Файл: Аырып арыматынас. арыматынас трлері мен формалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ақырып 1. Қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрлері мен формалары.

Қарым-қатынас адамдар, әлеуметтік топтар, қоғамдар әрекеттесуі нәтижесінде, олардың ақпаратпен, тәжірибелерімен, қабілеттігімен және іс-нәтижелерімен алмасу процесі ретінде. Қарым-қатынас түрлері: «маскалар байланысы», қарапайым, ресми рөлдік, іскерлік, рухани, айла-шарғылы (манипулятивное), зайырлы. Қарым-қатынас формалары: бақылауға бағытталған және түсіністікке бағытталған. Қарым-қатынас деңгейлері: монолог және диалог. Қарым-қатынастын синтоникалық (синтония – өз-өзімен және басқалармен үндестікте болу) моделі. Қарым-қатынас кезеңдері мен міндеттері. Іскерлік қарым-қатынас ерекшелігі (спецификасы): белгілі бір өнімді өндіру немесе іскерлік нәтижеге жетумен байланысты қызмет түрінін негізінде пайда болады.; іскерлік қарым-қатынас жақтары ресми түрде белгіленіп, адамдар тәліміне сай қағидалар мен стандарттарды ұстанады; тарихи сипатқа ие; қара бастың қамы үшін емес, басқа мақсаттрға жеті тәсілі ретінде қызмет етеді.

Іскерлік қарым-қатынас кодексі, кооперативтік приципі, ақпарат жеткілктігі принципі, ақпарат сапасы принципі, мақсаттылық принципі, таза және нандыра сөйлеу, сұхбаттас ерекшеліктері мен қызығушылығын ескеру. Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері (әріптес – маңызды тұлға, іскерлік сұрақтарда жақсы өзінара түсіністік, негізгі мақсат – нәтижелі ынтымақтастық). Қарым-қатынас және коммуникация. Коммуникация өзара түсіністікке әкелетін, ақпараттын екіжақты алмасу процесі ретінде. Коммуникациялық процесс – алынатын және берілетін ақпарат ұғынықтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы адамдар арасындағы ақпарттын алмасуы. Нәтижелі коммуникация және коммуникативтік біліктілік түсінігі. Коммуникацияның негізі функциялары: ақпараттық, интерактивті, перцептивті, экпрессивті.

Коммуникацияны қамтамасыз ету тәсілдері (тындау, сөйлеу, оқу, хат). Тындау формалары, техникалары және қателіктері. Сөйлеу (сөйлеу әлпеті, сыртқы тұрпаты, әрекеттесі мінезі).

Коммуникация құрылымы (беруші/алушы, жекеменшік жағдай, біліктілік, ниеттері, бағалау). Коммуникация деңгейлері – іскерлік деңгей, көрініс деңгейі, апелляция деңгейі және қарым-қатынас деңгейі. Қарым-қатынас кезеңдері: контакт орнату; сұрақты, мәселені талқылау; шешім қабылдау; контактіден шығу.

Қарым-қатынас барлық тірі-тіршілік иелеріне тән қасиет, бірақ, адамдар арасында өте жоғары дәрежедегі мәнге ие. Қарым-қатынас дегеніміз – байланыс жасау барысында өзара алмасатын мәліметтердің сипаты.


Қарым-қатынастын негізгі функциялары:

  1. Ақпараттық – коммуникативті (ақпаратты алу және берумен, адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  2. Реттеуші – коммуникативті (адамдардың бір-бірінің мінез-құлқын реттеу, ортақ қызметті ұйымдастыру);

  3. Аффектті – коммуникативті (олар адамның эмоционалды саласымен байланысты).


Нақты қарым-қатынас кезінде барлық функциялар бір-бірімен байланысады. Қарым-қатынас кез-келген жағдайда бір-біріне әсер ету процесі. Бұл әсер ету үлкен және кіші, жасырын және тура, он және теріс болуы мүмкін. Оның күші тұлғаның рухани байлығына және адамның дербес қасиетіне байланысты.

