Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 303
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
34) әуе электр беру желісі – ашық ауада орналасқан және инженерлік құрылыстардағы (көпірлердегі, жол өтпелеріндегі және өзгелердегі) тіректер немесе кронштейндерге және бағаналарға оқшаулағыштар мен арматураның көмегімен бекітілген сымдар бойынша электр энергиясын беруге арналған қондырғы;
35) электр қондырғысы – электр энергиясы өндірілетін, түрлендірілетін, берілетін, тұтынылатын қондырғы;
36) электр өрісіне әсер ету аймағы – электр өрісінің кернеуі 5 кВ/м-ден асатын кеңістік;
37) қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
38) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Қауіпсіз еңбек жағдайы мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер кәсіпорынның жұмыс берушісіне жүктеледі.
Кәсіпорынның жұмыс берушісі электр қондырғыларын пайдалану кезінде қолданыстағы еңбек жағдайына байланысты, осы Қағидаларға қайшы келмейтін қауіпсіздік техникасының қосымша талаптарын көздеуі мүмкін. Қауіпсіздік техникасы талаптары қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті нұсқаулықтарда қамтылған және кәсіпорын жұмысшыларына өкім, нұсқау, нұсқама түрінде жеткізіледі.
5. Электр қондырғылары қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін техникалық жарамды қалыпта болады.
6. Электр қондырғылары сыналған, қорғаныс құралдарын, сондай-ақ жұмысшыларға алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдармен жинақталады.
7. Кәсіпорындарда осы Қағидаларды, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулардың талаптарын және нұсқамаларды өткізуге тұрақты бақылау жүзеге асырылады. Кәсіпорында электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы жағдайына осы мәселе бойынша өз құқықтары мен функцияларын кәсіпорынның басшы жұмысшысына немесе құрылымдық бөлімше басшысына өкімдік құжатпен тапсыратын жұмыс беруші жауаптылықта болады.
8. Жұмысшылар жұмыс сипатына сәйкес келетін кәсіби дайындыққа ие болуы қажет. Кәсіби дайындық болмаған жағдайда, олар жұмысшыларды даярлайтын арнайы орталықтарда (оқу комбинаттарында), оқу-жаттығу орталықтарында (өздігінен жұмысқа жіберілгенге дейін) оқиды.
9. Жұмысшыларды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру, білімін тексеру және нұсқама беру Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
10. Өндірісте зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту өздігінен жұмыс істеуге рұқсат берілгенге дейін жүргізіледі.
Персонал осы Қағидаларды және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуге тиісті лауазымға немесе кәсіпке қойылатын талаптар шегінде тексеруден өтуі, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электр қондырғысына қызмет көрсететін персоналдың электр қауіпсіздігі бойынша тиісті тобы болуы қажет.
Жұмысшы осы Қағидалардың талаптарын, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды, нысаналы нұсқама кезінде алған нұсқауларды сақтауы қажет. Нысаналы нұсқаманы тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес ресімделеді.
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша білімді тексеруден өткен жұмысшыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр қондырғыларында жұмыс істеудегі еңбек нормалары мен қағидаларын білуді тексеру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беріледі.
11. Арнайы жұмыстарды жүргізу құқығына ие жұмысшылардың куәлігінде осы туралы жазба бар.
12. Жұмысшылар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес, бұзушылықтарды, адамдардың өміріне қауіп төндіретін электр қондырғыларының, машиналардың, механизмдрдің, аспаптардың, қорғаныс құралдарының ақауын жою бойынша шараларды қабылдай алмаған жағдайда, бұл туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды.
13. Өндірістік қызметі электр қондырғыларымен байланысты жұмысшылардың осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электр қауіпсіздігі бойынша тобы болуы қажет.
14. Арнайы жұмыстар қауіпсіздігі бойынша қосымша (жоғары) талап қойылатын жұмыстарды орындауға жіберілетін адамдардың куәлігі болуы қажет.
