Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 301

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10907 болып тіркелді.


      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.



      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:



      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;



      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;



      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;



      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.



      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.



      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының








Энергетика министрі



В. Школьник







 

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 253 бұйрығымен
бекітілген






Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
техникасы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер


      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      1. Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды.



      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға байланысты персоналына қолданылады.







      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



      1) II, III және өзге рұқсат тобы бар жұмысшы – электр қауіпсіздігі бойынша II, III және өзге рұқсат тобынан төмен емес жұмысшы;



      2) алғашқы рет рұқсат беру – наряд немесе нұсқау бойынша жұмысқа алғаш рет рұқсат беру;



      3) авариялық дайындық – жөндеуді жалғастыру тұтынушыларды шектеуге (ажыратуға) немесе энергия объектісі (электр станциясы, кіші станция), энергия жүйесі (бірлестігі) жұмысының сенімділігін күрт төмендетуге әкеп соғуы мүмкін жағдайларда жабдықтың немесе электр беру желілерінің (бұдан әрі – ЭБЖ) жұмыс жағдайын қалпына келтіруге қажетті уақыт;



      4) әкiмшілік-техникалық персонал – бірлестіктер, кәсіпорындар, цехтар, зертханалар қызметтері мен бөлімшелерінің, электр желілері аудандары мен учаскелерінің басшылары, бастықтары, аталған адамдардың орынбасарлары, сондай-ақ әкімшілік функциялар жүктелген мамандар;



      5) бағытталған кернеу астындағы әуе желісі – кернеуі 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары басқа әуе желісінің (бұдан әрі – ӘЖ) осінен жалпы ұзындығы 2 километрден кем болмайтын қашықтықта барлық ұзындық бойымен немесе жекелеген учаскелерде өтетін ӘЖ және байланыс әуе желісі (бұдан әрі – БӘЖ), м:




      110 кВ ӘЖ үшін – 100;



      220 кВ ӘЖ үшін – 150;



      500 кВ ӘЖ үшін – 200;



      1150 кВ ӘЖ үшін – 250;



      6) жоғары өрмелеу жұмыстары – монтаждау немесе жөндеу кезінде тікелей конструкциялармен немесе жабдықпен жұмыстар жүргізілетін жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 2 метрден (бұдан әрі – м) астам биіктікте орындалатын жұмыстар. Бұл ретте жұмыс істеушілерді құлап кетуден сақтандыратын негізгі құралдар – сақтандыру арқаны және оны бекіту тәсілі болып табылады;



      7) бригада (наряд немесе нұсқау бойынша) – жұмысты жүргізуші немесе бақылаушыны қоса алғанда, құрамында екі немесе одан көп адамы бар бригада;



      8) бұрмаланбаған электр өрiсiнiң кернеуi – жұмыс процесінде адам болатын аймақта анықталатын, адамның қатысуымен бұрмаланбаған электр өрiсiнiң кернеуi;



      9) жалғау – тарату қондырғысының (бұдан әрi – ТҚ), генератордың, қалқанның, жинақ шиналарына жалғанған және электр станциясының, кіші станцияның және өзгелердің маңында орналасқан бір мақсаттағы, атаудағы және кернеудегі электр тiзбегi (жабдық және шиналар);



      10) жедел персонал – энергетикалық қондырғыларды жедел басқаруды (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтін персоналды жіберу және оларды қадағалау) жүзеге асыратын персонал;



      11) жедел-жөндеу персоналы – өзіне бекітілген көлемдегі электр қондырғыларына жедел қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және дайындалған жөндеу персоналы;



      12) жергілікті кезекші персоналсыз электр қондырғысы – ӘЖ және кабель желісінің (бұдан әрі – КЖ) жедел-шығу бригадалары немесе жедел-жөндеу жұмыстарының персоналы қызмет көрсететін электр қондырғысы;



      13) жөндеу персоналы – электр станциялары мен кіші станциялардың электр қондырғыларын, ӘЖ, КЖ, ӘЖС, кабельдік байланыс желісін (бұдан әрі – КБЖ), релелік қорғанысты, автоматиканы, өлшеу құралдарын, найзағайдан қорғау мен оқшаулағышты, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарына пайдалану-жөндеу қызметін көрсетумен және оларды жөндеумен айналысатын мамандар мен жұмысшылар, электр зертханаларының персоналы;



      14) жұмыс орны – жұмысты орындау үшін персоналдың кіруіне рұқсат етілетін электр қондырғысы учаскесі;



      15) жұмыс орнын дайындау – жұмыстарды жұмыс орнында қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша техникалық іс-шаралардың орындалуы;




      16) қолданыстағы электр қондырғысы – кернеуде тұрған, не коммутациялық аппараттардың қосылуымен кернеу берілетін электр қондырғысы немесе оның учаскесі;



      17) жүк көтергіш машиналар – крандардың барлық түрі, кран-экскаваторлар (арқанға ілінген ілгекпен жұмыс істеуге арналған экскаваторлар), жүк көтергіштер, жүк пен адамдарды көтеруге арналған жүкарбалар;



