Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 302
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Нарядтарды нөмірлеу жүйесін кәсіпорынның басшысы белгілейді.
3. Күнідерді көрсеткен кезде Күні, айы және жылдың соңғы екі саны жазылады, мысалы: 10.08.12.
4. Нарядта көрсетілетін тұлғалардың тегінен басқа, аты-жөні және электр қауіпсіздігі бойынша тобы жазылады.
5. Нарядта электр қондырғыларының, жабдықтың қосылымдарының диспетчерлік атаулары (белгілері) көрсетіледі.
6. Кестелерде немесе нарядтың мәтінінде жазу жолдары жетпейтін болса, онда жазуларды жалғастыру үшін оған сол нөмірмен наряд берушінің қолы қойылған нарядтың қосымша бланкісі беріледі. Ондай кезде кестенің соңғы жазу жолдарында немесе негізгі бланкінің жазу жолының соңында: "Қосымша бланкіні қараңыз" деп жазу керек.
Нарядтың беткі жағы
7. "Бөлімше" деген жазу жолында кәсіпорынның жұмыс жүргізгелі жатқан құрылымдық бөлімшесі көрсетіледі.
8. Жұмыс басшысы тағайындалмаса, "Жұмыс басшысы" деген жазу жолында "Тағайындалмайды" деп жазу керек.
9. "Рұқсат берушіге" деген жазу жолында жұмысқа рұқсаттама берген жедел жөндеу жұмыскерінің немесе жөндеу жұмыскерлері ішінен жұмыс жүргізушінің аты-жөні жазылады. Рұқсат беруші ретінде кезекші жүретін электр қондырғылары үшін жазу жолында аты-жөні көрсетілмей, "Кезекшіге" деп жазылады.
10. "Бригада мүшелерімен" деген жазу жолдарында бригада мүшелерін жеке-жеке атағаннан өзге, бригада мүшелерінің қайсысы жүргізуші, кран жүргізушісі, матаушы екені, сонымен бірге оның жұмыс істейтін механизмінің типі көрсетіледі. Мысалы: "Бекмұратов Н.З., II топ, ТВ-26 телемұнарасының жүргізушісі".
11. "Жұмыс санаты" деген жазу жолында терминдер мен олардың анықтамаларына сәйкес жұмыстар санатының толық атауы көрсетіледі.
12. "Тапсырылады" деген жазу жолдарында: электр қондырғысының, қосылымдардың, әуе желісі учаскесінің, тіректердің нөмірлері, аралықтар, тізбек, ӘЖ фазасы, жұмыс мазмұны көрсетіледі.
13. 1-кестеде көрсетіледі:
1-бағанда – коммутация аппараттарымен іс-қимыл жүргізуді және жерлендіруді орнатуды қажет ететін электр қондырғыларының атауы;
2-бағанда – коммутация аппараттары ажыратылу жүргізілетін және жерлендіру орнатылатын орындар.
2-ші бағанды толтыру кезінде келесі қағидалар сақталынуға тиіс:
станциялар мен кіші станциялардың электр қондырғылары үшін көзге көрінетін үзікті қамтамасыз ету мақсатында токтан ажыратылатын коммутация аппараттарының атаулары (белгілері), сонымен бірге жерге тұйықтау құралдарын орнататын орындар керсетіледі;
оларға қызмет көрсетпейтін персонал ажыратылатын АЖ және КЖ үшін, электр қондырғысының атауына сәйкес келетін жазу жолында, 1-бағанда, ТҚ да және жұмыс орнында оны жерлендіру қажеттілігі туралы нұсқаулығымен желінің атауы (белгісі) жазылады.
жедел жөндеу персоналы ажырататын АЖ және КЖ үшін, көзге көрінетін үзікті қамтамасыз ету мақсатында ажыратылатын, ТҚ-да және АЖ-ның өзіндегі коммутация аппараттарының атауы (белгісі) көрсетіледі, сондай-ақ жерлендіру орнататын орындар (ТҚ-да және жұмыс орнында);
оған қызмет керсетпейтін ажырататын персонал да, жедел жөндеу персоналы да АЖ және КЖ үшін, жазулар олардың әрқайсысы үшін жоғарыдағы қағидаларға сәйкес жазылады.
Жұмыс орнын әзірлеуді талап етпейтін жұмыстар кезінде 1-кестенің бағандарында "Талап етілмейді" деген жазу жазылады.
14. "Жеке нұсқаулар" деген жолдарда жазылады:
жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша шаралар (қосымша жерге тұйықтауды мен қоршаулар орнату, ауаны қауіпті газдың бар-жоқтығына тексеру, өрт қауіпсіздігінің шаралары және т.б.), сондай-ақ осы шараларды бригаданың өзінің орындауына рұқсат;
нарядты бақылаушыға ресімдеген кезде - бригаданы басқаратын қызметкер;
жетекшіге немесе жұмыс орындаушыға (бақылаушыға) бригаданы басқа жұмыс орнына көшіру үшін берілетін рұқсат;
электр қондырғыны немесе оның бөлігін кезекшінің өкімісіз қосу рұқсаты;
жерге тұйықтауды уақытыша алуға рұқсат; орындалатын жұмысқа байланысты басқа да жазулар.
15. 2-кесте жұмысқа алғаш рет рұқсаттама алғанда толтырылады.
1-бағанда рұқсат берушіге осы рұқсатты берген тұлғаның тегі және лауазымы көрсетіледі. Рұқсат беру кезінде 1-бағанда рұқсат берген тұлға тікелей өзі лауазымын көрсетіп, қол қояды.
