ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 12
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жеңіс күні
Отан үшін от кешкен
Әлия, Мәншүк апалар.
Жауын атқан қақ төстен
Төлеген, Талғат аталар.
Жеңіс үшін туғандай
Нүркен, Қасым, Бауыржан.
Рейхстагқа ту тіккен
Қайсар аға Рақымжан.
Батырлары ол қазақтың,
Ер боп туған атадан.
Өлтірмейміз есімін,
Қалдырған жыр, батадан.
Осы «Батырлар» өлеңін оқығанда аталарым есіме келеді, өйткені солардың батылдықтарымен, күш қуаттарымен жеңіске жеттік. Ата-бабамыз ұрпақтары үшін біздің елді фашистерден қорғап қалды. Мен өзім, осы соғыспен журналдар, фильмдер арқылы таныспын. Кино көріп отырғанда, мен өзімді соның ішінде жүргендей сезінемін. Сол фильмдер мені қатты толқытады. Біздің болашағымыз үшін өз өмірлерін аямаған аталарымыз мәңгілікке есімізде қалады.
Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы фашистер біздің елімізге шабул жасаған. Сол күні көп аналар ұлдарын майданға шығарып салған. Менің атам мен әжемнің әкелері де майданға аттанған. Бүкіл ел фашистермен күресуге көтерілген. Тылда қалған қариялар да, аналар да кішкентай балаларымен майданға көп көмек жасап отырған. Оларға азық-түлік, жылы киім жіберіп отырған. Сол соғыста көп солдаттар қаза тапқан, бірақ біздің елдің азаматтары өз ерліктерімен, күш-жігерімен осы соғысты жеңген. Жауды Берлинге дейін қуып, сол елдің Астанасына біздің туымызды желбіреткен аталарымыз мәңгілікке қалды. Менің әжемнің әкесі Берлин қаласына дейін барып және үйге жеңіспен оралған. Үйде көп медальдар бар, әжем оларды бәрін қазірге дейін сақтап келеді. Менің әжем аспандарымыз ашық болсын деп күнде тілеп отырады. Әжемнің тілегін өсе келе түсініп келемін.
Мен әдебиеттен көп батырлармен таныстым. Ол, Бауыржан Момышұлы – әскер басқарған, Әлия Молдағұлова – мерген болған, Мәншүк Маметова – зеңбірекші болған. Еліміздің батырлары көп, олардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Батырларымыздың есімдері мәңгілік!
Ардагерге хат
Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагері! Сіздің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту үшін хат жолдап отырмын.
Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте қалды. Біздің еліміз адамзат баласы басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының мықтылығымен келді.
Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіздің ұлылығын әрқашан қастерлеп жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды - қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айрылудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, Сіз және Сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты, сондықтан біз өз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз, сондықтан да Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі өлмес Жеңімпаздар болып қала бересіздер.
Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарынызға Елбасы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те өз тарапынан Сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқанына сенемін. Сізге мықты денсаулық, отбасынызға береке, басыңызға бақыт тілеймін. Осындай татулығы жарасқан қазақ елінде мәнді де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!
Біз, қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант етеміз!