      18) кабельдік электр беру желілерінің және кабельдік байланыс желілерінің күзет аймағы – шеткі кабельден арасы КЖ үшін 1 м және КБЖ үшін 2 м қашықтықта желінің екі жағынан тік жазықтықпен шектелген КЖ-нің жерастын бойлайтын жер телiмi;



      19) кәсіпорын – кәсіпорындар, ұйымдар мен басқа да заңды тұлғалар;



      20) кезекшi персонал – ауысымдағы кезекшіліктегі және жедел басқаруға және жедел ауыстырып қосуға жіберілген персонал: диспетчерлер, кезекшi инженерлер мен техниктер, ауысым бастықтары, үй және басқару қалқандарындағы кезекшілер, жедел-шығу бригадаларының мүшелері;



      21) кернеудегі жұмыс – жұмыс кернеуінде тұрған тоқ өтетін бөліктерге жақындау арқылы немесе осы тоқ өтетін бөліктерге рұқсат етілгеннен аз қашықтықта орындалатын жұмыс;



      22) коммутациялық аппарат – электр тізбегін коммутациялауға және тоқты (ажыратқаш, жүктеме ажыратқышы, бөлгіш, айырғыш, автомат, өшіргіш, пакет ажыратқыш, сақтандырғыш және өзгелерін) өткізуге арналған электр аппараты;



      23) күрделi схемасы бар электр қондырғысы – қарапайым схемасы бар электр қондырғыларына қарағанда барынша дамыған шина жүйесі бар кернеуі 1000 вольттан (бұдан әрі – В) жоғары ТҚ.



      24) қайтадан жіберу – осы наряд бойынша бұрын жұмыстар жүргiзiлген жұмыс орнына қайта жіберу;



      25) қайталама (көмекші) тізбек – электр станциясының (кіші станцияның) басқару, автоматика, өлшеу, қорғаны және сигнал беру аспаптары мен қондырғыларын біріктіретін қысқыштар мен электр өткізгіштер қатарының жиынтығы;



      26) қарапайым және көрнекті схемасы бар электр қондырғысы – шиналарының айналма жүйесі жоқ, жеке секцияланған немесе секцияланбаған шина жүйелері бар кернеуі 1000 В-тан жоғары ТҚ, барлық ӘЖ және КЖ, кернеуі 1000 В-қа дейінгі барлық электр қондырғылары;




      27) механизмдер – гидравликалық көтергіштер, телескоптық мұнаралар, экскаваторлар, тракторлар, автотиегіштер, бұрғылау-кран машиналары, механикалық жетекті жылжымалы баспалдақтар және өзгелері;



      28) наряд-рұқсаттама (наряд) – жұмысты қауіпсіз жүргізуге, оның мазмұнын, орнын, басталу және аяқталу уақытын, қажетті қауіпсіздік шараларын, бригаданың және жұмыстың қауіпсіз орындалуына жауапты адамдардың құрамын анықтайтын арнайы бланкіде (немесе мамандандырылған бағдарламалық өнім базасында) немесе электрондық құжатта жасалған өкім;



      29) өкім – жұмыстың мазмұнын, орнын, уақытын, қауіпсіздік шараларын (егер олар қажет болса) және оны орындау тапсырылған адамдарды анықтайтын, жұмыстың қауіпсіз орындалуы үшін берілетін ауызша тапсырма;



      30) тоқ өткізбейтін бөлік – авариялық жұмыс тәртiбiнде кернеуде болатын электр қондырғысының бөлiгi, мысалы, электр машинасының корпусы;



      31) тоқ өткізгіш бөлік – кернеуде тұрған электр қондырғысының бөлігі;



      32) экрандау аймағы – электр өрісіне жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ электр өрісінің кернеуі 5 кВ/метрден (бұдан әрі – кВ/м) аспайтын жабдыққа арналған жерге қосылған металл конструкцияларының, іргетастарының, күш трансформаторлары мен ірі габаритті объектілердің кеңістігі;



      33) әуе электр беру желілерінің және әуе байланыс желілерінің күзет аймағы – шеткi өткiзгiштерден бастап желінің екі жағында бойлай орналасқан ауытқусыз жағдайында болатын сызықтық жазықтықпен шектелген ӘЖ аймағы бойынша жер телімі және әуе кеңiстiктер түрiнде, м;



      кернеуі 1 кВ-ға дейін ӘЖ және БӘЖ үшін – 2;



      1-20 кВ болатын ӘЖ үшін – 10;



      35 кВ болатын ӘЖ үшін – 15;



      110 кВ болатын ӘЖ үшін – 20;



      220 кВ болатын ӘЖ үшін – 25;



      500 кВ болатын ӘЖ үшін – 30;



      1150 Кв болатын ӘЖ үшін – 55;



      Шеткi өткiзгiштерден басталатын екі желіні бойлай орналасқан ауытқусыз жағдайында болатын тiк жазықтықпен шектелген су қоймаларының үстінен әуе кеңістігі түрінде су қоймаларымен (өзендер, арналар, көлдер және тағы басқа) өтетін ӘЖ ауысуы бойының аймағы кемелер жүретін ұзындығы 100 м су қоймалары үшін, кемелер жүрмейтін су қоймалары үшін бойлайтын күзет аймақтарын орнатуға ескертілген құрлықтан өтетін ӘЖ;