Нарядтың келесі жағы
16. Электр станцияларындағы және кіші станциялардағы электр қондырғыларында жұмыс жүргізген кезде "Жұмыс орындары әзірленді. Кернеу беріліп тұр" деген жазу жолдарында рұқсат беруші жөнделініп жатқан қосылымның ток өткізгіш бөліктері, сонымен қатар, жұмыс орнына жақын көршілес қосылымдардың кернеу беріліп тұрған ток өткізгіш бөліктерін көрсетуі керек.
Әуе және кабельдік желідегі жұмыстар кезінде бұл жазу жолдарында жөнделіп жатқан желінің күзет аймағындағы қиып өтетін және жақындасатын басқа әуе және кабельдік желілері көрсетіледі.
Қажет болса, рұқсат беруші өзге де ток өткізгіш бөліктерді көрсетіп жазады.
Рұқсат беруші мен жұмыстарға жауапты басшы (жұмыс жүргізуші немесе бақылаушы, егер басшы тағайындалмаса) жұмыс орнын қабылдағаннан кейін және алғаш рет рұқсаттама берілгенде ғана "Жұмыс орындары әзірленді. Кернеу беріліп тұр" деген жазу жолдарының астына қол қояды.
17. 3-кестеде Күні сайын жұмысқа берілетін рұқсаттама, жұмыстың аяқталуы, сонымен бірге, бригаданың басқа жұмыс орнына ауыстырылғаны жазылады.
Егер жұмыстардың басшысы (жүргізуші) рұқсат берушінің міндеттерін қоса атқаратын болса, онда ол рұқсаттама беру кезінде 3-ші және 4-ші бағандарда қол қояды.
18. Бригада құрамындағы өзгерістер 4-ші кестеде керсетіледі және кестенің 4-ші бағанында наряд берушінің қолымен куәландырылады. Бригада құрамының өзгеруіне телефон, радио немесе шабарман арқылы рұқсат бергенде, жұмыстардың басшысы (жүргізуші) 4-ші бағанда рұқсат берген тұлғаның аты-жөнін жазып, қол қояды.
Бригадаға автомобиль жүргізушісін немесе механизм және кран жүргізушісін енгізгенде немесе шығарғанда, оларға бекітіліп берілген автомобильдің, механизмнің түрі көрсетіледі.
19. Егер бригада жерлендіру құралдарын орнатпаса, онда мәтіннен "бригаданың орнатқан жерлендіру құралдары алынды" деген сөздер сызылып тасталуға тиіс. Наряд бланкісінің қалған жазу жолдары олардың атауларына және жолма-жол мәтінге сәйкес толтырылады. Пайдаланылмаған жазу жолдарында сызық салынады.
| Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 4-қосымша |
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жергілікті кезекші персоналы бар электр қондырғыларында (үйдегі кезекшіліктен басқа) нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстар осы үшін арналған төменде ұсынылған нысан бойынша нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналында есепке алынады.
Журналда тиісті бағандарда нарядтар бойынша жұмысқа алғашқы рұқсат беру және оның толық аяқталуы, өкімдер бойынша жұмысқа рұқсат беру және жедел персоналдың өзі немесе оның бақылауымен берілетін өкімдер бойынша жұмыстарды қоспағанда, оның аяқталуы ескеріледі, олар туралы жазба тек жедел журналда ғана жасалады. Бұдан басқа, наряд бойынша жұмысқа алғашқы және күнделікті рұқсаттамалар жедел журналға жазумен ресімделеді, бұл ретте наряд нөмірі мен жұмыс орны ғана ескеріледі.Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналын кезекші персонал жүргізеді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Соңғы жазбадан кейін оны сақтау мерзімі-6 ай.
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алудың электрондық журналы жүргізілген жағдайда журналдың беттері өзгермейтін форматта қалыптастырылады.
Электр қондырғыларында жергілікті жедел персоналсыз және үй кезекшілігімен жұмыстардың есеп журналы жүргізілмейді, нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстар жедел журналда есепке алынады.
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналы
| Нысан | |||||||
Өкім нөмірі | Наряд нөмірі | Жұмыс орны және атауы | Жұмыс жүргізуші немесе бақылаушы (тегі, аты-жөні) | Өкім бойынша жұмыс істейтін бригада мүшесі (тегі, аты-жөні) | Өкімді берген тұлға (тегі, аты-жөні) | Жұмысқа кірістік (күні, уақыты) | Жұмыс аяқталды (күні, уақыты) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | |
Ескертпелер:
1) өкімдер бойынша жұмыстардың саны көп болған кезде олардың реттік нөмірлерін жазуды ай сайын қайтадан бастауға жол беріледі;
2) наряд бойынша жұмыстар кезінде тек 2, 3, 7 және 8-бағандар толтырылады;
3) жергілікті жағдайларға байланысты ұсынылатын журнал нысанын толықтыруға немесе түрін өзгертуге жол беріледі.
| Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 5-қосымша |
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты
жұмысшылардың міндеттерін қоса атқару
Жауапты жұмысшы | Қоса атқарылатын міндет | |
Нарядты, өкімді беруші | Жұмыс жетекшісі, жұмыс жүргізуші, жіберуші (жергілікті оперативтік персоналы жоқ электр қондырғыларда) | |
Жұмыс жетекшісі | Жұмыс жүргізуші, жіберуші (жергілікті оперативтік персоналы жоқ электр қондырғыларда) | |
Оперативтік жөндеу персаналы құрамындағы жұмыс жүргізуші | Жіберуші (қарапайым және көрнекі схемалы электр қондырғыларда) | |
Электр қауіпсіздігі бойынша IV тобы бар жұмыс жүргізуші | Жіберуші | |
| Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 6-қосымша |
Форма
Белгі (Плакат) "Қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр"
Желіде жұмыс істеп жатқан бригадалардың есебін жүргізетін жедел персоналдың көрсетуі бойынша ілінеді.
| Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 7-қосымша |