Арнайы жұмыстарға:
1) биіктікте атқарылатын жұмыстар;
2) тоқ өтетін бөліктердегі кернеудегі жұмыстар: оқшаулағыштарды және біріктіруші қысқыштарды тазалау, жуу және ауыстыру, сым арқанды майлау;
3) тереңдігі 2 метрден асатын құдықтардағы, шурфтардағы, қазылған жерлердегі және қазаншұңқырлардағы жұмыстар;
4) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеу, жоғарылатылған кернеу жабдықтарын (мегаомметрлермен жұмыс істеуден басқа) сынау жатады.
15. Электр станцияларының және шағын станциялардың (басқару, релелік және сол сияқты қалқандарды қоспағанда) қолданыстағы электр жабдықтары бар үй-жайларда, жабық тарату қондырғыларында (бұдан әрі – ЖТҚ) және ашық тарату қондырғыларында (бұдан әрі – АТҚ), құдықтарда, туннельдерде және орларда болатын, сондай-ақ ӘЖ қызмет көрсетуге және күрделі жөндеуге қатысатын барлық персонал қорғаныс каскаларын пайдалануы қажет.
16. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында электр қондырғыларына жеке өзі қызмет көрсететін кезекші немесе жедел-жөндеу персоналы және ауысым бойынша аға жұмысшы IV топты, қалғандары ІІІ топты иеленуі қажет.
1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларындағы электр қондырғыларына жеке өзі қызмет көрсететін кезекші немесе жедел-жөндеу персоналы III рұқсат тобын иеленуі қажет.
17. Электр қондырғыларында, осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде кернеуде тұрған тоқ жүретін бөліктерге дейінгі рұқсат етілген қашықтыққа сәйкес, кернеуде тұрған қоршалмаған тоқ жүретін бөліктерге адамдардың, жүк көтергіш машиналардың, механизмдердің жақындауына жол берілмейді.
18. Электр станциялары мен шағын станциялардың электр қондырғыларын тексеріп-қарауды кезекшілікте тұрған кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан III рұқсат тобындағы жұмысшы, не әкімшілік-техникалық персоналынан шыққан V рұқсат тобы бар жұмысшы орындайды.
19. Осы электр қондырғыларына қызмет көрсетпейтін жұмысшылардың оған тек 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында IV төмен емес рұқсат тобы бар және кернеуі 1000 В электр қондырғыларында III төмен емес рұқсат тобы бар кезекші немесе жедел-жөндеу персоналының не жеке өзінің тексеріп-қарауға құқығы бар жұмысшының бірге жүруімен рұқсат етіледі.
Бірге ілесіп жүруші электр қондырғыларына жіберілген адамдардың қауіпсіздігін қадағалап отыруы және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Рұқсат етілген параметрлер кестесінде көзделген аз қашықтықта тоқ өтетін бөліктерге олардың жақындамауы туралы ескертуі қажет.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларын тексеріп-қарау кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілгеннен аз қашықтықта тоқ өтетін бөліктерге жақындауға кедергі келтіретін қоршаулармен немесе тосқауылдармен жабдықталмаған үй-жайларға, камераларға кіруге жол берілмейді. Қоршаулардың есіктерін ашуға және қоршаулар мен тосқауылдарға кіруге жол берілмейді.
1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларын тексеріп-қарау кезінде қалқандардың, жинақтардың, басқару пульттерінің және басқа да қондырғылардың есіктерін ашуға рұқсат етіледі. Тексеріп-қарау кезінде кез келген жұмыс түрлерін орындауға жол берілмейді.
21. 6-35 кВ электр қондырғыларында жерге тұйықталу кезінде тұйықталуды жою және кернеуге түскен адамдарды босату мақсатында жедел ауыстырып-қосу үшін анықталған тұйықталған жерге ЖТҚ-да 4 м-ден аз немесе АТҚ-да және ӘЖ-де 8 м-ден аз қашықтықта жақындауға рұқсат етіледі. Бұл ретте электр қорғаныс құралдарын пайдалану қажет.