Қарым-қатынастын келесі түрлері ажыратылады:

  1. Коммуниканттардың кеңістік пен уақыттағы орналасуына байланысты – контактілі-дистантті;

  2. Жанамалық «аппараттың» бар-жоғтығына байланысты – жалғамсыз-жанамалық;

  3. Тілдің бар-жоқтығы көзқарасынан – ауышза-хат түрінде;

  4. Мен – сөйлеуші және сен – тындаушы позициясынын хаттық және тұрақты көзқарасынан – диалогті-монологті;

  5. Қатысушы санына байланысты – өзара-топтық-бұқаралық;

  6. Қарым-қатынасушылардың қоршаған жағдайына байланысты – дербес-ресми;

  7. Әлеуметтік тепе-теңдіктін сақталуы немесе бұзылуы кезіндегі қарым-қатынас және бағалауына байланысты – кооперативті-жанжалды;

  8. Жеткізілу мазмұнына байланысты – ақпаратты-деректі.


Қарым-қатынас негізінен екі түрде жүргізіледі: ауызша және хат жүзінде, бұлардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктеріне ие.

Іскерлік қарым-қатынасты адамгершілік реттеу.

Адамгершілік және инабаттылық. Іскірлік қарым-қатынастын этикасы мен этикетінін заты. Іскерлік қарым-қатынастын инабаттылық негіздері. Іскерлік қарым-қатынастын мақсаты мен нысанасы. Ынтаны координациялау (бағыттау) және үндестіру. Этикалық тәсілдер және адамгершілік тұрғыдан орында нысаналар. Іскерлік қарым-қатынасқа ұласу түрткісін ақтайтын этикалық рефлексия қажеттілігі. Іскерлік қарым-қатынасқа элементарлы этикалық талаптар: сыпайылық, қарапайымдылық, абырой, әдептілік, жұғымталдық, жаратылыстық, тілектістік, ықшамдылық.

Этикет табу, иерархия, конвенция жүйелері ретінде. Адамгершілік және этикет. Этикетті қарым-қатынаста адамгершілік мәселелер. Этикет белгілі, рәмізді, салт жоралы мінез-құлық ретінде. Этикет түрлері: әлеуметтік орындардағы этикет, үстел басындағы, қызметтік, ғылымдағы, медициналық, іскерлік, дипломатиялық, спорттық этикет. Іскерлік этикет тарихы (сарай маңы кәдісі, 1-ші Петрдің «Генеральный регламент»-і, Г. Форд және Д. Карнегтің ережелері, АҚШ-тағы «Этикалық орталық мәселелері»). Іскерлік этикет функциялары (өзара түсіністікті қамтамасыз ететін ережелерді қалыптастыру, жөнділік; қолайлық).



Іскерлік этика және этикеттің адамгершілік-этикалық және эстетикалық жақтарының бірлігі. Іскерлік қарым-қатынастын этикасы мен этикеті бір конгломерат ретінде.

Мораль (лат. Moralis - өнегелі) – адаммен мойындалатын, этикалық құндылықтар жүйесі. Мораль – қоғамдық өмірдін әртүрлі саласындағы (отбасында, тұрмыста, саясатта, ғылымда, т.б.) адамдар қарым-қатынасы мен мінез-құлқын нормативті реттейтін маңызды тәсіл.

Этиканың манызды категорияларына кіреді: «жақсы», «жаман», «әділдік», «игілік», «жауапкершілік», «қарыз», «ар-намыс» және т.б.

Мораль нормалары идеялы көрінісін өз-өзін қалай ұстау туралы ортақ түсініктермен табады. Мораль үнемі өнегелі идеалдың болуын белгілейді. Ол идеал мазмұны мен мағынасы тарихи уақыт және әлеуметтік кеңістікте, яғни әртүрлі тарихи кезеңде және әртүрлі елдерде ауысып отырады.

Бірақта, мораль талаптары адамдардың нақты мінез-құлықтарының нормаларымен сәйкес келе бермейді. Бұл лайықтылық пен нақтылық арасындағы қарама-қарсылықта мотивтеу қарама-қарсылығының негізі жатыр. Бір жағынан, адам өз-өзін өнегелі ұстауға ұмтылады, ал екінші жағынан ол өз қажеттілігін қанағаттандыру керек (бұл көп жағдайда адамгершілік нормаларды бұзумен байланысты).

