ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 59
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қалыптастырушы бағалау үдерісіҚалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысын қамтамасыз ететін үдеріс. Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады. Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі болып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы тиіс. Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады:
-
Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру. -
Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру. -
Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру. -
Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай ынтымақтастыру. -
Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.
-
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру -
Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген.
-
оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру; -
тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау; -
оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.