Файл: Аырып арыматынас. арыматынас трлері мен формалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жануарлардың сигналдық мимикасы басқа жануарларға әртүрлі реакция беруі мүмкін, бірақ саналы ықпал ету құралы тек қана сөз арқылы болады. Сөздің қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөз әлеуметтік құбылыс, ол қарым−қатынас үшін бағытталған және қарым−қатынаста пайда болады.

Сөздің екі негізгі коммуникативтік және сигнификативтік қызметінің арқасында ол қарым−қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүруі болып табылады, біріншісі екіншісі арқылы қалыптасады.

Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі сөйлеу тағыда ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша монологтік және диалогтік болып бөлінеді. Сөйлеудің барлық түрлері бір−бірімен өзара байланысты. Бірақ, сөйлеу түрлерінің әрқайсысының оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Ешқандай да ой тілсіз және материалдық сөйлеу үрдістерінсіз айтылуы мүмкін емес. Ауызша, әсіресе жазбаша сөйлеуге даярлықта іштей сөйлеу кезеңі болады. Бұл іштей сөйлеу болып табылады. Жазбаша сөйлеуде қарым−қатынастың шарты мәнімен байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлегенге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінде (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әріптермен белгіленеді.

Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуден кейін пайда болды, және оның негізінде қалыптасты.

Корпоративті қарым-қатынастын екі түрі бар: вербальді және вербальді емес. Вербальді қарым-қатынас (лат. verbalis – сөзбен) – сөздер арқылы жүзеге асады. Ақпаратты вербальді емес тәсілмен тасымалдағанда кейіп, ымдар, мимика, дауыс ырғағы, көзқарас және т.б. қолданылады.

Корпоративті қарым-қатынастын 3 негізгі стилі:


  • Ритаульді стиль. Мұнда серіктестердің негізгі мақсаты – социуммен қарым-қатынасты қолдау, өз-өзін қоғам мүшесі ретіндегі көзқарасты күшейту. Ритаульді қарым-қатынаста серіктес тек қана қажет анықтауыш (атрибут), оның дербес ерекшеліктері маңызды рөл атқармайды.


  • Манипулятивті стильде серіктеске белгілі бір мақсатқа жету құралы ретінде қарайды. Көптеген кәсіптік мәселелер манипулятивті қарым-қатынасты көздейді.


  • Гуманистік стиль екі серіктестін де көрінісін өзгертуге бағытталған. Мұнда адамның түсіністік, жан ашарлық сияқты қажеттіліктерін қанағаттандыру көзделеді.


Сонымен, іскерлік қарым-қатынас шеберлігіне және ғылыми ұйымдастырушылықтын спецификалық тәсілдерімен таныс болу мансапта өсу мүмкіншіліктерін ашады, ал пікірталас жүргізе алу, серіктестерді белгілі бір мәселеде ортақ шешімге көндіру фирма немесе корпорацияның қаржылық тыбыстарының кілті.