Бұл асқақ идел мен практилық болжам арасындағы ішкі қарама-қайшылық өмірдің барлық саласында көрінеді, әсіресе іскерлік қарым-қатынас этикасында.

Қарым-қатынас – әлеуметтік субъектілердің әрекеттесі процессі.

Қарым-қатынас кезінде тұлға әлеуметтенуі мен өзін-өзі тануы жүреді. Аристотельдің пікірі бойынша, қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі адамды «адами тұрғыда дамымай қалған тірі-ағзадан» және «астам адамнан» ажыратады.


Іскерлік қарым-қатынас ерекшелігі, ол белгілі бір өнімді-өндірумен байланысты қызмет немесе іскерлік эффект негізінде пайда болуында. Және де іскерлік қарым-қатынас жақтары адамдардың қажет мінез-құлық нормалары мен стандартары анықтайтын ресми статуста белгіленеді.

Қарым-қатынастын басқа түрлері сияқты, іскерлі қарым-қатынастын тарихи сипаты бар, ол әлеуметтік жүйенін әртүрлі деңгейінде әртүрлі формада, әртүрлі білінеді. Оның ерекше белгісі – онын өзіндік мәні жоқ, қара бас қам нысанасы емес, басқа нысанаға жету құралы ретінде қызмет етеді. Нарықтық қарым-қатынас жағдайында ол – барынша көп пайда көру.


Сонымен, іскерлік қарым-қатынасты белгілі бір өндіріс жағдайындағы адамдар қатынасы мен мінез-құлқын реттейтін адамгершілік нормалар, қағидалар мен көріністер жиынтығы деп қарастыру керек.

Тақырып 3. Қоғамдық белсенділік жүйесіндегі іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің мәні.

Қоғамдағы қарым-қатынастын ең ауқымды түрі – іскерлік қарым-қатынас. Онысыз экономика, дипломаимкалық, коммерциялық, құқықтық, әкімшілік қарым-қатынас салаларында болмайды. Іскерлік келіссөзді нәтижелі жүргізу, іскерлік құжаттарды сауатты және дұрыс жасау және т.б. қазіргі уақытта адамның кәсіптік мәдениетінің (менеджер, әр деңгей басшылары, референт, қызметші) ажырамас бөлігі. Кез келген істе жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін белгілі бір ақпараттар жинағымен, ережелер туралы түсінікпен, кәсіпкерлік іс формалары мен тәсілдерімен, іскерлік қарым-қатынас принциптерімен таныс болуы керек.

Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті басшылар мен бағыныштылар, әріптестер, серіктестер мен конкуренттер арасындағы ынтымақтастық пен серіктерсіктін орнатылуына және дамуына өз септігін тигізеді, көбінесе бұл қарым-қатынастардың нәтижелілігін анықтайды: бұл қарым-қатынастар серіктестер қызығушылығына қарай дамитындығын немесе нәтижелі болмайтындығын, не болмаса, серіктестер ортақ тіл табыспаса, мүлдем тоқтатылуын.

Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуге, нақты мәселелерді шешуге немесе белгілі бір нысананы жүзеге асыруға бағытталыған өзара әрекеттесу және өзара байланыс процессі. Мұнда қызмет, ақпарат және тәжірибе алмасу жүреді.

Іскерлік қарым-қатынас субъектілеріне іскерлік әңгімелесу нәтижесінде өзара тиімді нәтижеге жетуге ұмтылатын серіктестер мен еңбектестер жатқызылады.

Іскерлік қарым-қатынасты шартты түрде тура (тікелей контакт) және жанама (серіктестер арасында кеңістіктік-уақыттық арақашықтық болған жағдайда) деп бөлуге болады.

Іскерлік қарым-қатынастын тура түрі жоғары нәтижелікпен, эмоциялық әсерімен және сендірумен ерекшеленсе, жанама түрі әлеуметтік-психологиялық механизмдерге әсер етеді.