22. 1000 В-тан жоғары қол жетектері бар айырғыштарды, бөлгіштерді және ажыратқыштарды диэлектрлік қолғап киіп қосу және ажырату қажет.
23. Сақтандырғыштарды ажыратылған кернеу кезінде ажырату және орнату қажет.
Схемасында кернеуді ажыратуға мүмкіндік беретін коммутациялық аппараттар болмаған кезде, жалғанған сақтандырғыштарды кернеуде, бірақ жүктемесіз ажыратуға және орнатуға рұқсат етіледі.
Қосалқы тізбектердегі, жарықтандыру желілеріндегі сақтандырғыштарды және кернеу трансформаторларының сақтандырғыштарын жүктемемен ауыстыруға рұқсат етіледі.
24. Кернеуде тұрған сақтандырғыштарды ажырату және орнату кезінде мыналарды:
1) 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында диэлектрлік қолғапты және қорғаныс көзілдірігін пайдалану арқылы оқшаулағыш қысқышты (қарнақты);
2) 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында оқшаулағыш қысқышты немесе диэлектрлік қолғапты және қорғаныс көзілдірігін пайдалану қажет.
25. 1000 В-қа дейінгі қалқандар мен жинақтарда жалғау сақтандырғыштарының бірінің үстінен бірі тік (фазалардың тік орналасуы) орналасуы және коммутациялық аппараттардың болмауы кезінде сақтандырғыштарды жүктемемен орнатуға және ажыратуға рұқсат етіледі. Бұл ретте көзді қорғау құралдарының орнына бетті қорғау құралдарын пайдалану қажет.
26. Жұмыстар жүргізіліп жатқан камералардан басқа, электр қондырғылары, камералар, қалқандар мен жинақ үй-жайларының есіктері құлыппен жабылады.
Діңгекті трансформаторлық шағын станцияларда, ауыстырып-қосу пункттерінде және қоршаулары, бөлгіш жетектері жоқ басқа да қондырғыларда, сондай-ақ қызмет көрсету алаңындағы стационарлық сатылар құлыппен жабылады. Стационарлық сатылар ажыратқыштармен бұғатталады.
27. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларының (ЖТҚ, КТҚ, АТҚ үй-жайлары мен камералары), сондай-ақ 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларынан тыс орналасқан 1000 В-қа дейінгі тарату қалқандары мен жинақтарының кілттері кезекші персоналдың есебінде болады. Жергілікті кезекшісі жоқ электр қондырғыларында кілт әкімшілік-техникалық персоналдың есебінде болады.
Кілттер бекітілетін жәшікте сақталады. Кілттің бір жинағы қосалқы болады.
Кілт мыналарға:
1) жеке өзі тексеруге құқығы бар жұмысшыларға барлық үй-жайлардан;
2) жіберу кезінде жедел-жөндеу персоналынан шыққан жіберушіге, жұмыс басшысына және жүргізушісіне, бақылаушыға жұмыс істейтін үй-жайлардан қолхатпен беріледі.
Тексеріп-қарау немесе жұмыс аяқталғаннан кейін кілт күнделікті қайтаруға жатады. Электр қондырғыларында жергілікті кезекші персоналсыз жұмыс істеу кезінде кілт тексеріп-қараудан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей немесе жұмыс аяқталғаннан кейін қайтарылады.
Электр желілері кәсіпорындарындағы ТҚ-ны жедел ауыстырып-қосу құқығына ие тұтынушылар персоналына, сондай-ақ кезекші, жедел-жөндеу және жеке өзі тексеріп-қарау құқығына ие әкімшілік-техникалық персоналға кілтты ұзақ мерзімге беру қажеттілігін кәсіпорынның техникалық басшысы анықтайды.
Кілтті беру және қайтару еркін нысандағы журналда немесе жедел журналда есепке алышады.
29. Жазатайым оқиға кезінде зардап шегушіні электр тоғы әсерінен босату үшін кернеу алдын ала келісімсіз дереу ажыратылады.