Файл: Одаай толы маынасы болмайтын, адамны трлі кіл кйін білдіретін жне жанжануарлара.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 89

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Одағай –толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер. Одағайға тән негізгі белгілер:  1. Лексикалық мағынасы болмайды;2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды. Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күйодағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары. 1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады:тәйт, тек, жә.3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ;сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт;түйеге қатысты көс-көс;ешкіге қатысты шөре-шөреитке қатысты кә-кә, айтақ-айтақмысыққа қатысты пырс,т.б. одағайларқолданылады. Одағай сөйлем басында да, ортасындада, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:1. Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пайтуған жер қандай ыстықҚұрау-құраукер бесті!2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтірқойылады. Мысалы, Далаға шықсамойпырай,батыс жақ от болып жанып жатқандай...3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танбабәрекелдіКөз жасыңды көрсетпетәйт!4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:ҚазақстанПай, пай, пайардағым-ай!Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ!Сөз деп осыны айт!Шылау–толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді,т.б. Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:1.

Шылаудыңтолық лексикалық мағынасы болмайды;

2.Шылаусөйлем мүшесі бола алмайды;

3.Шылаусөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4.Шылаутолық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5.Шылаулартүрленбейді,яғникөптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.

 

Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшкебөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.

 

Септеулік шылауларбелгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттықсияқты үстеме мән береді.

 

Септеулікшылауларекі түрлі қызметатқарады:

 

1Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды.Мысалы,елүшінтер төгу;үйгеқарайаяңдау;туған жержайлытолғану,Бауыржансындыбатыр,жүзқаралыжылқы, сабақтансоңкелу,т.б.

2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.Мысалы, Күн бұлттанғансайын,Тілек жас төлдерін ойлай бастады.

 

Септеуліктермына сөздердің шылауында айтылады:

1. Түбір сөздерменнемесеатау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшементіркесетін септеуліктер:сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылыхабарлау, осы үшін келу, оқу жайындасөйлеу, көрген сайынқызығу, Әлиясындыбатыр.

2. Барыс септіктегісөздермен тіркесетінсептеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін.Мысалы, орманғадейінжүгірутүскеқарайкелдіжүзге жуық жылқыалтыға таяу оянды, кешке таманоралды.

3. Шығыс септіктегісөздермен тіркесетінсептеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын.Мысалы, сабақтан кейіндайындалутауданәрі асуағасынанбұрын көмектесу.

4. Көмектес септіктегісөздермен тіркесетінсептеуліктер:бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досыменқатароқумен қабат.

 

Жалғаулық шылаулар сөз


бенсөзді, сөйлемменсөйлемді байланыстырады.Жалғаулықтарбірыңғай мүшелердіңнемесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:

1. Ыңғайластық қатынастыбілдіретін жалғаулықтармен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.

2. Қарсылықтық қатынастыбілдіретінжалғаулықтар:бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.

3. Талғаулықтынемесекезектестікмәнді білдіретінжалғаулықтар:әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.

4. Себеп-салдарлық қатынастыбілдіретінжалғаулықтар:себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

 

Демеулікшылауларсөзгенемесесөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктерсөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алтытүрге бөлінеді:

1. Сұраулықдемеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?

2. Күшейткішдемеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те.Мысалы, Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді.

3. Шектік (тежеу)демеуліктері: ғана (қана) тек. Мысалы, тек қана, сен ғана.

4. Болжалдықдемеуліктер: -мыс, -міс.Мысалы, болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.

5. Болымсыздықнемесеқарсы мәнді салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Мысалы, Ол түгіл, сен тұрмақ.

6. Нақтылау мәндідемеуліктер: қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.

Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды.Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.

 

Мен, бен, пен жалғауы көмектес септікжалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы, Жақсымен жолдас болдеген сөйлемді Жақсы жолдас болдеп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы, Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаманнемесе жақсы және жаман деп айтуға болады.

 

Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлекжазылады. Да, де, та, те жалғаулығы 


сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріпайтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім депда жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де ризадегендіЖас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз. Ма, ме, ба, бе, па, пешылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлекжазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Мысалы,– Әкесісізбе?– Әкесімісіз?-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -дыдемеуліктері дефис арқылы жазылады. Мысалы, Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды, т.б.