Негізінен, іскерлік қарым-қатынас қарапайымнан мынамен ерекшеленеді: іскерлік қарым-қатынаста өз шешімін қажет ететін нысана мен нақты мақсаты бар; іскерлік қарым-қатынаста әріптеспен әрекетті тоқтату мүмкіншілігі жоқ (екіжақты шығынсыз).

Коммуникативті мәдениет өзіне мынаны қамтиды: әріптестермен психологиялық байланыс орнатуға мүмкіндік беретін, іскерлік саладағы адамдар әркеттесуін ұйымдастыру білімі, шеберлігі мен дағдысы; қарым-қатынас процессінде нақты түсіністік 
пен қалбылдауды орнату; әріптестер мінез-құлқын қажет нәтижеге сай бағыттау.

Коммуникативті мәдениет негізінде қарым-қатынастын адамгершілік талаптары жатыр: сыпайылық, орнықтылық, әдептілік, кішіпейілдік, нақтылық, елгезектік.

Сыпайылық – сәлемдесуде және тілекте, дауыс ырғағында, мимикада және ымда көрінетін, басқа адамдарға және олардын абыройына құрметпен көзқарастық. Сыпайлыққа қарама-қарсылық – дөрекілік.

Орнықтылық – кез келген жағдайда өз-өзінді ұстау, әсіресе дау жағдайында.

Әдептілік – қарым-қатынас шекарасын сезу өлшемі (бұл шекараларды бұзу адамды ренжітуі, адамды қолайсыз жағдайға қоюы мүмкін).

Кішіпейілдік – дегеніміз бағалаудағы ұстаным, талғамды, басқа адамдардың құштарлығын құрметтеуді білдіреді.

Нақтылық та іскерлік қарым-қатынаста үлкен манызға ие. Уәдені және алынған міндеттемелерді уақытында орындамай істі жүргізу қиын.

Елгезектік – басқа адамды жайсыздықтан және жағымсыздықтан босатуға бағытталған құштарлық.

Коммуникативті мәдениеттін тағы бір маңызды құрамбөлігіне сөйлеу мәдениеті жатқызылады. Сөйлеу негізі екі қызметті атқарады — коммуникативтік және сигнификативтік, олардың арқасында сөәйлеу қарым–қатынас құралы және ойдың сананың өмір сүруі болып табылады. Сөзде негізгі болып табылатын оның мәні, оның сематикалық мазмұны. Біздің зейінімізде негізінен сөйлеудің мағыналық мазмұны шоғырланған. Адам тілінің әрбір сөзі қандай да болмасын затты білдіреді, қандайда болмасын сөздерді айта отырып, біз әр уақытта да белгілі бір затты немесе құбылысты білдіреміз. Осымен адамның тілі жануарлар тілінен ерекшеленеді, олар тек қана дыбыстар арқылы аффективтік жағдайды білдіре алады, бірақ еш уақытта да дыбыстармен заттарды білдіре алмайды. Сөздің осы негізгі қызметін сигнификативтік деп атайды. Ол тілді құрайтын сөздің негізгі қызметі болып табылыды. Ол адамға ерікті түрде заттардың бейнесін жасауға мүмкіншілік береді. Сөз одан да басқа, өте күрделі қызметке ие, ол заттарды талдауға мүмкіншілік береді.

Сөйлеудің келесі қызметті оның — коммуникативті қызметі ол өзі мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметі өздігінен сөйлеуді анықтай алмайды. Сөзді мәнерлі бейнелеу құралы ретінде ым, ишарат, әртүрлі бет қимылы деп танылады, басқалармен қатар мәнерлі бейнелеу қозғалыстарына кіреді. Дыбыс мәнерлі қозғалыс ретінде жануарларда да болады. Сөз мәнерлі бейнелеу құралы болумен қатар, ықпал ету құралы болып табылады. Ықпал ету қызметі — сөздің негізгі қызметінің бірі. Адам сөйлегенде басқа адамның мінез-құлқына, ойлауы мен сезіміне, санасына әсер етеді. Сөздің әлеуметтік мәні бар, ол — қатынас құралы, ықпал ету құралы болғандықтан, ең алдымен осы қызметті атқарады.