі елі ішек байламын, lig.hepatoduodenale, түзеді.Бауыр – он екі елі ішек байламының ішінде, сол жақтан оң жаққа қарай: бауырдың меншікті артериясы, a.hepatica propria, аздап артқа таман орналасқан қақпа венасы, v. Portae, және жалпы өт түтігі, ductus choledochus, орналасады.Бауыр – асқазан және бауыр – он екі елі ішек байламдары бірігіп, кіші шарбыны, omentum minus,түзеді. Оның ішінде жоғарыда аталған анатомиялық құрылымдардан басқа, нервтер мен лимфа тамырлары өтеді. Ішастардың бауырдың оң үлесінен, оң бүйректің жоғарғы шетіне баратын бөлігі, бауыр – бүйрек байламы, lig. Hepatorenale, деп аталады.
Кіші шарбының екі табақшасы асқазанның кіші иінінде екіге айырылып, асқазанды интраперитонеалды – алдыңғы және артқы қабырғасын жабады ( асқазанның сірлі қабығын құрайды). Асқазанның үлкен иінінде, алдыңғы және артқы табақша қосылып төмен түсіп, үлкен шарбының,
omentum majus, алдыңғы табақшасынтүзеді
. Оның асқазаннан көлденең жиек ішекке дейінгі бөлігі асқазан – жиек ішек байламы, lig. Gastrocolicum, деп, аталады
асқазан – көкбауыр байламы, lig. Gastrolienale, екіншісі асқазан – көкет байламы, lig.gastrophrenicum,
Үлкен шарбының ішінде шарбылық лимфа түйіндері, nodi lymphatici omentales, орналасады.
Үлкен шарбының артқы табақшасы одан әрі жоғары көтеріліп, көлденең жиек ішектің шажырқайының үстінде орналасады. Оның осы бөлігі шажырқаймен тұтасады. Одан кейін артқы табақша ұйқы бездің алдыңғы жиегіне келіп, екіге бөлінеді
Ішастар қуысы шартты түрде үш қабатқа (бөлімге) бөлінеді. Жоғарғы қабатты, жоғарғы жағынан – көкет, төменгі жағынан – көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы шектеп тұрады. Ортаңғы қабат, жоғарғы жағынан - көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы, төменгі жағынан – кіші жамбас қуысы аралығында орналасады. Төменгі қабат кіші жамбас қуысына сәйкес келеді
Жоғарғы қабатта бауырлық, асқазаналдылық және шарбылық деп аталатын үш қап ажыратылады
Бауырлық қап, bursa hepatica, көкеттің астында, бауырдың оң үлесін алып жатады. Оны артқы жағынан тәждік байлам, сол жағынан орақтәрізді байлам шектейді. Бауырдың астыңғы, терең жағында экстраперитонеалды жатқан оң бүйректің жоғарғы бөлігі мен бүйрекүсті безі жатады. Асқазаналдылық қап, bursa pregastrica, көкеттің астында, бауырдың сол үлесінің үстінде, асқазан мен кіші щарбының, және көкбауырдың алдында орналасады. Оны артқы жағынан тәждік байлам, оң жағынан орақтәрізді байлам шектеп тұрады. Шарбылық қап, bursa omentalis, асқазан мен кіші шарбының артында жатады. Бұл қаптың алдыңғы қабырғасының құрамына асқазан – жиек ішек байламы да кіреді. Артқы қабырғасын: іш қолқасын, төменгі қуыс венаны, ұйқы безін және сол бүйректің жоғарғы бөлігі мен бүйрекүсті безін жауып жатқанпариеталды ішастар құрайды. Жоғарғы қабырғасын: бауырдың құйрықты үлесі түзеді. Ал, көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы, және олармен тұтасып кеткен – үлкен шарбының артқы табақшасы –шарбылық қаптың төменгі қабырғасы болып табылады
Шарбылық қаптың қуысы ішастар қуысының қалған бөлігімен шарбылық тесік, foramen epiploicum ( Винслоу тесігі ), арқылы қатынасады
. Шарбылық қаптың бауыр – он екі елі ішек байламының артында жатқан бөлігі шарбылық қаптың кіреберісі,
vestibulum bursae omentalis, аталады. Қап сол жғында көкбауыр қақпасымен шектеледі.
Ішастар қуысының ортаңғы қабаты, үлкен шарбыны көтергенде ғана көрінеді. Бұл қабаттың топографиялық ірі төрт бөлігі ажыратылады. Іш қуысының оң жақтағы бүйір қабырғасы – бір жағынан, екінші жағынан – соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек араларында, оң жиек ішек жанындағы жүлге, sulcus paracolicus dexter,орналасады. Бұл кеңістікті, оң бүйірлік өзек, canalis lateralis dexter, - деп те, атайды.Іш қуысының сол жақтағы бүйір қабырғасы – бір жағынан, екінші жағынан – төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек араларында, сол жиек ішек жанындағы жүлге, sulcus paracolicus sinister,орналасады. Жоғарыда аталғандай, бұл кеңістік, сол бүйірлік өзек, canalis lateralis siniter, - деп те, аталады.
Жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек араларындағы кеңістік, аш ішектің шажырқайы, mesenterium, арқылы, оң және сол шажырқайлық қойнауларға бөлінеді(